Сыртқы қатынастар


Сыртқы қатынас органдары
Сыртқы қатынастарда мемлекет өзінің тәуелсіздігі арқылы халықаралық құқық субъектілікке ие болатын біртұтас құрылым ретінде көрінеді. Сыртқы қатынас органдары мемлекеттің шетелдегі өкілдігі ретінде болады және олардың қүзыреттері шегінде іске асырылатын барлық әрекеттері мемлекеттің шетелдегі өкілінің әрекеті ретінде қарастырылады және оған халықаралық құқық нормаларына орай жауапкершілік жүктейді. Кез келген мемлекеттің сыртқы қатынас органдары ішкі мемлекеттік (немесе орталық) және шетелдік болып екіге бөлінеді.
Қазақстан Республикасындағы сыртқы қатынастың ішкі мемлекеттік органдарына мыналар жатады: Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Парламенті, Үкімет басшысы және Үкімет, Сыртқы істер министрлігі - мемлекеттің сыртқы қатынасын тікелей жедел басқаратын орган.
Мемлекеттің шетелдік сыртқы қатынас органдары, өз кезегінде түрақты және уақытша болып бөлінеді. Қазақстан Республикасындағы түрақты сыртқы қатынас органдарына Қазақстан дипломатиялық қатынас орнатқан елдерде тіркелген Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдіктері (елшіліктер мен миссиялар) ; консулдық мекемелер, түрақты өкілдіктер, халықаралық үйымдар жанындағы түрақты бақылаушылар миссиясы жатады. Осы топқа сауда өкілдіктері де жатқызылады. Қазақстан Республикасының шетелдердегі уақытша органдарына түрлі миссиялар, халықаралық конференциялардағы делегациялар мен бақылау топтары, халықаралық органдар сессияларының жүмысына қатысушы делегациялар және олардың үйымдары және т. б. жатқылады.
Мемлекет басшысының өкілеттіктері - Қазақстан Республикасының Президентінің, Парламентінің, Үкіметі мен Үкімет басшысының өкілеттіктері Қазақстан Республикасының Конституциясымен, тиісті нормативтік актілермен белгіленген. Бүл мәселелер конституциялық және әкімшілік қүқықтарда егжей-тегжейлі зерттелген.
Сырткы істер министрлігі - Қазақстан Республикасының сыртқы саясатын жүргізу жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыруды және сыртқы қатынастар саласындағы мемлекеттік басқаруды қамтамасыз ететін орталық атқарушы орган болып табылады. Министрлік өз қызметін Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметі басшылығымен жүзеге асырады. Жалпы мәселелер жөніндегі министрліктің қызметіне Қазақстан Республикасының ГІремьер-министрі басшылық жасайды. Өз қызметінде Миннстрлік Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Сыртқы істер министрлігі туралы Ережені, дипломатиялық қызмет туралы 2002 жылғы заңды, басқа да нормативтік- қүқықтық актілерді басшылыққа алады. Министрлік жүйесіне Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдіктері мен консулдық мекемелері, Қазақстан Республикасының халықаралық үйымдар жанындағы өкілдіктері, Министрліктің Қазақстан Республикасы аумағындағы өкілдіктері мен өзінің ведомстволық бағыныстағы үйымдары кіреді.
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің негізгі міндеттері мыналар болып табылады:
- Қазақстан Республикасы сыртқы саясатының түжырымдамасы мен негізгі бағыттарын әзірлеу және Қазақстан Республикасының Президентіне және Үкіметіне тиісті үсыныстарды тапсыру;
- Қазақстан Республикасының сыртқы саяси бағытын жүзеге асыру;
- Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысымен бірге Қазақстан Республикасының Президенті үшін Қазақстан Республикасының сыртқы саясат стратегиясын жасау, Президенттің халықаралық бастамаларын жүзеге асыру;
- Қазақстан Республикасының егемендігін, қауіпсіздігін, аумақтық түтастығын және шекараларының мызғымастығын, оның басқа мемлекеттермен өзара қарым-қатынастарындағы және халықаралық аренадағы мүдделерін қорғауды дипломатиялық қүралдар мен әдістермен қамтамасыз ету;
- Шет елдерде Қазақстан Республикасы азаматтарының және заңды түлғаларының қүқықтары мен мүдделерін қорғау;
- Қазақстан Республикасының шетелдік мемлекеттермен дипломатиялық және консулдық қатынастарын, халықаралық үйымдармен қарым-қатынастарын жүзеге асыру;
- Шетелдік мемлекеттермен және халықаралық үйымдармен қатынастарда Қазақстан Республикасының біртүтас сыртқы саяси бағытты жүргізуін қамтамасыз ету мақсатында атқарушы өкіметтің басқа да органдарының қызметін үйлестіру және жүмысына бақылау жасау.
Елші өз елі дипломатиялық қатынас орнатқан мемлекеттердің елшілерінің бәріне арнайы ресми кіріп-шығады, оны дипломатиялық корпустың жоғары дәрежелісінен (дуайеннен) бастайды. Дуайен - дипломатиялық корпустың (ағылшын тілді елдерде әдетте декан деп аталады) протоколдық басшысы. Дуайен дипломатиялық корпустың атынан түрлі шараларда сөз сөйлейді және дипломатиялық корпус мәртебесіне қатысты мәселелер бойынша дипломатиялық өкілдік орналасқан мемлекет пен дипломатиялық корпустың тиісті билік өкілдерінің арасында өзіндік бір жарастырушы болып табылады. Нақты мемлекетте тіркелген дипломатиялық өкілдік басшылары ішінде ең жоғарғы сыныбы бар дипломатиялық өкілдіктің басшысы автоматты түрде дуайен бола алады. Егер дипломатиялық өкілдік басшыларының бірдей сыныбы болатын болса, онда осы мемлекетте әріптестеріне қарағанда лауазымында көбірек мерзім отырған түлға дуайен болып сайланады.
Сөйтіп, мемлекеттік хаттама басқармасы Сыртқы істер министрлігінің жедел баеқару бөлімшесі болып табылады. Хаттамалық басқарма өз жүмысын жүргізген кезде мемлекеттің әрбір мемлекетпен орнатқан дипломатиялық қатынасының сипаты мен деңгейін ескеріп отырады.
Мемлекет басшылары халықаралық қатынастарға қатысты барлық мәселелерді әрдайым өзара тікелей талқылай алмайды. Соған орай, олар өз аттарынан келіссөз жүргізетін өкілдерді үстауға мәжбүр болады. Мүндай өкілдер дипломатиялық агенттер деп аталады. Олардың міндеті, ең алдымен өздерін жіберген мемлекеттің саясатын түсіндіру және өздері келген мемлекетте соны мақүлдатуға қол жеткізуден түрады. Сол арқылы екі мемлекет арасында достық қатынастар орнайды. Дипломатиялық қатынас туралы 1961 ж. Вена Конвенциясының 1- бабына сәйкес, дипломатиялық агент деп өкілдік басшысы немесе өкілдіктің дипломатиялық персоналын айтады. Дипломатиялық агенттердің өкілдік сипаттан басқа бірқатар айырмашылық ерекшеліктері болады, ол - дипломатиялық сыныптар мен дәрежелер. Дипломатиялық дәреже бұл-дипломатиялық қызметті өткеруге қатысты нақты мемлекеттің заңдары мен ережелеріне сәйкес берілетін дипломаттың жеке дәрежесі болып табылады. Бүл дәреже лауазымына, отставкаға кетуіне қарамастан, сақтала береді. Қандай да бір елдердің дәрежелері мен лауазымдық жағдайы сәйкес келуі де, сәйкес келмеуі де, мүмкін (мысалы, Төтенше және Өкілетті елші - бір мезгілде дәреже де, лауазым да) . Қазақстан Республикасында Төтенше және Өкілетті елші деген жоғары дәрежені сыртқы істер министрі, оның орынбасарлары, мемлекеттің халықаралық ұйымдардағы тұрақты өкілдері және басқалары иеленеді. Дипломатиялық сыныптар халықаралық құқық нормаларымен айқындалады және дипломатиялық өкілдік басшыларына ғана қатысты болады. Дипломатиялық қатынас туралы 1961ж. Вена Конвенцияеының 14- бабы- на сәйкес, өкілдік басшылары үш сыныпқа бөлінеді, атап айтқанда:
а) мемлекет басшылары жанында тіркелетін елшілер мен нунцилер және тең дәрежедегі өкілдіктердің басқа басшыларының сыныптары;
б) мемлекет басшылары жанында тіркелетін елшілер мен интернунцийлер сыныптары;
с) сыртқы істер министрлері жанында тіркелетін сенімді өкілдер сыныптары.
Қазіргі кезде дипломатиялық өкілдік басшылары түріндегі елшілердің сыныптары жоғалып барады, 3 -сыныпты дипломатиялық өкілдер халықаралық іс-тәжірибеде өте аз кездеседі. Олармен өзара шектелген саяси, экономикалық және басқа да мүдделері бар елдер ауысады. Әдетте, ол саяси көзқарастарға байланысты тиісті бір елдермен дипломатиялық қатынасты жоғары деңгейде үстағысы келмеген жащайларда орын алады.
Дипломатиялық дәрежелер әрбір мемлекеттің ішкі қүқығымен енгізіледі және сыртқы істер министрлігі аясында шетел мемлекеттерімен ресми қатынастар жасауды жүзеге асыратын барлық лауазымды адамдар үшін көзделеді. Халықаралық дипломатиялық іс- тәжірибеде мынадай дәрежелер бар:
- Төтенше және Өкілетті елші;
- Бірінші сыныпты Төтенше және Өкілетті уәкіл;
- Екінші сыныпты Төтенше және Өкілетті уәкіл;
- Бірінші сыныпты кеңесші;
- Екінші сыныпты кеңесші;
- Бірінші сыныпты бірінші хатшы;
- Екінші сыныпты бірінші хатшы;
- Бірінші сыныпты екінші хатшы;
- Екінші сыныпты екінші хатшы;
- Үшінші хатшы;
- Атташе.
Елшілікті Төтенше және Өкілетті елші, миссияны - уәкіл немесе сенімді өкіл басқарады. Сенімді өкілді уақытша сенімді өкілден айыра білу керек, ол елші болмаған кезде елшілікті уақытша басқаруы мүмкін.
Елшілік және миссия - бүл дипломатиялық өкілдіктің екі түрі. Қазіргі таңда дипломатиялық өкілдіктер деңгейін елшілік деңгейіне дейін жоғарылату үрдісі нығайып келеді. Жеке мемлекеттер арасындағы қатынастар тығыз, әрі достық сипатта бола бастағанда дипломатиялық өкілдіктер бір деңгейден екінші деңгейге қарай қайта қүрылады. Мұндай жағдайларда, тиісті елдердің үкіметтері халықаралық қатынастарының сапалы екендігін білдіру үшін өздерінің дипломатиялық өкілдіктерінің деңгейін жоғарылатуға және оларды миссиядан елшілікке айналдыруды, ал уәкілдерді елшілер дәрежесіне көтеруге шешім қабылдайды.
Қазақстан Республикасының Елшілігі сыртқы қатынастағы мемлекеттік орган және дипломатиялық өкілдік орналасқан еліндегі оның жоғары дипломатиялық өкілдігі болып табылады. Елшілік өз қызметінде дипломатиялық қатынас туралы 1961 ж. Конвенция ережелерін, Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарын, Қазақстан Республикасының қаулылары мен бүйрықтарын, сондай-ақ Сыртқы істер министрлігінің нормативтік қүжаттары мен нүсқауларын басшылыққа алады.
Дипломатиялъщ өкілдік басшысын тагайындау.
Тағайындау алдында дипломатиялық өкіл тағайындалатын ел үкіметінің келісімін - агреман сүрату керек. Агреман - (agrement < agreer - деген француз сөзінен шыққақ мақүлдау, келісу мағынасында) бір елдің дипломатиялық өкілі ретінде белгілі бір адамды тағайындауға екінші бір елдің алдын-ала келісім беруі. Агреман не үшін сүратылады. Біріншіден, көпшілік таныған халықаралық іс-тәжірибеге байланысты. Агреманды сүратпауға және оны алмай түрып, дипломатиялық өкілді тағайындауға болмайды. Екіншіден, бірде-бір үкімет өз мемлекетінің сыртқы саясатына қарсы баспасөз бетінде немесе ауызша нысанда жағымсыз сөйлеген адамды өз еліне қабылдамайды. Дипломатиялық өкілдік орналасқан ел үкіметі өз елдеріне халықаралық қатынас іс- тәжірибесінде объективті түрде және адал ниетпен қатысқан адамның келуіне сенуге қүқығы бар. Өкіл өзінің Сыртқы саясат ведомствосьінан тиісті нүсқау алғаннан кейін дипломатиялық өкілдік орналасқан елдің сыртқы істер министрлігіне барып, ауызша нысанда осы елдегі өз лауазымынан кететінін және басқа кандидатураға агреман сүратуды тапсыру туралы хабарлайды. Ауызшахабарламаға агреман сүратылатын адам туралы бар қажетті мәлімет қосымша тапсырылады. Халықаралық іс-тәжірибеде агреманды телефон арқылы сүрату жағдайлары да кездеседі. Әдетте, бүл аты мен жүргізетін саяси қызметі күмән туғызбайтын мемлекеттік қайраткерлерге таралады. Халықаралық іс- тәжірибе агреман сүрату фактісін абсолютті қүпиялықта сақтауды талап етеді.
Агреман сұратуға жауап қандай да бір саяси түсініктерге байланысты болмаса, қысқа мерзімде беріледі. Жауап беру мерзімі - екі ел арасындағы қатынастардың жай-күйінің көрсеткіші есепті. Дипломатиялық этикет ережелері бойынша сүратылған агреман туралы еске салуға немесе жауап беруді тездету туралы өтінуге болмайды. Агреманды беру туралы жауап сүратылған нысанда беріледі, яғни ауызша немесе жазбаша нысанда. Агреман алған дипломатиялық өкіл сол елдің қалаулы адамы болады, яғни persona grata. Егер түлғаның сол елде болуы қолайсыз болса, оны persona non grata деп жариялайды. Мүндай жағдайда бас тарту себебі айтылмайды. Кету туралы талап қойылған кез келген дипломатиялық қызметкер persona non grata болып есептеледі.
Елші кеткенге дейін Сыртқы істер министрлігінің тиісті бөлімі дипломатиялық өкілге сенім грамоталарын, ал оның алдындағыға кері шақырып алу грамоталарын дайындайды. Кері шақырып алу грамотасы
- бұл дипломатиялық өкілдің лауазымынан кері шақырылатынын хабарлайтын құжат. Ол дипломатиялық өкіл тіркелген мемлекет басшысына арналады және дипломатиялық өкілді тағайындаған мемлекет басшысының қолы қойылады және Сыртқы істер министрінің қойылған қолымен бекітіледі. Кері шақырып алу грамотасының кіріспесінде дипломатиялық өкілді шақырып алу фактісі туралы қысқа баяндалады; шақыру себебі айтылады; дипломатиялық окіл қызметі мемлекеттер арасындағы дипломатиялық қатынастарды дамытуға және қолдауға көмегін тигізер деген үміт білдіріледі. Кейбір мемлекеттердің дипломатиялық іс-тәжірибелерінде кері шақырып алынған дипломатиялық өкіл кеткеннен кейін, осы өкіл тіркелген мемлекет басшысы дипломатиялық өкілді тағайындаған мемлекет басшысынажіберу грамоталарынжібереді. Мүндай грамоталар дипломатиялық жолдармен жөнелтіледі. Жіберу грамоталарына қандай да бір жауаптар берілмейді.
Дипломатиялық өкілдіктер қызметін тоқтату. Дипломатиялық өкілдік орналасқан елдегі қызметін екі ел арасында дипломатиялық қатынастар тоқтатылған немесе үзілген жағдайда толық тоқтатады. Халықаралық іс-тәжірибеде басқадай нысан да болуы мүмкін, мысалы, екі мемлекет біріккен жағдайда сыртқы саясатты біріккен үкімет жүргізуі керек және біріккен елдің біреуі барлық дипломатиялық өкілдіктермен өз жүмысын тоқтатуы тиіс.
Консулдық құқық ұғымы, қайнар көздері
Бүгінгі таңда, экономикалық байланыстардың дамуына орай, сыртқы саясатты жүргізуде сыртқы қатынастың мемлекеттік органдарына, оның ішінде консулдық қызметке маңызды рөл берілген. Мемлекеттер консулдық қатынастарды және консулдықтың лауазымды адамдарының артықшылықтары мен иммунитеттеріне байланысты қатынастарды реттеу жөнінде көптеген келісімдер жасады.
Консулдық қатынас мәселелері жөніндегі мемлекеттердің халықаралық келісімдері, дәстүрлері және ішкі мемлекеттік заңдардың белгілі бір нормаларының жиынтығы консулдық қүқықтың негізін қалайды.
Консулдъщ цщъщ - бүл консулдық мекеменің қүқықтық жағдайын, сондай-ақ консулдықтың лауазымды адамдарын тағайындауды, қызметтерін, артықшылықтары мен иммунитеттерін реттейтін қағидалар мен нормалар жиынтығы.
Консулдық қүқықтың қайнар көздеріне мемлекеттердің халық- аралық шарттары, салт-дәстүрлер мен үлттық заңдар жатады. Халық- аралық қүқық іс-тәжірибесінде консулдық мәселелер бойынша көпжақты конвенция жасап шығаруға талпыныс жасалды. Оларға Консулдық қызметтер туралы 1911 ж. Каракас конвенциясын, Консулдық шенеуніктер туралы 1928 ж. Гавана конвенциясын жатқызуға болады. Жоғарыда аталған құқықтық актілер әмбебап сипат алған жоқ. Еуропа Экономикалық Қауымдастығы елдері арасында жасалған Консулдық қызмет туралы 1967 ж. Еуропа конвенциясы да аймақтық сипатта болған еді. 1963 ж. халықаралық қауымдастық Венадағы Б¥¥ конференциясында консулдық құқықты жүйелеуге тағы бір әрекет жасап көрді, оның нәтижесінде Консулдық қатынас туралы Конвенция қабылданды.
Қазақстан Республикасы үшін Консулдық қатынас туралы 1963 ж. Вена Конвенциясы 1994 ж. өз күшіне енді. Қазақстандық консулдық іс-тәжірибе екі жақты консулдық шарттар жасау жолымен келеді. Мысалы, Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Үндістан Республикасы Үкіметі арасында консулдық қатынастар орнату туралы 1992 ж. 22 ақпанындағы хаттама; Қазақстан Республикасы мен Венгр Республикасы арасындағы консулдық конвенция; Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Қытай Халық Республикасы Үкіметі арасындағы азаматтардың өзара жүріп-түруларына виза ресімдеу тәртібі туралы 1993 ж. 31 желтоқсанындағы Келісімі; Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Пәкстан Ислам Республикасы Үкіметі арасындағы азаматтардың өзара жүріп-түруына туралы 1995 ж. 23 тамызындағы Келісімі. Қазақстан Республикасындағы консулдық қызмет Қазақстан Республикасының Конституциясы, Дипломатиялық қызмет туралы 2002 ж. Заң, 1999 ж. Консулдық Жарғы негізінде, түрлі ережелер мен нүсқаулар бойынша жүзеге асырылады.
Халықаралық қүқық ғылымында дипломатиялық және консулдық қызметтің лауазымды адамдардың арасына елеулі айырмашылықтар қойылмаған. Мемлекеттер арасындағы консулдық қатынастар өзара келісім негізінде жүзеге асырылады және ол кез келген нысанда бейнеленуі мүмкін. Мемлекет дипломатиялық қатынастар орнатқан кезде консулдық қатынастар орнату фактісі туралы арнайы келіспейді. Соған орай, дипломатиялық қатынастарды орнату автоматты түрде консулдық қатынастарды да орнатады деуге бола ма? Халықаралық қүқықтың теориясы мен іс-тәжірибесі бүл сүраққа иә деп жауап береді.
Консулдық мекеменің орналасқан жерін, оның сыныбы мен консулдық округін өкілдігін жіберген мемлекет айқындайды және оны дипломатиялық өкілдік орналасқан мемлекеттің мақүлдауы тиіс. Консулдық мекеменің орналасу жерін, оның сыныбын немесе консулдық округті әрі қарай өзгертуді өкілдігін жіберген мемлекет консулдық мекеме орналасқан мемлекеттің келісімімен жүзеге асыра алады.
Консулдық қатынас туралы 1963 ж. Вена Конвенциясының 5- бабына сәйкес, консулдық өкілдік міндеттеріне мыналар жатады:
- халықаралық қүқық жол беретін шекте консулдық орналасқан мемлекетте өкілдігін жіберген мемлекеттің, оның азаматтары мен заңды түлғаларының қүқықтары мен мүдделерін қорғау;
- өкілдігін жіберген мемлекет пен консулдық орналасқан мемлекеттің арасындағы сауда, экономика, мәдениет және ғылыми байланыстарды дамытуғажәрдемдесу, сондай-ақ осы Конвенцияның ережелеріне сәйкес өзге жолдармен олардың арасындағы достық қарым-қатынастарды дамытуға жәрдемдесу;
- барлық заңды жолдармен консулдық орналасқан мемлекеттің сауда, экономика, мәдениет және ғылыми тыныс-тіршілігінің шарты мен жағдайын анықтау және бүл туралы өкілдігін жіберген мемлекеттің үкіметіне хабарлау және мүдделі адамдарға мәліметтер беру;
- өкілдігін жіберген мемлекет азаматтарына төлқүжаттар мен басқа да жол жүру қүжаттарын беру, жою, олардың қолданыс мерзімін үзарту, сондай-ақ өкілдігін жіберген мемлекетке баруға тілек білдірген адамдарға визалар немесе тиісті қүжаттар беру;
- өкілдігін жіберген мемлекеттің азаматтары мен заңды түлғаларына көмек және жәрдем беру;
- нотариус және азаматтық хал актілерін тіркеуші міндеттерін және басқаларды орындау, сондай-ақ әкімшілік сипаттағы кейбір міндеттерді, егер бүл жағдайда ештеңе консулдық орналасқан мемлекеттің заңдары мен ережелеріне қайшы келмейтін болса, орындау;
- консулдық орналасқан мемлекеттің заңдары мен ережелеріне сәйкес консулдық орналасқан мемлекеттің аумағында “mortis causa” қүқық иелену жағдайында өкілдігін жіберген мемлекет азаматтары мен заңды түлғаларының мүддесін қорғау;
- консулдық орналасқан мемлекеттің заңдары мен ережелері белгілеген шеңберде, өкілдігін жіберген мемлекет азаматтары болып табылатын, толық еңбекке жарамсыз, кәмелетке толмаған және өзге адамдардың, әсіресе осындай адамдарды қандай да болмасын қамқорлыққа алу немесе қорғаншылықта болу талап етілсе, мүдделерін қорғау;
- консулдық орналасқан мемлекетте қабылданған іс-тәжірибе мен тәртіпті сақтай отырып, консулдық орналасқан мемлекеттің сот және өзге мекемелерінде өкілдігін жіберген азаматтарға, егер мүндай азаматтар болмауы немесе басқа бір себептермен өз қүқықтары мен мүдделерін қорғауды дер кезінде жүзеге асыра алмайтын болса, консулдық орналасқан мемлекеттің заңдары мен ережелеріне сәйкес, осы азаматтардың қүқықтары мен мүдделерін қорғайтын, алдын алу шаралары туралы ақпарат алу мақсатымен өкілдікті немесе тиісті өкілдікті қамтамасыз ету;
- қолданыстағы халықаралық келісімге сәйкес немесе осындай келісім болмағанда консулдық орналасқан мемлекеттің заңдары мен ережелеріне қайшы келмейтін кез келген өзге тәртіпте өкілдігін жіберген мемлекет кемесі үшін сот және соттық емес қүжаттарды беру немесе сот тапсырмасын немесе айғақтарды алып тастау тапсырмасын орындау;
- өкілдігін жіберген мемлекеттің үлтын білдіретін кемелерге және осы мемлекетте тіркелген үшақтарға, сондай-ақ олардың экипажына қатысты консулдық орналасқан мемлекет заңдары мен ережелерінде көзделген қадағалау және инспекциялау қүқығын жүзеге асыру;
- жоғарыда айтылған кемелерге және үшақтарға және олардың экипажына кеме қүжаттарын қабылдауда консулдық орналасқан мемлекеттің өкімет орындарының қүқығына зиян келтірместен, жолда болған қандай да болмасын жол оқиғасын зерттеу және капитан, командалық қүрам және матростар арасындағы қандай да болмасын дауды шешуге көмектесу, өйткені бүл өкілдігін жіберген мемлекеттің заңдары мен ережелерінде көзделген;
- консулдық орналасқан мемлекеттің заңы мен ережелеріне қайшы келмейтін немесе олардың орындалуына консулдық орналасқан мемлекет қарсы болмаса немесе өкілдігін жіберген мемлекет пен консулдық орналасқан мемлекет арасында қолданылатын халықаралық шарттармен көзделген өкілдігін жіберген мемлекеттің консулдық мекемесіне жүктелген кез келген басқа міндеттерді орындау.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz