Индустрияландырудың Қазақстанға тигізген теріс әсері


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

Практикалық сабақ тақырыбы: «Қазақ халқының дәстүрлі шаруашылығы бұзылуының салдары. »

Орындаған : Аруханова Гүлнәз, жалпы медицина, 125топ

Сұрақтар

  1. Қазақстанды индустрияландырудың ерекшеліктері.

Индустрияландыру ісі Қазақстанда елдің басқа аудандарына қарағанда біршама кешірек басталып, уақыты жағынан КСРО Халық шаруашылығын дамытудың бірінші бесжылдығымен (1928 - 1932 ж. ж. ) тұтас келіп, өлкеде елеулі қиыншылықтармен жүзеге асты.

Атап өтетін қиыншылықтар :

1. Қазба байлықтарының толық зерттелмеуі.

2. Байланыс және тасымал құралдарының нашар дамуы. Территорияның 1000 шаршы шақырымына 1 шаршы шақырым темір жолдан келді.

3. Жұмысшы табының сан жағынан өте аз болуы. Халықтың 90 % - і шаруалар еді.

4. Жергілікті мамандардың жетіспеуі.

5. Жаңа экономикалық саясат тоқталып, әскери коммунизм кезеңіндегі әдістердің жаңғыртылуы.

6. Халық билігінің жеке диктатурамен ауыстырылуы.

7. Әміршілдік - төрешілдік басшылық әдісінің енгізілуі.

Қазақстанда индустрияландыру ісі болашақ өнеркәсіп үшін қажетті табиғи байлықтарды зерттеуден басталды. КСРО Ғылым академиясы 20 - жылдардың аяғы 30 - жылдардың басында көптеген көрнекті ғалымдардың қатысуымен ұйымдастырған кешенді экспедициялар іс жүзінде республиканың бүкіл аумағын қамтыды. Академик Н. С. Курнаков Орталық Қазақстанның минерал-шикізат байлықтарын зерттеп, «ҚАҚСР -і Кеңес Одағының тұтас металлогенді провинциясы» деген тұжырым жасады. Академик И. М. Губкин Орал - Ембі мұнайлы ауданын зерттеп, бұл кен орны -мұнайға аса бай облыстардың бірі деп қорытындылады. Қазақтың жас инженер-геологы Қ. И. Сәтбаев Жезқазған ауданындағы мыс кені орындарын мұқият зерттеп, аймақтың болашағы зор екенін дәлелдеп берді . 1927 жылы Түркістан - Сібір темір жол магистралы салына бастады. Құрылыс бастығы болып В. С. Шатов тағайындалды. Түрксібке көмектесу комиссиясын республика Халық Комиссарлары Кеңесінің төрағасы Н. Нұрмаков басқарды. РКФСР үкіметі жанында РКФСР Халық Комиссарлары Кеңесі төрағасының орынбасары Т. Рысқұлов (1894 - 1938 ж. ж. ) басқарған Түрксіб құрылысына жәрдемдесетін арнаулы комитет жұмыс істеді. Т. Рысқұловтың ұсынысымен комитет құрамына темір жол маманы, инженер М. Тынышбаев (1828 - 1937 жж. ) енгізілді. Түрксіб құрылысында бірнеше ұлт өкілдерінен тұратын 100 мың адам еңбек етті. 10 мың қазақ жұмысшылары теміржолшы, құрылысшы, техник, жол ісінің шебері мамандықтарын меңгерді. Құрылысқа 200 млн. сом қаржы жұмсалды. Түрксібтің ұзындығы 266, 5 шақырым болды, ол жоспарда белгіленген 5 жылдың орнына 3 жылда салынып бітті. 1931 жылғы - қаңтарда Түрксіб темір жолы тұрақты пайдалануға берілді. Түрксіб магистралы салынуының мемлекеттік және әлеуметтік - экономикалық маңызы болды. 1) Орта Азия Сібір аудандарымен жалғастырылды; 2) Елдің Шығыс аудандарының экономикасы мен мәдениетін дамытуға ықпал етті; 3) Өлкедегі жұмысшы табын тәрбиелеу мен шыңдау мектебі болды. Қатардағы жұмысшы Д. Омаров - Түрксіб бастығы қызметіне көтерілді. Т. Қазыбеков - «Қазақ - көлік құрылыс» тресінің бастығы, Социалистік Еңбек Ері атанды. Соғысқа дейінгі бесжылдар кезінде салынған құрылыстар: Түрксіб темір жолы, Қарағанды шахталары, Ембі мұнай кәсіпшіліктері, Шымкент қорғасын заводы, Балқаш, Жезқазған кен - металлургия комбинаттары, Кенді Алтай, Ащысай полиметалл кәсіпорындары, Ақтөбе химия комбинаты, Қарағанды жылу және су электр станциялары, Өскемен құрылыс материалдары өнеркәсібінің кәсіпорындары, Шымкент химия - фармацевтік заводы, Арал сульфат комбинаты іске қосылып, Теміртау синтетикалық каучук заводы, Қаратау химия комбинаты салына бастады. Сөйтіп, Қазақстан ауыр өнеркәсібінің арнаулы бағытқа бейімделгенін көрсетті. Өлкеде болашақ өнеркәсіп тораптарының негізі қаланып, басқа республикадағы экономикалық аудандармен байланыс нығайтылды. Орталық Қазақстанның шикізат аймағы Оңтүстік Оралдың өнеркәсіп орындарын кенмен, металмен, көмірмен жабдықтады. Кенді Алтай Сібірдің индустриялы кешенімен ұласты. Мұнайлы Ембі Еділ мен Жайық арасында жаңадан құрылып жатқан «Екінші Баку» мұнай базасының бір бөлігіне айналды. Жеңіл және тамақ өнеркәсібінің көптеген кәсіпорындары бой көтере бастады. Олардың ішінде қуаты жағынан елде үшінші орын алатын Семей ет, Гурьев (Атырау) балық - консерві, Алматы жеміс - консерві комбинаттары, Жамбыл, Мерке, Талдықорғандағы қант заводтары сияқты кәсіпорындар іске қосылды.

Өлкедегі индустрияландыру бағытын жүзеге асыру жолдары:

Индустрияландырудың барлық ауыртпалығын шаруалар көтерді.

1) Шаруаларға үстеме салықтар салынды.

2) Республикалардың барлық жинақталған қорлары мемлекеттік бюджетке қосылды.

3) Одақтық бюджеттен берілген есебінде, республика қорынан субсидеялар мен дотациялар бөлу (1931 - 1934 жж. - 2 млрд. 137 млн. сом) .

4) Өндірісті, өнім өткізуді және жабдықтауды мемлекет қолына шоғырландыру.

5) Жазалау саясатын қолдану сияқты тәсілдер тән болды.

Индустрияландырудың Қазақстанға тигізген теріс әсері:

1) Халық дәстүрі бұзылды.

2) Қазақ шаруалары кедейленді және аштыққа ұшырады.

3) Лагерьлер жүйесі орнықты.

4) Қазақстан Россияның шикізат көзіне айналды.

Индустрияландыру ерекшеліктері:

1) Өлкедегі индустрияландыру жоғарыдан жүзеге асырылып, шикізат көздері екпінді қарқынмен игерілді. Мұнай Ембіде өндіріліп, өндейтін орталық Орскіде салынды.

2) Білікті жұмысшы мамандар, инженер - техник қызметкерлер сырттан, негізінен Россия мен Украинадан әкелінді.

3) Жергілікті мамандар жетіспді.

4) Урбандалу (урбанизация) процесі күшті жүріп, қалалар мен қала үлгісіндегі қоныстар, қала халқы көбейді. 1930 жылдың аяғында қала халқы 29, 8 %, 1939 жылы қалада тұратын қазақ - 375 мыңға артты. (1926 жылғыдан 5 есе көп) .

  1. Бай қожалықтарын тәркілеу және оның әлеуметтік- экономикалық салдарлары.

1927 жылы желтоқсанда ірі бай шаруашылығын тәркілеу жөніндегі заң жобасын әзірлейтін арнайы комиссия құрылды. Комиссияның төрағасы болып Е. Ерназаров тағайындалды, оның құрамына О. Исаев, Н. Нұрмақов, Г. Тоғжанов, О. Жандосов және т. Б. кірді. «Кіші қазан» саясатының келесі қадамы ірі байлардың дүние-мүлкі тәркілеп, өздерін тұрғылықты жерінен аластап жер аудару болды. 1928 жылдың 27 тамызында ОАК мен Халық Комиссарлары Кеңесінде "Байлардың шаруашылықтарын тәркілеу туралы" Декреті қабылданды. 1928 жылы тамыздың 30-да Қазақ АКСР ХКК-нің "Қазақстанның көшпелі, жартылай көшпелі және отырықшы аудандарын белгілеу туралы" арнайы қаулысы қабылданып, соған сәйкес аудандар белгіленді. Науқанды 1928 жылдың 1 қарашасында аяқтау жоспарланды, яғни бір ай ішінде бітіру керек деп шешті. Кейінірек ол тағы 10 күнге ұзартылды. Республиканың барлық аудандарына тәркілеуді өткізу жөнінде нұсқаулар жіберілді. Байлар "өздерінің мүліктік және қоғамдық ықпалымен ауылды кеңестендіруге кедергі жасайды" деп саналды. Жартылай феодал байларды тәркілеу заңсыз жүзеге асырылды. Уәкілдер кедейлерді қорқытып, байларды көрсетуге күшпен мәжбүр етті. Заң бойынша малы, дүние-мүлкі тәркіленіп, өзі жер аударылуға тиісті ірі байларға: көшпелі аудандарда ірі қараға шаққанда 400-ден астам малы бар (ірі қараға шаққанда), жартылай көшпелі аудандарда 300-ден астам малы бар, отырықшы аудандарда 100-150-ден астам малы барлар және бұрынғы сұлтандар мен хандардың ұрпақтары жатқызылды. Республика көлемінде барлығы 700-ге жуық бай-феодалдар тәркіленіп, 145 мың бас мал алынды. Оның бір бөлігі (84, 6 мыңы) кедей шаруаларға, қалған бөлігі жер шаруашылығы мекемелеріне, коммуналар мен кеңшарларға таратылды . Бұл реформаның мәні кедей шаруаның қолына мал беріп, орташа шаруа деңгеіне дейін көтеру болатын. Бірақ оны жүзеге асыру барысында тәркілеу ісіне басымдық беріліп, шаруаларға мал беру кейінгі жаққа ысырылып, жөндеп орындалмады. Көптеген қазақ партия-кеңес қайраткерлері тәркілеуге қарсы шықты. Т. Рысқұлов тек малды тартып алу жеткіліксіздігін ескертіп, шаруаға осы мезетте басқа көмек түрлерін де беруді ұсынды. Бірақ ұсыныстар іске аспағандықтан реформаның экономикалық тиімділігі төмен болды. Қазақ байларын тәркілеу Қазақстандағы күшпен ұжымдастыру саясатының бастамасы іспетті. Байларды тәркілеуден қазақ кедейлері материалдық жағынан да, рухани жағынан да ештеңе ұтқан жоқ. Дегенмен қазақ ауылының ұйым-берекесін бұзып, таптық қарсылықты қоздырды. «Шолақ белсенді» кедейлерден шыққан әлеуметтік топ мүшелері Кеңес үкіметінің ауылды жерлердегі тірегіне айналды. Тәркілеуге байланысты Декретте байлардың бүкіл Қазақ АКСР аумағында ауылды кеңестендіруге қоғамдық кедергі келтіретін ірі байларды қоныс аудару мәселесі нақтыланды. Бұл іспен билікті асыра пайдаланып, асқан қаталдық танытуға жиі баратын арнайы құрылған комиссиялар айналысты. Орташа және кедей шаруаларды да байлар қатарына жатқызып, жазалау жиі кездесетін. Тәркілеу туралы ереже бойынша жер аударылғандардың бәрі сайлау құқығынан айырылды. Қазақстандағы ауқатты шаруа қожалықтарын тәркілеу мал шаруашылығының даму қарқынын тежеді.

Нәтижесінде Голощекин мен оның айналасындағылардың алға қойған «Кіші қазанның» негізгі мақсаты орындалып, қазақ ауылында азаматтық қарсылық күшейді, байлардың беделі түсіп, ықпалы азайды. Елдегі дүрлігудің алдын алу мақсатымен 1928 жылы 21 маусымда ҚазОАК «қазақстанның барлық еңбекшілеріне» үндеу жариялады. Онда тәркілеу туралы заң 1928 жылғы 1 сәуірден мыңдаған малы бар, Кеңес өкіметіне «анық жау» ірі бай қожалықтары дүниелерін тәркілеу және оларды жер аудару бағытында жасалып жатқандығы; алғашқы кезекте бұл бұрынғы хан, сұлтан тұқымдарынан шыққан ірі байларға қатысты жүргізілетіні атап көрсетілді. Қазақ байларын тәркілеу Қазақстандағы күштеп ұжымдастыру саясатының алғашқы баспалдағы іспетті болды. Байларды тәркілеуден материалдық жағынан да, рухани жағынан да қазақ кедейлері ешнәрсе ұтқан жоқ. Дәстүрлі мал шаруашылығының табиғи ортаға бейімделген түрі - ірі бай қожалықтарын күйрету - қазақстандағы мал шаруашылығының даму қарқынының тежелуіне, тауарлығының күрт төмендеуіне негіз жасады. 1927 жылы желтоқсанда өткен ВКП(б) -ның ХҮ съезі ұжымдастыру бағытын ұсынды. Партия шешімі бойынша өте қысқа мерзім ішінде, 1932 жылдың көктеміне дейін елдің ауыл шаруашылығы ұжымдасқан колхоздарға айналы тиіс болды. Ұжымдастыру барысында жергіліті халық ерекшеліктері ескерілмей, кұштеу әдістері қолданылды. Қазақстандағы ұжымдастыру да 4 4 кезеңмен жүзеге асырылуы тиіс болды: 1) 1929 ж. мамыр - 1930ж. наурыз ұжымдастыруды жеделдете жүргізу; 2) 1930 ж. наурыз - 1932 ж. тамыз ұжымдасқан шаруашылықтарға әр түрлі тәжірбиелік шаралар жасауды аяқтау; 3) 1932 ж. қыркүйек - 1934 ж. қараша шаруалықта ТОЗ - ын пайдалану; 4) 1934 ж. желтоқсан - 1938 ж. желтоқсан ТОЗ-ын қайта құру, ауыл шрушылық артельдеріне айналдыру. Ұжымдастыру басталғанда халық алдына мынадай екі жауапты міндет қойыды: бірінші - ауыл шаруашылығы өнімдерін дайындау, екінші - көшпелілерді отырықшыландыру. Өнім дайындау мөлшерін жоғарыдан бегіледі. Әр аймақтың өзіндік ерекшеліктері, қолда бар мүмкіндіктер ескерілмегендіктен өнім дайындау мөлшерін орындау қиын болды. Ауқаттының малын еріксіз алып болып, енді халықтың қолында күн көрісі үшін қалған малға, астыққа қол сала бастады. «Асыра сілтеу болмасын, аша тұяқ қалмасы» ұрандары тарады.

Отырықшыландыру екі жолмен жүргізілді: 1) жүздеген шаруашылықты бір жерге шоғарландырып, малын өнім дайындау қорына өткізу; 2) көп халықтың киіз үйлерін көше секілдендіріп тігіп, поселкелер құру, солардан колхоз жасау.

Мұндай әдіс Ресей секілді егіншілікпен айналысатын өңірлердің колхоздастыру түрі болатын. Өкінішке орай бір партиялық өктем саясат көшпелі мал шаруашылығымен айналысатын өңірлерге де осы әдісті енгізбек болды. Қазақстандағы аграрлық реформалар негізінен әкімшілдік әдістермен жүргізілді. қазақ байларын тәркілеу - Коммунистік партия мен Кеңес өкіметінің дөрекі де қате саясатының бірі болды. Қазқ зиялыларынң, ауыл шаруашылығы мамандарының байлар қожалықтарын күшпен тәркілемей-ақ оларды салықпен және басқа да экономикалық әдістермен тежеп ұстау бағытын қабылдамады. ауыл шаруашылығын күштеп ұжымдастыру және отырықшыландыру науқандарының зардаптары «ақтабан шұбырындыдан» асқан нәубет әкелді.

  1. Ауыл шаруашылығын жаппай ұжымдастыруға көшу. Ұжымдастырудың әдістері, түрлері, қарқыны. ЖЭС-ті жүзеге асыру мәселесі шаруашылыққа біраз өзгерістер әкелді. Ең алдымен кооперативтік қозғалыс дамыды. Ұжымдастыру қарсаңында 1072 ұжымдық шаруашылық жұмыс істеді. 1929 жылы республикадағы мал саны 40, 5 миллионға дейін жетті. Бірақ Ф. И. Голощекиннің «ауылды кеңестендіру» бағыты игі нәтижелерге кері әсер етті. 1928 жылы 27 тамызда Қазақ АКСР-ның Халық Комиссарлар Кеңесі мен Орталық Атқару Комитеті «Ірі бай шаруашылықтарын, жартылай феодалдары конфискелеу және жер аудару» декретін қабылдады. Нәтижесінде 657 бай жер аударылып, олардан 145 мың мал алынды. Малдар, негізінен, колхоздарға берілді. Көптеген орташа шаруалар байлардың қатарына жатқызылды. Ауыл шаруашылғын күштеп партияның XV съезінде ауыл шаруашылғын ұжымдастыру ісінің аяқталуы 1932 жылға жоспарланды. Қазақ жерінде колхоз құрылысы 1922 жылдан бастап кеңейді. Ұжымдастыру ісіне көмек ретінде ауылды жерлерге 8000 жұмысшы жіберілді. 25 мыңдықшылар деп аталған 1204 "ұжымдастырушы" Мәскеу, Ленинград сиқты орталықтардан жіберілді. Ауыл шаруашылығының ұжымдастырылуы өте қатал жағдайда жүргізілді. 1931 жылы көшпенді және жартылай көшпенді шаруаларды жаппай отырықшыландыру жөнінде міндет қойылды. Ұжымдастыру жедел және жоспарсыз жүргізіле бастады. 1928-1931 жылдардағы ұжымдастыру барысы:республика шаруашылығының 1928 жылы 2% -ы, 1930 жылы сәуірде 56, 4%-ы, 1931 жылы қазанда 69%-ы ұжымдастырылды. Ауыл шаруашылық өнімдерін және малдарды күшпен алды. Мысалы, 1931-1932 жылдары Шұбартау ауданында малдың 80%-ы етке өткізілді. Балқаш ауданының халқына 297000 малға салық салынды, ал Балқаштың барлық малы 173000 ғана болды. Торғайдағы 1 млн. малдың 98 мыңы ғана қалды. Кулактарды жою ісі қатал жүргізілді. Шолақ белсенділер орташалармен қатар кедей шаруаларға да зорлық жасады.
  2. Білім беру жүйесінің қалыптасуы. Сауатсыздықпен күрес.

1920 жылы РКФСР ХКК-нің шешіміне орай өлкелік Халық ағарту бөлімдерінің жанынан саутсыздардың есебін алуды ұйымдастырумен, педагог мамандарды даярлаумен, курстар мен мектептерді ашумен, оқу құралдарын басып шығарумен шұғылданатын сауатсыздық жөнінде комиссиялар құрылды. 1924 жылдың қаңтар айында Қазақстанда " Сауатсыздық жойылсын " ұйымын құру жөнінде жұмыстар жүргізілді. 1924 жылдың 17 ақпанда өткен алғашқы ұйымдастырушылық жиналыста Қазақстандағы сауатсыздықты жою ұйымы (СЖҰ) рәсімделді. Олардың негізгі мақсаты сауатсыздықты жою болғанымен олар жергілікті жерлерде жұмысшы, шаруа, малшылар қатарын социалистік құрылысқа тартумен және сауатсыз село халқын бар күш жігері мен қаражаттарын қоғамдық іске жұмсауға үйрету сияқты коммунистік идеологияның принциптерін насихаттаумен де айналысты.

Қазақ халқының сауаттығы туралы 1927 жылы қарашада болған VI Бүкілодақтық партия конференциясында Ф. Голощекин қазақ халқының 97 пайызының сауатсыз екендігін, яғни оның 3 пайызы ғана арабша хат таниды деп кемсіткені бар. Егер, Қазақстанда 1927-28-ші оқу жылында Орталық есептеу басқармасының мәліметі бойынша Қазақстанның ауыл-село халқындағы сауатсыздар 1928-29-шы жылы қазақтар арасында 89, 5 ( қарақалпақтарда - 97%, өзбектерде - 94%, тараншыларда - 87%, басқаларда 51%) екенін ескерер болсақ, мәліметтердің дәл еместігін және Қазақстанның сол жылдардағы басшысының қазақ халқы арасындағы онсыз да көп емес сауаттыларды одан одан сайын әдейі төмендетіп отырғанын немесе Голощекин көрсеткендей 3 пайыз еместігінің куәсі болар едік. 1928-1929жж. мәдени жорық нәтижесінде 179419 адам сауат ашты деп сол уақыттағы билік партиясы өз беделін көтеруге тырысты. Олардың тұсындағы мәліметтерге сүйенсек бұл жылы республикада 1120 сауатсыздық жою орындары мен 71 сауаты төмендерге арналған мектеп жұмыс жасады, олардың құрамында : коммунистер - 306, жастар ұйымының мүшесі - 510, кәсіподақ мүшелері - 1826, жұмысшылар - 28, батырақтар - 721, кедейлер - 3118 және орташалар - 1814 адам болды деп ескі құжаттарда олардың тізбегі көрсетілді

  1. Сталиндік «үлкен» қуғын-сүргін, оның ауқымы мен ауыр салдарлары.

1937 жылы БК(б) П ОК-ның И. В. Сталин мен оның айналасындағылардың «халық жаулары және олардың құйыршықтарын түп-тамырымен жоюдың» қажеттігі жөніндегі нұсқауы барлық жерде қолдау тапты.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Индустрияландыруға бағыт алудағы қиыншылықтар.
Қазақстанның ХХ ғасырдың 20-30 жылдарындығы әлеуметтік-экономикалық, саяси жағдайы
Қазақстанды индустрияландыру мәселесі бойынша көзқарастар
Қазақстан елді индустрияландыру кезеңінде
Қазақстанның қазіргі заман тарихы пәнінің өзекті мәселелері
Өлкені индустрияландыру саясаты
Қазақстан кеңестер одағы құрамында
Қазақстандағы индустрияландыру. Индустрияландыруға қатысты қоғам қайраткерлерінің ұстанымдары
Тоталитарлық жүйе жылдарындағы Қазақстандағы қоғамдық-саяси жағдай
Қазақстанды индустрияландырудың ерекшеліктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz