Химиялық элементтердің адам ағзасы үшін маңызы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
Химиялық элементтердің адам ағзасы үшін маңызы
Адам ағзасының 60% судан, 34% органикалық, 6% бейорганикалық заттардан тұрады. Органикалық заттарға көміртегі, сутегі, оттегі, сонымен қатар азот, фосфор, күкірт жатады. Адам ағзасында бейорганикалық заттардан міндетті түрде мынадай 22 элемент болады: Ca, P, O, Na, Mg, S, B, Cl, K, V, Mn, Fe, Co, Ni, Cu, Zn, Mo, Cr, Si, I, F, Se. Мысалы, егер адамның салмағы 70 кг болса, онда 1700грамм кальций, 250грамм калий, 70грамм натрий, 42грамм магний, 5грамм темір, 3грамм мыс болады.
Мысалы, кальций мен фосфор сүйекте, ал хлор тұзды қышқыл түрінде асқазан сөлінде кездеседі. Элементтерді тірі ағзалардағы орташа мөлшеріне қарай үш топ-қа бөледі:
1. Макроэлементтер (оттегі, сутегі, көміртегі, азот, фосфор, күкірт, кальций, магний, натрий және хлор); ағзадағы мөлшері 10%-дан жоғары болады.
2. Микроэлементтердің (йод, мыс, мышьяк, фтор, бром, барий, кобальт) ағзадағы мөлшері -- 10%-15%.
3. Ультрамикроэлементтер -- сынап, алтын, уран, торий, радий және т.б. Олардың ағзадағы мөлшері 15%-дан төмен.
Тіршілік үшін маңыздылығына қарай химиялық элементтерді үш топқа бөледі:
1.Тіршілікке қажетті элементтер. Олар адам ағзасында үнемі болады және ферменттер, гормондар, дәрумендер құрамына кіреді: H, O, Ca, K, P, Na, S, Mg, Cl, C, I, Mn, Cu, Co, Fe, Zn, Mo, V. Олардың жетіспеушілігі адамның қалыпты өмір сүруін бұзады.
2. Қосымша элементтер. Бұл элементтер жануар мен адам ағзасында болады: Ga, Sb, Sr, Br, F, B, Be, Li, Si, Sn, Cs, Al, Ba, Cl, As, Rb, Pb, Ra, Bi, Cd, Cr, Ni, Ti, Ag, Th, Hg, V, Se. Олардың биологиялық маңызы осы уақытқа дейін толық зерттелмеген.
3. Өте аз элементтер. Адам және жануар ағзаларынан табылған, мөлшері және биологиялық маңызы белгісіз.
Адам ағзасы химиялық элементтерді әр түрлі концентрациялайды, яғни микроэлементтер мен макроэлементтер әркелкі таралады. Микроэлементтердің көпшілігі бауырда, сүйек және бұлшықет ұлпаларында жиналады. Бұл ұлпалар -- көптеген микроэлементтердің негізгі қоры. Элементтер кейбір мүшелерге тән әрі ол жерде концентрациясы жоғары болады. Мысалы, мырыш -- қарын асты безінде, йод -- қалқанша безінде, фтор - тіс кіреукесінде, алюминий, мышьяк, ванадий -- шашта, кадмий, сынап, молибден -- бүйректе, қалайы -- ішек ұлпаларында, стронций -- қуық безінде, сүйек ұлпасында, барий -- көздің пигментті қабатында, бром, марганец, хром -- гипофизде және тағы басқаларда жиналады. Бұл химиялық элементтердің біреуінің жоқ болуы немесе жетіспеуі, сондай-ақ, шамадан тыс болуы да ағзадағы қалыпты жағдайды бұзады.
Химиялық элементтердің ағзадағы мөлшерінің өзгеруіне әр түрлі аурулар әсер етеді. Мысалы, рахитпен ауырғанда фосфорлы-кальцийлі алмасу бұзылады да, ағзадағы кальцийдің мөлшері төмендейді. Нефритпен ауырғанда электролитті алмасудың бұзылуының әсерінен ағзадағы кальцийдің, натрийдің және хлордың мөлшері азайып, магний мен калий көбейеді. Кейбір элементтердің мөлшері адам ағзасында жасы ұлғайған сайын өзгеріп отырады. Мысалы, кадмийдің бүйректегі және молибденнің бауырдағы мөлшері адам есейген сайын жоғарылайды. Ал, мырыш, ванадий және хром сияқты микроэлементтердің мөлшері кемиді.
Кальций - күмісше жылтыраған ақ металл. Адам ағзасында 1000-1200 грамм кальций болады, соның 99 пайызы сүйекте, тіс кіреукесінде, ал 1%-ы ішкі жасушада, қан құрамында маңызды рөл атқарады. Еліміздің ақ халатты жандардың зерттеулеріне сүйенсек, Қазақстандағы әрбір үшінші әйелде және әрбір бесінші ер адамда кәрі жілік және сан сүйегіне байланысты проблемалар бар. Нақты айтқанда, елімізде жарты миллионға жуық адам остеопороз ауруына шалдығуда. Ал бұл тікелей осы кальций элементінің жетіспеуі салдарынан туындайды. Кальций элементі сүйектің саулығы мен беріктігін сақтайды. Әйтсе де, адам 35 жастан асқан соң сүйекте кальций мөлшері кеми түседі. Бұл дертке көбіне жасы үлкен аналар шалдығады. Нақтырақ айтсақ, 60 жастан асқан әрбір төртінші әйел зардап шегеді. Ал ер адамдарда төрт есе сирек кездеседі. Етеккір үзілісінен кейін әйел ағзасында гормондық өзгерістер болады, сүйектің беріктігі, яғни кальций мөлшері күрт төмендейді. Тіпті әлсіз соққының өзі, сүйектің сынуына алып келуі мүмкін. Яғни кальций мен магний -- қаңқаның беріктігін сақтайтын басты ағза жанашырлары.
Йод -- аса маңызды, өмірлік маңызы бар элемент. Ол қалқанша без үшін құрылыс материалы (қалқанша без - йод жинақтаушы орган). Өкінішке орай, бұл микроэлемент ағзада түзілмейді, адам оны тек ас, тағам арқылы алады. Сырт қарағанда йод жетіспеушілік білінбейді, негізінде түрлі ауруларға шалдықтырады, яғни, шаршау, түрлі жұқпалы ауруларды тез қабылдағыштық және ақыл-ой кемістігі. Йод жетіспеушілігіне байланысты ауруларды емдегеннен гөрі алдын алған жөн. Адам күнделікті өсімдік және жануартекті өнімді қабылдағанмен, ағзаға қажет мөлшердегі дәрумен мен микроэлементтердің орнын толтырмайды. Ағза йодты синтездей алмағандықтан, тіршілік ету үшін күнделікті йоды бар тағамдарды ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ерітінділер, жалпы түсінік
Факультетітеті Химия және химиялық технология
Химиялық элементтердің табиғатта таралуы
Адам ағзасына химиялық элементтердің тигізетін әсері
Химиялық элемент
Натрий және калий
Ешкі сүтінің биологиялық - химиялық құрамы
S, p, d элементтердің медициналық-биологиялық маңызы
Тағамдық өнімдердің ксенобиотиктермен химиялық ластануы
Ағзаға қажетті химиялық өнімдер
Пәндер