Саяси элитаның түсінігі мен қызметі туралы
Талқыланатын сұрақтар:
1.Саяси элитаның түсінігі мен қызметі.
2.Саяси элиталардың қалыптасуы мен жіктелуі.
3.Саяси көшбасшылық түсінігі мен табиғаты, оның әлеуметтік функциялары.
1. Саяси элита "Элита" термині сөзінен француздың "еlite" деген сөзінен шыққан, сұрыпталған, тандалған, іріктелген деген мағынаны білдіреді. XVIII ғасырдан бастап ол сөзбен жоғары сапалы товарларды атады. XX ғ. бастап саясаттану мен әлеуметтануда білімі, байлығы, беделі, билігі жоғары адамдардың азғантай әлеуметтік тобын білдіреді.
Тарихи жағынан алғанда адамдарды ел билеуші тандаулыларға және олардың дегенін істейтін бағаныштыларға бөлу идеясы өте ертеден бастау алады. Мысалы, Конфуций (б.з.б. 551-479) адамдарды асыл азаматтарға (билеуші элитаға) және төменгі (қарапайым) адамдарға бөлді. Платон билеуші философтарға, әскерлерге, егіншілер мен кәсіпшілерге ажыратты. Алайда элитарлық теорияны көзқарастар жүйесі ретінде XX ғ. басында италия ғалымдары Г. Моска, В. Парето, неміс Р. Михельс және т.б. калыптастырды.
Гаэтано Моска (1854 -- 1941) элита теориясын "Саяси ғылым негіздері" (1896) деген еңбегінде негіздеді. Онда ол қоғам басқарушылар мен басқарылушыларға бөлінеді деді. Оған ұйтқы бола- тын қасиеттерге әскери ерлікті, байлықты, діни дәрежені (мәртебені) жатқызды. Осы үш қасиет, оның ойынша, адамға басқарушылар (элита) қатарына кіруге есік ашады.
"Элита" терминін ғылыми айналымға енгізген Вальфредо Парето (1848-1923). "Жалпыға бірдей социология трактатында" (1916) ол "элиталардың айналу" теориясын жасады. Ол бойынша элита билік басына алдыңғы қатарлы идеяны ұсынуының арқасында келеді. Ол идея жүзеге асқанда олардың энергиясы азайып, ізденісі баяулай бастайды. Олардың орнына жаңа идеямен жаңа элита билік басына келеді. Мұндай алмасу қоғамда әрқашан болмақ. Яғни, дейді олар, бір элита екіншіні алмастырып, жаңарып, қоғамды алға жылжытып отырады. РобертМихельс(1876-1936)"Саяси партиялар, Демократия-ның олигархиялық үрдістері туралы очерк" (1911)деген еңбегінде "олигархияның темірдей заңын" шығарды. Оның ойынша, бұкара халықтың өзіне өзі ұйымдастыруға және басқаруға қабілеті жетпейді. Парламенттік демократия жағдайында кейбіреулер жұртшылықтың колдауына ие болды. Сөйтіп кәсіби дайындалған адамдардан тұратын басқару аппараты пайда болады. Ол көпшіліктен біртіндеп алшақтайды, қоғамның қарапайым мүшелеріне өздерін қарсы қояды. Соның нәтижесінде билікті өз қолдарынан шығармай, сақтап қалуға тырысатын томаға-тұйық дөңгелек, шеңбер пайда болады. Мұнда ат төбеліндей байлар саяси және экономикалық билікке ие болады. Халықтың егемендігі, билігі дегеннің бәрі бос киял. "Олигархияның темірдей заңы" осы дейді Р. Михельс.
2. Саяси элиталарды қалыптастырудың, жоғары лауазымды қызметке іріктеп алудың 2 түрі бар: антрепренерлық және гильдия жүйесі. Антрепренерлық түрде басқарушы қызметке үміткердің ерекше қасиеттері, көпшілік жұртка ұнай білу қабілеті басты орын алады. Мұнда кандидаттың байлығына, кәсібіне, біліміне, мамандығына, т.с.с. онша мән берілмейді. Ол ең алдымен өзінің тапқырлығын, жасампаздығын, белсенділігін көрсете білуі қажет. Мысалы, АҚШ-та актер болған Рональд Рейган да президенттікке сайланды. Элитаны қалыптастырудың бұл түрі өзінің ашықтығымен, демократиялығымен, үміткерге койылатын шектеулердің аздығымен сипатталады. Сондықтан тұрақты демократиялық елдерде бұл тұр кеңтараған.
Саяси элиталарға сұрыптаудың мұндай түрінің кемшілігі -- саясатқа сырттай жағымды көрінгенімен шын мәнінде кездейсоқ, принципсіз, ұрыншақ, авантюрист адамдардың билік басына келуі. Ондай адамдардың іс-әрекетін болжап, пішіп болмайды. Сондықтан қоғам өмірінде дау-жанжалдар, саяси шиеленістердің мүмкіндігі көбейеді.
Гильдия жүйесінде үміткер билік сатысы бойынша баяу болса да анық көтеріліп отырады. Мұнда жоғары лауазымды қызметке үміткерге көптеген талаптар койылады. Оған кандидаттық білімі, адамдар арасындағы жұмыс тәжірибесі, партиялық ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz