Қазақ тілі сабақтарында диалогтік әдіс пен рөлдік ойын арқылы коммуникативтік құзыреттілікті қалыптастыру


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Бәсекеге қабілетті білім кеңістігін құруға бағытталған қазақстандық білім беру реформасының негізгі мақсаттарының бірі жаңаша оқытудың әдіс - тәсілдері арқылы оқушының бойында шығармашылық ойлауды бастамашылықты дамыта отырып жеке тұлға тәрбиелеу болып отыр. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасында мектеп қабырғасында оқушыларға нәтижеге бағытталған білім беру арқылы олардың тұлғалық ерекшеліктері мен қасиеттері ашылатын, шығармашылық ойлау, өз бетінше шешім қабылдау қабілетін қалыптастыру тұрғысындағы мемлекеттік саясаттың басты ұстанымдары айқындалған. Құзыреттілік - адамның әрекетке, оның пәніне деген жеке қатынасын қамтитын сәйкес құраушыларды меңгеруі.

Құзырет - дара тұлғаның бойындағы өзара байланысты сапалардың жиынтығы. Құзыреттілік - оқушының жан - жақты тәсілдерді игеруде байқалатын білім нәтижесі. Ол пән аралық қызмет арқылы көрінеді.

Қазіргі таңда білім беру саласында тұлғаның дамуына коммуникативтік құзыреттілікке баса назар аударылып отыр. Оқушылардың өздерін қоршаған ортада басқа адамдармен, топпен қарым - қатынас орнатуға, жалпы нәтижеге қол жеткізуге өзіндік пікірін білдіруге, басқа ұлт өкілдерімен қарым - қатынас диалогына түсе алуына мүмкіндік беретін коммуникативтік құзыреттілік негізінен тіл мен әдебиет сабақтарын оқыту үрдісінде қалыптасады.

Тұлғаның тірек құзырлылықтарының бірі ретінде танылып отырған коммуникативтіктік құзыреттілікті қалыптастыру, оның тілдік білімін тереңдетумен қатар, сөйлеу біліктілігін де жетілдіреді.

Коммуникативтік құзыреттілікті дамытуда диалогтік тіл - оқу үрдісіндегі қарым - қатынаста алдыңғы орын алады. Ол оқытудың негізгі мақсаттарының бірі және оның маңызды құралы деп санаймын.

Диалог - екі жақты құбылыс. Қарым - қатынаста көзделетін мақсатқа орай, диалогтың өзіндік әртүрлі ерекшеліктері болады:

  • күнделікті тұрмысқа байланыстылығы;
  • ресми қарым - қатынасқа құрылуы;
  • ым - ишараттың, дене қимылының белсенділігі;
  • эмоционалды - экспрессивтіктілігі, әсерлілігі;
  • сөйлемдердің ықшамдалуы;
  • сөйлейтін сөздің алдын - ала жоспарланбауы;
  • ауыз - екі стилінің ерекшеліктерінің басым болуы;

Күнделікті сабақта жаңа материалдарды оқытқанда және бекіту кезінде, жаттығуларды ұйымдастыруда, оқығанды және тыңдағанды тексеру үшін диалогтік әдісті қолданамын. Осының бәрін әңгіме түрінде іске асырып отырамын. Әңгімелесе білу, диалогтік тілді үйретуге соңғы нәтижеге жететін біліктілік болып табылады.

Диалогтік әдісті қолдана отырып, оқушылардың сұрақтарды, өтінішті, таңдануды, бұйыруды қолданып, бір - бірімен әңгімелесе білуге мәліметтерді нақтылауды сұрауға келіспеушілік толықтыру тілдік материал көлемінде өзара пікір алыса білуге дағдыландырамын. Әр түрлі типтегі кішігірім диалогтар құрастыруды тапсырамын. Біліктіліктерді жетілдіру мен дамытуды оқушылардың еркіндігін сақтау жолымен жүргіземін.

Тілдік міндет пен жағдаятқа сәйкес оқушылардың еркін түрде тілдік қарым-қатынастарын дамытуда рөлдік ойынның алатын орны ерекше деп есептеймін.

Тақырып бойынша сөйлеу тілдерін дамыту мақсатында рөлдік ойын ұйымдастыруға болады. Бұл рөлдік ойында бірнеше оқушыларды қатыстыру мен еркін әңгімелесу тәсілін қолданамыз. Топ ішіндегі әңгімелесуде олар тез өз бетімен әңгімеге араласу дағдыларын, өздерінің қызығушылығын, белсенділігін таныта алатындарын көрсете алды. Рөлдік ойын кезіндегі оқушылардың коммуникативтік құзыреттілігін дамытуда сөздік қорларының да орны ерекше.

Оқушылардың тілді меңгеруде үлкен нәтижеге жетуде электрондық оқулықтардағы дайын диалогтарды тыңдау, жаттау, аяқтау, толықтыру, мәтін - мазмұны, кесте, сызбалар бойынша диалогтар құру - әдістері де көп көмегін тигізеді. Мектептегі интерактивтік тақтаның көмегімен электрондық оқулықтардағы диалогтарды пайдалануға болады. Тақырыптық диалогтарды тыңдату арқылы, қайталауға, толықтыруға, осы үлгіде өз диалогтарын құрастыруға тапсырмалар беріп отырамын. Диалогпен жұмыс үйде де жалғасын тауып отырады. Диалогтар міндетті түрде жаттауға, кейде диалогтарды кеңейтуге 2-3 сұрақпен толықтыруға тапсырмалар беріп отыруға болады. Диалогтарды келесі сабақта тағы бір рет тыңдау арқылы диалогтың мазмұнын және кейбір сөйлемдердің дұрыс айтылуын еске түсіру қажет деп ойлаймын.

Бұл әдіс оқушылардың диалогты қайталап айтуына мүмкіндік жасайды.

“Қазақ тілі” пәні бойынша құзыреттілікке бағдарланған тапсырмалар.

Фонетика.

Білім алушылар хайуанаттар бағына саяхат жасады. Мұғалім осы көргендері бойынша қабырға газетіне мақала дайындау туралы тапсырма берді.

Сөз және оның құрамы.

“Сауысқан” сөзінің семантикалық картасын жаса: ол аң ба, әлде құс па? Қайда тіршілік етеді, немен қоректенеді? Түрі, түсі жағынан қай құсқа ұқсайды? Құстар туралы жұмбақ, жаңылтпаш айт.

Сөз таптары.

Анаң сені дүкеннен шомыр сатып әкелуге жіберді. Сен бұл көкөністің атын жол жөнекей ұмытып қалдың. Қайткен күнде де кері қайтпай, көкөністі сатып алуың керек. Ол үшін сатушыға бұл көкөністі сипаттап бер: оның түрі, түсі, дәмі қандай, одан не жасауға болады?

Мәтін.

Наурыз мерекесі неліктен көктемде тойланады? сұрағына жауап бере отырып, пайымдау мәтінін құрастыр. Өзіңнің жазғаның мен досың жазған мәтінді салыстыр. Олардың ұқсастығы мен өзгешелігін ажырат.

Сөйлеу мәдениеті.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ тілі сабақтарында коммуникативтік құзыреттілікті қалыптастырудағы қатысымдық әдістің рөлі
Ағылшын тілі сабақтарында мектеп оқушыларының коммуникативтік біліктілігін ойын әдісі арқылы дамыту
Қазақ тілі сабақтарында модульдік оқыту технологиясының коммуникативтік құзыреттілікті дамытудағы рөлі
Ағылшын тілі сабақтарында орта буын оқушыларына төл және төлеу сөздерді рөлдік ойын арқылы дамыту
Кембридж бағдарламасы негізіндегі оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер мен диалогтік оқытуды қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында қолдану
Қазақ тілі сабақтарында оқушылардың шығармашылық ойлау қабілетін қалыптастыру әдіс-тәсілдері
Қазақ тілі сабақтарында М.М. Жанпейісованың модульдік технологиясы арқылы тілдік-коммуникативтік құзіреттілікті дамыту
Қазақ тілі сабағында көрнекіліктерді қолдану арқылы оқушылардың коммуникативтік дағдыларын қалыптастыру
Сюжеттік-рөлдік ойын арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың коммуникативтік дағдыларын дамыту: теориялық және эксперименттік зерттеу
Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында оқушылардың сөйлеу мәдениетін қалыптастыру: әдіс-тәсілдер мен педагогикалық технологиялар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz