Киелі сандардың қасиеті


Ә. Бөкейханов атындағы мектеп -лицейі
ҒЫЛЫМИ ЖОБА
Тақырыбы: "Киелі сандар"
Орындағын :Рымтай Тамерлан
Жетекшісі Катпина А. Б.
Шахтинск қ. 2017 жыл
Тақырыбы: Киелі сандар сыры
МАЗМҰНЫ:
- Киелі сандар сыры туралы; Киелі сандардың қасиеті;
- Зерттеуші ғалымдар;
- Сандар сөйлейді; Зерттеу тұжырымы; Жұлдызшылар есебі
- ҚорытындыПрактикалық кезең;
- Қолданылған әдебиеттер тізімі;
- Қосымша
- Кіріспе
ҒЫЛЫМИ ЖОБАНЫҢ НЕГІЗГІ МАҚСАТЫ:
- Халық қазынасының тереңіне бойлап, мқасиетті сандар жайында мағлұматтарды көпшілік қажеттілігіне жарату.
- Қазақ халқының салт - санасы мен ата -бабасынан келе жатқан дәстүрін өз бойындағы ерекше қасиеттерін таланты мен дарындылығын, өзгелерден ерекше табиғи қабілеті арқылы биіктерден көрінгенін, қасиетті сандарға ерекше тәрбие көзі ретінде пайдаланғанын дәлелдеу. Осы сандардың қасиеттілігі неде екенін айқындай отырып, сан есімдер ретінде бір жүйеге келтіру.
ӨЗЕКТІЛІГІ: Заман өзгергенмен халықтың сенімі, құпиялыққа құштарлық сезімі өршімесе өспейді. Бұл қоғамда болған, бола береді де. Ендеше халық ойын түсініп, ата - бабадан келе жатқан қасиетті сандарға үңіліп, құпиясын түсіне білу қашанда өзекті мәселенің бірі болып қалмақ.
МАҚСАТҚА ЖЕТУ ЖОЛЫНДА АЛҒА ҚОЙЫЛҒАН МІНДЕТТЕР:
- киелі сандарды зерттеген еңбектерді оқып талдау;
- зерттеуші ғалымдарды анықтау, салыстыру жұмыстарын жүргізу;
- жиналған материалдарды бір жүйеге келтіру;
- маңыздылығын анықтау;
- электронды нұсқасын әзірлеу.
ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСЫНЫҢ КЕЗЕҢДЕРІ:
I теориялық. Көтерілген мәселе төңірегіндегі әдебиеттермен танысу. Сайт, интернеттен қарау.
ΙI практикалық. Кесте толтыру, дерек сөздерін салыстыру.
ΙIΙ бекіту. Алынған мәліметтерді жүйелеп, түзетілерт енгізу, нәтижеге байланысты баяндама дайындау.
ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ:
- Тарихи - салыстырмалық талдау.
- Бақылау әдісі (анкета)
- Тірек сызбалар мен кестелерді құру әдісі.
ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСЫНЫҢ ТӘЖІРИБЕЛІК ҚҰНДЫЛЫҒЫ:
Жиналған материалдар жалпы білім беретін мектептер мен өзге ұлт өкілдері оқытатын мектептердің қазақ тілі мен әдебиеті, тарих пәндеріне аймақтық компонент ретінде оқуларына мүмкіндік береді. Қызығушылығын ояту мақсатында қызықты грамматика ретінде қолдануға болады.
- Киелі сандар сыры туралы.
«ΧΧI ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелгені арық» деп Елбасының халыққа арналған жолдауында атап көрсетілгендей, ұрпағы білімсіз елдің келешегі де бұлыңғыр екені баршағы аян. Әрбір мемлекет, әрбір ұлт өз өкілінің білімі мен бойындағы ерекше қасиеттері, таланты мен дарындылығы, өзгелердең ерекше табиғи қабілеті арқылы биіктерден көрініп, басқаларға қарағанда оқ бойы тұратынымен бағаланады. Өз ұлтының салт - сансы мен ата - бабасының келе жатқан дәстүрін бойына ана сүтімен, әке қанымен сіңірген әрбір ұрпақ осы заман талабына сай біліммен қаруланса, ел келешегі еңселі, мәртебесі биік, арманы асқақ, елдің мерейі үстем болмақ.
Ұлы ғалым Пифагор: «Әр сан өзіндік ерекшелікке ие» деген екен. Ғалымдардың бұл тұжырымдарына сену - сенбеу әркімнің өз еркінде. Басқа ғылымдар мен дін қағидаларының да болжамдарға сай келе бермеуі мүмкін. Дейтұрғанмен, әр санның адам өмірінде белгілі бір маңыз екенін жоққа шығара алмаспыз.
- Киелі сандардың қасиеттері. Табиғаттың кейбір апаттарын, отты
кейбір жануарлар мен құстарды, көшпелі тұрмысқа қажетті заттарды киелі деп қастерлеген. Сондай - ақ қазақ халқының өмірінде түрлі мәнді ерекше сипат бере отырып жиі қолданылатын сандар тізбегі көп. «3, 7, 9, 40» сандар тізбегін өзіміздің салт - дәстүрімізден, ырым - тыйымдарымыздан, нақыл сөздерімізден, мақал - мәтелдерімізден анық көруге болады. Біз бүгін сандар әлеміне саяхат жасаймыз. Бұл саяхатта біз көптеген сандардың сырларын ашып, олардың қасиеттерінің пайда болу кезеңін тамашалаймыз. жан жағымызға қарасақ сандар тек қана математика емес, тағы басқа көптеген ғылымдарда маңызызор. Қарап отырсақ, осы қарапайым 10 цифр болмаса, біз телефонда соға алмаймыз. Жалпы таным проблемасымен байланысты ескілікті наным - сенім түрлерінің тілдік көріністері, әсіресе сан атауларымен келген тұрақты сөз оралымдарында өте көп кездеседі. Байырғы кездерде халық әр алуан құбылысқа нәзік бақылау жасай келіп, олардың ортақ қасиеттері мен сипаттарын санмен түйіп, санамалап айтып отырған.
Наным - сенімге қатысты «киелі ұғымдар»негізінде пайда болған құбылыс. Сан атауы сәбидің ана құрсағында болу уақытымен байланысты ерекше қолданысқа ие болған.
Сандар адам баласының ертедегі өмірінде уақыт өлшемі, көлемдік жағынан ерекше қызмет атқарған. Мысалы, о баста тескүндік апта, бертін келе жеті күндік апта болған. Сан есімдердің фразеологиялық бірлік жасаудағы дейгейі бірдей емес. Біріншіден, есептің сан есімдерді жиі қолланылады. Екіншіден, сан атаулының бәрі бірдей қолданылмайды. Атап айтсақ, ерекше мәнде қолданыатын «төрт», «жеті», «тоғыз», « қырық» сандары. Сан есімдердің ішінде кейбір сандар сандық мәнімен қатар басқа мағынада қолданылуымен ерекшелінеді. Бұндай жағдай, әсіресе осы сандардың тұрақты тіркестерінде, аңыз - әңгімелерде, жыр - дастандарда, салт - дәстүрлерде және басқа дүниетанымға байланысты қолданылғаны көзге анық түседі. Сонымен бірге бұл құбылыстың тарихи да арыда байқалады.
1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10 сандарының қадір - қасиетін біле отырып, әрбір сан жайлы ой толғанысын тудыру, білімге құштарлықты оятады. Қазақ халқының киелі сандарыноқи отырып, сандар мен олардың сырларын терең ұғындыру арқылы өз бойымызға сіңіріп, әрі қарай дамытамыз. Ал осы киелі сандар жай сандар қатарынан да орын алады.
Осы тұста генеалогиялық жіктеу арқылы сандар жүйесін кестеден көруге болады. Бұл ондық санау жүйесі салыстырмалы тарихи әдіс арқылы, генеалогиялық жіктелуге негізделіп жасалып отыр. Салыстырмалы - тарихи әдіс мағынасы жағынан бір тектес, дыбысталуы жағынан ұқсас сөздер тобына, материалдық жағынан туыстас.
№ 1 кесте
Славян тілдері Түркі тідері
Орысша Один, два, три, четыре, пять, шесть, семь, восемь, девять, десять.
Қазақша Бір, екі, үш, төрт, бес, алты, жеті, сегіз, тоғыз, он.
Полякша Leber, dva, trzy, czery, piesc, szesc, siedem, өsiem, dziewies, dziewies, dziesiec/
Өзбек Бир, икки, үч, тұрт, бил, олти, етти, саккиз, тұқиз, ұн.
Чех Leden, dva, tri, ctyri, pet, sest, seclm, өsm, devet, deset/
Тува Бир, ики, үш, дөрт, беш, алды, чеди, сес, тос, он.
Болгар Един, два, три, четыри, пет, шест, седем, осем, девет, десет.
Хакас Пір, еки, үс, төрт, пис, алты, читі, сегіс, тоғыс, он.
«Сандар әлемі басқармайды, бірақ қалай басқару керектігін үйретеді», - деп ойшыл, әрі ақын Гете айтқандай, сандар төңірігінде үлкен сыр бар екені о бастан - ақ сезілген.
- Киелі сандардың зерттелуі.
Соңғы ширек ғасырда түркі халықтарының сан есімдері жөнінде бірталай еңбектер жазылып, диссертациялар қорғалды. Мәселен, академик В. А. Гордлевскийдің «Түркі тіліндегі елу сан есімі» атты арнайы еңбегі бар, Автор түркі халықтарының сан есімдерін өзіне дейін зерттелген В. В. Радлов, Н. Я. Марр, В. В. Бартольд сияқты академиктердің пікірлерін зерттеуінің негізіне алады. сондай- ақ Г. Н. Потаниннің жалпы фольклор туралы, түркі- манғол, славян, Скандтнавия, Еуропа халықтарының шығармалары жайындажазған еңбектерінде де сандар туралы мәліметтер көптеп кездеседі. Ғалым өзіне дейінгі еңбектерге сүйене отырып, 3, 7, 9 сандарын киелі, қасиетті деп фольклорда көбірек ұшырасатын айтады. Бұл құбылыстың себебін Г. Н. Потанин аспандағы жеті планетаны дәріптеуден әздей дұрыс емес екенін ескертеді. Мұндай пікірді басқа да көрнекті ғалымдардың еңбектерінен көруге болады. Бұл еңбектерде жалпы сандардың білдіретін ұғымдары, олардың адамның қоғамдық санасымен байланысты қаралады.
- Зерттеуші ғалымдар. Қазақ тілінде сандарды әр түрлі қырынан
зерттеу үрдісі байқалады. Мәселен сандардың ішінен киелі сандарды бөліп алып қарастыру үрдісі бар, сондай- ақ сан төңірегінде шоғырланған ойлардың мағынасы мен тарихы, сандардың жалпы фольклордағы немесе әдебиеттегі қызметі, көркемдік ерекшелігі, сандардың этнолингвистикалық сипаты, лингвомәдени мәнділігі де қаралып келеді. Осындай зерттеудің бастамасы ретінде І. Кеңеспаевтың еңбегін айтуға болады. Ғалым біршама фразеологизмдерге ұйтқы болған сандардың семантикалық қызметін аша отырып, олар көне замандағы діни сенімдермен байланысты болып шыққан киелі сандар деп қорытынды жасайды. Бұдан кейінгі жылдары да сандарға қатысты ір түрлі мақсаттағы лингвистикалық зерттеулер жүргізілді. Базен Л, Тенишев Э. Р., Чернышев В. И., Умаров Э. Уаңкі М. Және т. б.
сан есім мәселесіне арнап 1927 жылы Ленинград қаласында «Санедарға қатысты тілдік мәселелер» атты үлкен конференция өтті. Бұл конференция ғалымдарды сандарды тек грамматикалық тұрғыда ғана емес, басқа жақтан да, атап айтқанда, дүниетаныммен байланысты зерттеу керектігін түсінгендігін көрсетті. Конференция негізінде жарық көрген мақалаларда «санға байланысты мәселелер шешу қиын, өзекті, болашақта тынымсыз ізденуді талап ететін, ұрпақтан ұрпаққа жалғасатын зерттеу жұмысын қажет етеді» деген қорытынды ойлар жиі ұшырасады. Бұған дейін Ресейде сандарды тілдік тұрғыда зерттеп жүрген ғалымдардың «Сандар тобы» құрылған. Бұл топтың мүшелері: славян-албан тілдерінің маманы Н. С. Державин, славист М. П. Долобко, урал- алтаист Н. Н. Поппе (финтанушы, монголист), түркітанушы А. Н. Самойлович, үнді- еуропатанушы Л. П. Якубинский, египет сан есімі бойынша П. И. Воробьев, В. П. Томашевский, Я. Марр.
Жалпы түркі тілдеріндегі сан есімдер ΧVIΙ ғасырдан бері қаралып келеді: В. В. Бартольд. «Система числения Орхонских надписей в современном диалекте». ΧΙΧ ғасырда жазылған еңбектердің ішінен Г. И. Рамстедтің еңбектерін де айта кету керек. Рамстедтің сандар саусаққа қатысты шыққан деген тұжырымын әсіресе бес сан есімінің этимологиясын білекпен байланыстыруын сол тұста ғалымдар жоғары бағалап, осы бағытта ізденістер жүргізді.
Қазақ тіл білімінде сандар жоғарыда көрсеткен І. Кеңесбаевтың, сонымен бірге Ә. Хасенов, Ә Қайдар, Н. Уәлиұлы, Т. Жанұзақов, Е. Қойшыбаев, Н. Оралбаев, Т. Сайрамбаев, Ж. Байзақов, А. Машанов, А. Елешева, Қ. Ғабитханұлы, Г. Шаһарман, Қ. Тажиев, Қ. Дүсіпбаеваның еңбектерінде әр түрлі аспектілерде қарастырылды.
- Сандар сөйлейді.
Қазақ халқы тілге бай. Әр сөзін талдай білген, әр сөзіне мән берген халық.
Қазақ үшін әр сөздің ғана емес, әр санның өзіндік қасиеті, шариғатқа қатысты, тәрбиелік мәні, саналы орны болған. Расында қазақ бір санынан бастап, әр санның қадірі мен қасиетін салмақтап, өзіне тән ерекшелігін саралай білген, орнына, маңызына сай қолданған. Әр санда өзіндік ие болатынын мақсаты мен мағынасы болатынын сезе, түсіне білген.
Мәселен 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10 сандарының қадір - қасиетінің қаншалықты екенін білеміз бе? Білсек айтқанымыз артық болмас, білмесек, құлақ салғанымыз жөн болар.
Бір санның киелігі.
- Алла жалғыз. Алладан басқа ешбір тәңір жоқ. Күні - түні дем алмайтын екеу. 1. Ай 2. Күн
Патшалық құрған екі мұсылман, екі кәпікір:
Мұсылмандар: 1. Сүлеймен, 2. Ескендір Зұлқарнайын
Кәпірлерден: 1. Налерут. 2. Шиддат
Пейіште көрінбейтін:
1. Күндіз. 2. Түн
Пейіште болмайтын:
1. Ауру-сырқау. 2. Ұйқы
Екі нәрсемен дос болу:
1. Әйеліңмен 2. Бастығыңмен
Жақсы дос пен жаман дос:
1. Мал -мүлік 2. Ұл- қыз
Халық қашады, бірақ құтыла алмайды:
1. Нәпсі 2. Шәкуат (жүріс жүру)
Мысалы қазақ 3 санының байламдарын былай түсіндірген:
Үш көз: су анасы - бұлақ. Жол анасы - тұяқ, Сөз анасы - құлақ.
Үш тоқтам: ақыл - арқан. ой- өріс. Адам - қазық
Үш қасиет: өліде- аруақ, малда - кие, аста - кепиет
Үш талғам: мейірім- сауап, жақсылықтан шарапат, жамандықтан кесепат.
Үш жүз: Ұлы жүз, Орта жүз, Кіші жүз
Үш тәтті: жан тәтті, жар тәтті, мал тәтті.
Үш қуат: ақыл, жүрек, тіл.
Үш жұрт: өз жұртың -күншіл, қайың жұртың - міншіл, нағашы жұртың--сыншыл.
Енді осыларды таратып айтсақ:
Қайың жұртың қолыңның ұзындығына қарайды,
Жағаңның қызылдығына қарайды,
Берсең жағарсың,
Бермесең дауға қаласың.
Өз жұртың -ағайын,
Бар болсаң көре алмайды,
Жоқ болсаң бөліп бере алмайды.
Жақсы болсаң күндейді,
Жаман болсаң жүндейді.
Нағашы жұртың:
Жақсылығына сүйінеді,
Жамандығыңа күйінеді.
Әрқашан тілеуіңді тілейді,
Тілеуқорлық ниеті билейді.
Үш із: Бала, байлық, бақыт- білім.
Үш ғайып: қонақ, несібе, ажал.
Үш алыс: жер мен көк, жас пен кәрі, жақсы мен жаманның арасы
Үш арсыз: күлкі, ұйқы, тамақ.
Үш байлық: денсаулық, ақ жаулық, он саулық.
Үш қазына:
Ер қазынасы - жүрген із,
Ел қазынасы - көне сөз.
Тіл қазынасы- ескі сөз.
Үш мақсат: саудагер мақсаты- ұту, жол мұраты - жету, дау мұраты - біту.
Үш үміт: жазылам деп науқас үмітті, баймын деп кедей үмітті, кетем деп қыз үмітті.
Үш қадірлі: ырыс, бақ, дәулет.
Үш қадірсіз : жастық, денсаулық, жақсы жар.
Үш кемшілік: атың шабан болса - жалғанның азабы, алғаның жаман болса- дүниенің тозағы, балаң жаман болса- көрінгеннің мазағы.
ҮШ БИ:
Үш жүзде болса да олар басты кісі.
Қазыбек, Төле, Әйтеке менен кіші.
Оларға жол көрсеткен ұстаз едім,
Сардар деп құрметтейін үлкен-кіші.
Жеңіс жоқ соғыстарда шабандарға,
Жағдай жоқ тағат қылып амалдарға.
Жеңіске жету үшін қайрат қылып,
Ат қойдым әскер бастап қамалдарғы.
Мәлім ғой, елге әскер басқарғаным,
Болдым деп Ордабасы мастанбадым.
Мылтығы көп болса да кәпір жаудың,
Қалмақтың әскеріне жасқанбадым.
Басқарып Үш жүз қолын жиырма бес жыл,
Орнымды Бөгенбайға бердім биыл.
Еш сардар жарлығымды қайта қылған жоқ,
Кезінде ұзақ соғыс күндер қиын.
4 санының қадір - қасиеттері:
Төрт мүлік: бас сандық, тіл кіл, қол мүлік, аяқ- табан. \
Төрт халифа :Әбубәкір, Омар, Оспан, Әли
Төрт қылыш: Хәм хам, Сәм сам, Зұлпхар, Зулқажа.
Төрт періште: Жебірейіл, Әзірейіл, Мекейіл, Исрафил.
Төрт кітап: Тәрат, Зәбур, Інжіл, Құран.
Төрт пір: Жарлың пірі - қалтақ ата. Ұрының пірі- жалтақ ата. Шебердің пірі -тепшен ата. Кәрінің пірі - кекшіл ата.
Төрт тұлға: от, су, жел, жер.
Төрт құбыла: Ұығыс, батыс, оңтүстік, солтүстік.
Төрт маусым: көктем, жаз, күз, қыс.
Төрт тоқсан: қыстоқсан. Жазтоқсан, шілдетоқсан, күзтоқсан.
Төрт бұрыш: Шын - машын, Мысыр, Рим, Еуропа елдері.
Төрт түлік: Түйе пірі- Ойсылқара, Жылқы пірі - Қамбар ата. Сиыр пірі- Зеңгі баба. Қой, ешкі пірі - Шопан, Шекшек ата.
Төрт күнә: Аллаға күмән келтіру, нақақтан қан төгу, ата- анаға тіл тигізу, өтірік куә болу.
Төрт тұрман: 1. Ер тұрманы, 2. Мұкәммалы 3. Жаужарығы 4. Бес қаруы
Төрт пайғамбар тірі: 1. Иса, 2. Ыдырыс, 3. Қыдыр, 4. Ілияс. Ыдырыс пен Иса төртқат көкте, олар Ілияс су апатына ұшырағандарға қол ұшын береді. Төрт нәрсені Адам Атаны жаратқанда жібереді:
1. Өлім. 2. Ләпсі. 3. Ашу. 4. Нәпсі.
Төрт асыл:
1. Иман. 2. Намаз. 3. Ілім. 4. Мейір- Шапағат.
Төрт ұры:
1. Азғырушы шайтан. 2. Күпірлік. 3. Тәкаппарлық. 4. Мейірімсіздік.
Төрт дария:
1. Ніл. 2. Фират. 3. Жейхун (Амудария) 4. Сейхун (Сырдария)
Төрт бейғамсыздық:
1. Өлімді ойлау. 2. Залым адаммен отырмау. 3. Онымен сөйлеспеу. 4. Аулақ жұру.
Бес санына байланысты:
Бес парыз: таң намазы, бесін намазы, екінді намазы, ашам намазы, жашиық намазы.
Бес қару: Садақ, мылтық, найза, қылыш, айбалта.
Бес борыш: Аллаға, пайғамбарға байланысты борыш, адамның өзіне байланысты борыш, мемлекет пен халыққа борыш, үй- іші жақындарына байланысты борыш, адамгершілік әлеміне борыш.
Бес жаратылыс : күн, ай, жұлдыз, күндіз, түн.
Бес өсиет: Топасқа сенбе, жауға иілме, әрқашан сақ жүр, аш үйге қонба, жарлыдан сый алма.
Бес қатер: От, жау, борыш, ауру, сөз.
Алты саны берекені білдіреді:
Ертеде құлға алты сөзді білсе болған екен. Олар: отыр, тұр, жат, жүр, атқар, демал.
Алты алаш: Қазақ, қарақалпақ, өзбек, түркімен, қырғыз, жайылма.
Алты парыз: адамдарың бір- біріне алты парызы бар:
1. Бір- біріне сәлем беруге.
2. Шақырса баруға.
3. Кеңес сұраса ақыл қосуға.
4. Сұрағына жауап беруге.
5. Ауырып қалса көңіл сұрауға.
6. Қайтыс болса жерлеуге қатысуға.
Алты асқар:
1. Ақыл 2. Білім3. Жомарттық 4. Әділдік 5. Шыншылдық. 6. Кең пейіл.
Алты тоймайтын нәрселер:
1. Көз қараудан тоймайды. 2. Еркек әйелден ләззат алудан тоймайды.
3. От отынан тоймайды. 4. Ғалым ғылымнан тоймайды.
5. Бай малға тоймайды. 6. Адам өмірге тоймайды.
Ал ЖЕТІ саны өте киелі. ЖЕТІ жаста бала мектепке барады.
Жеті күн: дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі.
Жеті амал: тоқснның кіруі, киіктің матауы, мұздың қатуы, айдын тоғамы, үркердің батуы, қарашаның батуы, күннің тоқырауы.
Жеті қазына: ер жігіт, сұлу әйел, берен мылтық, ақыл, білім, жүйрік ат, қыран бүркіт, жүйрік тазы.
Жеті жоқ: Аллада бауыр жоқ, таста тамыр жоқ, аспанда тіреуіш жоқ, жерде өлшеуіш жоқ, тасбақада талақ жоқ, аққыда сүт жоқ, жылқыда өт жоқ.
Жеті жұт: құрғақшылық, мал қырылу (жұт), өрт, оба (ауру), соғыс, топан су, зілзала.
Жеті ата: әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене, туажат.
Жеті құбылыс: күншығыс, күнбатыс, түстік, терістік, аспан әлемі, жер орта, жер асты.
Жеті жетім: тыңдамаған сөз жетім.
Киюсіз тозған бөз жетім.
Иесіз қалған жер жетім.
Басшысы жоқ ел жетім.
Аққу - қазсыз көл жетім.
Жерінен айырылған ер жетім.
Замандасы қалмаса-
Бәрінен де сол жетім. \
Жеті нәрсені жүйкені тоқдырады:
1. Ең жеген нан. 2. Зімәдан болған жан. 3. Боямалы тән. 4. Нашадан бұзылған қан. 5. Темекінің түтіні. 6. Арақтың жұтымы. 7. Ақшалы ойынның ұтымы.
Мөлдір тауындағы жеті әулие аналар:
1. Шүміш әулие ана. 2. Мария әулие ана. 3. Рахима әулие ана. 4. Гульфайруз әулие ана. 5. Зәуре әулие ана. 6. Хадиша әулие ана. 7. Райнаму әулие ана.
Жеті ғашық:
1. Ләйлі- Мәжнүн. 2. Фрхад -Шырын. 3. Таһир -Зухра. 4. Арзу- Камбар. 5. Уәлік -Ғарра. 6. Уәки - Күлшаһ. 7. Жүсіп - Зылиқа.
Жан - жүйені жадырататын жеті жәйіт:
1. Әкімдердің шарапаты.
2. Ғұламалардың шариғаты.
3. Байлардың салауаты.
4. Кедейлердің қанағаты.
5. Үлкендердің ұлағаты.
6. Жастардың инабаты.
7. Азаматтардың ар - ұяты.
Жегідей жеген жеті кесел:
1. Коррупция 2. Мафия 3. Парақорлық. 4. Бюрократтық 5. Рэкетерлік
6. Маскүнемдік 7. Жезөкшелік.
Жеті ата:
1. Тек ата. 2. Түп ата. 3. Баба 4. Арғы ата. 5. Ата 6. Әке 7. Бала
Жігіттің жеті қазынасы:
1. Жүрдек аты - жігін қаны, қанаты.
2. Қыран бүркіт -қарым күші, қуаты.
3. Құмай тазы - бастан берік сенімі,
4. Ақ мылтық - сөнбес оты, серігі.
5. Алмас кездік - жігіт сусы, һәм мысы.
6. Ау жылымы - амал, айла, әдісі.
7. Қара қақпан серті себі тірліктің.
Осы жеті қазынасы жігіттің Пейш СЕГІЗ түрлі нәрседен тұрады:
1. Дәрісләм - қызыл жақұттан. 2. Дәріл қарар - күмістен
3. Жәннатіл нағим - замруттан 4. Жәннатіл ғадин - лағылдан.
5. Жәннатіл мәғуй- гауһардан 6. Дәрін нақар - нұрдан
7. Жәннатіл фердәуіс - зұбаржаттан. 8. Жәннатіл ағла- алтыннан
Сегіз адамға жұмақ лайық:
1. Ораза қстағандарға. 2. Жаман сөзден сақтанғандарға
3. Құран оқығандарға 4. Аш адамдарға тамақ бергендерге.
5. Жас уақытында намаз оқығандарға
6. Сиқырдан аулақ болғандарға
7. Өзіне жақсылық болсын дегендерге.
8. Өзгеде жақсылық болсын дегендерге.
Жәннатың сегіз есігіне кіретіндер:
1. «Лә илаһа илли Аллаһ Мұхаммадур Расуллаһ» климасы жазылған есіктен пайғамбарлар, шейт болғандар, жомарттар кіреді.
2. Намазды, дәреті толық орындағандар есігі.
3. Малдарынан зекет бергендердің есігі.
4. Алланың үкімін орындағандар есігі.
5. Нәпсісін тыйғандар кіреді.
6. Хаж амалын орындағандар кіреді.
7. Аллаһ жолында соғысқа шығушылар.
8. Арам нәрселерге көздерін жұмып, жақсы істерді орындағандар.
Аллаһ Тағаланың бұйрығын екі етпей орындайтын тоғыз періштелер:
1. Жәбірейл - пайғамбарға Аллаһ Тағаланың сөзін хабарлаушы.
2. Мекайіл - барлық адамға, мақұлыққа берілетін ырыстың уәкілі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz