Грек мәдениеті



Архаикалық кезеңдегі грек мәдениеті(біздің заманымызға дейінгі VIII.VI г.). Грекия мәдениетінің архаикалық кезеңі б.з.д VIII.VI ғасыр аралығын қамтиды. («'''Архайос'''» грек сөзі, «көне» ұғымын білдіреді). Бұл кезең гректердің Мрамор және Жерорта теңіздерінің жағалауларындағы жерлерді меңгеру — ұлы отаршылдық кезеңі, бұл — құлиеленушілік құрылыстың кірігу кезеңі, грек мемлекет.қалаларының өзара саяси.әлеуметтік күрес жағдайында қалыптасу кезеңі, дәлірек айтқанда қилы.қилы қоғамдық.саяси оқиғаларға толы түбегейлі терең өзгерістер кезеңі
Архаикалық греция
Дәуір басында.ақ, әсіресе материалдық мәдениет қаулап дами бастады. Жолдар тартылып, көпірлер тұрғызылды, қалаларда су құбырлары салынды, темір қару.жарақтар кеңінен қолданыла бастады, металлургия мен құйма тәсілі одан әрі жетіле түсті. Тұрмысқа қажетті бұйымдарды шығаруды ұлғайтудың арқасында жалпы гректік рыноктар пайда болды, тұңғыш рет теңге сомдалып, сауда айналымында кеңінен қолданыла бастады. Крит.Микены мәдениетінің күйреуі нәтижесінде тығырыққа тірелген грек әлемі томаға.тұйықтықтан арылып, басқа халықтармен байланыстарының арнасын кеңейте түсті. Шындығында да, гректер көршілес жатқан халықтардан көп нәрселер үйренді. Мысалы, олар мидиялықтардан теңге.ақшалар соғуды, финикиялықтардан — алфавиттік жазуды (кейіннен оны жетілдірді) мұра етті. Қала тұрғындары арасынан шыққан байыған құлиеленушілерді «жаңа байлар» деп атады. Ру басшыларының зорлық.зомбылығына шыдамаған шаруалар қалаларға қарай ағыла бастады. Шаруалар сияқты кедейленген әлеуметтік топтардан «демос» (халық) қалыптасты. Демостың экономикалық және саяси жағынан билеп.төстеген ақсүйектерге қарсы күресі бір толастамады. Осындай таптық тартыстардың өрлеуі, жердің жетіспеуі және қала тұрғындарының шектен тыс көбеюі біздің заманымызға дейінгі VIII—VI ғасырда етек алған «ұлы отаршылдықтьщ» белең алуына тікелей себепкер болды. Оңтүстік Франция мен Испанияда, Сицилия мен Апенин түбегі жағалауларында, Ніл сағасы мен Қара теңіз жағалауында 150.дей грек қала.отарлары пайда болды. Осы бір жағдайды ұлы Платон «гректер Жерорта теңізі төңірегін батпаққа жиналған бақадай қоршап алды» деп тамаша бейнелеп айтқан.

Пән: Мәдениеттану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
Грек мәдениеті

Архаикалық кезеңдегі грек мәдениеті(біздің заманымызға дейінгі VIII-VI г.). Грекия мәдениетінің архаикалық кезеңі б.з.д VIII-VI ғасыр аралығын қамтиды. ('''Архайос''' грек сөзі, көне ұғымын білдіреді). Бұл кезең гректердің Мрамор және Жерорта теңіздерінің жағалауларындағы жерлерді меңгеру -- ұлы отаршылдық кезеңі, бұл -- құлиеленушілік құрылыстың кірігу кезеңі, грек мемлекет-қалаларының өзара саяси-әлеуметтік күрес жағдайында қалыптасу кезеңі, дәлірек айтқанда қилы-қилы қоғамдық-саяси оқиғаларға толы түбегейлі терең өзгерістер кезеңі.
Архаикалық греция
Дәуір басында-ақ, әсіресе материалдық мәдениет қаулап дами бастады. Жолдар тартылып, көпірлер тұрғызылды, қалаларда су құбырлары салынды, темір қару-жарақтар кеңінен қолданыла бастады, металлургия мен құйма тәсілі одан әрі жетіле түсті. Тұрмысқа қажетті бұйымдарды шығаруды ұлғайтудың арқасында жалпы гректік рыноктар пайда болды, тұңғыш рет теңге сомдалып, сауда айналымында кеңінен қолданыла бастады. Крит-Микены мәдениетінің күйреуі нәтижесінде тығырыққа тірелген грек әлемі томаға-тұйықтықтан арылып, басқа халықтармен байланыстарының арнасын кеңейте түсті. Шындығында да, гректер көршілес жатқан халықтардан көп нәрселер үйренді. Мысалы, олар мидиялықтардан теңге-ақшалар соғуды, финикиялықтардан -- алфавиттік жазуды (кейіннен оны жетілдірді) мұра етті. Қала тұрғындары арасынан шыққан байыған құлиеленушілерді жаңа байлар деп атады. Ру басшыларының зорлық-зомбылығына шыдамаған шаруалар қалаларға қарай ағыла бастады. Шаруалар сияқты кедейленген әлеуметтік топтардан демос (халық) қалыптасты. Демостың экономикалық және саяси жағынан билеп-төстеген ақсүйектерге қарсы күресі бір толастамады. Осындай таптық тартыстардың өрлеуі, жердің жетіспеуі және қала тұрғындарының шектен тыс көбеюі біздің заманымызға дейінгі VIII -- VI ғасырда етек алған ұлы отаршылдықтьщ белең алуына тікелей себепкер болды. Оңтүстік Франция мен Испанияда, Сицилия мен Апенин түбегі жағалауларында, Ніл сағасы мен Қара теңіз жағалауында 150-дей грек қала-отарлары пайда болды. Осы бір жағдайды ұлы Платон гректер Жерорта теңізі төңірегін батпаққа жиналған бақадай қоршап алды деп тамаша бейнелеп айтқан.
Архаикалық дәуірде рулық құрылыстың түкпілікті ыдырауына байланысты көне полис-құлиеленушілік құрылыстың саяси-әлеуметтік формасы -- мемлекет қалалар қалыптаса бастады. Әр полюске қаланың өз жерімен қатар, оны қоршаған егістік жерлер де кіретін болды. Қаланың дербестігі мен тәуелсіздігін еркін азаматтар жасағы қамтамасыз етті. Олар мемлекеттік полистік құрылыс жағдайында халық жиналыстарына, сот процестеріне және мемлекеттік маңызы бар істерді шешуге қатыса алатын болды. Мұндағы шаруашылықтың жүргізілуі құлдық жүйенің мүдделеріне сай келді. Мемлекет-қалалардың орналасқан аумағы әртүрлі болған. Мысалы: Афины мемлекет-қаласының көлемі 8400 шаршы киллометр, ал Спартаның көлемі -- 2650 шаршы киллометр болды. Ғалымдардың пікірінше, Грекиядағы мемлекет-қалалардың жалпы саны екі мыңға жуық болған. Солардың ішіндегі ең ірілері -- Афины, Спарта, Коринф, Аргос, Фивы және тағы да басқалары. Саяси жағынан алып қарағанда көптеген мемлекет-қалаларға ұсақталып бөлінген Грекия, дәл осы архаика-лық дәуірде басқа халықтармен қарым-қатынастар жасаудың нәтижесінде елдің бірлігі туралы ойлана бастады, сондықтан да болар бүкіл грек әлемін қамтитын Эллада, Эллиндер деген ұғымдар қалыптасты. Жергілікті діндердің бірігуінің нәтижесінде жалпы гректік құдайға табыну орындары -- ғибадатханалар полистер арасындағы басты экономикалық, саяси және мәдени қарым-қатынастардың орталықтарына айнала бастайды.

Афродита мүсіні.Париж,Лувр
Ежелгі Шығыс елдері сияқты, грек дінінде де политеизм тән болып келеді. Грекияда басты құдай, құдайлардың әкесі Зевс болып есептеледі. Оның әйелі Гера -- аспан құдайы және неке қамқоршысы. Зевс өзінің ағайындары: Пасейдонға теңіздегі билікті, Аидқа жер асты патшалығын берді. Сұлулық пен сүйіспеншілік құдайы Афродита мифтер бойынша теңіз толқынынан жаратылған, ол римдік аңыздарда Венера деген атпен белгілі. Венера Медицейская, Венера Таврическая, әсіресе Милос Венерасы және тағы да басқа әйгілі мүсіндер Афродитаның даңқын бүкіл дүние жүзіне паш етті. Ежелгі Грекияның басты құдайларының бірі -- жануарлар әлемінің, ағаштар мен өсімдіктер дүниесінің қамқоршысы Артемида. Әлемнің жеті кереметі болып саналатын Артемида ғибадатханасы -- Артемиданың құрметіне тұрғызылған. Афина данышпандық құдайы, оның шапағатының арқасында адамдар ғылымға ұмтылған, қолөнермен айналысқан, әйелдерді тоқыма ісіне үйреткен. Гелиос -- күн құдайы, Ника (Виктория) -- жеңіс құдайы, Арес -- соғыс құдайы, Дионис -- шарап құдайы, Гермес -- сауда-саттық құдайы және тағы да басқалар.
Грекияда құдайлар мен адамдардың некесінен пайда болған батырлар да ерекше құрметке бөленген. Әсіресе 12 рет ерлік жайаған Гераклдың мерейі үстем болды. Геракл (Геркулес) -- ежелгі грек жұртында аты аңызға айналған нағыз халық батыры. Әкесі Зевс, анасы Алкмена, зайыбы -- Амфитриона, Гераклдың көзсіз ерліктері ғасырлар бойы жырланып келді. Бір таңқаларлығы оның есімі Илиада мен Одиссея дастандары жазылмай тұрған кездің өзінде-ақ белгілі болған. Гераклдың образы өнер туындыларында да асқан шеберлікпен берілген (мүсін өнерінде Дем алып тұрған Геракл, әдебиет саласында Софокл мен Еврипидтің шығармалары).
Құлиеленуші полистердің өсуі монументтік сәулет өнерінің дамуына, Грекияның көптеген қалаларында салына бастаған храмдар (ғибадатханалар) құрылысының етек алуына әкеліп соқты. Ғибадатханалар қалаларды одан әрі көркейтіп, оның күш-қуатын көрсетті, храм салуда полистер арасында бәсекелестік пайда болды. Сарайлық, криттік сәулет өнеріне қарағанда, бұл дәуірдің сәулет өнері храмдық болып келеді. Бірақ діни рәсімдер арнайы құрбандық орындарында, далада өткізілгендіктен храмдарға, құдайға құлшылық ету үшін емес, тек құдай мүсіндері тұратын орын ретінде ғана пайдаланылатын болған, яғни храмдар -- шеберлер қолынан шыққан асқақ мүсіндердің мекені болды. Архаика кезеңінің ең биік храмдарының бірі -- Коринфтегі Аполлон храмы (біздің заманымызға дейінгі VI ғасырдың екінші жартысы). Бұл храм -- өзінің сәулеті жағынан қас бетінде алты колоннасы, ұзына бойында он бес колоннасы бар таңғажайып құрылыс. Құм қайран тастан қашалған колонналардың ұшы жіңішкере береді, олар әдемі жұқа сылақпен әдемі етіп сырланған. Немістің ұлы ақыны Гете сәулет өнерін үнсіз музыка деп бағаласа, сол бір үндестіктің ажырамас бөлшегі болып табылатын грек колоннасы -- таңғажайып таза үнді, жан тебірентерлік дауыстарға толы симфония сияқты. Олай болатын себебі, грек сәулет өнерінде колоннаның рөлі зор болды, олар храмның сырт келбетін одан әрі әсерлендіріп, айқындай түсетін. Колонналар көлеңкесінен саудагерлер мен ақша ұстайтын адамдар сая табатын, жауыннан немесе ыстықтан бой тасалайтын орын ғана емес, саяси айтыстар қызып жататын грек қаласының бүкіл тіршілігі осы колонналар аясында өтетін еді. Демек, орнықты да, әсем етіп салынған грек колонналары заман талабына сай өз міндеттерін толық атқара білді. Грекияда мүсін өнері сәулет өнерімен біте қайнасып дамыды, яғни мүсін өнері сәулет өнерін туғызды, ал сәулет өнері өз кезегінде мүсін өнерін жасады. Бүгінгі заманымызға дейін өзіндік ерекшеліктерін, сыр-сипатын сақтап келген өнердің құнды ескерткіштерінің көпшілігі дәл осы кезенде жасалды. V ғасыр ортасында Афиныда жұмыс істеген ұлы мүсінші Мирон бейнелеу өнерінің дамуына орасан зор әсер еткен таңғажайып мүсіндер жасады. Олардың қатарына қоладан құйылған құдайлардың мүсіндері, атлеттер мен жануарлар бейнелері және тағы да басқалары жатады. Болашақ ұрпаққа римдік бірнеше мөрмәр көшірме арқылы жеткен Диск лақтырушы деген мүсінді алып қарастырып көрейікші. Диск лақтырушы қолындағы ауыр дискіні кейін сермеп, енді ғана лақтырайын деп тұрған сәтінде бейнеленген. Оның бұлшық еттері шиыршық атқан, денесі догадай иілген, бірақ өңі өте сабырлы, барлық ықыласын, ынта-жігерін тек жеңіске арнаған. Балғын жастың ерік-күші мен қайраты сомдалып берілген. Сайып келгенде, шоқтығы биік бұл туындысында Мирон өз күшіне сенімді арынды атлеттің, өз елінің ержүрек, дене бітімі мінсіз азаматтың асқақ бейнесін жасаған. Жалпы грек халқының ой-санасында атлеттің дәл осындай сұлулық мұраттарын, қайраты мен қаһармандық бейнелерін өмірдің өзі қалыптастырды. Бұл жағдай құдайлармен қатар адамдарды да бейнелейтін алып жалаңаш жігіттер мүсіндерінен кең көрініс тапты: олар куростар (жігіт, бозбала деген мағынаны білдіреді) деп аталды. Ойымыз дөлелді болу үшін архаикалық өнердің ең көне ескерткіштерінің қатарынан орын алатын -- біздің заманымызға дейінгі VII -- V ғасырлар шамасында тарғыл мәрмөрдан жасалған куростың (бозбаланың) үш метрлік алып мүсінін алып қарастырайықшы. Жалаңаш пішінді қашағанда мүсінші атлеттік мықты денеге тән белгілерді -- жігіттің кең иығы мен қыпша белін өсерлі етіп көрсетуге баса назар аударған. Аяқтары алып бағана тәріздес, тізесі мен тобықтары тырысып тұр, бұлшық еттері білеуленген, езуінен астарлы күлкінің табы байқалады. Бұл мүсін -- өміршіні дәріптеу үшін емес, еркін адам құдіретін, оның бойындағы ізгілік қасиеттерді мадақтау үшін жасалғандықтан, бұл тұлғалар грек мәдениетінің гуманистік мұраттарымен үндеседі деп толық сеніммен айта аламыз.

Артемида мүсіні
V ғасыр ортасына қарай Афины қаласы бүкіл грек елінің ең ірі мәдени орталығына айналды. Елдің түкпір-түкпірінен жиналған дарынды мүсіншілер, шеберлер мен құрылыс мамандары астананың сол кездегі сәулет және мүсін өнерінің тамаша үлгісіне айналуына зор үлес қосты. 200 мыңнан астам халқы бар Афины сол дәуір тұрғысынан алып қарағанда 10 мыңнан астам үйі бар үлкен қала болып саналатын. Өнер саласындағы кереметтердің кереге көтеруі Афины қаласының акрополі Перикл мен оның жан досы Фидийдің есімдерімен тығыз байланысты болды.
Периклдің қолында шексіз билік болғанымен, о л оны асыра пайдаланған жоқ. Ол бар күш-жігерін Афиныны көркейтуге жұмсады, өнер атаулыны қанатының астына алып, қалаға таңдаулы өнер шеберлерін топтастырды. Вольтер Афинының ұлы мәдени дәуірін Перикл ғасыры деп тегіннен-тегін айтпаса керек. Перикл ең алдымен парсылар талқандаған Афины Акрополін қайтадан жаңа рухта қалпына келтіруді қолға алды. Ежелгі Русьте Кремль қандай орын алса, Элладада Акрополь де сондай жогары бағаланатын. Ол храмдар мен басқа қоғамдық мекемелерді қабырғаларының аясына алған, соғыс кезінде халықтың бас сауғалар 134 орнына айналған қала қамалы болатын. Афины акрополі -- ізгілік пен сұлулық нұрына бөленген адамның шығармашылық еркі мен бізді қоршаған табиғат дүниесінде жүйелі тәртіп орнататын адамның ақыл-ойының жемісі, ендеше ол еркіндік рухына толы таңғажайып өнер ескерткіші болып саналады. Афинының сәулет өнерінің дамуына зор үлес қосқан ұлы ойшыл Фидий болды. Ол Афиныда туып-өскен, шамамен 500 жылдарда туып, 430 жылдарда қайтыс болған. Афины акрополі Фидийдің туындысы екендігін ескерсек, оның сөулет өнеріне қосқан үлесінің қандай болғандығьш анықтап жатудың қажетгілігі болмайтын сияқты. Ұлы мүсінші қияльшың ұшқырлығы Перфеон сарайындағы биіктігі 12 метрлік Афина мүсінін жасаған кезде айқын аңғарылады. Алтынмен қапталған піл сүйегін соншалықты шеберлікпен қиюластырып, осындай биік те, дара тұлғаның өзіндік көркемдік шешіммен жасалынуы суретшіге оңайға да түспеген сияқты. Өйткені, Зевстің сүйікті қызы Афина нұрлы аспанның қыз құдайы. Ол әкесімен бірге күн күркіретіп, найзағай ойнатады, сонымен бірғе жылу мен жарық та береді. Диханшылықтың, әрі асқан кемеңгерліктің, мөлдір парасаттың, ақыл-ойдың, ғылым мен өнердің құдайы. Міне, осындай қасиетгі қыз құдайдың бейнесін жасау ұлы Фидийдің үлесіне тиді және ол бұл міндетті асқан шеберлікпен жүзеге асыра білді.
Шындығында да, ежелгі грек жұртының мүсіншілері әрі сұлу, әрі сымбатгы рухани жан дүниесі бай кейіпкерлерді асқан шеберлікпен бейнелей білген. Сондай ғаламат туындьшардьщ бірі -- Милосск Венерасы. Адамзат баласының сан мың ұрпағын осы уақытқа дейін таң қалдырып, небір асқан ақыл-ой иелерін бас идірген осы бір таңғажайып ескерткіштің авторы -- Кіші Азиялық мүсінші Агесандр. 1820 жылы Жерорта теңізінің бір аралынан табылған бұл бейне қазір Парижде, Лувр музейінде сақтаулы. Шебер мүсінші Агесандрдың қолынан шыққан махаббат құдайы Венераның бейнесі өзінің құдіреттілігімен таң қалдырады. Өкінішке орай, сан ғасыр бойы ғұмыр кешкен бұл сұлу мүсін бізге жолдарын жоғалтып жеткен еді. Луврға Венера сұлу келеді дегенді естігенде төсек тартып жатқан ұлы ақын Гейне музейге қол арбамен жетіпті. Осынау сұлулық падишасының бейнесін көрген уақытга адам танымастай шексіз ба-қытқа бөленіп, көкірегі қарс айырыла Ах, мен неге сол мезет көз жұмысп өліп кетпедім екен деген екен. Сымбаттылықтың символы болған бұл ұлы мүсін талай ақындар мен дастандардың арқауы болды.
Антикалық сәулет өнерінің шыңы -- ежелгі заманның өзіндеақ дорийлік стильдің ең тамаша ескерткіші деп танылған Парфенон сарайы еді. Ал осы таңғажайып ғимараттағы Фидий қолынан шыққан мүсіндер -- сұлулықтың шынайы қазынасы, адам рухының ең асқақ талпыныстарының шындық тұрғысынан бейнеленуі. Фидийдің нақақтан жала жабылып, Афиныдан қуылуы оның -- кемеңгерлігі мен мәртебесіне ешбір нұқсан келтіре алмады. Басқаны былай қойғанда, Антика керамикасының тұтас бір кезеңі Фидий есімімен аталады.

Лыпа киген кора(қыз). Бір бөлшегі
Грек халқының сәулетшілік өнері мен мүсін өнерінің гүлденген дәуіріне грек сурет өнерінің гүлденуі тұспа-тұс келеді. Сурет өнері саласындағы тамаша жаңалықтар дәл осы кезеңде ашылған. Солардың бірі -- ғасырлар арнасында жоғалып, тек екі мың жылдан кейін ғана, яғни Қайта өрлеу кезеңінде ашылған сәулелі көлеңке өнері. Ежелгі авторлар бұл өнерді ең алғашқы игерген Афины Аполлодоры деп санайды. Ол өз палитрасына көмескілікті бірінші болып енгізгендіктен, Көлеңкені бейнелеуші деген атақ алған. V ғасырда сондай-ақ Паррасий мен Тиманфр сияқты суретшілер драмалық көріністерді салып, адам бойындағы терең сезімдерді асқан шеберлікпен бейнелей білген, мұның өзі грек өнерінің жаңа дәуірге көшуін білдірді.

Лыпа киген кора. Мәрмәр. Б. э. бұрынғы 530 ж. шамасы. Афины. Акрополь музейі
Бұл кезеңде әдебиет саласында да тамаша туындылар өмірге келді. Солардың ішінде шоқтығы биік ақын Гесиод болды. Ол жазған Теогония (құдайлардың шығу тегі жөніңде) және автордың өзінің өмір жолына арнаған Еңбектер мен күндер атты дастандары -- гректердің көңілінен шықты. Әдебиет саласында басты орынға шыққан лирикалық поэзияның өкілдері адамның ішкі жан-дүниесін жырлауға ерекше назар аударды. Бұл жаңа жанрдың көрнекті өкілдері Архилог (біздің заманымызға дейінгі VII ғасырдың екінші жартысы), Солон (біздің заманымызға дейінгі 635 -- 559 жылдар), Алкеи (біздің заманымызға дейінгі VII ғасыр аяғы мен VI ғасыр бірінші жартысы), Анакреонт (біздің заманымызға дейінгі 570 -- 478 жылдар) және тағы да басқа. Өзіндік сипаты бар архаикалық мәдениет дүниежүзілік мәдениетте айрықша рөл атқарған Эллада тарихындағы жаңа кезеңге -- классикалық гүлдену дәуіріне даңғыл жол ашып берді.[1]

Мүсін пір тұтқан әміршіні дәріптеу үшін емес, еркін адам құдіретін мадақтау үшін жасалған. Курос бейнесі бүкіл архаикалық өнерге арқау болып тартылған. Қала тапсырмасы бойынша жасалған мүсін шебердің тек өз басының мұратын ғана емес, қатал да арпалысқа толы өмір жағдайында барлық азаматтарға тән ер жүрек, қайратты адам сұлулығы туралы ұғымын білдіретін. Жалаңаш жігіттерді бейнелеу арқылы шеберлер адам пішінінің пропорциясы жайлы білімін жетілдіріп, дененің бұлшық еттерін зерттеді, қажетті тәсіл-дағдыларды игерді. Б. э. бұрынғы VI ғасырда эллиндік полистерде монументтік пластика кең тарады. Құдайлар мен мифологиялық қаһармандардың қыруар мүсіні қалалар алаңдарында, храмдар мен ғибадатханаларда орнатылды. Жалпыгректік жарыстарда озып шыққан атақты атлеттердің жеңістері мүсінмен атап өтілді. Өлгендердің бейітіне құлпытастар мен бедер бейнелі тақта тас -- стелалар қойылды. Храм фронтондары, метопалары мен фриздері сәндік мүсіндермен әшекейленді. Гректердің бәрі құрметтейтін ғибадатханалар тәңірілердің мінәжаттық мүсіндеріне, қалалар мен бай құл иеленушілердің құдайларға алғыс сезімінің белгісі ретінде сыйға берілген мол тарту-таралғыға толы.

Мүсінші Аристокл. Аристионның құлпытасы. Мәрмәр. Б. э. бұрынғы 510 ж. шамасы. Афины. Ұлттық археологиялық музей

Бәдізшілердің ептілік шеберлігі, алуан түрлі материалдарды өңдеу өнерпаздығы арта түсті. Мүсін тастың неше түрінен қашалып, ағаштан жонылып, күйдірілген балшықтан -- терракотадан жасалатын. Тас пен терракота мүсіндеріне ашық түсті сыр жағылатын. Б. э. бұрынғы VI ғасырдың екінші жартысында алдымен Самос аралында, ал одан соң Элладаның басқа да қалаларында қоладан құйылған тұңғыш мүсіндер дүниеге келді. Ерте кезде архаика шеберлері мүсінге көбінесе құм қайрақ тасты пайдаланса, VI ғасырдың алғашқы жартысында, одан берірек әрі әсем мәрмәр тасын кеңінен қолданды.
Мүсіншілердің творчестволық мүдделері б. э. бұрынғы VII ғасырдың өзінде айқындалған архаикалық өнердің екі негізгі бейнесін жасауда -- жалаңаш жігіт пен ұзын киімге оранған, қымтанған әйелді мүсіндеу бағытында тоғысты. Мұның біріншісі, әсіресе, Солтүстік-Пелопоннес пен Киклады аралдары шеберлерінің назарын аударса, екіншісіне б. э. бұрынғы VI ғасырдың ортасына дейін парсылар қол астына қараған тұста өздерінің экономикалық және мәдени дамуында құрлықтағы Грекиядан озып кеткен Аттика мен Ионияның кішіазиялық қалаларының суретшілері көңіл бөлді. Грек мүсін өнерінің түрлі мектептерінің өз арасындағы көптеген айырмашылықтарына қарамастан, ортақ міндеттерді шешуге деген талпынысы архаикалық пластиканың ортақ стилі қалыптасуына жол ашты.

Хиос шеберінің корасы. Мәрмәр. Б. э. бұрынғы 520 ж. шамасы. Акрополь музейі
Б. э. бұрынғы VI ғасырда аттика шеберлері өнердің тамаша туындыларын жасады. Осы тұста Афины гүлденуінің шырқау шегіне жетіп, Элладаның ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ежелгі Грекия мәдениеті туралы
Антика мәдениеті
Классикалық грек мәдениеті
Ежелгі Грекия мен Рим мәдениеті туралы
Мәдениеттану. Ежелгі грекия мәдениеті
Мәдениет және өркениет: өзара байланысы мен ерекшелігі
Ежелгі Грекия мен Рим мәдениеті туралы
Ежелгі дәуір мәдениеті
Мәдениет әлемінің ортасында адамзаттың орны
Ежелгі дәуір мәдениеті. Ежелгі Грекия мәдениеті
Пәндер