Психикалық үрдістер туралы түсінік


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

1. Психикалық үрдістер туралы түсінік.

Психикалық үрдістердің көмегімен санамызда бізден тыс және бағынышсыз обьективті шындық бейнеленеді - қоршаған орта мен біздер осы шындықтың бөлігі болып саналамыз. Психикалық үрдіс арқасында әлемді танимыз: сезім мүшелерінің көмегімен қабылдау акты бойынша заттар мен құбылыстарды санамызда бейнелейміз; ойлау үрдісі арқылы заттар мен құбылыстардың арасындағы байланыстарды, нақты заңдылықтарды білеміз; есте сақтау үрдісі арқылы осы ақпараттар бекітіледі, одан әрі таным дамуына ықпал етеді. Осылайша қабылдау, ойлау, есте сақтау таным урдістерін құрайды. Сыртқы дүниеге және ондағы барлық өзгерістерге көзқарасымыз бойынша эмоция психикалық қызметтің бөлігі болып саналады. Яғни, психикалық үрдістерге: түйсік, қабылдау, зейін, ойлау мен сөйлеу, қиял және елес, ес жатады.

2. Түйсік туралы түсінік. Түйсіну табалдырықтары: Сенсибилизация, синестезия, адаптация.

Түйсік - қоршаған сыртқы дүниедегі заттар мен құбылыстардың жеке қасиеттерінің сезім мүшелерге әсер етіп, мида бейнеленуі. Түйсік барлық біліміміздің бұлағы деп айтуға болады. Түйсік болмаса, біз басқа жолмен заттың, қозғалыстың ешқандай формалары туралы еш нәрсе біле алмаймыз және біздің санамызды сыртқы дүниемен байланыстырып отырады. Түйсік заттың сезім мүшесіне әсер еткен кезде ғана пайда болады. Сезім мүшесі - дененің шет аймақтары немесе ішкі мүшелерінде орналасқан, сыртқы және ішкі ортадағы белгілі бір тітіркендіргіштердің әсерін қабылдауға маманданған анатомиялық-физиологиялық аппарат. Сезгіш нервтердің ұштары әр сезім мүшесінің басты бөлігі болып табылады, ол рецептор деп аталынады. Көз, құлақ тәрізді сезім мүшелері ондаған рецепторлық ұштықты біріктіреді. Тітіркендіргіштің рецепторға әсер етуі сезгіш (афференттік) нерв арқылы үлкен ми сыңары қыртысының белгілі бір бөліміне баратын нервтік импульстің пайда болуына әкеледі. Сондықтан, түйсік арқылы заттардың түсін, иісін, дәмін, қатты-жұмсақтығын, кедірбұдырлығын т. б. осы секілді қасиеттері ажыратылады. Сондай-ақ түйсік денеде болып жататын түрлі өзгерістер жөнінде де, яғни дененің қозғалысы мен оның кеңістікке орналасуын, жеке бөліктерінің жұмысы жайлы хабарлайды. Сыртқы дүниені танып-білу түйсіктен басталады. Мәселен, кез-келген адамнан көзін жұмуын өтініп, оның алақанына белгісіз бір затты тигізсең, сосын одан оның не екенін сұрасаң, ол: «қатты, жылтыр, мұздай, жұмсақ, жылы, кедір-бұдыр бір нәрсе» деп жауап береді.

Түйсіктің негізгі табалдырықтарына: сезгіштік табалдырықтары, адаптация, өзара әсер(сенсибилизация), қарама-қарсылық (контраст) және синестезия, бір ізді бейнелер жатады.

1) Сенсибилизация - сезгіштіктің тек артуын ғана көрсететін құбылыс. Сезім мүшелерінің біреуінің әсерінен басқаларының сезгіштігі артып отырады. Әлсіз тітіркендіргіштер өзімен бірге әсер етіп тұрған басқа тітіркендіргіштердің сезгіштігін арттырады. Сыныпта температуралық режим, таза ауа, тәртіп болуын қадағалай отырып, мұғалім осы шаралардың гигиеналық және педагогикалық жағын ғана емес, сол шаралардың оқушылардың сезіштік денгейіне қандай әсері болатынын да есінде сақтауы қажет. Мысалы, көзге түскен жарық мөлшері оның көру қабілетімен қатар, есту түйсігінің де сезімталдығын арттыруға себеп болады. Әдетте, қызыл түс адамның ақ, қара түстерді дұрыс ажыратуына көмектеседі. Ұшқыштардың түнгі ұшуға даярлану кезінде көздеріне 20-30 минут бойы қызыл көзілдірік киетіндері осыған байланысты. Психологиялық зерттеулердің көпшілігінде адамның таза ауада жиі демалуы, жеңіл-желпі дене қимылдарын жасауы, бетіқолын салқын сумен сүртінуі көру сезгіштігін арттыратындығы анықталған. Сыртқы дүниенің заттары бір ғана анализатормен түйсінілмейді. Бір сезім мүшесіне түскен әсер қалған сезім мүшелеріне де әсер етеді. Түйсіктердің бірбірімен байланысқа түсуі сыртқы дүниенің құбылыстарын толығырақ түйсінуге жағдай жасайды. Болар-болмас дәм түйсігі (қышқыл нәрсе) көру сезгіштігін арттырады, тұз ерітіндісін ішкеннен кейін таза судың өзі тәтті болып көрінеді. Осындай өзара байланыс көру, сипай сезу, қозғалыс түйсіктерінде де көп байқалады.

2) Синестезия- пайда болған бір түйсіктің басқа түйсікті қоздыруы. Тітіркендіргіштер сезім мүшелерінің біреуінде ғана түйсік туғызудың орнына сол сәтте басқа түйсіктердің пайда болуына да жағдай жасайды. Мәселен, кейбір адамдар біреудің сөзін естігенде, бұған қоса түрлі дәмдер мен түстерді де сезінуі мүмкін. Сондай адамдардың бірі қызғылт түстен - жылылықты, екіншілері көгілдір жасыл түстен суықты сезінеді. Түйсіктердің осылайша қосарланып жүруін синестезия дейді. Есту, көру, сипап сезу, иіс, дәм түйсіктерінде кездесіп отыратын осы құбылыс өмірде онша жиі кездесе бермейді, сондықтан синестезия түйсіктердің өзара байланысының шамадан тыс дамыған бір көрінісі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Психодиагностикалық құралдар
Тұлғаның даралық психологиялық ерекшеліктері
Индивид ­биологиялық түр өкілі, жеке тірі пенде
ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ
Тұлғаның психологиялық сипаттамасы
Жеке тұлға туралы ақпарат
Психика мен сана мәселелері
Жеке тұлға психологиясы
Психикалық құбылыстарды жіктеу
Психология саласы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz