Әлеуметтік тұрмыстық бағдарлау пәні бойынша зиятында жеңіл ауытқушылығы бар жоғары сынып оқушыларының аспаздық дағдыларын қалыптастыруда ауызша оқыту әдісінің маңыздылығы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

К. А. Рсалдиновна 1 , А. А. Сүлеймен 2

1 ғылыми жетекшісі, п. ғ. к., доцент, akma1962@mail. ru

Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті, 7М01902 -

Дефектология мамандығының 2 курс магистранты 2 , S_aza_1999@mail. ru

Қазақстан, Алматы қаласы

«Әлеуметтік тұрмыстық бағдарлау» пәні бойынша зиятында жеңіл ауытқушылығы бар жоғары сынып оқушыларының аспаздық дағдыларын қалыптастыруда ауызша оқыту әдісінің маңыздылығы

Аңдатпа

Мақалада қазіргі таңда зиятында жеңіл ауытқушылығы бар жоғарғы сынып оқушыларының аспаздық дағдыларын қалыптастыруда ауызша оқыту әдістерін қолдану технологияларының маңыздылығы сипатталады. Өз-өзіне қызмет көрсету түрлерінің бірі- аспаздық дағдының тұрмыстық қызметте ғана емес, сондай-ақ тағам өнеркәсіп саласында қызмет ете алу мүмкіндіктері мен тиімділігі қарастырылған.

Тірек сөздер: Зияты зақымдалған оқушылар, аспаздық дағды, технология, ауызша оқыту әдісі.

К. А. Рсалдиновна 1 , А. А. Сүлеймен 2

1 научный руководитель, к. п. н., доцент, akma1962@mail. ru

Казахский национальный педагогический университет имени Абая, 7М01902 -

Магистрант 2 курса специальности Дефектология, 1 S_aza_1999@mail. ru

Казахстан, г. Алматы

Важность метода устного обучения в формировании кулинарных навыков у старшеклассников с легкими интеллектуальными нарушениями по предмету "Социально-бытовая ориентировка"

Аннотация

В статье описывается важность технологий применения методов cловесных обучения способствующих формированию навыков приготовления блюд у обучающихся старших классов с легкими интеллектуальными нарушениями. Одним из видов самообслуживания являются возможности и эффективность кулинарных навыков не только в бытовой деятельности, но и в сфере пищевой промышленности.

Ключевые слова: Ученики с нарушениями легкими интеллекта, кулинарные навыки, технология, метод устного обучения.

K. A. Rsaldinovna 1 , A. A. Suleimen 2

1 scientific supervisor, akma1962@mail. ru

Abai Kazakh National Pedagogical University, 7M01902 -

Master's student of the 2nd year of the specialty defectology, 1 S_aza_1999@mail. ru

Kazakhstan, Almaty

The importance of the oral teaching method in the formation of culinary skills in high school students with mild intellectual disabilities on the subject of "Social and household orientation"

Annotation

The article describes the importance of technologies for the use of oral teaching methods in the formation of culinary skills of high school students with mild mental retardation. One of the types of self-service is the ability and effectiveness of culinary skills not only in household activities, but also in the food industry.

Keywords :Students with intellectual disabilities, culinary skills, technology, oral learning method.

Қазіргі кезде ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды қолдау, оларды оқыту-тәрбиелеу, олардың құқықтарын қорғау, кедергісіз орта құру арқылы қоғамға кіріктіру арнайы білім беру саласының маңызды мәселелерінің бірі. Білім үрдісіне қосып, оқытуда тиімді технологияны пайдаланып, нәтижеге бағытталаған жұмыстар жүргізілуде. Атап айтатын болсақ, «Қазақстан Республикасының білімді дамытудың 2010-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында» көрсетілген инклюзивті білім беру жүйесін атауға болады. Бұл бағдарлама ерекше білім беру қажеттілігі бар балалардың өз құрдастарымен бірге білім алуына септігін тигізіп жатыр. Алайда, арнайы мектептерде тәрбиеленетін ерекше білім беру қажеттілігі бар оқушыларды да назардан тыс қалдыруға болмайды. Олардың ішінде зиятында ауытқушылығы бар оқушылар. Зияты зақымдалған балаларды әлеуметтік ортаға бейімдеуде, өз-өзіне қызмет ету дағдыларын қалыптастыру өзекті болып отыр. Себебі, өз-өзіне қызмет жасау жеке тұлға болып қалыптасуына, қоғамдық мәдениетін көтеруге, болашақта белгілі бір маман иесі болуына да септігін тигізеді.

Арнайы педагогикада «ақыл-ой кемістігі» немесе «зият ауытқуы» терминіне мынандай анықтама беріледі: танымдық қызмет деңгейінің айқын төмендеуі негізінде туындайтын, орталық жүйке жүйесінің органикалық зақымдануы.

Зият ауытқуы психикалық ауру емес, емделмейді. Зият ауытқуының дәрежесіне байланысты көп немесе аз нәтижелерге қол жеткізуге болады. Зият ауытқуының себептері, оның дамуының алғашқы кезеңдерінде мидың дұрыс қалыптаспауы немесе зақымдануы болып табылады.

Зият ауытқуының себептері:

  • жүктілік кезіндегі ауыр жұқпалы аурулар;
  • интоксикация, улану;
  • жүктілік кезіндегі ауыр дистрофиялық жағдайлар;
  • ұрықтың паразиттермен инфекциясы;
  • асфиксия;
  • тұқым қуалаушылық;
  • резус қақтығысы;
  • хромосомалық ауытқулар;
  • фенилкетонурия (ақуыз алмасуының бұзылуы) ;
  • менингит және энцефалит ерте балалық шақта.

Зият ауытқулары бар балалар үш топқа бөлінеді [1] :

  1. Жеңіл дәрежесі - олигофрения популяциясының 75%, Векслер интеллектінің деңгейі 50-70;
  2. Орташа дәрежесі - олигофрения жалпы популяциясының 15%, интеллект деңгейі 20-50;
  3. Ауыр дәрежесі - халықтың 5%, интеллект деңгейі 20-дан аз.

Біз қарастырырып отырған зият бұзылысының - жеңіл түрі. Зиятында жеңіл ауытқушылығы бар оқушылар өз жасындағы балалардан артта қалып отырады. Оларды мыныдай белгілері бойынша білуге болады: өз-өзіне қызмет жасау дағдысының дұрыс қалыптаспауы, сөйлеуінің, жалпы моторикасының кеш дамуы, үлкендермен байланыс кезінде сұрақтарға нақты жауап бермей жалтарып қашқақтап отырады. Сөйлеген кезде құрмалас сөйлемдерді айта алмай, өз ойын толық жеткізе алмай жатады. Қойылған сұрақтарға нақты жауап бермей, бұрмалап тек өзі білетін мәліметтермен шектеледі. Осының салдарынан өз құрдастарымен бірге араласпай, назардан тыс қалып жатады.

Зиятында жеңіл бұзылыс түрі бар оқушылар арнайы мектептерге білім алады. Жыл сайын ПМПК мамандарының тексерісі, қорытындысы негізінде оларға арнайы мектептерде психологиялық-педагогикалық-медициналық көмек көрсетіледі. Сонымен қатар, арнайы білім беру бағдарламасы бойынша білім алады.

Зиятында ауытқушылығы бар балаларды оқыту, оларды қоғамға кіріктіріп, әлеуметтік бейімделуіне, өз-өзіне қызмет жасауына ықпал жасайтын «Әлеуметтік тұрмыстық бағдардау» пәні болып табылады.

«Әлеуметтік тұрмыстық бағдарлау» пәні арнайы мектептерде оқушылардың әлеуметтік жағдайы, өз-өзіне қызмет көрсету дағдыларын қалыптастыру негізінде 1-9 сынып оқушыларына оқытылады. Аталған пән бойынша өзінің зерттеулерімен, оқытудың тиімділігімен, бағдарламадағы оқыту процесінің жүйелігі жайлы зерттеу жұмыстардан, ғылыми мақалалардан аңғаруға болады. Зияты зақымдалған балалардың ерекшеліктерін зерттеген Ресейлік ғалымдар, олардың ішінде В. В. Воронкава, А. К. Аксенова, В. Г. Петрова сынды авторларды атауға болады. [2, 3, 4] . Отандық ғалымдар ішінен А. К. Рсалдинова, Б. С. Халықова, Н. Ю. Юлдабаеваның «Қол еңбегі» атты арнайы мектептің зерде бұзылыстары бар оқушыларға арналған әдістемелік оқулығы бар.

«Әлеуметік тұрмыстық бағдарлау» пәні Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 20 қыркүйектегі № 469 бұйрығына 88-қосымша және Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3-сәуірдегі №115 бұйрығына 528-қосымшасының жаңартылған үлгілік оқу бағдарламасы негізінде оқытылады.

«Әлеуметтік тұрмыстық бағдарлау» осыдан соң (ӘТБ) пәнінің мақсаты- зияты зақымдалған білім алушылардың әр түрлі тұрмыстық және әлеуметтік жағдайларын, сонымен қатар, дағдыларын қалыптастыру болып табылады. Міндеттерін айта кететін болсақ: оқушылардың тұрмыстық дағдыларын қалыптастыру, тұрмыстық ортада өзін бағдарлай алуы, адамдармен тұрмыстық ортада қарым-қатынас орнату, психофизиологиялық даму ерекшеліктерін түзетуге жұмыс жасау.

ӘТБ пәні сабақ уақытында және сабақтан тыс уақыттарда да жүзеге асырылып отырылады. ӘТБ пәні мынадай мазмұндарды қамтиды: «Денсаулық», «Киім, аяқ киім», «Тамақтану», «Тұрғын үй», «Көлік, көше», «Отбасы», «Мерекелер, салтанатты жиындар», «Кәсіпорындар, мекемелер және байланыс құралдары» бөлімдерін қамтиды. Аталған бөлімдер бойынша оқушылардың дағдыларын рет-ретімен қалыптастыра отырып, оны өмірде қолдану жолдары үйретіледі. Тұрмыстық дағдыларын қалыптастыруға ықпал ететін тиімді сабақ жоспардары әзірленіп, педагог маманның сүйемелдеуімен бірге жұмыстар жүргізіліп отырады. Бұл ретте педагог маман оқушылардың ерекшеліктеріне мен қабілеттерін басшылыққа ала отырып, тиімді әдіс-тәсілдерді қолдануды көздейді. [5]

Аталған бөлімдер өзінің мақсат-міндеттерін айқындай отырып, оқыту жүйесін құрайды. Біз аталған бөлімдер бойынша: «Тамақтану», яғни 3-бөлімді қарастырамыз. Себебі, біздің қарастырып отырған тақырыбымыз: Зиятында жеңіл ауытқушылы бар жоғары сынып оқушыларының аспаздық дағдыларын ауызша оқыту әдістері арқылы қалыптастыру.

Енді, «Тамақтану» бөліміндегі тақырыптар мен ондағы оқу мақсаттары-міндеттері нақтылап алайық. «Тамақтану» бөлімі бойынша:

5-сыныпта 1) азық-түлік: олардың түрлерін ажырата білу (көкеністер, жемістер, сүт, нан, дәнді дақылдар т. б)

2) ас үй, асхана ыдыстары, техника: ас үй ыдыстарының түрлері, оларды күту, сақтау ережелерін білу, мектептің асханасындағы мәзірлерді білу;

3) ас даярлау: шайды дайындау ережесі, жұмыртқадан тағамдар әзірлеу, бутерброд жасау, қауіпсіздік ережелерін білу, таңғы ас дайындай алу;

6-сыныпта 1) азық-түлік: азық-түліктің сақталу мерзімін білу, тоңазытқыштарға орналастыра білу, сапасы бұзылған тағамдарды ажыра алу, бұзылған тағам өнімдерін тастау;

2) ас үй, асхана ыдыстары, техника: плитаны пайдалану (газ, электр), ас үй ыдыстарын жуу, сүрту, азық-түлік өнімдерін сөрелерге дұрыс орналастыру:

3) тамағамды дайындау: макарон пісіру, ботқа пісіру, картоп пісіру, рецепт бойынша салат әзірлеу, кешкі ас мәзірі бойынша дастархан дайындау;

7-сыныпта: 1) азық-түлік: көкеністердің, еттің, балықтың алғашқы өңдеуін білу;

2) ас үй, асхана ыдыстары, техника: таңдап алынған мәзір бойынша түскі ас дайындау, асхана құралдарын пайдалана білу;

3) тамақ дайындау: түскі асты дайындай білу, суып қалған тағамдарды жылыта білу;

8-сыныпта: 1) азық-түлік: өнім мақсатын білу, сақтау уақытын білу, пайдалануға болатын өнімдерді сатып алу, сатып алу тәсілдері туралы білу;

2) ас үй, асхана ыдыстары, техника: қамырды жасау үшін қолданылатын тәсілді білу, консервілеу үшін ыдыстарды стерилизициялау жолдары;

3) тамағамды дайындау: пеште және қыздырма пеште қамырдан түрлі тағамдар әзірлей білу, көкеністерді, жемістерді сақтауды білу, аспаздық кітап бойынша бағдарлауды үйрену;

9-сыныпта: 1) азық-түлік: түрлі топтардан тағамдарды ажырату, пайдалы немесе пайдасыз өнімдерді ажырата білу, тағамды тиісті орындарға орналастыру;

2) ас үй, асхана ыдыстары, техника: ас үй құралдарын дұрыс қолдану, тамақтан кейінгі үстелді жинау, жуу;

3) тамағамды дайындау: ұлттық тағамдарды дайындау, рецепт бойынша тамақ дайындау, мерекелік үстел дайындау жолдарын үйрену;

Осы аталған тақырыптар және ондағы оқу мақсаттарына сай түрлі әдіс-тәсілдер қолданылады. Тиімді әдіс-тәсілдер, жаңа технологияларды қолдану оқушыдардың дағдыларын сапалы қалыптастыруға ықпал жасайды. Оларға: демонстрация, иллюстрация, сюжеттік рөлдік ойындан ауызша оқыту әдістері, экскурсия жасау. Осы аталған әдістердің ішінде ең тиімді жолы ауызша оқыту әдістерін педагогикалық технологиялармен ұштастыру арқылы оқушылардың аспаздық дағдыларын қалыптастыру болып табылады.

Зиятында жеңіл ауытқушылығы бар балалар жоғары сынып оқушылардың аспаздық дағдыларын дамыту үшін ауызша оқыту әдістерін қолдану маңызды рөл атқарады. Ауызша оқыту әдістерінің жеті түрі бар:

  • оқиға;
  • түсіндіру;
  • нұсқаулық;
  • дәріс;
  • әңгімелеу;
  • пікірталас;
  • кітаппен жұмыс.

Біз осы ауызша оқыту әдістерінің ішінен аспаздық дағдыларын дамыту үшін түсіндіру, әңгімелеу әдістерін қолдандық.

Әңгімелеу - мұғалім оқу материалын бір ізділікпен баяндайды. Ол үшін материалды айқын, сенімді етіп бейнелейді. Дәректерге негізделген мәліметтер әңгімелеу түрінде сөз етіледі. Әңгімелеуде талдау, жинақтау тәсілдері пайдалынылады. Әдетте, әңгімелеу, арнайы мектептің бастаушы сыныптарда он, он бес, ал жоғарғы сыныптарда жиырма -жиырма бес минутқа созылады. Әнгімелеу оқыту процесінің әр түрлі кезеңінде пайдаланылады: кіріспе, оқыту, бекіту.

Әңгімелеу әдісіне қойылатын жалпы педогогикалық талаптар:

  • әңгімелеу мазмүны маңызды, оқу бағдарламадағы тақырыпқа сәйкес болуы тиіс;
  • мүғалім әңгімелеумен бірге сурет, көрнекілік пайдалануы тиіс.

Арнайы мектеп оқушыларының зейін ерекшеліктерін ескере отырыпәңгімелеу бір маңызды оқиға туралы болуы тиіс, сондықтан оқушыларды жиі сұрақпен алаңдатпау керек. Арнайы мектептерде әңгімелеуді ұжыммен бірге жүргізуге болады. Мысалы, әңгімелеудің басын мүғалім бастайды, ал окушылар жалғастырады, бірақ оларға мазмұны таныс болуы тиіс. Қиын танымсыз сөздерді алдын ала талдап оқыту керек . Әңгімелеу аяқталған соң мүғалім оқушылармен қорытынды әңгіме жүргізуге тиісті, өйткені олардың толық түсінгедеріне толық сенімді болу керек.

Әңгіме - оқытудың ең көп тараған әдісі. Әңгіме әдісі - сабақта сұрақ- жауап түрінде және сабақтын кез - келген кезеңінде қолданылады: үйдегі және өз бетімен жұмысты тексергенде, жаңа материалды түсіндіргенде, бекіту мен қайталауда, үй жұмысын қорытындылағанда, оқушылардың сұрақтарына жауап бергенде тағы сол сияқты. Әңгіме зерттейтін материал бойынша оқушылардың кейбір мәліметтері мен білімдері болған уақытта жүргізіледі. Әңгіме оқу материалын оқушының жеке өмірі тәжірибесімен байланыстыруға мүмкіндік береді. Әңгіме әдісі арқылы оқушы кажетті білімді кайта жаңғыртып және оларды жаңа оқу материалымен байланыстырады. Мүғалім кері байланысты жүзеге жақсы асыра алады. Оқу - нені біліп, нені білмейтінін анықтап, білімдегі қателерді тузету арқылы, жаңа мәліметтер бере алады. Әңгіме әдісін кез - келген сыныпта, оқу кезеңінде пайдалануға болады. Әдетте жаңа оқу материалын түсіндіру әңгімеден басталады. Оның негізгі мақсаты - жаңадан өткен материалды еске түсіру және балаға таныс нәрсемен байланыстыру.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Көмекші мектептің бастауыш сынып оқушылар қарым - қатынасының зерттелуінің жағдайы
ЗИЯТЫ ЗАҚЫМДАЛҒАН БАЛАЛАРДЫ ОҚЫТУ ҮРДІСІНІҢ ТҮЗЕТУШІЛІК БАҒЫТЫ
Арнайы педагогиканың пәндік салалары
Тұқым қуалаушылық ауруы бар балалар
Кемтар балалар тұлғасын зерттеген ғалымдарды атаныз
Зият ауытқуларының түрлері
Көру кемшілігі бар балаларды мектепте оқыту
Зиятында ауытқуы бар балалар
Кіші мектеп жасындағы ақыл есі кем оқушылардың жазбаша сөйлеу дағдысын қалыптастыру
Зияты зақымдалған кіші мектеп жасындағы оқушылардың адекватты өзін - өзі бағалау ерекшеліктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz