Абайдың ақиқат әлемі


Қолыма кітап алдым. Кімнің дейсіз ғой? Абайдың. Иә, зар илеткен «зар заманда» туған халқының рухани тәуелсіздігін сақтауға бел буып, елін шоқындырмақшы болған отаршыл үкіметтің шеңгелінен қаймана қазағына қарлығаштай қанатымен су сеуіп, шыр-пыр болған кәдімгі Абайдың. Жоқ, жоқ, Абайды «кәдімгі» деп өздерінің адам жерінетін жаман қылықтарын бетіне басқан сыншыл мінезін жаратпай, «ол кім еді сонша?» дейтін бақас, күндестері айтқан. Қара қазаққа, бүгінгі күннің қазағына Абай - хакім ғой. Әңгімеміздің басында Абайдың орыстың шоқындыру саясатына қарсы болғандығын сөз еттік. Орыстың отарланған елді шоқындыру сынды жымысқы саясатын Абай қайдан және қалай білген? Оған қалай қарсы тұрған? Осы сынды сұрақтарға жауап табу үшін хакімнің өз өлеңдеріне, қара сөздеріне, яғни қария сөздеріне (Ақселеу Сейдімбек ағамыз айтқандай) тоқталғанымыз жөн. Қасиетті Құран-Кәрімді түсіну үшін пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с. ғ. с) хадистеріне үңілеміз. Сол сияқты Абайдың өлеңдерін талдау үшін оның қара сөздерін парақтаймыз.
Білімдіден шыққан сөзге мән бермейтін, мән бермек түгілі келеке қылатын «қалың елі қазағына» қаратып:
Білімдіден шыққан сөз
Талаптыға болсын кез.
Нұрын, сырын көруге,
Көкірегінде болсын көз
- деп, тыңдалмаса сөз жетім болатынын ескертіп, қатаң талап қояды.
Жүрегі - айна, көңілі - ояу,
Сөз тыңдамас ол баяу.
Өз өнері тұр таяу,
Ұқпасын ба сөзді тез?
- деп, тыңдаушысының көкірек көзі ояу, жүрегі айнадай мөлдір болғанын тілейді. «Сөз түзелді, тыңдаушы, сен де түзел» дейтін еді ғой ақын. Иә, бәрімізге «білімдіден шыққан сөзді» ұғарлық «айнадай жүрек, ояу көңіл» бек керек-ақ. Әйтпесе өзі айтқандай:
Ағайын бек көп,
Айтамын ептеп,
Сөзімді ұғар елім жоқ.
Моласындай бақсының
Жалғыз қалдым - тап шыным!
- дегенінің кері келмей ме?
Ақын нені сөз етпек болса да, ең алдымен, сол мәселенің байыбына барып, терең үңіліп, зерделеп, ақылының таразысына салып, өлшеп барып сөз етеді.
Адамзат жаратылғалы өзін саналы деп санайтын кеудесінде жүрек оты сөнбеген әрбір адам баласы өзінің болмысына үңілумен келеді. Дүниеде қызықпайтын нәрсесі жоқ адам үшін бұл дүниеге қалай және қайдан келдім, қайда барамын деген сынды заңды сұрақтардың алдынан көлбең ете түсетіні әлмисақтан белгілі. Өзін мазалаған сұрақтың жауабын таппаса тыншымайтын Адам Ата мен Хауа ананың ұрпағы өздерін мазалаған сұрақтың жауабын Ақиқат жіберген қанша мың пайғамбар келсе де сөздеріне шанбай қойды. Шанбағаны былай тұрсын, өздерін бірін өртеп, бірін айқыш ағашқа шегелеп қойды, әйтеуір қолдарынан келетін бар зұлымдықтарын істеп бақты. Өзінің жаратқан туындысын басқа жаратылыстардан ерекше етіп, оған нәпсі мен рухты қоса дарытқан, он сегіз мың ғаламның ілімін санасына сыйдырған Ақиқат - Аллаһ еді. Әлемде қанша тіл болса, Ақиқаттың есімі де сонша. Бірақ бәрінің өз тілдеріндегі Ақиқаттары сан атыраудан қосқанда жиналып келіп бір теңізге құятын өзен сықылды бір ұғым, бір Ақиқат Аллаһ еді. Пенде өзінің бұл фәниге қалай келсе, солай бақилыққа аттанатынын білмей қалмады. Білді. Жанұшырып өлмеудің жолдарын іздестірді. Тапты ма? Қашып кете алмады. Қашып кетсе Қорқыт қашып кетер еді. Ажалды алдап кете алмады. Алдап құтылар болса Алдар Көсе алдап кетер еді ғой. Көзіне түспей тығылып та көрді. Сандықтың ішінен де суырып алды сұм Ажал. Енді адамға не істеу керек? Ақыры бұл дүниеден көшеді екен. Амал жоқ, ақтық дүниеге дайындалу керек болды, бірден бір пайдалы амалы осы еді. Қанша жерден ғұлама болсаң да, қаншама Шыңғысхан боп тусаң да, өмір өз айтқанын істетеді, жаныштайды. Әйтпеген күнде серілік дәурені көзден бұлбұл ұшқан, талқаны таусылып бара жатқан Біржан:
Қамзолдай қысқа пішкен дөңгеленіп,
Дүние өтерінде шыр айналды,
- демес еді-ау.
Ақылдың азабына тұншыққан Абай пенде ретінде ет жүрегі езіліп, санасына сабыр ұялатып, өзін де жұбатып:
Өлейін деп өлмейді өлерлік жан,
Әсте өлмесін білгендей қылық қылған.
Ажал келіп бас салса, жанды ұрласа,
Өмір қайда, сен қайда, соны да ойлан.
Адамзат - бүгін адам, ертең - топырақ,
- деп торыққандай қалыппен шарасыздыңын сездіреді.
Шарасыздық, ажалдың алдындағы шарасыздық - әрбір пенденің маңдайына жазылған жазмыштың жазуы. Бақталайың, тағдырың, пешенең деген ұғымдар соның баламалары. Кейде бүкіл өмірің - өзіңнің өліміңе дайындық сияқты көрінуі де сондықтан. Абайдың:
Жарлығына Алланың,
Ерте ойланған көнбек-ті,
- деуінде жоғарыда біз айтқан сондай мойынсұну жатқан сияқты.
Өзіміз сөз етіп отырған Ақиқат Алланың сегіз сипаты бар дейді Абай. Жаратушы Алла деп ол жайлы бас қатырып ойланғанмен, біздің санамыз оған жетпейді. Себебі Алла өлшеусіз, адам ақылы өлшеулі ғой. Өлшеусізді өлшеулімен қалайша шектемекпіз?
«Ол - Алла тағаланың заты ешбір сипатқа мұқтаж емес, (оған) біздің ақылымыз мұқтаж. (Оны) жоғарғы жазылмыш сипаттар бірлеп тағрифлап (анықтап, айырып) танымаққа керек. Егерде ол сипаттарды бірден тағрифламасақ бізге мағрифат улла қиын болады. Біз Аллатағаланы өзінің білінгені қадарлы ғана білеміз, болмаса түгел білмекке мүмкін емес. Заты түгіл хикметіне ешбір хаким ақыл ілестіре алмайды. Аллатағала өлшеусіз, біздің ақылымыз өлшеулі. Өлшеулі мен өлшеусізді білуге болмайды. Біз Аллатағаланы «бір» дейміз, бар дейміз: ол бір демелік те - ақылымызға ұғымның бір тиянағы үшін айтылған сөз. Болмаса, ол «бір» демелік те Аллатағалаға лайықты келмейді. Оның үшін мүмкинаттың ішінде не нәрсенің үжуді бар болса, ол «бірліктен» құтылмайды», - деген тәпсіріне жүгінумен шектелеміз.
«Ақылын сауған адамзат ғұламаларының ешқайсысы пендені ажалдан арашалап қалатын және жантәсілім сәтінде сиынатын Алладан басқа құдіретті жұбаныш ойлап тапқан жоқ», дейді ғалым Т. Жұртбай.
Алланың өзі де рас, сөзі де рас,
Рас сөз ешқашанда жалған болмас.
Көп кітап келді Алладан, оның төрті,
Алланы танытуға сөз айырмас,
- деп Ақиқат Алладан түскен әрбір кітапқа иланатынын білдіреді. Пайғамбарымыз да өзінің хадистерінде өзінен бұрын келген пайғамбарларды бауыр санайтындығын, Құран-Кәрімнен бұрын түскен кітаптарды Алладан түскендіктен оларды құрметтейтінің айтып кеткен. Қарап отырсаңыз, сол төрт кітаптағы айтылар ой бір арнадан шыққандығын меңзейді. Бәрінің айтатына бір Жаратушы. Бірақ солай болғаны шындық болса да, бұрын түскен үш кітап иелері соңғы пайғамбар мен қасиетті Құран-Кәрімді мойындаған емес. Абай дін тарихын жете меңгерген. Исламнан бұрын көшпелілердің, соның ішінде қазақ халқының кімге сенгендігін, кімді Тәңірім дегенін өзінің «Біраз сөз қазақтың қайдан шыққандығы жайында» атты еңбегінде жазып көрсеткен. Өзі де осыларды саралай келіп, христиандықтың, иудаизмнің ішінен исламды таңдап алады.
Абайдың әр түрлі дін тарихын жетік меңгергендігінің пайдасы шоқындыруға келген патриархтың бетін қайтарып, шоқындыруды кейінге қалдыртуға келгенде тиеді.
Абай Алланың бір және бар екендігіне иман еткеннен кейін иманына берік болуды мақұл көреді. Оны мына қара сөзінен де ұғармыз:
«Енді мұндай иман сақтауға қорықпас жүрек, айнымас көңіл, босанбас буын керек», - деуі сондықтан.
Абайдың «ақылыңмен сенген, тағылымды ғылыммен зерттеген, өлтіремін десе де - таймайтын дінін» сақтап қалу үшін неге «қорықпас жүрек, айнымас көңіл, босанбас буын керек» деп отыр?
Себебі дін - Абай заманынан ықылым уақыт бұрын-ақ әлеуметтік, саяси, ұлттық, рухани тәуелсіздік сипатына ие болған еді. Бірақ елді, жерді отарлауымен қоймай, халқының рухани дүниесінің шамшырағы дінін, сана-сезімі тапқан танымын отарлауды, оны жойып жіберуді мақсұт еткен ресей діншілдеріне Абай жанымен де, тәнімен де, бар сөзімен де қарсы тұрды. Халқының рухани құлдыққа түссе туыстас, түбі бір түркі халқы бурят, хакас, қарайым, қалмақ сынды ділінен, дінінен, тілінен айрылып, аңырап қалатынын Абай жан жүрегімен ұқты. Ұқты да қол қусырып қарап, ақырын күтіп отыра алмады. Бұрын өлеңдерінде дін туралы аз-мұз, бетін ғана шалып өтсе, енді халықты дінінен, өзі тапқан сенімінен айрылмауды анық айтып, дін күресіне бел шешіп кірісті.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz