Билік ұғымы және оның тұжырымдамалар


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Талқыланатын сұрақтар

1. Билік ұғымы және ол туралы тұжырымдамалар.

2. Биліктің қызметтері мен жіктелуі. Саяси билік пен мемлекеттік билік.

3. Егеменді Қазақстандағы мемлекеттік билік.

4. Биліктің түрлері.

1. Саясаттануда саяси билік теориясы негізгі орын алады. Ол саясатпен тығыз байланысты және саясаттың, саяси институттар мен барлык саясат әлемінің мәнін түсініп-білуге мүмкіндік береді. Себебі, саясаттың негізгі мәселесі - билік, ал мазмұны - билік үшін күрес және билікті жүргізу. Шығыстың көрнекті ойшылы Ибн-Халдун адамның басқа жан-жануарлардан ерекшелігі - ол билік үшін күреседі деген екен. Ағылшынның ең ірі фәлсафашыларының бірі, қоғам қайраткері болған Бертран Рассел физикада басты ұғым энергия болса, қоғамдық ғылымдарда негізгі ұғым билік болып табылады деп дұрыс айтқан. Ал Американың әйгілі әлеуметтанушысы Талкотт Парсонс экономикалық жүйеде ақша қандай орын алса, саяси жүйеде билік те соншалықты орын алады деген. Сондықтан бұл курстағы басқа тақырыптардың бәрі билікке байланысты келеді.

Билік жөнінде ғалымдар арасында әр түрлі анықтамалар мен тұжырымдамалар бар. Солардың негізгілеріне қысқаша тоқтала кетейік.

1. Телеологиялық анықтама билікті белгілі бір мақсатқа, белгілеген нәтижеге, қорытындыға жету мүмкіндігі деп түсіндіреді. Мысалы, ағылшын фәлсафашысы Т. Гоббс билік болашақта игілікке жетудің құралы және өмірдің өзі өле-өлгенше билік үшін үздіксіз ұмтылыс деп жазды.

2. Бихевиористік анықтама бойынша билік деп басқа адамдардың жүріс-тұрысын, өзін-өзі ұстауын өзгерту мүмкіндігіне негізделген іс-әрекеттің ерекше түрі.

3. билікті белгілі бір құралдарды, амалдарды (зорлық-зомбылық, күштеу сиякты шараларды) пайдалану, колдану мүмкіндігі деп біледі. Мәселен, Американың белгілі саясаттанушысы Р. Даль билік бір адамға екінші адамды өз еркімен жасамайтын іс-әрекетті жасауға мәжбүр ету мүмкіндігін береді дейді.

2. Биліктің қызметтері, жіктелуі Саяси биліктің өзіндік қызметтері болады. Олар:

1. Қоғамның саяси жүйесін қалыптастыру.

2. Оның саяси жүйесін қалыптастыру.

3. Әр түрлі деңгейдегі қоғам мен мемлекеттің істерін басқару.

4. Үкімет органдары, саяси емес процестерге басшылық жасау.

5. Саяси және басқа қатынастарды бақылау.

6. Белгілібір қоғамға сәйкес басқарудың түрін, саяси тәртіпті және мемлекеттік құрылысты құру.

7. Қоғамдық тәртіп пен тұрақтылықты қолдау.

8. Дау-дамай, шиеленістерді ашып, оларға шек қою және дер кезінде шешу.

9. Қоғамдық келісімге, мәмілеге келу. т. с. с.

Қоғамда билік өзара тығыз байланыстағы 3 деңгейде ұйымдастырылып, қызмет етеді:

1. Жоғары орталық саяси институттар, мемлекеттік мекемелер мен ұйымдар, саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдарды басқару органдары кіретін өте ірі деңгей.

2. Орта буынды аппараттар мен мекемелерді қамтитын және аймақтық, облыстық, аудандық шенбердегі жергілікті әкімшілік билік кіретін орта деңгей.

3. Адамдар, кішігірім топтар, ұйымдар, одақтар, өндіріс және басқа ұжымдар арасындағы қоғамдық қатынастардың негізі, арқауы болып табылатын, саяси және қоғамдық өзін-өзі басқару өрісін құрайтын кіші деңгей.

Ал демократиялық саяси жүйе ойдағыдай өз ісін атқару мақсатында, мемлекеттік билікті заң шығарушы, атқарушы, сот билігі деп үш тармакқа бөледі. Оның негізін салушы ағылшын ойшылы Джон Локк(1632 - 1704) пен француз ғалымы Ш. Л. Монтескье (1689 - 1753) болды.

Заң шығарушы билік (парламент) заң шығарумен, оны бекіту, өзгерту немесе жоюмен айналысады. Ол заң қабылдайды, салық салуды анықтайды, үкіметті тағайындайды, бюджетті бекітеді, соғыс ашып және әскермен қамтамасыз етеді, сауданы реттейді, сотты ұйымдастырады халықаралық келісім шарттарды қабылдайды, саясаттың маңызды ішкі және сыртқы бағытын анықтайды. Конституция атынан оның жұмысына арнайы органдар бақылау жасайды.

Атқарушы билікке үкімет пен әкімшілік жатады. Оларды заң шығарушы өкілдік органдар қалыптастырады. Атқарушы билік заң шығарушы биліктің бақылауында болып, олардың алдында есеп береді. Оның жұмысы заңға негізделіп, заң шеңберінде іс істеуі керек. Сырттай қарағанда ол заң шығарушы билікке тәуелді. Бірақ іс жүзінде ол саяси жүйенің маңызды бөлігіне айналған және қоғамдық өмірде зор рөл атқарады. Үкімет саяси шешімдер қабылдайды, ал әкімшілік ол шешімдерді жүзеге асырады.

Сот билігі адамдардың құқығын қорғайды, заң бұзушылықтан сақтайды, парламент не президент қабылдаған заңдардың, конституциялы жарғылардың сәйкестігін анықтайды. Оны халық немесе өкілетті мекемелер қалыптастырады. Ол заң шығарушы немесе атқарушы билікке тәуелсіз. Өз жұмысында тек заңды ғана басшылыққа алады. Егер жоғарғы сот мемлекеттік органның немесе қызмет адамының шешімін конституцияға қарсы десе, ол шешім толығымен күшін жояды. Соттың маңызды принциптеріне жариялылық, айыпкердің өзін қорғауға және сот үкімін бұздыру туралы шағым арыз беруге құқығы жатады.

Биліктің бейнесін, қоғамдағы рөлін, қызметін және болашағын бағалау үшін оны жүйелеп, топтастырудың мәні зор. Билік түрлері өзара байланысты бірқатар белгілермен өзгешеленеді.

3 . Қазақстан Республикасы - президенттік басқару формасы бар демократиялық, құқықтық, унитарлы, зайырлы мемлекет.

Алғашқы конституция 1993 жылы қаңтарда қабылданды. 1995 жылы тамыз айында жаңа конституция қабылданды; 1998 жылы оған түзетулер енгізілді. Жаңа конституция бойынша Қазақстан - демократиялық құқықтық унитарлы мемлекет, оның тәуелсіз үш билік тармағы бар: атқарушы, заң шығарушы жән сот биліктері. Атқарушы билікті президент басқарады, ол 40 жастан асқан, Республика аумағында соңғы 15 жыл тұрған және мемлекеттік тілде (қазақ тілінде) еркін сөйлей алатын азаматтыры арасынан 5 жылға сайланады. Заң шығарушы билікті қос палаталы парламент атқарады (Сенат - 47 депутат және Мәжіліс - 107 депутат) . Сот билігін Конституциялық сот пен жергілікті соттар жүйесі атқарады; сот төрелері қызметіне Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Конституциялық заңдарға сәйкес тағайындалады және тұрақыты түрде толық өкілетілікке ие болады.

4. Атқарушы билік

Үкімет

Атқарушы билікті Қазақстан Республикасының Үкіметі атқарады. Оның басында парламенттің келісімімен президент тағайындайтын премьер-министр тұрады. Ол атқарушы органдар жүйесін басқарады және олардың қызмет атқаруын қамтамасыз етеді. 2016 жылдың қазан айынан бастап Қазақстан Республикасының премьер-министрі болып Бақытжан Әбдірұлы Сағынтаев болып табылады. 2019 жылдың 25 ақпанынан бастап Қазақстан Республикасының премьер-министрі болып Асқар Ұзақбайұлы Мамин болып табылады.

Заң шығарушы билік

Ең жоғарғы заң шығарушы орган - парламент, ол екі палатадан тұрады - Сенат пен Мәжіліс. Сенаттың қызмет ету мерзімі - 6 жыл, оны жарты құрамы әрбір 3 жыл сайын қайта сайланып тұрады. Сенаттың 47 мүшесінің 32-сі облыстардың, Республика астанасы мен республикалық маңызы бар қалалардың өкілетті органдарының мүшелерінен сайланады (әрбір әкімшілік аумақтан 2 адамнан), ал 15-ін ел президенті тағайындайды. Мәжіліс (107 депутат) жалпы сайлау нәтижесінде 5 жыл мерзімге сайланады: 98 - бірмандатты аумақ бойынша және 9 - Қазақстан Халықтары Ассмаблеясымен. Парламент президенттің ұсынысымен конституцияға өзгерістер енгізеді, бюджетті, үкіметтің бағдарламалары мен есептемелерін бекітеді (сенбушілік вотумын енгізу үшін әрбір палатадан берілген дауыстың үштен екісін жинау керек), заңдарды қабылдайды (берілген дауыстың үштен екісін жинаған кезде президент ветосынан асып өте алады), соғыс пен бітімгершілік сұрақтарын шешеді, референдумдарды енгізеді, халықаралық келісімдерді ратификациялайды және т. с. с. Сонымен қатар Сенат президенттің ұсынысымен Жоғарғы сотты белгілейді, президент тағайындаған бас прокурорды және Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің төрағасын бекітеді, жергіікті үкіметтік органдарды таратады. [5]

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Демократия адамзаттың болашағы немесе батыстық идеология
Саяси билік
Саяси сана туралы
Биліктің қызметтері мен жіктелуі
Саяси билік: мәні мен жүзеге асыру механизмдері жайлы
Саяси ойдың даму кезеңдері
Билік ұғымы
Бастауыш мектеп оқушыларының экономикалық тәрбиесі
САЯСАТТАНУ ПӘНІНІҢ ТИПТІК БАҒДАРЛАМАСЫ
«Әлеуметтану» пәні бойынша дәріс сабақтарының контактілік мәліметтері контактілік дәріс сабақтары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz