Қазақ тілі фонологиясының зерттелу тарихы


Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Қазақ тілі фонологиясының зерттелу тарихы

Фонология (грек. Phone- дыбыс, logos- сөз, ілім) - тілдің дыбыс құбылысы мен ондағы дыбыстардың қызметін зерттейтін тіл білімінің саласы. Фонологияның дыбыстардың жасалымы мен естілімін зерттейтін фонетикадан басты айырмашылығы осында. Фонология дыбыстардың бір сөздің бір сөзбен өзгешелігін қамтамасыз ету қабілетін ерекше қарастырады. Мысалы, қас-қаз cөздерінің екі мағынаға ие болып тұрғаны с дыбысының қатаң айтылуына, з дыбысының ұяң айтылуына, яғни қатаң-ұяң белгілерінің өзара тіркесуіне байланысты болып отыр. Сондай- ақ, қас-қақ сөздерінің екі мағынаға ие болып тұрғаны с дыбысының тіл алды, қ дыбысының тіл арты болып айтылуына яғни тіл алды- тіл арты белгілерінің өзара тіркесуіне байланысты болып отыр. Ал ас -ат сөздерінің екі мағынаға ие болып тұрғаны с дыбысының жуысыңқы, т дыбысының тоғысыңқы болып айтылуына, яғни жуысыңқы-тоғысыңқы белгілерінің өзара тіркесуіне байланысты болып отыр. Қазақ тілінің дыбыс құрылысындағы осындай фонологиялық тіркесім белгілердің құрамы төмендегідей: Жуан-жіңішке, ашық-қысаң, еріндік-езулік, қатаң-ұяң, жабысыңқы-жуысыңқы-діріл. Кей жағдайда фонология мен фонетиканың терминдері әртүрлі болып келеді: Фонологиядағы жуан- жіңішке деген терминдер фонетикада тіл арты- тіл алды болып келеді. Терминдердің осылай әртүрлі айтылуында ғылыми мән бар. Фонология бұдан басқа дыбыстардың сөз құрау ( сөздің қазақы естілуін қамтамсыз ету) және шекара белгісі болуы ( сөйлеу үстінде бір сөзбен бір сөздің жігін ажыратып отыру) қабілетін де зерттейді.

Жоғарыда айтылғандардың бәрі сегментті фонологияға жатады. Бұдан басқа супрасегментті фонология бар. Қазақ тілінде (сингармонизм) үндестік заңы суперсегментті бірлік болып табылады. Сингармонизм құбылысына қатысты үрдістірді суперсегментті фонология зерттейді. Фонологияның жалпы, тарихи және салыстырмалы түрлері болады. Жалпы фонология дүние жүзіндегі тілдердің барлығына ортақ фонологиялық құбылыстарды, тарихи фонология фонемалардың құрама және жүйесінің даму жолдарын қарастырады, ал салыстырмалы фонология бір тіл мен екінші тілдің арасындағы фонологиялық өзгешеліктер мен ұқсастықтарды айқындайды. Фонология саласында мектеби бағыттар болып отырады. Мысалы, орыс фонологиясында Петербор ( Ленинград) фонологиялық мектебі (Л. В. Щерба, Л. Р. Зиндер т. б. ) және Мәскеу фонологиялық мектебі (Р. И. Аванесов, А. А. Реформатский т. б. ) бар. Ал қазақ фонологиясында классик фонема мектебі (Қ. Жұбанов, І. Кеңесбаев, Ж. Аралбаев, Т. Талипов т. б. ) және сингармонизм мектебі (Ә. Жүнісбек, М. Жүсіпов, Ж. Әбуов т. б. ) бар. Бұл мектеби бағыттардың көзқарасында маңызды айырмашылықтар бар. Атап айтқанда, классик фонема мектебіндегілер қазақ тілінде екпін бар деген ережеге сүйеніп, фонологиялық бірлік фонема десе, сингармонизм мектебіндегілер керісінше, қазақ тілінде екпін жоқ дей келіп, сингармонизм қағидасына сай қазақ тіліне тән фонологиялық бірлік буын деп тауып, осы сингема деп атауды ұсынды.

Түркі тілдерін зерттеудің жаңа кезеңі В. В. Радлов (1837-1918) еңбектерінен басталады. Түркі тілінің бір тармағы болып келетін қазақ тілін және оның салаларын зерттеуде В. В. Радловтың 1882 жылы Лейпциг қаласында неміс тілінде жарық көрген «Солтүстік түркі тілдерінің фонетикасы» деп аталатын еңбегенің маңызы ерекше. Мұнда қазақ тілінің дыбыстық жүйесі бірнеше дұрыс жүйеленген. Түркітанушы еңбегінде қазақ тілінің дыбыстық жүйесін 9 дауыстыдан (а, ә, е, о, ө, ы, і, ұ, ү) және 20 дауыссыздан тұратынын анықтаған.

Түркітанушы В. В. Радлов көп буынды сөздерде негізі екпін сөздің соңына түсетінін көрсетеді. Сонымен қатар ол дауыссыз дыбыстардың тіркесу заңдылықтарын анықтаған. В. В. Радлов, әсіресе, дауыстылардың сингормизіміне айрықша назар аударады. Тіл үндестігіне зор мән береді де, ерін үндестігіне айрықша мән бермейді. Оның «Опыт словарья тюркских наречий»дейтін атақты сөздігінде қазақ сөздері мол қамтылған. Автор келтірген сөздерін барынша айтылуына жуықтатып айтылғанын жазады.

Зерттеуші М. Мелиоранскийдің (1868-1906) «Киргизские пословицы и загадки», «Крадкая грамматика казах киргизского языка» 1894-1895 жылдары жарық көрген екі кітаптан тұратын еңбегінде қазақ тілінің дыбыстық, грамматикалық құрылымы біршама толық баяндалған. Аталған еңбекте қазақ тілінің түркі халықтарының ішіндегі ең таза, ең бай тіл екенін айта келе, араб жазуы оның дыбыстық жүйесін дұрыс өрнектей алмайтынын, сондықтан орыс графикасын қолдану керектігі туралы пікір айтады.

Зерттеуші М. Мелиоранский араб, парсы, орыс тілдерінен енген сөздерінің қазақ тілінде игерілуінің заңдылықтарын зерттейді.

А. Байтұрсынұлының «Тіл- құрал» атты оқулығы қазақ тіл білімінің дамуына үлкен үлес қосты. Автор «Оқу құралы. Қазақша әліппеде»дыбыс, дыбыстың түрлері, сөйлем сияқты терминдер қолданылғанымен, оларға анықтама берілмеген. «Тіл- құралда» алғаш рет берілген ережелер тілдің үш саласының (фонология, морфология, синтаксис) дамуына жол ашып, қолданылған терминдердің көбі күні бүгінге дейін маңызын жойған жоқ.

А. Байтұрсынұлы қазақ жазуына байланысты бірнеше мақалалар жазды. Соның ішінде қортынды мақаласы 1928жылы жарық көрді. Мақала «Дыбыстарды жіктеу туралы » деп аталады. «Қазақ тіліндегі дыбыстарды жаңадан жіктейтін болсақ, әрі айтуына қарай, әрі сөз жүзінде білінетін қасиеттеріне қарай жіктеу керек »-деп, акустикалық, артикуляциялық белгі қасиеттерді басшылыққа алған.

Орыс тілін үздік білгенмен, халықаралық тіл терминдерін пайдаланбай, қазақтың өз сөзімен түсіндіруі қазақ тілінде қазақ тіл білімінің, соның ішінде фонетиканың зерттелуіне үлес қосқан қоғам қайраткерлерінің бірі Халел Досмұхаметұлының (1883-1939) есімін ерекше атауға болады. Алғаш «Шолпан» журналында жарияланып, 1924 жылы жеке кітап болып шыққан «Қазақ-қырғыз тіліндегі сингармонизм» деп аталатын еңбегі қазақ тіл біліміндегі тұңғыш кең ауқымды ғылыми зерттеу болып табылады. Мұнда қазақ тілінің дыбыс жүйесі, сингармонизм, оның ішінде тіл үндестігі жан-жақты айтылған. Х. Досмұхаметұлы сингармонизмді «Таңдайлық әуенді заң» деп атайды. Өйткені «Дыбыстарды жуандатып, жіңішкертуде таңдай еңбек сіңіреді, »-дейді де, кірме сөздердің жазылуына кеңірек тоқталады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҒЫНДА ДЫБЫС ҮНДЕСТІГІН ОҚЫТУ
Әлімхан Жүнісбек зерттеулеріндегі қазақ фонологиясы
Дауысты және дауыссыз фонемалар
Халел Досмұхамедовтың еңбектері
Музыкалық білім беру тарихы
Орта ғасыр кезіндегі Корея мен Қытай қарым-қатынастары
Түркі тілінің әліпбиі
Жалпы түркі тілінің басты ерекшеліктері
Қазақ және ағылшын тілдері фонологиялық жүйесінің салғастырмалы сипаты
ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ДАУЫССЫЗ ДЫБЫСТАРДЫҢ ТҮРЛЕНІМ БЕЛГІЛЕРІ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz