Саясат түсінігі. Саясатты анықтаудағы негізгі әдістер



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
Талқыланатын сұрақтар:
1.Саясат түсінігі. Саясатты анықтаудағы негізгі әдістер.
2.Саясаттың қоғамның басқа да салаларымен өзара әрекеттестігі. Саясат және экономика. Саясат және құқық. Саясат, мораль және дін.
3.Саясаттағы объективтілік пен субъективтілік, оның қоғамдық дамудағы рөлі.
4.Саяси қызметтің негізгі түрлері мен бағыттары. Қазақстан Республикасының қоғам модернизациясы кезеңіндегі саясаты.
Жауаптар:
1)Саясат ұғымын түсінудің екі негізі бар. Бірінші негізі ежелгі гректің politike ұғымы (мемлекетті басқару өнері) деген мағнаны білдіреді. Саясат деген түсініктің екінші негізі - ғұлама ғалым Аристотельдің Саясат деген еңбегінің атымен байланысты. Ол өз заманында лицей оқу орнын ашып,сонда саяси ой-пікірлерді білім ретінде жастарға үйретті. Ойшылдың осы қызметінің нәтижесінде Саясат деген еңбегі дүниеге келді.
Саясаттану саяси құбылыстар мен өзгерістердің мән - мағынасын түсініп білу үшін бірталай әдістерді пайдаланады. Әдіс деп зерттеу жүргізуді ұйымдастыру тәсілін айтады.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Салыстырмалы әдіс - әр түрлі елдегі саяси құбылыстарды салыстырып, олардың ерекшеліктерін ажыратуға мүмкіндік береді.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Жүйелеу әдісі - саяси құбылыстарды басқа күрделі құрылымның бір бөлігі ретінде қарап, оны құрайтын элементтердің әлеуметтік өмірдегі орнын, қызметін басқа құбылыстармен байланысын зерттейді.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Социологиялық әдіс - саясатты қоғам өмірінің экономикалық, әлеуметтік құрылым, т.б. жағдайына байланысты анықтайды.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Тарихи әдіс - саяси құбылыстарды мерзімі жағынан дәйекті, қазіргі және болашақтың байланысын айқындай отырып анықтайды.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Бихевиористік әдіс - жеке адамдар мен топтардың әс - әрекетін, адамның өзін қалай ұстауын талдап анықтайды.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Нормативтік әдіс - қоғамдық игілік ең мол қамтамасыз ететін немесе адамға әуелі бастан тән ажыратылмас табиғи құқықты іске асыруға барлық мүмкіндікті жасайтын саяси құрылыстың түрін іздейді.
2) Саясаттану басқа қоғамдық ғылымдармен бірге тығыз байланыста дамиды. Себебі олардың бәрінің зерттеу объектісі - ол қоғамдық өмір. Олар бірталай қоғамдық ұғымдарды да пайдаланады. Бірақта әрбір қоғамтану ғылымының өзіндік пәні бар.
Саясаттану ең алдымен философиямен тығыз байланысты. Ол тіршіліктің түпкілікті себептерін, рухани байлықтардың негізінде не жатқанын және т.с.с. ашып, дүниеге тұтас көзқарас тудырады. Ол саясатты философиялық тұрғыдан дәлелдейді.
Саясаттану экономиклық теориямен өзара байланысты. Саяси экономия саяси процестерді экономилық тұрғыдан дәледей отырып, ол процестердің негізінде әр түрлі әлеуметтік топтардың өз мүдделерін жүзеге асыру үшін күресіп жатқанына көз жеткізеді. Саясаттану экономикалық саясатты дайындау және іске асыру, ол процестерді мемлекеттік реттеу принциптерін ғылыми түрде негіздейді.
Саясаттану құқықтық ғылыммен тығыз байланысты. Құқық адамдардың қоғамдағы қатынастары мен тәртібін, жүріс- тұрысын зерттейді. Ол саяси шешімдерді дайындап, іске асырудың құқықтық тетіктерін көрсетеді, құқықтық және мемлекеттік нормалар мен институттардың қиысқан, түйіскен жерлерін қалыптастырады. Құқық К.Маркс заңға айналдырылған экономикалық үстем таптың еркі деп атаған.
Саяси экономия, саяси экономия - әлеуметтік ғылымдардың бірі, оның зерттеу пәні - нарық пен мемлекет, жеке адам мен қоғам арасындағы байланыс. Саяси экономия таза экономикалық әдістерден басқа философиядан, саясаттанудан және әлеуметтанудан алынған әр түрлі әдістерді қолданады.
Саясаттың тек экономикамен емес басқада қоғамдық салалармен байланысын білдік. Сонымен қатар саясат жүрген жерде құқық ұғыма қоса жүреді. Өз құқықтарын білген адам саясатта ғана емес қоғамда өз сөзін қорғай алады, өз талаптарын қоя алады.
Бейбіт саясат орнатқан ел дінге де шектеу қоймайды.Мысалы, Қазақстан зайырлы мемлекеттер қатарында. Біздің елде діңге шектеу жоқ. Дін саясат үшін маңыздылығын сақтаған кезде, маңыздылығы зайырлы саяси рәсімдердің риторикалық әшекейлеріне дейін төмендеді және ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
Қазақстан Республикасының экономикасын аймақтық басқарудың теориялық және әдістемелік аспектілері
Мәдени саясат - мемлекеттің басты идеологиялық тұғырнамасы
Персоналды басқару методологиясы
Қазақстанның сыртқы экономикалық қызметі
АЙМАҚТЫҚ ЭКОНОМИКАНЫҢ ДАМУЫ
САЯСАТТАНУ ПӘНІНІҢ ТИПТІК БАҒДАРЛАМАСЫ
Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық қызметін дамытудағы кеден баждары мен тарифтері
Қылмыстық заң, қылмыс пен жаза қылмыстық құқықтың негізгі ұғымы
Қазақстан Үкіметі, аймақтық биліктермен аймақтық экономикалық саясат координациясы
Пәндер