ТУРИЗМ ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКАСЫН МҰНАЙҒА ТӘУЕЛДІЛІКТЕН АЛЫП ШЫҒАР ЖОЛДАРДЫҢ БІРІ РЕТІНДЕ



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
ТУРИЗМ ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКАСЫН МҰНАЙҒА ТӘУЕЛДІЛІКТЕН АЛЫП ШЫҒАР ЖОЛДАРДЫҢ БІРІ РЕТІНДЕ

Жұмаділла Нұржан,Слямов Еламан
Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, Нұр-Сұлтан қ., ҚР
Жетекші: Карипова Айнур Турсынбаевна

Аңдатпа. Мақала қазіргі таңдағы Қазақстандағы негізгі мәселелердіңбірі болып табылатын мұнайға деген тәуелділіктен шығу жолындарын қарастыруғаарналған. Мемлекеттің жалпы экономикалық жағдайы, экспортқа шығарылып жатқан өнімдерінің құрылымы туралы статистикалық мәліметтер талданып, мәселелер анықталды және шикізатқа тәуелділіктен құтылудың бір жолы ретінде туризмнің экономикаға оң әсерлері талданған.
Кілтті сөздер: экономика, экспорт, ЖІӨ, импорттық туризм, мұнай, инфрақұрылым.

Annotation. The article is devoted to the consideration of ways out of dependence on oil, which is one of the main problems of modern Kazakhstan. Statistical data on the General economic situation of the state, the structure of exported products are analyzed, problems are identified and the positive effects of tourism on the economy as one of the ways to get rid from raw material dependence are analyzed.
Key words: economy, exports, GDP, import tourism, oil, infrastructure.

Аннотация. Статья посвящена рассмотрению путей выхода из зависимости от нефти, которая является одной из основных проблем современного Казахстана. Проанализированы статистические данные об общем экономическом положении государства, структуре экспортируемой продукции, выявлены проблемы и проанализированы позитивные последствия туризма на экономику как один из способов избавления от сырьевой зависимости.
Ключевые слова: экономика, экспорт, ВВП, импортный туризм, нефть, инфраструктура.

Әр елдің мәселесі сол елде өмір сүріп жатқан әрбір азаматқа қатысты. Бәріміз білетіндей, қазіргі уақытта экономикалық,сауда-саттық саласындағы бәсекелік күрес әлемдік деңгейде жүріп жатыр. Өте үлкен бәсекелестік, әсіресе, осы соңғы жылдары байқала бастады. Еліміздің басты мақсаты сол әлемдік бәсекелестікке қол жеткізе отырып,дамушы елден дамыған елдердің қатарына өту. Мұны Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті де өз жолдауларында айтып өткен болатын. Бюджетіміздің 80%-ы дерлік шикізат сатылымынан түскен кірістен құралады. Ал, ертелі кеш бұл шикізаттың да таусылатының білгеніміз жөн. Сол себепті осы жұмысымызда туризмді шикізатқа тәуелділіктен құтылудың бір жолы ретінде ұсынып отырмыз.
Туризм Қазақстанда әлі толық бет бұрылып қаралмаған бағыт. 2005 жылдан бастап қана назар аудара бастады. Ал басқа да кейбір елдерге көз салсақ, осы туризмнің арқасында күн көріп жатқан елдер бар(Тайланд,Кипр,Малайзия т.б). Сондықтан ұзақ уақыттық экономикалық тұрақтылықты сақтайтын және табыс көзі ретінде қолданылатын туризм бағытын тиімді бағыт деп алып отырмыз.
Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан бері нарықтық экономикаға көшу жолына түсті. Осы жылдың екінші жартысының нәтижесі бойынша жұмыспен қамтылғандар саны 8 млн 763 мың адамды яғни,еліміздегі жұмысқа қабілетті халықтың 95,2 %-ын құрайды(9 млн. 205 мың азамат).2016 жылы қазақстан экономикасының әртүрлі бағытында еңбекке қабілетті жастағы 8,3 млн. адам жұмыспен қамтамасыз етілді. 2016 жылмен салыстырғанда соңғы 3 жылда бұл көрсеткіш 5,3 % - ға өсіп отыр. Қазіргі таңда ел экономикасын күшейтіп отырған өнеркәсіп саласы және жеріміздің шикізат әлеуетін пайдалану. Оның ішінде:
1)Өндіруші өнеркәсіптен - мұнай, газ, көмір, шымтезек, тақтатас, тұз, қара және түсті металлургия, ағаш дайындау, энергетикалық шикізат алу т.б.
2)Өңдеуші өнеркәсіптен - қара және түсті металдар, машиналар мен жабдықтартар, химиялық өнімдер, цемент және басқа құрылыс материалдарын, ағаш өңдеу, жеңіл өнеркәсіп өнімдерін өндіру т.б.
2019 жылдың жеті айының қорытындысы бойынша Қазақстан 52,23 миллион тонна мұнай мен конденсатты өндірді - бұл жоспардың 101,2%.
Қазақстан әлемдегі үлкен көмір шоғыры бар он елдің қатарына кіреді. Біздің еліміздегі көмір қоры әлемдік резервтер санының шамамен 4%-ын алып жатыр. 2018 жылы елдің көмір өндіруші компаниялары 113,7 млн тонна көмір өндірді (көмір концентратын есептемегенде), бұл 2017 жылмен салыстырғанда 5,4%-ға өсті. Қазақстан Ресейге 95мың тонна көмірсутек шикізатын экспорттады. Табиғи газ өндіру көлемі 2018 жылы 55,6 млрд. кубты құрады, бұл көрсеткіш 2017жылмен салыстырғанда 2,7 млрд. кубқа өсті(52,9млрд. куб).
Оң сауда балансының айтарлықтай өсуінің арқасында экспорттың жақсару болды, оның профициті $27,4 млрд (+57,9%) құрады. Мұнайға әлемдік бағалардың қолайлы конъюнктурасының нәтижесінде тауарлар экспорты 25,2% - ға, $61,9 млрд. - ға дейін ұлғайды, атап айтқанда, мұнай және газ конденсатының экспорты 42,2% - ға ұлғайды.
2018 жылдың он бір айының қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының тауарлар экспорты 2017 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 26,4% - ға, $ 54,7 млрд.дейін өсті.
Энергетика министрлігінің алдын ала мәліметтері бойынша, осындай елеулі өсім мұнайдың жоғары бағасына (шыңға баррель үшін 2017 - $86,29 жетті), елде өндіру көлемінің (+6,3%) және экспорттың (+2,3%) ұлғаюына байланысты.
Экспорт құрылымында табиғи газ (+49,7) және бидай (+48,8%) сияқты тауарлар айтарлықтай өсім көрсетті, ал төмендеу Органикалық емес химия өнімдері және басқа қосылыстар (-1,7%), сондай-ақ темірден немесе болаттан жасалған жалпақ прокат (-0,4%) бойынша байқалады.
Қазақстандық тоғыз негізгі экспорттық тауарлардың тоғызы пайдалы табиғи қазбаларға және олардың өңделген туындыларына тиесілі.

Ескерту: статисттика агенттігінің мәліметтері негізінде авторлармен құрастырлған

Fitch Ratings табиғи ресурстар және шикізат тауарлары бойынша талдау тобының аға директоры Максим Эдельсонның бағалауы бойынша, Қазақстан тікелей мұнай экспортына тәуелді. Қазақстан өндірілген мұнайдың 12% ғана тұтынылады, ал 88%-ын экспорттайды.Қазіргі уақытта мұнай экспорты ұлттық ЖІӨ-нің төрттен үшін құрайды.Осылайша, қазақстандық экспорт құрылымында 78,4% мұнай,8,2% - газ және металл құрайды.Бұл ретте, сарапшылардың бағалауы бойынша, Қазақстанның ЖІӨ-нің оң өсуі 1 баррель үшін $60 болуы, яғни мұнай бағасы осы мәндерден төмен болса, онда ел рецессияны және қазіргі ауқымды дағдарыстың күрделі кезеңдеріне соқтығысады. Мұнай бағасына мұндай тәуелділік Қазақстан экономикасын әлсіретеді.
Мұнайға тәуелділік бұл Қазақстанның басты экономикалық мәселелерінің бірі болып табылады. Біз бұл мәселенің шешімі ретінде елімізде туризмді дамытуды ұсынамыз. Туризм халықаралық сауданың маңызды элементі болып табылады және шағын экономикалардың дамуына ықпал етуі мүмкін. Дүниежүзілік туризм ұйымының (ДТҰ) ресми жазбаларына сүйенсек, ол әлемдегі ЖҰӨ-нің оннан бір бөлігін, халықаралық инвестицияның 11%-дан астамын құрайды, әлемдік өндірістің әрбір 9-жұмыс орны туризм арқасында қамтамасыздандырылып отыр.
Туризм әлемдік деңгейде мұнай өнімдері және автомобиль экспорты табысынан кейін үшінші орынды иеленеді. Бұл дегеніміз туризмді жаңа ғасырдың басты табыс көзі ретінде қолданылу тиімділігін және экономикалық өсімнің қуатты механизмі болып табылады.
Мамандардың есептеуі бойынша, орта есеппен бір шетелдік турист әкелетін кірістің баламасын табу үшін, әлемдік нарыққа шамамен 9 тонна тас көмір немесе 15 тонна мұнай немесе 2 тонна жоғары сұрыпты астық шығару керек екен. Осымен қатар, шикізатты сату елдің энергия көздерін сарқыса, ал туристік индустрия қалпына келетін ресурстармен жұмыс жасайды. Шетелдік экономистердің есептеуінше, қалада екі сағат уақыт өткізген 100 мың турист 350 мың доллар немесе 17,5 доллар әр адам сағатына шығын жұмсайды. Осылайша, шикізатты сату - бұл өз алдына экономикалық тығырыққа тірелу, ал туризмді дамыту - ұзақ мерзімдік, экономикалық пайдалы перспектива.
Туризмнің ел экономикасына тигізетін оң әсерлері:
1) Әлемдік тәжірбиеге сүйенсек туризм әлемдік дағдарыс уақытында да тоқтамайтын табыс көзіне жатады.
2)Ауданға деген ақша ағынының көбеюі, соның ішінде шет ел валютасының түсімі, төлем балансы және жиынтық экспорт сияқты көрсеткіштерге оң әерін тигізеді.
Мұнайға байланысты экономикалық тұрғыдан ұқсас БАӘ алып қарасақ, олар да қара алтынға тәуелді мемлекеттердің бірі еді. Осыдан 20 жыл бұрын БАӘ-нің бюджетінің 83 %-ы осы мұнайдан түскен пайдаға тәуелді еді. Ал қазірде 29%-ын құрап отырса, Дубайдың үлесі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Арқалық қаласы жалпы мәлімет
Қазақстанның ауыл туризмін дамытуға мүмкіндіктері
Қазақстанның экономикалық өсу мүкіндігі
Жергілікті қаржы туралы
1980-1990 жж. Тунис Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму тенденциялары
Даму стратегиясы
Қазақстанның 2030 стратегиялық даму бағдарламасы
Жергілікті бюджеттердің мәні, кірістері мен шығыстары
Сауд Арабиясы
Жергілікті бюджет. Республикалық бюджет
Пәндер