Дәстүрлі діни мәтіндер



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
2.Дәстүрлі діни таным,діни мәтіндерде лавз муштәрәк,маджаз киная,метафора,алегория бар болғандығын жатсынбайды.Тіл адам ойлауының кілті.Дәстүрлі діни мәтіндер адам адамның сөйлеу тілінде түскендіктен лингвистикаға бағынады.Төрт фикһи мазхабтарда көп мағыналықтың арқасында пайда болған.Діни мәтіндердегі көп мағыналылықты мойындамау,интерпретация аппараты болмауы мәтіншілдікке жетелейді.Мәтіншілдіктің соңы радикализацияға,эстремизм мен терроризмге апарат.
Қазіргі таңдағы псевдо сәләфтардың басты ерекшеліктері ол нусусия,хуруфия.Олардың аяттар мен хадистерді тура түсінудің,адасудың түб тамыры өздерінің таухид әл Әсма уәс Сыфат категориясында жатыр.Діни мәтіндер немесе аяттарды террор құралы ретінде пайдаланған.Ибн Таймияның қалдырған таухид ұғымын қорғауларының барысында тауил,логика,рацианалды ойлау жүйесін саляфтардын кезінде болмаған деп жоққа шығарды.Халяф ғұламаларының тең жартысын тауилды қолданған үшін күпірлікке айыптады.Логиканы жоққа шығаруда олар негізгі аргументтерін Ибн Таймияның еңбектерінен дәлел келтірет мысалға (Әр Радд алә әл Мантықыин) және (Шарх хадис ан Нузуль еңбектерінен).Мәтіншілдік ташбих пен тажсимнын негызгы идеялық құралы.Оны көпшілік сүнниттік ғұламалар бір ауыздан бидғат ретінде таныды.
Полисемия плюрализмнің кілті.Радикалды монополистік идеалогиядан плюролизм позициясына ауыстыруда семантика,герменевтика,лингвистикан ын алатын орны орасан зор.
Семантика ілімінің зерттейтін басты бір тақырыбы сөз және сөз мағыналары.Теологиялық мәтіндерде көп мағыналылық,аллегория,метофора бар. Құранда метафора болмаса, сұлулығының жартысы кетеді дей отырып, метафораның Құран көркемдіктерінің бірі екенін, сондықтан Құранда теңеу бар екенін білдіреді. Діни мәтіндердің мағыналары, белгілі немесе болжамды болғаны сияқты, діни мәтіндегі шариғат үкімі де нақты тұжырымсыз, нақты немесе көп мағыналы түрде берілуі мүмкін. Және бұл мәтінге және мәтіннің семантикасына байланысты. Семантикалық талдау - сөздерге келісілген мағыналарды беру арқылы сөйлем мағынасының дұрыстығын білдіру кезеңі. Бұл да мағынаның түбіне жету үшін жасалған зерттеу. Семантика сөздің мағынасын құрайтын түбірлік мағынаға түсіп қана қоймайды, сонымен бірге оның тарих бойына осы түбір мағынаға сүйене отырып алған мағыналарына талдау жасап, бірінші (түбір) мағынаның бар-жоғын қарастырады.
Кейбір кезде сөз нақты өз мағынасында бола алмай,түсініксіз сөз сөйлемнің мағынасын тұмшалайтын кездер болат.Семантика шикі зат тәріздес,ол үнемі өндеуден өтіп тұруы қажет. Түрлі теріс пікірлерді жою арқылы Құран тілінің шынайы философиясын ашады. Семантикалық әдіс Құранның түйінді сөздерін мұқият және объективті түрде талдағандықтан, ұғымдық шатасулардың алдын алады және түсінбеушілік тудыруы мүмкін элементтерді жояды.Лексикалық семантиканы терең білу үшін адам ең алдымен араб тілін,усулу фикһ,наху,сарф ілімдерін жетік меңгеру қажет.
Семантикалық әдістерді зерттегенде сөздерді немесе сөз тіркестерін мағыналық дәлелдеу және мағына байланысы жағынан былайша бөлуге болады:
1. Сөздің сөйлемнің мағынасын тура немесе жалаң дәлелдеуіне қарай:
а) Мағынасы анық сөздер: сыртқы (сыртқы), мәтіндік (насс), баяндау (муфассар) және нақты (мухкам)
б) көп мағыналы сөздер: жасырын (хафи), түсініксіз (күрделі), қысқа (мужмал) және түсініксіз (муташабих)
2. Сөз ережелері мағынасында жалпы (амм) және жекеше (хас), омонимдік (жалпы) және жорамал (муаввал), абсолютті (абсолютті) және шектеулі (мукайид)
3. Сөздің сөйлем мағыналарының тура және жанама дәлелі болуы тұрғысынан: ақиқат (ақиқат) және метафора (метафора), айқын (сарих) және тұспалдау (аллегория)
Радикалды қайтадан плюролизм позициясына қайтаруда ең алдымен мәтіндердегі көп мағыналылық,сөздердің астарлы мағынасы бар екенін дәлелдеу керек.Теологиялық мәтіндерде семантикалық көп мағыналылық бар екенін,құран аяттарынан,сол аяттарға муфассирледің жасаған тәпсірлерінен мысал келтіріп кетсек.
Ол саған Құранды түсірген. Онда анық баяндалған аяттар (яғни аяттар - мұхкам) бар, онда Жазбалардың мәні, ал басқа аяттар түсіндіруді қажет етеді (аяттар - муташабихат). Ал [ақиқаттан] ауытқушылықта тамырлаған [хақтық иелерін] азғыруға ұмтылып, тәпсірді қажет ететін аяттарға еріп, Құранды [өз қалаулары бойынша] тәпсірлейді. Оның ақиқат мағынасын бір Алла ғана біледі, ал ілімді меңгерген шынайы ғалымдар: Біз оған толық иман келтірдік. Бүкіл [Құран - аяттар - мухкам және муташабихат] аяттар - Раббымыздан.(Аль Имран 7 аят)
Бастапқыда Құран араб тілінде түсіріліп, сахабалар оны жақсы меңгергендіктен, муташабих аяттар олардың мағынасын ешкім ойламағандықтан, тереңдемегендіктен, ешқандай дау тудырмады. Расында Құран мен Сүннетте келген барлық хабарлар хақ. Мұсылмандар бұған сенімді болуы керек. Мағынасы жасырын аяттарды тәпсірлеуге және оларға өз түсінігіне сүйене отырып түсіндіруге ұмтылмауы керек. Бізде ондай міндет жоқ. Құдайдан қорқатын мұсылмандар муташабих аяттардың мағынасына терең бойлай бермейді, өйткені олар муташабих аяттарда Жаратушы белгілеген мағына бар деп сенеді және олардың шынайы мағынасын тек Алла Тағала біледі. Оларды ғалымдарымыз түсіндіргендей қабылдап, сенеді.
ДДА жетегінде жүрген мұсылмандар құрандағы көп мағыналылықты жоққа шығарып,муташабихат аяттар,сипаттарды турасынан түсініп Алла тағалаға ташбих,таджсим,мәкән беріп астыртын мағынадағы аяттарды террор құралы ретінде қолданып адасушылыққа түсуде.Радикалдың ойлау жүйесін плюролизм позициясына келтіруде,оған құрандағы сөздердің көп мағыналығын түсіндіру қажет.Алла тағаланың құранда кездесетін муташабихат сипаттарына жеке жеке тоқталып семантикалық талдау жасасақ.
Истәуа
Қасиетті Құранда истәуа сөзі әртүрлі мағынада қолданылады. Алла Тағалаға қатысты жеті рет айтылған. Алла Тағала Құранда
1.Расында раббыларың Алла сондай көктер мен жерді алты күнде жаратқан.Және аршыға истәуә етті.(Ағраф сүресі 54 аят)
2.Ол Алла сондай көктерді тіреусіз көтерді,көріп тұрсаңдар.Және аршыға истәуә етті.(Рағыд сүресі,2 аят)
3.Рахман аршыға истәуә етті.(Тоһа сүресі 5 аят)
4.Расында раббыларың Алла сондай көктер мен жерді алты күнде жаратқан.Және аршыға истәуә етті.(Фурқан сүресі 59 аят)
5.Расында раббыларың Алла сондай көктер мен жерді алты күнде жаратқан.Және аршыға истәуә етті.(Хадид сүресі 4 аят)
Араб тілінде истәуә сөзі бірнеше мағына білдірет:
1. التمكن والاستقرارорныққан,бекітілген деген мағыналарда.Алла тағала құранда:
Кеме джуди тауында истәуәт(Худ сүресі 44 аят) Кеме әл-Джуди тауында орналасқан, яғни. бұл аятта орныққан деген мағынада баяндалып тұр. Аятта Нұхтың (оған Алланың сәлемі болсын) кемесі Жуди тауында орныққан, нығайтылғаны айтылады.
2. التمام толықтыру, теңестіру мағынасында. Құран Кәрімде жаратушы:
Кәмелетке толып,истәуә болған кезде(Касас сүресі 54 аят). Дене күшімен толығады мағынасында қолданылады.
3. القهر басқару, үстемдік ету мағынасында,араб тілінің маманы әл-Фаюмия (Алла оны рақымына алсын) Әл-мисбаһ әл-мунир сөздігінде былай деп жазған: Билеушінің истәуә етті дегені физикалық тұрғыда отырмаса да,метафоралық түрде меңгерді деген мағынада қолданады.
4. Түзу, тік тұру мағынасында. Алла Тағала Құран Кәрімде:
Сабағына истәуә етті(Фатх сүресі 29 аят).Бұл аятта истәуә сөзі тік тұрды мағынасында қолданылған.
5. العلوжоғарылау көтерілу мағынасында.Ибн Манзур (Лисан әл Араб) еңбегінде былай деп жазды:
Ахфаш:Истәуә сөзі - көтерілу мағынасында қолданылады. Көлік үстінде истәуәйту десеңіз, көлік үстінде көтерілді, жоғарылады дегенді білдіреді. Истауа сөзі ұлылықты, дәрежені, төменнен жоғары көтеруді, т.б. орынға қолданылады. Ал орынға көтеру (яғни төменнен жоғары) мағынасы Жаратушыға қатысты қолданылмайды. Дегенмен, Алла Тағаланың Ұлы, Құдіреттілігі жоғары деп айтуға болады. Истава сөзінің басқа да мағыналары бар.
Истәуә сөзіне Муффасирлердің жасаған тәпсірлерінен мысал келтірсек:
1.Имам Абу Джаьфар ат Табари өзінің тәпсірінде:
Рахман аршыға истәуә етті(Тоһа сүресі 5 аят)
Алла Тағаланың Рахман аршыға истәуә етті сөзі Мейірімді Алла аршысына ьаля,иртафаьа дегенді білдіреді. Өткен тақырыпта истауа сөзінің мағынасын жан-жақты түсіндірдік. Бұл сөздің тәпсірінде келіспеушіліктерді де айттық. Сондықтан бұл сөздерді қайталмай, Бақара сүресінің 29-шы аятына сілтеме жасауды қажет деп шештік.
Имам Табари (Алла оны рахым етсін):Алла аспанға истәуәдеген аяттта тәуиліне байланысты келіспеушіліктер болды. Барлық мадақ Ұлы Жаратушыға, Алла аспанға истәуә аятындағы истәуә сөзіне алаа алайхиинна(көк үстінде) иртафа`а (жоғарылады), сондай-ақ құдіретімен басқарады және жеті қабат қылып жаратты.
2.Әл Байдауии өзінің тәпсірінде:
Алла тағала құранда:Раббыларың көктер мен жерді алты кунде жаратқан.Және аршыға истәуә етті(Ағраф сүресі 54 аят)
Аршыға истуә етті сөздері истауа амруху, истауаның бұйрығы немесе истәулә - басқарушы мағынасында қолданылады. Аршыға истәуә етті - бейнесіз және кескінсіз жаратушының сифаты деген уәж сахабалардан жеткен. Бұл сөздердің мағынасы Алла аршыға истәуә еттуі,орнығу беку деген ұғымдардан,сенуден таза пәк
3.Фахруддин әр Рази өзінің тәпсірінде:
Ол Алла сондай көктерді тіреусіз көтерді,көріп тұрсаңдар.Және аршыға истәуә етті(Рағыд сүресі 2 аят)
Біліңдер, Алла Тағаланың: Аршыға истәуә етті деген сөзінен Аллаһ Тағала аршыға тұрақтады деген тұжырым шықпайды! Бұл аяттың негізі - бір жаратушының бар екендігін дәлелдейтін дәлелдер. Негізінде бір нәрсені сипаттау үшін оған айқын дәлел болуы керек. Бірақ Алланың аршыға бекінгенін ешкім көрмеді. Сонда олар истауа сөзін орнатылған деп қалай түсіндіреді?! Демек, аршыға бекінгенін көрген біреу болса керек. Алайда, бір нәрсеге бекіту оның кемелдігі мен ұлылығына дәлел емес. Керісінше, оның орынға, мәлімдемеге мұқтаждығын көрсетеді. Бұл сондай-ақ оның бастапқыда бұл лауазымда болмағанын, содан кейін өзгергенін көрсетеді. Демек, жоғарғы жаратушының өзгеруі меңзейді.Сондай-ақ, истауа сөзі қисық сөзінің антонимі. Бұл сөздің тілдік мағынасы оның басында қисық болғанын, кейін түзеліп кеткенін көрсетеді. Бірақ жоғарыда айтылғандардың барлығы Жаратушы Жаббар үшін мүмкін емес. Демек, Оның денелер мен материялар әлеміне қатысты истауасы оның басқаруында, құдіретінде, билігінде, сақтауында.Яғни ол жердегіні сақтайды және басқарады, және әркім Оған мұқтаж
4.Имам Абу Лайс ас Самарқанди өзінің тәпсірінде
Расында раббыларың Алла сондай көктер мен жерді алты күнде жаратқан.Және аршыға истәуә етті.(Ағраф сүресі 54 аят) осы аятқа тәпсірінде былай деген:
Кейбір муфассирлер Аллаһ аршыға истәуә етті аятына қатысты: Бұл мағынасын бір Алла білетін муташабих аяттардың бірі, - дейді. Язид ибн Харуннан (Аллаһ оны рахым етсін) осы аяттың тәуілінен сұралғанына дәлел бар. Ол: Бұл аяттың тәуилі - иман келтіру, - деп жауап берді. Бір күні бір адам Малик ибн Әнасқа (Алла оны рақымына алсын) келіп, Рахман аршыға истәуә аяты туралы сұрайды. Сонда Имам Малик (рахимахуллаһ): Истауа белгілі, сурет беру ақылға түсініксіз, оған сену керек, ол туралы сұрау бидғат, деп жиналсытан шығарып жіберіңдер, - деді.Мұхаммед ибн Жағфардан (оған Алланың рақымы болсын) осы аят туралы сұралғанда, ол да осындай жауап береді. Тәуиіл әдісін қолданатын ғалымдар: Бұл аятта қолданылған сумма көмекші сөзі уау әрпін білдіреді. Ал ол реттілік пен тақырыпша мағынасында емес, ұжымдық (жиынтық) ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сасанидтер дәуірінің кодификациясы
Діннің тұжырымдамасы
Жазбаша аударма және оның түрлері
Миф пен мифологияның функциясы
МҰРАЖАЙ АРҚЫЛЫ РУХАНИ - АДАМГЕРШІЛІК ТӘРБИЕ БЕРУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ
Газет тілі және прецедентті мәтін
Дінінің пайда болуы және даму кезеңдері
Индуизм философиясы
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы
Тілдік бірліктің лексикалық мағынасы
Пәндер