Қазіргі жаһандық қауіп қатер ретіндегі терроризмнің ерекшеліктері мен жойқындық сипаты


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Тақырып: Қазіргі жаһандық қауіп қатер ретіндегі терроризмнің ерекшеліктері мен жойқындық сипаты.

Эссе

Қазіргі кезде барлық мемлекеттер мен халықтарға қауіп төндіретін жаһандық құбылысқа терроризм айналып отыр. Халықаралық саяси лексикада ортақ терроризм атауымен аталған бұл құбылыс ерекше қатыгездігімен, тұтқиылдығымен, күйретушілдігімен әлем халықтарын қорқытатын құбылысқа айналғаны мәлім. Қазақстандық қазақ тілді баспасөз терроризм әрекетін лаңкестік әрекет деп, «терроризм» ұғымын «лаңкестік» деген ұғыммен алмастырып жүр. Бірақ халықаралық саяси терминді терроризмді «лаңкестік» деп аударудың қажеті жоқ деп санаймын. Себебі, терроризм ұғымы өте күрделі, латентті табиғаты бар, көпжақты байланыстағы әлемдік құбылыс. Жеке бір елдің аймағында болатын құбылыстың халықаралық, тіптен әлемдік байланыстары күшейе түсуде. «Лаңкестік» ұғымымен «терроризмнің» жаһандық себептерін, тамырларын және байланыстарын түсіндіру қиын. Сонымен бірге радикалды саяси әрекет формасы ретінде терроризм мақсаты билікке әсер ету, билікті өзінің айтқанына көндіру. Сондықтан терроризм мен басқарушы биліктін қарым-қатынастары өте күрделі болып отыр. Көп жағдайда терроризм басқарушы элитаға қарсы бағытталса, кейде басқарушы биліктің өзі терроризмнің құпия көзі, себебі болуы мүмкін.

Әлемдік саяси әдебиетте және публицистикада террорды латынның «terror» қорқу, шошу сөздерінен шығарады. Бұл ұғымды қорқыту саясаты, саяси қарсыластарды күш көрсету арқылы басып - жаныштау деген мағынада қабылдау кең таралған. Шын мәнінде терроризм мақсаты күш көрсетіп қорқыту арқылы алға қойылған міндеттерді шешу. Осындай теориялық ұстанымды соңғы шыққан Ресейлік саяси сөздіктерден де байқаймыз. Зорлық арқылы жасалатын қылмыскерлік (өлтіру, ұшақтарды басып алу, кепілдікке алу) революциялық немесе экстремистік мотивте болады. Террористік актілерді билеуші саяси құрылысқа қарсы құпия қызмет ететін командос дайындайды, іске асырады. Оның көздегені биліктің әлсіздігін дәлелдеу немесе билікке қарсы қоғамдық пікір тудыру. Билікті түрлі бейберекет әрекеттерге ұрындыру арқылы құлату - деген анықтамамен танылуда. Ресейлік саясаттану ғылымында терроризмді осындай анықтамамен баға беру және зерттеу үрдісі жалғасуда.

Терроризмді қорқыту саясаты, қарсыластарды қорқыту тәсілдерін пайдалану арқылы өз мақсатына бағындыру (ол үшін бейкүнә жандарды өлтіруге, халықты қыру әрекеттеріне дейін бару) деп бағалау тіптен ертеректе қабылданған түсінік. Кеңес Одағы кезіндегі қоғамтану ғылымында социалистік елдерде терроризм болуы ықтималдығы әлсіз деп есептелінді. Кеңес Одағы қоғамтанушылары көбінесе халықаралық терроризмді ғана зерттеді. Мысалы, 1983 жылы жарық көрген сол кездегі ең беделді басылымның бірі «Философский энциклопедический словарь» еңбегінде не терроризм, не халықаралық терроризм ұғымдарына анықтама берілмейді. Бұл жағдайдан 80-ші жылдарға дейін әлемдік қауымдастық үшін терроризм мәселесі қиындық болмағанын байқаймыз. Тек XX ғасырдың аяқ кезінде терроризм әлемдік қауіпке айналуына байланысты зерттеушілердің ерекше назарына ие болды. Бірақта, ХVІІІ ғасырда пайда болған «терроризм» және де «террорист» ұғымдарының мән-мағынасы өзгерген жоқ.

Терроризм - ұйымдасқан топ, партия, немесе саяси күш өзінің алдына қойған мақсаттарын зорлық көрсету арқылы ғана іске асыруға әрекет етуі болып қала береді. Француз революционерлері ХVІІІ ғасырда өзара мақтанышпен қолданған террорист сөзі якобиншілерден кейін - ақ жағымсыз атау ретіндегі мәнге ие болды. Террорист сөзі «қылмыскер» сөзінің баламасына, синониміне айналды. Террористік тәртіптер қорқыту мен зорлық әдістерін пайдаланып билік жүргізуге ұмтылады. Әлемдік террористік диктатураға гитлерлік режимді, 30 - шы жылдардағы сталинизмді, 70 - ші жылдардағы Комбоджадағы Пол Пот пен Иенг Сари режимдерін де жатқызуға болады. Ал ХХ ғасырдың 70 - ші жылдарынан бастап «терроризм» ұғымы тек билік үшін күресетін реакцияшыл топтардың мақсатты зорлық көрсету әдіс-тәсілдеріне айналды. Терроризмді негізінен билікке оппозициядағы топтар қолданады. Оппозицияның осындай радикалистік топтары көптеген елдерде бар. Олар билікке қарсы күресте үнемі жағдайды ушықтырып, қорқыту, үркіту және шошындыру психологиясын қалыптастыруға ұмтылып отырады.

Саяси жағдайды ушықтыру мақсатында олар ұшақтарды жарады, түрлі жерлерде өрт ұйымдастырады, дүкендерде, вокзалдарда, театрларда жарылыстар жасайды, кепілдікке адамдарды алады. Терроризмнің әсері оның ашық бүкіл халықтың көз алдында жасалуында. Оның жариялылығы терактінің қоғам мен билікке әсері мен ықпалын күшейте түседі. Менің ойымша терроризмнің бұл әрекеттеріне қарапайым халық кінәлі емес қой. Бірақ зардап шегетін де қиналатын да ақыр соңында халық болып отыр. Бұл жағдайдан жоғары басқарма иелері ешқандай қауіпсіздікті ұсына алмайтын секілді. Қауіптен қанша жерден қорғағылары келсе де, олар толық қауіпсіздікті қамтамасыз ете алмайды. Бұған мысал ретінде биыл болған қаңтардағы оқиғаны айта аламыз. Әрине бұл жағдай қарапайым халыққа залалалын тигізбей өтпеді. Әсіресе студенттер біздерге қиындық тудырып жіберді. Бұған біздің не қатысымыз бар, бірақ біздер зардар шегіп қалдық. Қай жағынан десек, ол білім жағынан, яғни бізде сол кезде экзамендер болып жатқан болатын. Ал біз сол емтихандарды тапсыра алмай қалдық. Тағы да айта кетерлік жайт Қазақстанда толығым интернет желісі жасамай қалған болатын. Бір сөзбен айтқанда қатты қиын болды. Көп студенттер үйлеріне жете алмай қалды, кейбіреулер жол апатына ұшыраған болатын. Бұл нағыз терроризмнің көріністері деп айта аламын. Бірақ та бұл жайында көп ақпараттар болмады, елімізде не болып жатқанын дұрыс біле алмадық. Бейкүнә әскерде қызмет етіп жүрген жап-жас боз балалар өмірден кетті. Ал осы жағдайдан кейін жігіттер жағы әскерге қалай барады ? Ата-анасы оларды қалай жібереді? Осының бәріне жоғары өкілдеріміз жауап бере алмайды. Қуанышымызға орай бұл жағдайдан елбасымыз Қасым-Жомарт Тоқаевтың арқасында шешімін тауып, мәселелер шешілген болатын. Көптеген зардап шеккен отбасыға көмек қолын созып, барынша қамтамасыз етуге тырысты. Айта кетерлік жайт елбасымыз тағы да бір мәселені ң шешімін тапты. Яғни ол жоғары биліктегі адамдардың көбісін тәркілеп, орнын білікті деген кісілермен толтырған болатын. Бұлда үлкен дұрыс іс деп санаймын.

Террористер демократиялық, ашық қоғам құндылықтарын өз пайдасына шешуге тырысады. Биліктің террористермен күрестегі қателіктері, жөнсіз әрекеттері электоратқа кері әсер етеді. Яғни, террористер қоғамдық пікірге әсер етуді мақсат тұтады. Сондықтанда террористерді ауыздықтай алмаған биліктің сайлауда көп дауыс жинауы қиындай түседі. Көптеген БАҚ террористік сенсацияларды көрсетуге құмар. Солардың әрекеті арқылы терактілер әлем халқына тарайды, насихатталады, террористердің «ержүректік» қасиеттерін бүкіл жұрт білетін болады. Мысалы, БАҚ жұмысы нәтижесінде шешен террористерінің басшылары Аслан Масхадов, Шамиль Басаев т. б. есімдері әлемге әйгілі болды. Бұқаралық қоғамдық пікірде олардың істері бүге шігесіне дейін баяндалады. Ұйымдастырған терактілері талданады, жанкештілердің жазықсыз кепілдерді қалай зорлағаны, қалай өлтіргендері түгелдей тәптіштеп жазылады. Себебі, демократиялық қоғам құруға бетбұрыс жасаған мемлекеттер халықтары тыныштық пен саяси тұрақтылыққа үйреніп қалған. Олар саяси қысым мен зорлықтан қорқады. Сондықтан террористер өз мақсаттарын насихаттау үшін билік өкілдеріне тікелей соқтықпай міне тағы да қарапайым халыққа соқтығады. Террористер әрекеттерінің қасіретті салдарларын БАҚ насихаттап, жариялайды. Бейкүнә халық террористердің әрекеттерін қадағалайды. Олар өз талаптарын тағы да БАҚ арқылы халыққа таратады. Сөйтіп террористер өз әрекеттерінің мән - мағынасын жұртқа жеткізеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТЕРРОРИЗММЕН КҮРЕСТІ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУ
Экстремизм мен күрес жүйесіндегі әлемдік ситуациялардың дамуы
Саяси экстремизм мен терроризмнің пайда болуының тарихи алғышарттары
Экстремиз және терроризм
Бүгінде, экстремизм және терроризм мәселесі
Терроризмге қарсы күрестегі халықаралық ыңтымақтастық
Ішкі қарулы қақтығыстар мен халықаралық терроризм
Жаһандану проблемалары(ғаламдық терроризм)
Терроризмнің халықаралық құқықтағы алатын орны
Қазақстан Республикасының қауіпсіздік жүйесіндегі терроризммен күрес саясатын қалыптастыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz