Рухани-жаңғыру бағдарламысын жүзеге асыру аясында мектеп жасына дейінгі балаларды руханиадамгершілік және патриоттық тәрбиенің негізі ретінде дәстүрлі құндылықтарға тарту



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Исабекова Шнар Абикеновна
Косанова Куляш Кудайбергеновна
Қарағанды облысы білім басқармасының
Ақтоғай ауданы білім бөлімінің
Айгөлек бөбекжайы коммуналдық
Мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны

Рухани-жаңғыру бағдарламысын жүзеге асыру аясында мектеп жасына дейінгі балаларды рухани-адамгершілік және патриоттық тәрбиенің негізі ретінде дәстүрлі құндылықтарға тарту.

Ұрпақ тәрбиесі - ата-бабамыздан келе жатқан рухани мұралардың бірі. Қай елдің болсын бірлігінің қалыптасуы мен өркендеуі дәстүрлі ұлттық тәрбие мен рухани құндылықтарымен сабақтасып жүзеге асатындығы белгілі. Рухани жаңғыруда өзекті бағыттың бірі Ұлттық рухты, ұлттық сананы, дәстүрді, әдеп-ғұрыпты, мәдениетті сіңіру. Бүгін білім беру саласында барлық мәселелері мен мақсаттары рухани жаңғыру бағдарламасын іске асырумен байланысты. Бүгінгі тұлғаны- елді сүйетін оның өркендеуіне еңбек ететін азаматты қалыптастыру үшін қауымға өз қызметін бағыттау қажет.
Елбасы рухани жаңғырудағы ұлттық сананың рөліне баса назар аударып, бірнеше міндеттерді айқындап берді.Соның ішіндегі Құндылықтарымыз бен озық дәстүрімізді табысты жаңғырудың алғышартына айналдыра білу. Бұл ретте, Елбасы Жаңғыру жолында бабалардан мирас болып, қанымызға сіңген, бүгінде тамырымызда бүлкілдеп жатқан ізгі қасиеттерімізді қайта түлетуіміз керек,- екенін атап көрсетті. Елбасымыздың рухани жаңғыруға, руханиятқа, білім, ғылымға маңыз беруі - үлкен көрегендік пен ұлттың алға ілгерлеуін жылдам қарқынмен жылжытатын қозғаушы күш. Бұл - тәуелсіз еліміздің бақытты болашағы мен алаңсыз келешегі үшін жасалып жатқан жұмыс. Өйткені, рухани байлықтың кемел болғаны бұл жеке азаматтарымыз үшін де, әрбір жеке тұлғадан құралған қоғам, туған еліміз үшін де өте маңызды үдеріс. Мектепке дейіңгі ұйымның негізгі міндеті- өз Отанының тарихын, салтын, дәстүрін құрметтейтін және ана тілін білетін, шынайы патриоттарды тәрбиелеу. Біздің басты мақсатымыз: балалардың алғашқы азаматтық және патриотизм сезімін отбасында және балабақшада тәрбиелеу.
Біздің тәрбиешілер ұжымында 2021-2022 оқу жылынан бастап Рухани жаңғыру - балабақшадан басталады атты жоба аясында тәрбие мен оқыту қызметінде, ата-аналармен және педагогтердің кәсіби шеберлігін шыңдау жұмыстары жүйелі түрде атқарылуда. Еліміздің болашағы жас ұрпақты тәрбиелеуде отбасы мен ата-ана тәрбиесі үлкен рөл атқарады. Сондықтан, мен бұл тақырыпты алуымның себебі қоғамның әлеуметтік даму жағдайында балаларға патриоттық тәрбие берудің жүйесін айқындай отырып, еліміздің бейбітшілігі мен егемендігін сақтауға, экономикасын дамытуға ықпал ететін тұлғаны қалыптастыруға бағыттау болды. Мектепке дейінгі мекемеде балалардың ойын еркін жеткізуде, рухани патриоттық тұрғыдан білім алуына тәрбиеленуіне барлық жағдай жасалған. Жан-жақты дамыған азаматты қалыптастыру балалық шақтан басталады. Сондықтан баланың әлеуметтік-адамгершілік дағдыларын ерте жастан дамытқанымыз дұрыс. Өсіп келе жатқан жас ұрпақты ақылды да саналы, тәртіпті де еңбексүйгіш, өз халқының патриоты болатын ұрпақ тәрбиелеу керектігін ескере отырып, алдыма міндеттер мен мақсаттар қойдым. Рухани-жаңғыру бағдарламысын жүзеге асыру аясында мектеп жасына дейінгі балаларды рухани-адамгершілік және патриоттық тәрбие бере отырып, Отанын, жерін, елін сүйетін тұлғаны даярлап шығару басты міндетіміз болып табылады. Еліне, жеріне сүйіспеншілігімен патриоттық сезімі жоғары тұрған баланың болашағы жарқын болатынына кәміл сенемін. Ата-бабамыздан қалған мол мұрамызды балаларға кішкентайынан бастап үйретсек, келешекте өз елін, өз ұлтын қастерлейтін ел азаматтарын тәрбиелейтініміз айдан анық. Сондықтан да рухани жаңғыру аясында осы бағытты ұстану керек деп білемін.Тарихы тереңде жатқан, ата-бабаларымыздан қалған рухани бай мұраларды жас ұрпақтың бойына сіңіру басты міндетіміз деп ойлаймын. Жас ұрпақты патриоттық тәлім-тәрбие арқылы намысшыл, қаһарман, қайсар, жігерлі етіп тәрбиелеуде мүмкіндік туады. Тәрбиедегі ең басты бағыт делінген тәлім-тәрбие тұжырымдамасында: Әрбір адам ең алдымен өз халқының перзенті, өз Отанының азаматы болуы керек екенін, ұлттың болашағы тек өзіне байланысты болатынын есте ұстауға тиіс. Біз тәрбиенің қойған мақсатынан және одан туындайтын міндеттерге сүйене отырып тәрбие жұмысының бағыттарының ішінде мынадай бағыт айқындалғанын білеміз: Азаматтық-патриоттық, құқықтық және полимәдениеттік тәрбие гуманизмге, қазақ халқының тарихы мен салтын, тілін сүю және құрметтеуге, оның таңдаулы дәстүрлерін сақтауға және оны дамытуға, азаматтық ұстанымды және патриоттық сананы, қалыптасқан ұлттық өзіндік сананы, ұлт аралық мәдени қарым-қатынасты қалыптастыруы тиіс. Бала бойына адамгершілік тәрбиесін сіңіру мақсатында жалпы педагогтардың іс-тәжірибесінде қолданылып жүргені бәрімізге аян. Өздеріңізге белгілі қазіргі жаһандану үрдісінде елімізде бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу басты назарда болып отыр. Оқыту, білім беру, тәрбиелеу - баланың ішкі жан - дүниесінің біртіндеп дамуына әсер ететін, түрткі болатын, жағдай жасайтын, оларды іске асыратын сыртқы факторлар екені анық.
Ұлтымыздың батыры Бауыржан Момышұлы атамыз айтқандай Патриотизм - Отанға, мемлекетке деген сүйіспеншілік, жеке адамның аман-саулығы, қоғамдық, мемлекеттік кауіпсіздікке тікелей байланыстылығын сезіну, өзінің мемлекетке тәуелді екенін мойындау.
Еліміздің ертеңі, ұлтымыздың болашағы - бүгінгі тәрбиелеп отырған бүлдіршіндер екені мәлім. Олардың қамын ойлау баршамыздың парызымыз. Патриотизм- кіндік қаның тамған жеріңе, өскен ауылыңа, қалаң мен өңіріңе деген сүйіспеншіліктен басталады. Кез келген мектептің мақсаты мен мұраты тәрбиелеп отырған жас ұрпақты өркениетті елдердің қатарынан көру, ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеу. Ол үшін біздер бүгінгі жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие бере отырып, елдің өткенін, ұлттың тарихын, мәдениетін, салт-дәстүрін, табиғат ерекшеліктерін етене таныстыру қажет. Ата-бабамыздан қалған мол мұрамызды балаларға кішкентайынан бастап үйретсек, келешекте өз елін, өз ұлтын қастерлейтін ел азаматтарын тәрбиелейтініміз айдан анық.
Сондықтан да рухани жаңғыру аясында осы бағытты ұстану керек деп білемін. Ел болам десең, бесігіңді түзе, - дегендей қазақ халқында жаңа өмірдің, жарық дүниенің есігін ашқан нәрестенің өзіне сый-құрмет көрсетіліп, дәріптейтін лайықты салт-дәстүрлері ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ БАҒДАРЛАМАСЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ АЯСЫНДА МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫ РУХАНИ – АДАМГЕРШІЛІК ЖӘНЕ ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕНІҢ НЕГІЗІ РЕТІНДЕ ДӘСТҮРЛІ ҚҰНДЫЛЫҚТАРҒА ТАРТУ
Бастауыш сынып оқушыларын тұлға ретінде қалыптастырудағы рухани - адамгершілік дамытудың рөлі
Мектеп жасына дейінгі балаларды қазақ халқының cалт-дәстүрлерімен таныстыру
Тәрбиенің заманауи тұжырымдамалары
Бастауыш сыныптарда қолданылатын тәрбие технологиялары
Балалар ұжымының жұмысын ұйымдастыру
Мектеп жасына дейінгі балалардың рухани - адамгершілік дамуын талдау
Қажеттіліктерде тоқталып өттік
Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі
Балабақшадағы патриоттық тәрбие
Пәндер