Ахмет Байтұрсынов және әдебиеттану терминдері



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Ахмет Байтұрсынов және әдебиеттану терминдері
Баяндама
Рымбек Абзал фил(қ)-101, Джаскайратова Даяна фил(қ)-101

Ахмет Байтұрсынов 1926 жылы қазақ әдебиетін толық зерттеп, нақышын келтіріп, қазақ әдебиетінде ұмытылып бара жатқан дүниелерді жинап, Әдебиет танытқыш атты кітабын басып шықты. Кеңес кезіндегі сұм саясат, қазақ әдебиетін, мәдениетін, тарихын қанша жойғысы келгенімен, еліміздің арыстары, Алаштың ардақтылары тынбай еңбек етіп, сақтап қалуға тырысты. Қазақтың тілі мен тарихы үшін жандарын құрбан етті десек те болады. Бүгінде, Алаш ардақтылары ақталып, есімдері Алты Алашқа мәлім болды. Олардың жазған еңбектері мен жасаған ерліктері Тәуелсіз елдің ұландарының мәңгі жүрегінде сақталып қалмақ.
Қазіргі таңда, Ахмет Байтұрсынұлының еңбектерін мектеп бағдарламасына енгізсе, ұрпақтарымызға рухани азық болар еді. Атап айтатын болсақ, Әдебиет танытқыш атты кітабындағы қазақтың сонау ғасырлардан бері жиналған құнды дүниелерін, мектеп бағдарламасына сай етіп жазса, және сыныпаралық қалыптарын сақтап, нақышын келтіріп қайта басып шықса, әдебиетіміздің нақты әрі жаңа қалпы қалыптасар еді. Ұлты үшін жанын құрбан еткен ұлы тұлғалардың еңбектерін елеусіз қалдырсақ, кейінгі ұрпақтың ұлт алдындағы борышы, обалына қалмасына кім кепіл.
Ахмет Байтұрсынұлы қазақ әдебиетінің негіздерін саралап, жік-жігімен қалыптастырған ұлы тұлға. Керегін алып, қажетсізін назардан тыс қалдырып, үлкен дүние жасаған. Ахмет Байтұрсынұлының жасағанын ешбір ғалым жасай алмады. Бұған дәлел, Қ.Жұбановтың айтқан сөзі: Ұлт ұстазының жасағанын, әлем ғалымдары жиналып жасай алмаған деседі.
Әдебиет танытқыш кітабына сүйенсек, мектеп бағдарламасынан өзге, таныс емес ұғымдарға кезігеміз. Бұл ұғымдарға үңілетін болсақ, әдебиетімізді терең түсіне аламыз. Бұл кітапта, әлемдік әдебиет терминдерінің, ана тілімізде түсіндірілетіні ғажап дүние. Әлем түсіндіре алмаған терминдерді Ахмет Байтұрсынов қарапайым тілмен, құлаққа жағымды, әрі көңілге ұғымды етіп түсіндірген болатын. Бұған көпжылдық тәжірибе мен еңбектің нәтижесі әсер етті дегеніміз артық болмас.
Ахмет Байтұрсынов әдебиеттің асылын өнер деп түсіндірді. Қарапайым өнер ұғымын терең зерттеп, оны жік-жігімен саралап, әрбіріне жекеше ұғым берді. Ахмет Байтұрсынов өнердің жалғасы әдебиетіміздің толық қалыптасуына әкеп соғатынын, және нәтижесінде қазақ әдебиетінің қалыптасатынын ұғындырған. Негізінен, Ахмет Байтұрсыновтың қазақ әдебиетін тарқатуы, қазақтың Шежіресі іспетті. Оны, баяндама барысында байқауға болады. Енді, өнер ұғымын қалай тарқатқанын түсіндіре кетейін.
Ахмет Байтұрсыновтың зерттеуінше, өнер екі түрге бөлінеді: көрнек өнері және тірнек өнері. Әдебиетіміздің асылы көрнек өнерінен жалғасын табады. Көрнек өнері ішінен беске бөлінеді: 1)Сәулет өнері; 2)Сымбат өнері; 3) Кескін өнері; 4) Әуез өнері; 5) Сөз өнері (қазақша Асыл сөз, арабша әдебиет, еуропаша литература). Біздің баяндамамыз сөз өнерінен яғни Асыл сөзден тарқатылатын болады. Өнер алды - қызыл тіл деген мақалдың да шығуы тегін емес. Мұны қазақ мал баққан, сөз күйттеген халық болып, сөз қадірін білгендіктен айтқан. Ахмет Байтұрсыновтың түсіндіруінше Алдыңғы өнердің бәрінің де қызметін шама - қадырынша сөз өнері атқара алады, қандай сәулетті сарайлар болсын, қандай сымбатты я кескінді суреттер болсын, қандай әдемі ән-күй болсын, сөзбен сөйлеп, суреттеп көрсетуге, таныстыруға болады. Бұл өзге өнердің қолынан келмейді... деген екен.
Ендеше, сөз өнерінің қалай сипатталатынын талдап көрейік. Ойлап қарасақ, сөз өнері адам санасының үш негізіне тіреледі: 1) ақылға; 2) қиялға; 3) көңілге. Ақыл ісі - аңдау, яғни нәрселердің жайын ұғыну, тану, ақылға салып ойлау, қиял ісі - меңзеу, яғни ойдағы нәрселерді белгілі нәрселердің тұрпатына, бейнесіне ұқсату, бейнелеу, суреттеп ойлау; көңіл ісі - түю, талғау. Бұдан түйетініміз, адам басқа адаммен сөйлескен кезде, осы үш принципті іштей сақтап, ойлап, аңдап барып бірақ сөйлеуі қажет. Сонда ғана ұқыпты, әрі ұғымды диалог құрай алады.
Ахмет Байтұрсынов, ана тіліміздің бастапқы, әрі соңғы қолданысын сараптап, сөз дұрыстығын, тіл анықтығын, тіл әуезділігін, тіл тазалығын, тіл дәлдігін, тіл көрнектілігін қалыптастырып, әрбіріне жеке мысалдарын жазып, ережесін қалыптастырған.
Оларды саралап кеткенім артық болмас:
1) Сөз дұрыстығы
Сөз дұрыстығы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ тілі мен оның терминологиялық қорын дамытудағы білімпаздар съезінің алатын орны
Ғалым аты біліммен, тіл біліміне сіңірген еңбегімен өлшенбек
Ахмет Байтұрсыновтың тіл біліміне қажет терминдерінің жалпы сипаты
Ахмет Байтұрсыновтың қазақ тілі ғылымының дамуына қосқан үлесі
Әдебиеттің әліп биі-асылы Ахмет
А.Байтұрсынұлы және терминология мәселелері
Қазақ тіл ғылымының атасы
Терминтанудың тарихы тереңде
Өлең бунақтарының таңдамалы және талғамалы орындары (А.Байтұрсыновтың "Әдебиет танытқыш" еңбегінің "Өлең ағындары" тарауы негізінде)
Ахмет Байтұрсыновтың еңбектері
Пәндер