Қарым-қатынас процесінде қоршаған ортаны қабылдау


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Эссе

Орындаған:Нурметов К.

Қарым-қатынас процесінде қоршаған ортаны қабылдау

Психология ғылымындағы негізгі ұғымдардың бірі - қарым-қатынас мәселесі. Қарым-қатынасқа түспей тұрып жеке адамды толық түсіну, оның адами қасиеттерін, дамып жетілуін талдау мүмкін емес. Сондықтан тұлғаның дамуында қарым-қатынастың орны ерекше. Қарым-қатынассыз қоғам ыдырап кетеді. Адамның психикасы айналасындағылармен қарым-қатынас жасау процесінде ғана қалыптасады, қоғамдық тәрбие арқылы адам белгілі мазмұнға ие болады. Қарым-қатынас жасау мүмкіндігінен айырылған адам ойдағыдай дами алмайды. Қарым - қатынас дегеніміз- тіл арқылы пікір алмасу. Адамдардың қарым-қатынасы ақпарат алмасудың жеке дара жағдайына айналады. Сөйлеу құралдарымен қатар адамдарда қарым-қатынастың сөзден тыс жолдары бар: келбет, ым, мимика т. б. Жануарлар дүниесінде келбет, сыртқы көрініс, дене құрылысы, түс, иіс мағыналы ақпараттық сигнал қызметін атқарады. Адам санасының дамуы қоғамның дамуымен байланысты. Қоғамнан тыс адам өмірнің болуы мүмкін емес. Кез келген адам дүниеге келісімен екінші бір адаммен қарым-қатынасқа түсуді қажетсінеді. Мәселен, нәрестенің анасымен "тілдесу" қажетін канағаттандырмау - біртіндеп оның мейірімсіз болып өсуіне, кішкентайынан айналасына деген сезімінің азаюына әкеліп соқтыратыны байқалып жүр. Сөйтіп, басқалармен қарым-қатынасқа түсу - қай жастағыларға болмасын, оған киім-кешек, баспана, ұйкы, демалу қандай қажет болса, айналадағы жұртпен араласып, дұрыс қарым-қатынас жасай білу де сондай қажет. Адамзат өміріне қажетті моральдық қолдауды қоршаған ортадан алады. Адамның дамуы оның айналасындағы адамдармен қарым-қатынасына байланысты. Күнделікті өмірде әр адам басқа адамдармен араласады, яғни өзара ақпарат, тәжірибе, білімдер, білікітер, дағдылар алмасады. Бұл адамдар арасында бірлескен іс-әрекет қажеттілігін туғызып, байланыс орнататын күрделі процесс қарым-қатынас деп аталады. Демек, қарым-қатынастың қалыптасуы адамның мінезіне байланысты. Қарым-қатынастың түрлері көп. Мысалы, туысқандардың қарым-қатынасы немесе шәкірт пен ұстаздың қарым-қатынасы, ғашық адамдар арысындағы қарым-қатынас және т. б. Мәселен, ата-аналар және балалар қарым-қатынасы ең жақын туысқандардың қарым-қатынасын айтуға болады. Кейде достарымыз бен ұстаздарымыз туғанымыздай болып кетеді. Сонымен қатар, адамдардың ғашықтық қарым-қатынасын да жоғары бағалаймыз. Адамадар ғашық болып үйленеді, яғни отбасын құрады. Өзара сүйіспеншіліктен құралған отбасы берік болады. Қарым-қатынас және іс-әрекет. Біріккен әрекет адам өзге адамдармен қажет болғандықтан ғана бірігуі керек, олармен араласуы керек, яғни ара қатынасқа түсіп, түсінушілікке жетуі және ақпарат алмасуы керек. Қарым-қатынас тек ақпарат алмасу ғана емес, мейлі ол таныс, мейлі таныс емес болсын, адамдар бір-бірімен қарым-қатынас арқылы түсініседі, тіл табысады, келісімге келеді, қарым-қатынас арқылы өмірлік тәжірибе жинақтауға болады, жаңа әртүрлі нәрселерді білуге болады. «Кісі болар кісінінің кісіменен ісі бар, кісі болмас кісінің кісіменен несі бар» деген екен Ақсуат би. Қарым-қатынас адам психикасының және оның мінез-кұлкының мәдени, саналы түрде қалыптасуы мен дамуында үлкен роль атқарады. Қарым-қатынас арқылы адам жоғары қабілеттері мен қасиеттерін аша алады. Өзге адамдармен белсенді қарым-қатынасқа түсе отырып, ол өзі тұлға болып қалыптаса алады. Адам баласы қоғамнан тыс жеке өмір сүре алмайды. Себебі адамның психикасы тек қоршаған ортамен, яғни айналасындағылармен қарым- қатынас жасау процесінде ғана қалыптасады. Қоғамнан тыс адам өмірінің болуы мүмкін емес. Кез келген адам дүниеге келісімен екінші бір адаммен қарым- қатынасқа түсуді қажетсінеді. Мысалы, нәрестенің анасымен «тілдесуі» қажетін қанағаттандырмау - біртіндеп оның қатаң сезімді, мейірімсіз болып өсуіне, кішкентайынан айналасына сезімінің азаюына әкеліп соқтыратыны байқалады. Орыстың атақты ғалымы М. В. Ломоносов «Ресейлік грамматикада» мынадай пікір айтқан: « . . . Қандай да бір мəшинені құрастыруға дайындалған бөліктер оқшау жатқанда жəне өзіне белгіленген əрекетті екіншісіне жеткізіп отырмаса, олардың болмысы бос əрі пайдасыз. Сол сияқты адам баласының əр мүшесі өз ұғымындағыны өзгеге айтып жеткізе алмаса, біз ойларымыздың қосылуымен басқарылатын істі бірге жүргізуді былай қойғанда, жабайы аңдардан бетер болып кетер едік . . . ». Яғни бұл сөздерден адамның іс-әрекетінде, жалпы өмірінде қарым-қатынас үлкен рөлге ие екенін анық байқаймыз. Адам баласы кез-келген ортада өзiн қоршаған адамдармен өмiр сүредi және қалыптасады, осыған сәйкес өз ойлары мен мiнез-құлқын өзгертедi, топтың басқа мүшелерiмен өзара әрекеттесу арқылы әртүрлi байланысты сезiнедi. Жалпы, қарым-қатынас психологиясында мынандай құбылыстар болады: адамдардың бiр-бiрiн қабылдауы және түсiнуi, елiктеу, сендiру және нандыру, ұйымшылдық немесе жанжалдық, бiрiккен iс-әрекет және тұлғааралық қатынастар. Яғни, өзге адамдармен қарым-қатынасқа түсе

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қарым - қатынас процесі кезінде қоршаған ортаны қабылдау
Оқу процесіндегі экологиялық тәрбие
Қарым қатынас процесіндегі қоршаған ортаны қабылдау
Сабақтарда педагогикалық қарым-қатынасты ұйымдастырудың технологиялық ерекшеліктері
Биологияны оқытудағы тәрбие элементтері
Оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру жүйесін негізінде сипаттау
Биология сабақтарында мектеп оқушыларына экологиялық тәрбие беру
Оқушыларда табиғатқа құндылық көзқарасын қалыптастыру
Оқу-жобалық іс-әрекет процесінде болашақ мамандардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру
Көру қабілеті бұзылған балалар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz