АХМЕТ БАЙТҰРСЫНОВ ЖӘНЕ БІЛІМ
ӘӨЖ
АХМЕТ БАЙТҰРСЫНОВ ЖӘНЕ БІЛІМ
Өз фамилияңды жаз -Химия және биология мұғалімдерін дайындау бағдарламасы 2 курс студенті, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті, Тараз қ.
Бупетаева С.Ж. - "Педагогика" кафедрасының аға оқытушысы, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті, Тараз қ.
Түйіндеме: Мақалада Ахмет Байтұрсыновтың бала оқыту, оқу-тәрбие жұмысын жетілдіру саласында көп ізденгендігі, Оқу құралы, Әліпби, Тіл құралы, Әдебиет танытқыш атты еңбектерінде көтерген мәселелері жайлы сөз болады.
Түйінді сөздер: тіл, оқыту, еңбектер, сауаттану, ұлт, өнер, мақала, тіл білімі
Қазақ халқының біртуар перзенті қоғам және мемлекет қайраткері, ақын, әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, ұлттық жазудың реформаторы, ағартушысы Ахмет Байтұрсынұлы өз ұлтының бағы жану үшін өмірдің барлық саласына араласты.
Ахмет Байтұрсынов өзінің барлық саналы өмірін қазақ қоғамында білім-ғылымның дамуына, мектеп ағартушылық ісінің жанданып, кемелденуіне, өркендеуіне бағыштады. Ауыл мектептерінде, семинарияларда бала оқытты, оқу-тәрбие жұмысын жетілдіру саласында көп ізденді. Сонымен бірге Әліпби, Тіл құралы, Әдебиет танытқыш атты кітаптарын қазақ тілінің табиғаты, өзгешеліктері, араб алфавитінің жайы, терминдер, қазақ тілін оқытудың жайы, әдістемесі туралы көптеген мақалалар жазады.
Сауаттылықты негiзгi жазуға жаттықтыру деп қарады.
Өз заманында Қазақтың Ахаңы деген құрметті атқа ие болған Ахмет Байтұрсыновтың ұлтына сіңірген ұланғайыр еңбегі сан алуан. Мәселен, ол - ең бірінші, қазақ балаларының ана тілінде сауатын ашуына көп күш жұмсаған ағартушы, ең алғашқы Әліппе оқулығының авторы, екіншіден, қазақтың әлеуметтік өмірінің барлық саласына назар аударған ірі публицист, қоғам қайраткері, үшіншіден, өнер иесі - ақын, қазақтың тілін ғана емес, әдебиетін де зерттеген ғалым және халықтың тез сауаттанып хат тануы үшін араб жазуын реформалап, ұлттық деңгейге көтерген бірегей тұлға. Ұзақ ғасырлар бойы қолданыста болған араб жазуының халықты тез әрі жаппай сауаттандыру жолында бір қатар кедергілері мен қиындықтары болды және араб әліпбиін пайдаланған күллі түркі халқы ортақ орфографиялық заңдылыққа бағынған болатын.
Ахмет Байтұрсынұлының алғашқы еңбегі - Қырық мысал. Осы кітаптың өзінде отаршылдықтың зорлық-зомбылық, елдің тұралаған халін тұспалдап болса да жеткізді. Ол қазақ ғылымы тарихында ұлттық әліпби жасап жаңа үлгі ұсынған ғалым.
Оқу құралы еңбегі қазақ жазуының тұңғыш әліппелерінің бірі. Ал Тіл құралы қазақ тілінің тұңғыш оқулығы. Ол ұлтына, қазақ халқына қызмет етті. Бұл туралы Сәкен Сейфуллин кезінде былай деген болатын: ...Ахмет халықтың арын іздеп, өзінің ойға алған ісі үшін бір басын бәйгеге тіккен, Ахмет Байтұрсынұлы ұлтын шын сүйетін шын ұлтшыл.Осы жерге тік жақша қойып, адебиеттер тізіміндегі номер қойылу керек.
Ахмет Байтұрсыновтың Оқу құралы Қазақша алифба еңбегі алғаш рет 1912 жылы Орынборда жарық көрген. Балалар, бұл жол басы даналыққа деп басталатын Тарту атты ғибрат тақпағы оқулықтың беташары ретінде берілген. Кітаптың əріп үйретер бірінші бетінің үстіңгі оң жағына Құран сөзі: Биисми-иллаһи-рахмани-раһим шырағдандай орналастырылған. Əрі қарай қазақ əріптері төте жазу жолымен рет-ретімен беріледі де, əрбір харіптің тұсына таңбасы жəне сол таңбаның атауы жазылады. Төменгі жағына оқытушыға түсінік, яғни нұсқаулығы қатар ұсынылады. Сонымен қатар, соңына қазіргідей шұбыртпалы ұзыннан ұзын мəтіндер емес, қысқа əрі нұсқа оқушының ұғымына сай, түсінігіне лайық мəселен: Туысқан-туған атаулары, тұрмысқа қажетті киім, үй саймандары, ыдыс-аяқ, мал мен хайуандар атаулары жəне ас тағамдармен қатар, дене мүшелерінің атаулары т.б. қамтылады. Оқу құралының екінші кітабы алғашқы əліппеге жалғасты ретінде толықтырылып, 1913 жылы шыққан. Əліппе - астары атты əліппеге жетекші құралы 1924 жылы жазылған.
Байтұрсыновтың Оқу құралы қазақша жазылған тұңғыш әліппелердің бірі. Бұл әліппе оқытудың жаңа әдістері тұрғысынан өңделген еңбек. Оқу құралы қазіргі әдістеме тұрғысынан әлі күнге дейін маңызды оқулық ретінде бағаланады. Байтұрсынұлы қазақ тілінің тазалығын сақтау үшін қам қылды. Өзі жазған Өмірбаянында (1929): ...Орынборға келгеннен кейін, ең алдымен, қазақ тілінің дыбыстық жүйесі мен грамматикалық құрылысын зерттеуге кірістім; одан кейін қазақ әліпбиі мен емлесін ретке салып, жеңілдету жолында жұмыс істедім, үшіншіден, қазақтың жазба тілін бөтен тілдерден келген қажетсіз сөздерден арылтуға, синтаксистік құрылысын өзге тілдердің жат әсерінен тазартуға әрекеттендім; төртіншіден, қазақ прозасын жасанды кітаби сипаттан арылтып, халықтық сөйлеу тәжірибесіне ыңғайластыру үшін ғылыми терминдерді қалыптастырумен айналыстым деген.
Ахмет Байтұрсынов қазақ мектептерінің мұқтаждығын өтеу мақсатында қазақ тілін пән ретінде үйрететін тұңғыш оқулықтар жазды. Оның үш бөлімнен тұратын Тіл - құрал атты оқулығының фонетикаға арналған бөлімі 1915 жылы, морфологияға арналған бөлімі 1914 ж., синтаксис бөлімі 1916 жылдан бастап жарық көрді. Тіл - құрал - қазақ тілінің тұңғыш оқулығы. Оқулық қазіргі қазақ тілі оқулықтарының негізі болып қаланды. Тіл - құрал қазақ тіл білімінің тарау-тарау салаларының құрылымын жүйелеп, ғылыми негізін салған зерттеу. Оның тілдік ұғымдарға берген анықтамаларының ғылыми тереңдігі, дәлдігі қазіргі ғылым үшін өте маңызды. Ол тұңғыш төл грамматикалық терминдерді қалыптастырды. Мысалы, зат есім, сын есім, етістік, есімдік, одағай, үстеу, бастауыш, баяндауыш, пысықтауыш, шылау, сөз таптары, сөйлем, құрмалас сөйлем, қаратпа сөз, т.б. жүздеген ұлттық терминдерді түзді. Сондай-ақ Байтұрсынұлы практикалық құрал ретінде Тіл жұмсар, мұғалімдерге арналған Баяншы деген әдістемелік кітаптар жазды. Ол - қазақ тілін оқыту әдістемесінің іргетасын қалаған ғалым-ағартушы. Байтұрсынұлы оқулығындағы тілдік категорияларды ұғындыру мақсатында енгізген сынау, дағдыландыру деген арнайы бөлімдері қазіргі кездегі әдістеме ғылымы үшін де өз маңызын жойған жоқ.
Ол шын мәнінде ұлт ұстазы, халқымыздың рухани көсемі бола білді. Aхмет Байтұрсынұлының есімі барша оқырман қауымға таныс болғанымен, оның өмірі, ағартушылық жол туралы кей деректерді біле бермеуі мүмкін. Ол таланты әдебиеттанушы, терең ойшыл, жарқыраған публицист, жанқияр саясаткер, ізденуші ғалым, керемет ұйымдастырушы және өз халқының дамуына қызығушылық танытқан қоғам қайраткері болды. Ол энциклопедиялық ақыл мен ерекше қабілеті бар, өмірді жақсы көретін және айналасындағы адамдардың тағдырына бей-жай қарамайтын адам. Ол айналасындағылардың барлығын өзінің таусылмайтын қуатымен терең мағыналы тіршілігімен тарта білді.
Қазақтың Ахметі халқы үшін, - түнгі аспанның төрінде жарқырап тұрған шоқ жұлдыз! Ахаңның өміріндегі ең маңызды істер қатарына үш ірі бастамасын жатқызуға болады: Әлихан Бөкейханов және Міржақып Дулатовпен бірлесе отырып, өз заманы мен бүкіл қазақ халқы үшін тұтас ұлттың сауаты мен білім айнасына айналған Қазақ газетін басып шығару; Араб графикасын қолдану арқылы Төте жазу жасау және Алаш-Орда үкіметінің қызметіне қатысу. Әрине, Ахмет Байтұрсыновтың өмірінде өзгеде айтулы оқиғалар болды, алайда дәл осы оқиғалар қазақ халқының өмірінде терең із қалдырды. Қазақ газетінде сол кездегі қайта өркен деген қазақ қоғамы үшін танымның кең көкжиегін ашқан мазмұны терең және тақырып бойынша алуан түрлі материалдар басылып шықты. Осы басылымның арқасында қазақтар қазіргі өркениетті ұлттың қалыптасуы жолында өте маңызды қадам жасады деп айтуға болады. Дәстүрлі көшпелі қазақтың ұзын құлағы осы газеттің арқасында ақпарат беру құралынан ұлтты тәрбиелеу және кеңінен ағарту құралына айналды. Қазақ зиялыларының айтуынша, бұл белгі қазақтар арасында Еуропалық ғылым мен өнердің таралуын, Қазақ ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz