Менталитет және ұлттық мінез ұғымдары бүгінгі таңда өзекті ме



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
Тақырып: Менталитет және ұлттық мінез ұғымдары бүгінгі таңда өзекті ме?
Менталитет пен ұлттық мінез ұғымдары бүгінгі таңда өзекті деп ойлаймын.Жалпы қазақ халқының ұлттық мінезі ғасырлар бойы елдің тұрмыс-тіршілігіне, табиғатына, тарихи жағдайларына байланысты дамып қалыптасқан.Қазақтың ұлан-байтақ жерді алып жатуының өзі халқымыздың бойындағы, батырлық, ерлік дәстүрді тудырды.Осыдан отанын сүю, елін қорғау ер азаматтардың міндетіне кірді де. Ауыз әдебиетіндегі батырлар бейнесі осылай жасалынған. Осы бір қадір-қасиеттер жас ұрпақтың бойына сіңіп, ұлттық идеологияның қалыптасуына негіз болды. Осы тұста, Қалыптасып, халықтық әдеп-әдетке айналған - ұлттық мінезге заман лебі әсер етпей ме? деген сауал туындайды. Жалпы, ұлттық мінез дегеніміз не, ол қалай, қандай себептерменен қалыптасады?Осы сұрақтың жауаптары ретінде ұлы тұлғаларымыздың өнегелі шығармаларына сүйенсек болады. Аймауытов пен Әуезов ...жақсының сиреген кезінде күші кетіп, мынадай соққы жолықты қазаққа. Қазақтың ұлттық қалпы өзгерілді. Тірлігі, мақсұты басқа, ниеті шалағай, суықбауыр, жаттық қолына тиді, - дейді.Осыдан қазағымыздың әр ғасырда өзгеріп және кейбір қадір қасиеттерін жоғалтқанын біле аламыз. Менталитет жайында Қабдеш Жұмаділов өз ойында былай айтқан болатын. Менталитет деген бұл қазақтың мінез-құлқы, ұлттық сипаты деген ұғымға саяды. Меніңше, заман өзгерген сайын, ұлт та, ұлттың мінез-құлқы, менталитеті де өзгереді. Мысалға, 1916 жылы империяға қарадық. Бірінші дүниежүзілік соғыс тұсында қазақтардан адам аламыз дегенде, қазақтар адам бермейміз деп асаулық танытты. Талай көтерілістер болып, біразы кетті. Бірақ, әскер бермейміз деген ұран қалды. Арада 25 жыл өтті. Ұлы Отан соғысына бармаймыз деп айтуға қазақтың шамасы келмеді. Себебі, қазақтың рухы өзгерді. Бұнда жиырма бес жылдық коммунистік тәрбие де бар. 1932 жылғы аштық, 1937-38 жылдардағы репрессия, міне, осының бәрі қазаққа әсерін тигізді. Бұлар қазақтың омыртқасын үзіп жіберген нәрселер. Міне, менталитет те осылай өзгереді. Арада ғасыр емес, 25 жыл өткенде, халықтың мінезі, тағдыры осылай өзгеріп, жуасып, жасиды екен.Қабдеш Жұмаділовпен келісемін, бірақта әр адамның жеке ой пікірі болуы қажет қой соған өз пікірімді айтсам. Яғни менталитет менің түсінігімше әр ұлттың өз менталитетті болады. Өзімізді алатын болсақ, қазақ ұлтының менталитет өте ерекше деп санаймын. Себебі бізде ұят деген ұғым қалыптасқан. Осы арқылы қазақ өз қанына сіңген әрі салт-дәстүріміздің нышаны ретінде бұл ұят сөзіне қарсы шыға алмаймыз. Бұрынан ата-анам әрі үйіміздің қарттары айтып отыратын, құлағымызға тұнып қалған сөз ғой шіркін. Осы ұят арқылы қазақ ұлты өздеріне жат әрі ерсі қылықтарды жасамайды. Өйткені біз өзімізден емес жұрттан ұят болады, ағайын туыс білсе не болады ? Ұят қой деп үнемі тоқтатамыз. Қазіргі заманда кейбір адамдар ұят деген ұғымды ұмытып бара жатқан секілді. Себебі қазіргі жастарымыз өзге шет елдерге еліктеп, өзіміздің ұлттық менталитетімізді ұстанбай әрі ұмытып бара жатыр.Бұны күнделікті өмірде көріп әрі етіміз үйреніп кеткен. Бұрындары қарттарымыз сөйлейтін еді, ал қазір қалыпты жағдай ретінде қарайтында болған.Осыған жастарымызда кәрілерімізде үйренгендіктен қазақи менталитет өзгеріп әрі ескіріп бара жатыр. Біздің бет-әлбетімізде де тілімізде қазақ болғандықтан оны өзгерту мүмкін емес. Осыны көп жастарымыз түсінбейді. Тіпті ата-бабамыздан келе жатқан ырым тыйымдарды да ұстанбай жүрміз. Біздің отбасы үлкен әрі салтқа берік. Бұндай қиындықтар біздің отбасыда болмаған еді. Бірақ та әлі де салт-дәстүрімізді ырым тыйымдарымызды толық ұстануымыз қажет. Заман өзгерді деп заманның артынан қуғанша, тарихымызға сүйеніп,оны әрі қарай дамытып, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу біздің әрі болашақ жастардың қолында екенін ұмытпауымыз тиіс.
Ал енді ұлттық мінезіне тоқталатын болсақ Қ.Атақбаев: Әр адам сықылды, әр ұлттың ерекшелігі болуы заңдылық. Ал біздің ұлтымыздың ерекшелігін тілге тиек етсек, оны тарих пен табиғаттан іздеу керек. Өйткені, тарих пен табиғат ұлт менталитетіне әсер етедідеп айтқандай, бұлда менталитет екеуі бірдей ұғымдар. Неге десеңіз? Жалпы алып қарасақ менталитет ол ұлттың өзге ұлттан ерекшелеп тұратын әрі оларға сай келетін салт-дәстүр мен әдет-ғұрыптың жиынтығы десекте болады. Ал ұлттық мінез олда ұлтты өзге ұлттардан ерекшелеп тұратын және мінез-құлқын сыр сипатының жинағы деп ойлаймын. Өзге ұлтқа тоқтамастан бұрын өз ұлтымызға тоқталсақ. Яғни қазақ халқының ұлттық мінез ол момындық әрі ақкөңілділік пен қонақжайлық. Осыдан қазақ халқын бұрыннан бері қонаққа Құдайдай қарағанын әрі Құдай қонақ деп атауын айтсақта болады. Бұндай қонақжайлылықты өзге ұлттан көрмеспіз.Бұрындары қазақ халқының кедей деген отбасының өзінде біршама малы мен мүлкі болған. Олар қонақ келгенде асты үстіне түсіп, барлық байлығын қойып, жалғыз малын сойып, құрметпен ілтипатын көрсететін еді. Ал қазір бұл көріністерді көру қиындап кетті. Келіп тұрған адамды ішке кіргізбей сырттан күткізетін адамдарда жоқ емес. Көпке топырақ шашпаймын, бірақ та бұндай жағдайлардың куәсі болғам. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ұлттық сана және діл
«Ақын – жыраулар шығармашылығындағы дүниетаным»
Әлеуметтік философиядағы қазақ ұлттық менталитетке көзқарасы
Сөз мәдениеті
Құқықтық тәрбие туралы ақпарат
Жаһандану жағдайындағы қазақ мәдениеті
Қалқаман Сарин шығармаларындағы ұлттық рухтың көрінісін нақтылы дәлелдер арқылы бағамдап беру
Атырау газетіндегі патриоттық тәрбие мәселесі
Ұлттық тәрбиенің әдіснамалық негіздері
Қазақ фразеологизмдері мәдени деректерінің тағы бір үлкен саласы ұлттың адамзат тарихында жасаған интеллектуалдық рухани мұрасы
Пәндер