Қазақстандағы соғыс кезеңіндегі мәдениет, ғылым және еңбекпен түзету лагерьлері


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Соғыс кезіндегі мәдениет

20-50-жылдарда репрессияларға қарамастан Қазақстан мәдениеті жетіліп, әдебиеттің дәстүрлі және драма жанрлары дами түсті. 20-жылдардың ортасына дейін Қазақстанда әуесқой театр топтары болды. Олардың ішінде ең танымал болғандары - Семей әуесқой театр тобы және Халықка білім берудің Орынбордағы қазақ институты. Институт негізінде 1926 жылы қаңтарда Қызылордада тұңғыш кәсіби қазақ театры ашылды. Онда М. Әуезов, Ж. Шанин, С. Қожамқұлов, Қ. Қуанышбаев, Қ. Жандарбеков, З. Атабаева және басқа да дарынды драматургтер, режиссерлер және артистер жұмыс істеді. Бірқатар жазушылар мен ақындар қолына қару алып, Отан қорғауға соғысқа аттанды. А. Жұмағалиев, Б. Бұлқышев, В. Чугунов соғыста ерлікпен қаза тапты. Соғыстың алғашқы күндерінен бастап-ақ 90-ға жуық ақындар мен жазушылар майданға кетті. Олар майдандас жауынгерлерге батырлықтың үлгісін көрсетіп, оларды өздерінің шығармашылығымен жауға қарсы соғысқа рухтандырды. Олардың қатарында Д. Снегин, Д. Әбілев, Ж. Саин, Қ. Әбдіқадыровтар болды. Ұлы Отан соғысындағы жеңіске Қазақстанның мәдени қызметкерлері де үлкен үлес қосты. Ғылым және өнер адамдарының шығармашылық еңбегі майдандағы кеңестік әскерлердің ерлігімен, жұмысшылар мен колхозшылардың тылдағы даңқты істерімен қатар Ұлы Отан соғысының ерлік тарихына өзіндік жарқын із қалдырды. Бұл кезеңдегі әдебиеттің негізгі тақырыбы - патриотизм және Отанды қорғау. Жамбыл Жабаевтың «Ленинградтық өрендерім», Ә. Тәжібаевтың «Ленинград» өлеңдері, 3. Шашкин, Қ. Аманжолов, Ә. Сәрсенбаевтың шығармалары көпке белгілі болды. Қазақстан өнер шеберлерінің бригадалары майданға аттанды, осындай 11 бригада майданда болып 870 концерт қойды. Госпитальдарда, шақыру пункттерінде, әскери бөлімшелерде, шекаралық заставаларда 15 мыңнан астам концерт берді. Жалпы концерттік ұйымдар 36, 5 мың концерт қойып, оларды 9 миллионнан астам көрермендер тамашалады. Алматыда Орталық біріккен киностудия «Екі жауынгер», «Майдан», «Ол Отанын қорғайды», «Күт мені» және басқа да миллиондаған адамдардың азаматтық қалыптасуына, оларды патриотизмге тәрбиелеуге үлкен ықпал жасаған, адамдарды жеңіске үміттендірген ғажайып кинолар түсірді. Қазақ халқының музыкалық мәдениетінде үлкен жетістіктерге қол жеткізілді. Қазақстан композиторлары 300-ден астам музыкалық шығармалар: опералар, симфониялар, әскери-патриоттық әндер жазды. Соғыс жылдарында опера өнері дами түсті. 1942 жылы Е. Брусиловскийдің «Гвардия, алға!», 1944 жылы А. Жұбанов пен Л. Хамидидің «Абай» опералары қойылды. Соғыстан кейінгі жылдарда Е. Брусиловский мен М. Төлебаевтың «Амангелді», А. Жұбанов пен Л. Хамидидің «Төлеген Тоқтаров», М. Төлебаевтың «Біржан - Сара» опералары жазылды. 1949 жылы осы операның авторларына және негізгі партиясын орындаушыларға КСРО Мемлекеттік сыйлықтары тапсырылды.

Соғыс кезіндегі ғылым

Ұлы Отан соғысы жылдарындағы кеңестік ғылым орасан зор рөл атқарды. «Барлығы майдан үшін!», «Барлығы жеңіс үшін!» деген белгілі ұран ғалымдардың, ғылыми-зерттеу орталықтарының, институттарының, ғылыми лабораториялардың, тағы да басқа мекемелердің алдына қойған басты мақсаты болды. Соғыстың бірінші күндерінен бастап əскери техника саласында жұмыс істейтін ғалымдар техниканың жаңа түрлерін шығарып, ескі түрлерін жетілдіре бастады, мысалы, авиаконструкторлар С. Ильюшин, А. Микоян, С. Лавочкин өздерінің истребительдері мен штурмовиктерін жетілдіріп, жаңа деңгейге жеткізді, ал конструкторлар В. Климов, А. Микулин, А. Швецов авиамоторларды жетілдіру жағынан көп жұмыс атқарды, соның нəтижесінде əскери ұшақтардың жылдамдылығы жəне соғыс қабілеті өсіп, олар шайқастарда жақсы нəтижеге жете бастады. Конструкторлар мен инженерлер соғыс қарсаңында шығарылған Т-34 жəне КВ танкілерін жетілдіре түсті, сонымен қатар теңіздік миналарды жəне кемелерді магнитсіздендіретін құралдарды шығару қолға алынды [4] . Осы кезеңде көптеген ғалымдар мартен пештерінің жұмысын жақсарту, металдың жаңа түрлерін шығару, жарылғыш заттарды шығаратын конвейерлерді жетілдіру жəне т. б. жұмыстармен шұғылданды. Сонымен қатар уранның ядросын бөлшектеу бағытында жұмыстар жалғасын тапты, соған байланысты КСРО Ғылым академиясында арнайы лаборатория құрылып, мұңдағы атом проблемасымен шұғылданатын ғалымдарды академик И. Курчатов басқарды 1942 ж. басында құрылған салааралық комиссиялар мен комитеттер өз жұмыстарын қарқынды жүргізе бастады. Орал, Сібір жəне Қазақстанның табиғи ресурстарын мобилизациялауға арналған комиссияларды атақты ғалымдар-академиктер И. П. Бардин, С. Г. Струмилин жəне М. А. Павлов басқаратын болды. Атақты геологтар А. Е. Ферсман, Қ. И. Сəтпаев жəне В. А. Обручевтың басқаруларымен Кузбастағы темір, Қазақстандағы молибден рудалары, Башқұртстандағы мұңай қорлары ғылыми түрде зерттелді

Лагерлер жүйесі

Қазақстандағы лагерьлер жүйесі

1930 ж. мамыр айында КСРО ХКК “Қазақстанда еңбекпен түзету лагерін құру (ҚазЕТЛАГ) туралы” қаулы қабылдады. 1931 ж. 19 желтоқсанда шешім шығарылып, “Ги­гант” совхозы ОГПУ-дің Қарағанды жеке еңбекпен түзету лагері болып қайта құрылды, қысқаша “Қарлаг ОГПУ” аталған бұл мекеменің “Долинское” селосында басқармасы орна­ласып, ГУЛАГ-қа тікелей бағындырылды. Қарлагтың солтүстіктен оңтүстікке дейінгі аумағы - 300 км, шығыстан батысқа - 200 км. Қарлагқа қоныстанушылар 1930 жылдары бұрынғы партия өкілдері, кулактар мен байлар, сондай-ақ, айыпты боп табылған жұмысшылар мен шаруалар болды. Қарлаг өмір сүрген уақытта онда 1 млн. тұтқын тіркелген: тұтқындар құрамы үнемі өзгеріп отырды: жаңадан лек-легімен адамдар әкелініп, этаппен өзге лагерьлерге жөнелтіліп жатты. ГУЛАГ жобасы бойынша Қарлаг 32 мың тұтқынға арналған, ал шын мәнінде мұнда 75 мыңдай адамға дейін ұсталды. Тұтқындар санын арттыру Қарлагқа жүктелген халықшаруашылық міндеттерімен - Қарағанды көмір алабын игеру, Жезқазған және Балқаш металлургия комбинаттарының құрылысымен тығыз байланысты болды. Алайда тұтқындардың негізгі бөлігі ауыл шаруашылығы жұмыстарына тартылды. Лагерь тұрғындарының ауыл шаруа­шылығында 98, 5%-ы, ал өнеркәсіпте - 41, 5%-ы істеді. Қарлаг әкімшілік жағынан 1931 ж. 14 бөлімше, 64 участокке бөлінсе, 1941 ж. - 22 бөлімше, 159 участок болды, ал 1953 ж. - 26 бөлімше, 192 лагерь нүктелері белгіленді.

1938 ж. 6 қаңтарда “Р-17” еңбекпен түзету лагеріне (Ақмола облысы) 1-ден- 3 жасқа дейінгі балалары бар 50 әйелден тұратын алғашқы этап келіп түсті. Әйелдерді елдің түкпір-түкпірінен жинаған. Бұлар қуғын-сүргінге ұшырағандар отбасыларының өкілдері еді. Алжир (Отанына опасыздық жасағандар әйелдерінің Ақмола лагері) тұрғындарының арасында С. Сейфуллин, Б. Майлин, Ж. Шанин, Х. Баяубаев, Т. Рысқұлов, Т. Жүргенов, С. Мең­дешев, М. Тәтімов, Ж. Садуақасов, С. Есқараев, С. Асфендияров, Н. Нұрмақов, К. Сар­молдаев, т. б. көптеген белгілі адамдардың әйелдері болды. Алжир ерекше жағдайдағы лагерь болды: күшейтілген күзет, қатаң тәртіп пен субординация, жоғары тұрған ұйымдардың бұйрығын қалтқысыз орындау, т. б. 4 жастан асқан балалар анасынан ажыратылып, балалар үйіне жіберілді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстан: ғылыми-мәдени даму және еңбекпен түзету лагерлері (Қарлаг, Алжир)
1937-1938 жж. Қазақстандағы жаппай саяси репрессиялар мен түзету лагерьлері
Қазақстандағы ГУЛАГ жүйесі және 1930-1950 жылдардағы еңбекпен түзету лагерлерінің тарихы
Қызылорда облысы мен Қазақстандағы білім, ғылым және мәдениет салаларының басымдықтары
Тәуелсіз Қазақстандағы рухани мәдениет, ғылым және спорттың дамуы мен жетістіктері
Тәуелсіз Қазақстандағы ғылым, білім және мәдениет: этникалық саясат пен даму стратегиялары
Тәуелсіз Қазақстандағы ғылым, білім, мәдениет және ұлт саясатының қалыптасуы мен дамуы
Жаратылыстанудың ғылым мен мәдениет жүйесіндегі орны және мәдениет ұғымының негіздері
Қазақстандағы әлеуметтік саясат, еңбекпен қамту және зейнетақы реформасы
Екінші дүниежүзілік соғыс кезеңіндегі Түркістан легионы: құрылуы, соғыс қызметі және кейінгі тағдыры
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz