Алаш партиясының бағдарламасы мен тактикасы


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

Кіріспе

Негізгі бөлім

1 Алаш партиясының құрылуы

2 Алаш партиясының бағдарламасы мен тактикасы

3 Алаш Орда мүшелерінің тізімі

Қортыныды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Алаш партиясы қазіргі замандағы тәуелсіз еліміздің мемлекет болып қалыптасуында зор маңызы бар. Ұйықтап жатқан елімізді оятуға және де тәуелсіздігімізді алудағы бастауы болып табылады. Олар: Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынұлы, М. Дулатұлы. Патша өкіметінің отарлық езгісінен құтқарудағы алға қойылған саясат, еліміздің ең алғашқы құрылған ұлттық-демократиялық, саяси партиясы болып табылады.

Еліміз тәуелсіздік алып, жариялылық самалы ескелі бері төл тарихымызда да жабық тақырыптарға жол ашылып, бұрынғы тоталитарлық жүйенің кейде айлашарғысымен, кейде күштеп таңуымен мызғымастай орнығып келген қасаң тарихи әдіснаманың көбесі сөгілді. Қиғаш пікір, оғаш ойлардың бұрыстығы дәлелденіп, бір саусағын ішіне бүккен зымиян саясаттың бет пердесі сыпырылды. Тарихшыларымыз бір ауыз сөз айтуға батылы бармайтын бүкіл бір кезең, дәуір тарихы қайта қаралып, бірте-бірте ақтаңдақтардың да орны толтырылуда. Соның ішінде әлі де болса шынайы баға беріліп, тың деректердің негізінде қайта обьективті зерттеуді талап етіп отырған нәрсе Алашорда үкіметі мен Алаш партиясының қызметі және ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақ зиялыларының қызметі мен қайғылы тағдырлы. Бұл тақырыпты көптеген ғалымдарымыз зерттеп, өздерінің үлкенді-кішілі еңбектерін жазуда. Алаш партиясы құрылғаннан бастап, яғни 20-30 жылдарда көптеген пікірталастар болған, ол туралы көптеген ғалымдар, тарихшылар зерттеу жүргізген. Мәселен, А. Бочагов кезінде Алашты - «ұсақ ұлттық буржуазиялық партия» десе, С Брайнин мен Ш. Шафиро - «Бүкіл байлардың саяси ұйымы» деді, ал Құрамысов - «Жартылай феодалдық байлардың партиясы» деп өз ой-пікірлерін білдірген. М. Қ. Қозыбаев Алаш партиясының бағдарламасының жобасын және бүкілқазақстандық екінші сьездің құжаттарын талдай келіп, жарты ғасырдан астам уақыт бойы осы партияны ұлтшыл саяси ұйым деп айыптаудың негізсіз екенін айтты. Пікір алысуға қатынасушылардың біразы: М. Қ. Қозыбаев, М. Қойгелдиев, Қ. Нұрпейісов, Ә. Тәкенов 1917 жылғы революцияға дейінгі қазақ интелегенциясының тарихы мен Алаш партиясының тарихын шатастыруға болмайтындығын көрсетті. «Алаштың» ақиқатын кім айтады деген жалпы тақырыпта зертеушілер А. Григорьевтің, К. Нұрпейісовтың, Т. Кәкімевтің мақалаларында жазылады. Зерттеушілер мұнда Алаштың партия ретінде қалыптасуы, оның әлеуметтік тірегі қазақ қауымының қандай топтарынан тұратындығына басты назар аударады. Григорьев мақалада Алаштың қалыптасуы 1917 жылы аяқталған және кадеттер жолын қуған буржуазиялық-ұлтшыл партия деп анықтап, ал партия жетекшілерінің басты тірегі қазақ байлары болды деген өзінің пікірін қайталаған.

1 Алаш партиясының құрылуы.

1917 жылғы Ақпан революциясынан кейін құрылған Уақытша үкімет ұлт мәселесін, аграрлық мәселені түбегейлі шешіп бере алмады, құлатылған патша үкәіметінің саясатын жүргізумен болды. Сондықтан да Қазақстан еңбекшілерінің уақытша үкімет саясатына наразылығы күн сайын күшейе түсті. Осындай жағдайда Уақытша үкімет оппозициялық қозғалыс өрістеп, күшейе бастады. Бұл кездегі империя көлемін қамтыған саяси тұрақсыздық жағдайында Орынбор қаласында шоғырланған қазақ зиялылары өзара кеңесіп, кезек күттірмейтін ұлттық мәселелерге байланысты бір тұжырымға келу үшін жалпы қазақ сьезін шақыру туралы шешім қабылдады.

Бүкілқазақтық сьезд 1917 жылғы 21-26 шілдеде Орынбор қаласында өтті. Оған Ақмола, Семей, Торғай, Орал, Жетісу, Сырдария, Ферғана және Бөкей ордасының өкілдері қатынасты. Оның күн тәртібіне он мәселе қойылды, солардың ішіндегі маңыздылары: қазақ автономиясы, жер, оқу, сот, земство, әйел теңдігі және басқа да мәселелер болды. Сонымен қатар сьезд өзінің күні тәртібіндегі аса маңызды мәселелердің бірі- қазақ саяси партиясын құру және оның жобасын қабылдау деп жариялады. Сөйтіп, Бірінші бүкілқазақтық сьезде Алаш партиясы құрылып, басшы органдары сайланды. Оған Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынұлы, М. Дулатұлы, Е. Омаров, М. Шоқай, М. Тынышбаев, Х. Досмұхамедов, Х. Ғаббасов, М. Жұмабаев, т. б. кіреді. 1917жылы саяси ұйым ретінде өмірге келген Алаш партиясы мен Алашорда қозғалысы 20-жылдарға дейін қызметін жалғастырды.

2Алаш партиясының бағдарламасы мен тактикасы.

Құрылған күннен бастап Алаш партиясы саяси күреске белсене араласты. Оның мақсаты қазақ халқын орталық езгіден құтқару, буржуазиялық-демократиялық үлгідегі мемлекеттігіне қол жеткізу болды.

Алаш партиясының бағдарлама жобасын жасауға Ә. Бөкейханов, М. Дулатұлы, Е. Омаров, Е. Тұрмұхаметов, Р. Жүндібаев, Ғ. Бірімжанов қатысты. Жоба он баптан тұрады: мемлекет құрылымы; жергілікті бостандық; негізгі құқық; дін ісі; билік һәм сот; ел қорғау; салық; жұмысшылар; ғылым-білім үйрету; жер мәселесі. Бағдарлама жобасында Ресей демократиялық - федеративтік республика, оның басшы органдары -Құрылтай жиналысы мен Мемлекеттік Дума тең әрі құпия негізде сайланған депутаттардан тұрды. Қазақ обылыстары бір-бірімен байланыс жасап, Ресей республикасының федерациясы болып, оған Алаштың басшылық жасайтыны көрсетілді. Жобада дін бостандығы беріліп, дін ісін мемлекет ісінен айыру көзделді. Сот ісін қазақ тілінде жүргізу ұсынылды. Адам баласының теңдігі, жиналыс жасауға, қоғамдық ұйымдар құруға, газет шығаруға еркіндіктері қарастырылды. Бірақ, онда тұрақты әскер құру көзделмеді. Бастауыш мектептер мен орта мектептерде ана тілінде оқыту, кітапханалар ашу белгіленді. Жер туралы Заң қабылдау сөзі болды. Бағдарлама жобасы революциялар заманындағы ұсақ буржуазиялық-демократиялық сипаттағы құжат еді.

Бұл жоба 1917 жылы желтоқсан айында Орынборда өткен Бүкілқазақтық екінші сьезде мақұлданды. Алаш партиясы және оның жетекшісі Ә. Бөкейханов Қазан төңкерісінің жеңісін қабылдаған жоқ және Кеңес үкіметінің Қазақстанда жеңіске жетуіне қарсы болды. Алаш басшылары тығырықтан шығудың жолын Қазақстандағы автономия деп жариялаудан іздеді. Олар Қазақстандағы қоғамдық-саяси, әлеуметтік -экономикалық және мемлекеттік құрылыс мәселелерін шешуде ұлттық тұтастықпен барлық халықтың бірлік ынтымағын басшылыққа алды. Мұндай бағыт өзекті мәселелерді шешуде таптық позиция мен пролетариат диктатурасы үстемдігін ұстанған большевиктерге ұнамады. Сондықтан екі жақ бір-бірінің идеясын, іс-әрекетін, ниеттерін қолдамады.

Бірінші бүкілқазақтық сеьзд 1917 жылғы 21-26 шілдеде Орынбор қаласында өтті. Оған Ақмола, Семей, Торғай, Орал, Жетісу, Сырдария облыстары мен Бөкей ордасынан, сонымен қатар Ферғана облысының қазақтар мекендеген аудандарының өкілдері қатынасты. Сеьзге қатынасушылар саны аса көп болмағанына қарамастан (20-дан астам адам), оның күн тәртібіне сол кездегі Қазақстаның әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық саяси өміріне тікелей қатынасы бар аса маңызды 14 мәселе енгізілді. Бұл мәселелердің басым көпшілігі 1917 жылғы сәуір-мамыр айларында болған облыстық қазақ сеьздерінде алдын ала талқыланған болатын және олардың ең маңыздылары болып саналғандары жалпықазақтық құрылтайға ұсынылған еді. Олар:

1. Мемлекеттік басқару формасы.

2. Автономия құру мәселесі.

3. Жер мәселесі.

4. Халық милициясын құру.

5. Сот ісі.

6. Дін мәселесі.

7. «Алаш»саяси партиясын құрып, оның бағдарламасын жасау.

8. Құрылтай жиналысын шақыру.

9. Қытайдағы 83 мың қазақ босқындары туралы.

10. Жетісудың ашыққан халқына көмек.

11. Халық ағарту ісі.

12. Земство

13. Әйел мәсселесі

14. Киев шаһарында болатын бүкіл Россия федералистерінің сеьздіне һәм Петроградта болатын оқу комиссиясына қазақтан өкіл жіберу.

Х. Досмұхамбетовтың төрағалығымен, Ахмет Байтұрсыновтың, Ә. Көтібаровтың, Міржақып Дулатовтың және Асылбек Сейітовтың хатшылығымен өткен бірінші жалпықазақтық сеьзд делегаттары осы 14 мәселенің ішінде өздерінің басты назарын ұлттық автономия, жер, құрылтай сьезіне дайындық және қазақтың саяси партиясынын құру проблемаларына аударды.

Бірінші жалпықазақтық сьезд өзінің күн тәртібіндегі аса маңызды мәселелердің бірі - қазақ саяси партиясын құру мәселесін талқылау барысында іс жүзінде осы партияны ұйымдастыруға арналған Құрылтай жиналысына айналды. Осы мәселе жөнінде сьезд қабылдаған қарарда былай делінеді: «Қазақ халқынаң өз алдына саяси партиясы болды тиіс көріп, бұл партияның жобасын жасауды сьезд исламға сайланған қазақ өкілдеріне тапсырды. Партияның негізгі демократическая федеративная парламентарная республика құрылмақ. Партия жобасын жасап болған соң өкілдер қазақ областной комитеттерінің қарауына жіберді. Онан кейін Учредительное собраниеге жиналған қазақ депутаттары қарап бекітеді.

Қазақ саяси партиясының жобасы жасалғанша осы сьездің қаулылары Учредительное собраниеге баратын қазақ депутаттарына наказ - аманат болады».

Петроградта революция жеңіске жетіп, Қазақстанда Совет өкіметін орнату процесі жүріп жатқан кезде, «Қазақ» газетінің 1917 жылы қарашаның 21-інде 251 санында Алаш партиясы бағдарламасының жобасы жарияланды. Жоба 10 бөлімнен тұрды:

1Мемлекет қалпы

Россия демократиялық, федеративтік республика болу. (Демократия мағынасы - мемлекетті жұрт билеу. Федерация мағынасы - құрдас мем-лекеттер бірлесуі. Федеративтік республикада әр мемлекеттің іргесі бөлек, ынтымағы бір болады. Әркайсысы өз тізгінін өзі алып жүреді. )

Үкімет басында Учредительное собрание мен Г. Дума қалауынша кесімді жылға сайланатын президент болу. Президент халықты министрлер арқылы бағу, ол министрлер Учредительное собрание мен Г. Дума алдында жауапты болу.

Депутаттар тегіс, тең, төте һәм құпия сайлаумен болады. Сайлау хұқында хан, дін, еркек-әйел талғаусыз болу.

Законды жалғыз ғана Г. Дума шығару һөм Г. Дума үкімет үстінен қарап, ісін тексеру, запрос (сұрау) жасау хұқы да Г. Думада болу. Мемлекет салығы Г. Думасыз салынбау.

2. Жергілікті бостандық

Қазақ жүрген облыстардың бәрі бір байланып, өз тізгіні өзінде болып, Россия Республикасының федерациялык бір ағзасы болу. Реті келсе, қазақ автономиясы сыбайлас жұрттармен әзірге бірлесе болу, реті келмесе, бірден-ақ өз алдына жеке болу. Қайткенде де осы күнгі земстволықты қабыл алу.

«Алаш» партиясы қазақтың би, болыс, ауылнайлары сияқты орын-дарында қызмет ететін адамдар жұртқа пайдалы, жұрт үшін кызмет етерге көңілді адамдар болуына жаһид1 қылады. Земстволардың управаларында, милицияларында таза кызметші боларлық адамдардың атын халық қалауына салады.

«Алаш» партиясы әділдікке жақ, нашарларға жолдас, жәбірлерге жау болады. Күш-қуатын игілік жолына жұмсап, жұрт тарақи ету жағына бастайды.

3. Негізгі хұқық

Россия республикасында дінге, ханға қарамай, еркек-әйел демей адам баласы тең болу.

Жиылыс жасауға, қауым ашуға, жария сөйлерге, газет шығаруға, кітап бастыруға - еркіншілік; үкімет қызметшілері иесінен рұқсатсыз ешкім табалдырығын аттамаушылық; законсыз жолмен ешкімді үкімет адамдары ұстамаушылык; сот сұрамай, билік айтылмай тұтқын қылмаушылық; кылмысты болған адам судья бар жерде 24 сағат ішінде, судьясыз жерде бір жетіден қалмай судьяға тапсырылып, жабылса, судья үкімімен жабылу.

Кісі хатын ашқанға - айып, окығанға жаза болу.

4. Дін ісі

Дін ісі мемлекет ісінен айырулы болу. Дін біткенге тең хұқық. Дін жаюға ерік. Кіру-шығу жағына бостандық.

Муфтилік қазақта өз алдына болу. Неке, талақ, жаназа, балаға ат қою сияқты істер моллада болу, жесір дауы сотта қаралу.

5. Билік һәм сот

Әр жұрттың билік пен соты тұрмыс ыңғайына карай болу. Би һәм судья жергілікті жұрттың тілін білу. Аралас жерде соттың тергеу-тексеруі һәм үкімі жергілікті жұрттың қай көбінің тілінде айтылу. Би һәм судья орнынан тергеусіз түспеу. Билік һөм сот жүзінде жұрт біткен тең болу; Құдайдан соңғы күшті би һәм судья болып, кім де болса, олардың үкіміне мойынсыну.

Айтылған үкім тез орнына келу. Зор жазалы қылмыстар присяжный сотпен каралу. Қазақ көп жерде сот тілі қазақ тілі болу. Присяжныйлар қазақтан алыну. Қырдағы ауыл, болыс ішіндегі билік пен сот жұрт ұйғарған ереже жолымен атқарылу.

6. Ел қорғау

Ел сайлаумен қойылу; ел ішінде кітапханалар ашылу.

корғау ү-ін әскер осы күнгі түрде ұсталмау. Әскерлік жасына жеткен жастар жерінде үйретіліп, жерінде қызмет ету: әскер табына белгенде туысқан табына қарай бөлу. Әскерлік міндетін қазақ атты милиция түрінде атқару.

7. Салық

Салық әл-ауқат, табысқа қарай байға - байша, кедейге кедейше әділ жолмен таратылу.

8. Жұмысшылар

Жұмысшылар закон панасында болу- (Қазақ жерінде завод-фабрика аз, сондықтан қазақтың жұмысшылары да аз. «Алаш» партиясы жұмысшылар турасында социал-демократтардың меньшевик табының программасын жақтайды. )

9. Ғылым-білім үйрету

Оқу ордаларының есігі кімге де болса ашық һөм ақысыз болу; жұртқа жалпы оқу жайылу. Бастауыш мектептерде ана тілінде оқу; қазақ өз тілінде орта мектеп, университет ашу; оқу жолы өз алды автономия түрінде болу; үкімет оқу ісіне кіріспеу; мұғалімдер-профессорлар өзара

10. Жер мәселесі

Учредительное собрание негізгі закон жасағанда жер сыбағасы ал-дымен жергілікті жұртқа берілсін деу; қазақ жер сыбағасын отырған жерлерден алып орналасқанша, қазақ жеріне ауған мұжық келмеу; бұрын алынған жерлердің мұжық отырмағандары қазаққа қайту; қазаққа тиетін жер сыбағасын жергілікті комитеттер кесу; сыбаға өлшеу - норма жердің топырағы мен шаруалық түріне қарай жасалу; сыбағадан артылған жер земство қолында болу; артық тұрған жерден ел өскенде ауық-ауық сыбаға кесіліп берілу; Түркістанда жермен бірге су сыбағасы да кесілу; жерді қазақ үй басына иеленбей, ауыл-аймақ, туысқан табына меншіктеп алу; өзара әділдік жолмен пайдалану.

Жер законінде жер сату деген болмау, әркім өзі пайдалану. Пайда-сынан артық жер сатылм-й, земствоға алыну. Жердің кені, астыңғы* байлығы қазынанікі болып, билігі земство қолында болу.

Аса зор ағаш, зор өзендер мемлекеттікі болып, аз ағаш һәм көл бай-лықтары земство мүлкіне саналу.

Жобаны жасаушылар: Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Елдес Ғұмаров, Есенғали Тұрмұхамедов, Ғабдулхамид Жүндібаев, Ғазымбек Бірімжанов. «Алаш» партиясына оның кіндік комитетінің айтқанын екі етпейтін, бұйрығын дәл орындайтын партияның программасын ұнатып, жөн көрген ондағы мәселелерді іске айналдыруға тырысатын кісі ғана кіреді деген талап қойылған.

3 Алаш Орда мүшелерінің тізімі

Тәуелсіздікке дейінгі жылдарда қазақ елінің ертеңі үшін жан беріп, тер төгіп, аянбай еңбек еткен қасқалдақтар жетерлік. Олар өз өмірлері мен бастарын бәйгеге тігіп, ұлттың еркіндігі үшін жер жастанды.

Әлихан Бөкейханов Туған жылы: 1866-1937 Туған жері: Қарқаралы уезі Қызметі: Экономист, Алаш орда үкіметінің төрағасы

Уәлихан Танашев Туған жылы: 1887-1968 Туған жері: Атырау Қызметі: Заңгер

Халел Досмұхамедов Туған жылы: 1883-1939 Туған жері: Орал Қызметі: Әскери дәрігер Айдархан Тұрлыбаев Туған жылы: 1877-? Туған жері: Ақмола облысы Қызметі: Заңгер

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ мемелекетіндегі алғашқы ұйымдармен саяси партиялар
Алаш партиясы және Алашорда үкіметі
Қазақстан Республикасындағы саяси партиялар, қоғамдық қозғалыстар мен ұйымдар
XXғ басындағы саяси партиялар, Алаш партиясы, "үш жүз" социалистік партиясы
Алаш қозғалысының тарихнамасы
Алаш қозғалысы және жер мәселесі
Алаш партиясы багдарламасынын жобасы
1991-2002 жж аралығындағы Қазақстандағы саяси партиялар
Алаш мұраты – отандық білім мен ғылымды негіздеуші күш
Көлбай Тоғысовтың қызметі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz