Медицина университетінің 1-2 курс студенттерінің вакцинамен басқарылатын аурулардың алдын алудағы вакцинаның маңыздылығы туралы ақпараттану деңгейі


ӘӨЖ 615. 371:616-084-057. 875
Медицина университетінің 1-2 курс студенттерінің вакцинамен басқарылатын аурулардың алдын алудағы вакцинаның маңыздылығы туралы ақпараттану деңгейі
Өтепбаева Қ. О., Камбарова Ш. Е.
Ғылыми жетекші: п. ғ. м., Дуйсенова А. А.
НАО “Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті”
Ақтөбе қаласы
Тақырыптың өзектілігі: Вакцинациялау - вакцинамен басқарылатын аурулардың алдын алудағы медицина саласының маңызды шараларының бірі [1] .
Халықтың денсаулығын қорғау және нығайту елдің экономикалық және әлеуметтік дамуының басты басымдықтарының бірі, оның маңызды бағыты аурулардың алдын алуды күшейту болып табылады [2] .
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) мәліметтері бойынша, бүкіл әлемде 5 жасқа дейінгі 12 миллионнан астам бала жыл сайын өлімге душар болады. ДДСҰ-ның кеңейтілген иммундау бағдарламасына енгізілген жетекші жұқпалы аурулармен күрес әсерлі жетістіктерге әкелді: қазіргі уақытта бұл екпелермен әлемдегі балалардың 80% -дан астамы қамтылған, яғни бұл жыл сайын 130 млн-нан астам бала екпемен қамтылады дегенді білдіреді, ол өз кезегінде жылына 3 млн-нан астам балалар өлімінің алдын алуға мүмкіндік береді.
2015 жылдың ақпан айында ДДСҰ балалар арасында қызылша ауруы жиілегенін алаңдаушылықпен хабарлады. 2014 жылы және 2015 жылдың басында Еуропа мен Орта Азияның 7 елінде қызылша ауруының 22 149 оқиғасы тіркелді: оның 7477-і Қырғызстанда, 3347-і Ресейде, 3391-і Грузияда, 1674-і Италияда, 583-і Германияда және 573-і Қазақстанда анықталды.
Қазақстанда 2015 жылы қызылшамен сырқаттанушылық деңгейі 13 есеге артты (1121 жағдайы 2015 ж., қарсы 84 оқиға 2014 жылы) . Қазақстанда 2015 жылы 8, 5 мыңға жуық адам егуден бас тартты, олардың 40% -ы діни наным-сенімдер бойынша және 45% -түрлі жеке басының себептеріне байланысты егуден бас тартты. [7]
Вакцинация мемлекеттің елеулі материалдық шығындарын талап ететін іс-шаралар қатарына жатады, сондықтан өңірде вакцинацияға қатысты дұрыс түсінік пен вакцинаны алдын алуды ұйымдастыруағы проблемалар туралы дұрыс түсінікке ие болу маңызды.
Вакцинацияға деген сенім мәселелері вакцинамен басқарылатын инфекциялық аурулар көрсеткішінің және соңғы онжылдықта вакцинациядан бас тарту жағдайларының жоғарылауы болашақ ата-аналар болып табылатын студенттердің вакцинация туралы ақпараттануы өзекті болып отыр. Сондықтан да профилактикалық екпе- жұқпалы аурулардың таралуы, асқынуы және өлім жиілігінің жоғарлығына қатысты денсаулық сақтау жүйесінің ең маңызды проблемалардың бірі болып саналады.
Зерттеу мақсаты : Медицина университетінің 1-2 курс студенттерінің вакцинамен басқарылатын аурулардың алдын алудағы вакцинацияның маңыздылығы туралы ақпараттану деңгейін анықтау.
Тәсілдер мен материалдар: Медицина университеті студенттерінің қатысуымен зерттеу жұмысы жүргізілді. Зерттеуге жасы 18-ге толған 1-2 курстың 100 студенті қатысты. 18 жасқа толмаған студенттері зерттеуге алынбады.
Зерттеу түрі : Сапалық
Зерттеу дизайны : феноменальды, мақсатты таңдама, популяцияға негізделген
Зерттеу құралы : Сауалнама. Вакцинация жайлы ақпараттануды анықтау сауалнамасының сұрақтары 2009 жылы АҚШ-та жүргізілген және 2011 жылы жарияланған шетелдік зерттеу деректері негізінде әзірленді. Сауалнамада 20 сұрақ қамтылған. Сұрақтар 2 бөлімнен тұрды. 1. Жалпы бөлім- паспорттық мәліметтер: студенттің жасы, жынысы, білімі. 2. Негізгі бөлім - студенттің вакцинация жүргізуге қатынасы, вакцинацияға келісім беруі.
Қорытынды:
- 2021 жылдың Медицина университеті аралығында вакцинамен басқарылатын аурулардың алдын алудағы вакцинацияның маңыздылығы жайлы студенттердің ақпараттануын анықтау мақсатында жүргізілген сауалнама қорытындысы медицина саласында білім алушы студенттердің вакцинация туралы ақпараттану деңгейінің 75% екендігін көрсетті.
- Аурудың алдын алуда вакцинация жүргізу- балалардың денсаулығына қауіпсіз деп санайтын студенттер - 85%-ды құрады. Студенттердің вакцинопрофилактика туралы ақпаратты алу көздері бойынша талдау келесіні көрсетті. Медицина қызметкерлерінен ақпарат алған студенттер -70 % -ды құраса, 13%-ы интернет көздерінен ақпарат алғандығын мәлімдесе, достары арқылы ақпараттанғандар - 8%-ды құрады, ал телебағдарламалар арқылы ақпараттанғандар -4% болып отыр. Аталған қорытынды медицина қызметкерлерінің барлық контингентпен жұмыс жүргізуі қажеттігін көрсетеді.
- Зерттеу нәтижесі вакцинаның жұқпалы аурулардың алдын-алу бойынша халықты ақпараттандыру мен сауаттылығын арттыруда күшті және тиімді құрал екендігі анықталды. қамтамасыз етілу адамның ең көп санын қамтиды, жұқпалы аурулардың өршуімен байланысты асқынуларды, өлім-жітім санын азайтуға көмектеседі.
- Профилактикалық екпелердің тиімділігін арттыру үшін уақытылы және толық ақпарат, халықтың қоғам денсаулығына деген бірлескен жауапкершілігі, қызметкерлердің моральдық және қаржылық мотивациясы, жұмыс берушінің жауапкершілігі, профилактикалық процесті ұтымды ұйымдастыру және халықтың арнайы білім деңгейі қажет.
Қолданылған әдебиеттер:
... жалғасы[1, 2, 3] . Macgowan DJ. =report on the health of Wenchow for the half - year ended 31 March 18847 -Imperial Maritime Customs Medical Reports. China, 1884. - Vol. 27. - P. 9-18.
Needham, Joseph/ (2000) . Science and Civilisation in China: Volume 6, Biology and Biological Technology; Part 6, Medicine. Cambridge: Cambridge University Press. page 134
[4, 5] . Henricy, Anthony(ed. ) . Lady Mary Wortley Montagu, Letters of the Right Honourable Lady Mary Wortley Montagu: Written During her Travels in Europe, Asia and Africa. - 1769/- Vol. 1. -P/ 167-169. or see [1]
[6, 7] . Медицинский блогер Алексей Водовозов Рассказал в КФУ о «мифах» вакцинации и дезинформации на рынке лекарств. Медиапортал КФУ. Казанский Федеральный университет (16 февраля 2019) . Есмагамбетова А. В Казахстане отмечается тенденция роста отказов от вакцинации. (Электронный ресурс)
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz