ҚАРА-АЛА ЖӘНЕ ГОЛШТИН ТҰҚЫМ СИЫРЛАРЫ СҮТІНІҢ САПАСЫ МЕН ХИМИЯЛЫҚ ҚҰРАМЫНЫҢ МАУСЫМҒА БАЙЛАНЫСТЫ ӨЗГЕРІСІ
С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің Ғылым жаршысы =
Вестник науки Казахского агротехнического университета им. С. Сейфуллина. - 2015. - №4 (87). - Б.39-45
ҚАРА-АЛА ЖӘНЕ ГОЛШТИН ТҰҚЫМ СИЫРЛАРЫ СҮТІНІҢ
САПАСЫ МЕН ХИМИЯЛЫҚ ҚҰРАМЫНЫҢ МАУСЫМҒА
БАЙЛАНЫСТЫ ӨЗГЕРІСІ
Бекқожин А.Ж.,Нурманова А.
Аннотация
Бұл мақалада Ақмола облысының Родина агрофирмасы ЖШС жағдай-ында ғылыми-шаруашылық тәжірибенің кешендік зерттеулерін жүргізу нәти-жесінде әкелінген голштин тұқымы сиырлары мен жергілікті қара-ала сиырла-рының сүт өнімділігі көрсетілген. Атап айтқанда, екі топ сиырларының төрт жыл мезгілі бойынша сүттің өнімділігі, құрамындағы май, ақуыз, құрғақ зат пен лактоза мөлшерлеріне, сүттің органолептикалық көрсеткіштеріне сипаттама берілген. Қара-ала және голштин тұқым сиырларының сүтінің сапасы мен химиялық құрамы салыстырылған.
Кілттік сөздер: жыл мезгілдері, сүт өнімділігі, сүттің химиялық құрамы, майдың массалық үлесі, ақуыздың массалық үлесі.
Кіріспе
Сүт өнеркәсібі - агроөнеркәсіп кешенінің ең негізгі бір бөлігі болып табы-лады. Сүт өнеркәсібінің тиімді қалыптасуы халықтың өмір сүру деңгейінің жоғарылауына және тұтынушылардың сүт өнімімен қамтамасыз етілуіне мүм-кіндік береді. Сүт өнеркәсібі өнімі - кәсіпорынның өндірістік қызметіндегі сүт өнімі түріндегі пайдалы нәтижесі. Қазіргі уақытта мемлекетте сүт өндірісі тұрақтанып, сүт және сүт өнімдері өнеркәсібі дамып келеді [1].
Осыған байланысты, сүт өндірісі дүние жүзінде соңғы 30 жыл ішінде едәуір көбейді. Сонымен бірге санитарлық сапасына деген талап өсті. Сүт өнім-дерінің бәсекелестігін жоғарылатуға татымдылық дәрежесінің жақсаруы, тауар-лық түрі, сақтау кезіндегі төзімділігінің әсері зор. Сүт өнімдерін анықтайтын негізгі факторлар: аймақтық ерекшеліктер, әр түрлі категориядағы халықтық тамақтанудың үйлесімді талабы [2].
Сүт - басқа ешқандай азықтүлік тең келмейтін аса бағалы тағамдық өнім. Өйткені организмге оның құрамды бөлігінің 95-98% сіңеді. Сондай-ақ сүт - амин қышқылдарының, макро және
Микроэлементтердің, витаминдердің тап-тырмайтын көзі. Сүттің тағы бір қасиеті: түрлі азық түлікпен керемет үндесіп, адам тағамының биологиялық құндылығын көтереді. Өйткені сүт организмге түсетін қоректік заттардың көлемін арттырып, сонымен бірге май, ақуыз, көмірқышқыл, минералды тұздары, т.б. бірлесе, үндесе отырып, қоректік заттардың организмге сіңімділігін жақсартады [3].
Сүттің құрамы оның биологиялық және азықтық құндылығына байла-нысты және ол сүт өнімдерінің дайындалуына және сапасына әсер етеді. Сондықтан сүттің химиялық құрамына әсер ететін факторларды анықтау өте маңызды. Сүттің химиялық құрамы өте күрделі. Оның құрамына мыналар кіре-ді: 87,5% су, 12,5% құрғақ зат, 3,7% май, 3,3% ақуыз, қант 4,8% және 0,7% минералды заттар.
Сонымен қатар сүттің құрамы мен сапасы мал түріне, яғни мал тұқымы, лактация сатысы, жасы, денсаулық жағдайы, жыл мезгілі сияқты сыртқы факторларға байланысты [4].
Сүт көлеміне әсер ететін негізгі сыртқы факторларға сауын маусым кезеңі мен азықтандыру рационы әсер етеді. Зерттеулер көрсеткендей, жаз бен күзде бұзаулаған сиырлардың сүт көлемі ең жоғары және ең аз сүт мөлшері қыс пен көктемде алынған [5].
Ал бірінші мен екінші сауын маусым кезеңдерін салыстырғанда, екінші сауын маусым кезінде сүт өнімділігі, құрғақ зат көлемі, ақуыз бен лактоза мөлшері жоғары болды. Бірақ екі сауын маусым бойынша сүттің майлылығы қалыпты болып, өзгеріске ұшырамаған [6].
Сүт құрамы мен сапасы әр маусымда өзгеретінін әр түрлі зерттеулер көр-сеткен. Солардың нәтижелерінде көлемі ең көп және құрамы жағынан ең бай сүт көктемде сауылғаны байқалған. Май, ақуыз, лактоза және құрғақ заттардың көп мөлшері жаз айларында жиналған. Көлемі жағынан ең көп сүт - жаз айларында, ал ең аз сүт мөлшері қыс айларында алынған. Бірақ cүт өнімділігі ең көп жазда алынғанымен, сол сүт құрамында май, ақуыз және құрғақ заттардың мөлшері өте аз болғаны байқалған
[7].
Сүттің жыл мезгілі мен сауын маусым кезеңдеріне байланысты химиялық құрамы мен термотұрақтылығының өзгеруі оның термиялық өңделуіне әсерін тигізеді. Сүттің термотұрақтылығы жоғары болған сайын құрамындағы ақуыз бен минералды заттар жоғары температурада қасиетін жоғалтпай өзгеріске ұшырамайды деген тұжырымдар да орын алған
[8].
Сүт қышқылдылығы сауын маусым кезеңінде өзгереді. Сиыр тұқымы әр түрлі, бірақ азықтандыру сапасы бірдей болатын сиыр сүттерінің қышқылдылығы бірдей. Қышқылдылық балаусылықтың көрсеткіші болса да, оның жоғары болуы азықтандыру сапасына байланысты. Сүттің тұздық құрамы да жыл бойына өзгеріп отырады. Ерігіш кальций мөлшері наурыз айынан шілде айына қарай уақытта азая бастайды, ал лимон қышқылы керісінше өседі. Бұл сүттің термотұрақтылығын арттырады [9].
Қазіргі кезде елімізде өсірілетін сүтті бағыттағы ірі қара тұқымдарын негізінен 4 топқа топтастырады. Олар: ірі қараның қара-ала, қызыл, қоңыр, сары-ала тұқымдары. Оның ішінде қара-ала тұқымы ерекше орын алады. 1925 жылы қара-ала тұқым Кеңес Одағында жоспарлы тұқым болып қабылданды. Қазіргі кезде асылдандыру жұмыстары мал сүттілігін жоғарлатуға, сыртқы пішінін, тұқымдық қасиетін жақсарта түсуге бағытталған.
Зерттеулер материалы мен әдістемесі
Қазақстанда голштин қараала тұқымы сиырларын сүттілігіне және салмағына қарай сұрыптау жүргізіледі. Соның қорытындысында сүті де, салма-ғы да, сырт пішіні де, желіні де, сиымдылығы да өзгеше қара-ала тұқым малы өсірілуде [10].
Зерттеулер 2014-2015 жылдары Ақмола облысы Целиноград ауданының Родина агрофирмасы ЖШС-да өткізілді.
Родина агрофирмасы ЖШС Целиноград ауданының солтүстікбатыс бөлігінде құрғақ дала аумағында орналасқан. Шаруашылық 1961 жылдың наурызында үш бөлімшеден тұратын Новый быт колхозының негізінде құрылған. Облыс орталығы Көкшетау қаласынан - 470 шақырым қашықтықта.
Сиырлардың сүт өнімділігі тәуліктік және жылдық сүт сауымы бойынша, сүттегі май мен ақуыз мөлшері бойынша бағаланды. Родина агрофирмасында сиырлардың сүт өнімділігінің нақты есебі күнделікті сүт сауымының мәлімет-тері бойынша жүргізіледі.
Зерттеудің негізгі объектісі болып шаруашылық жағдайында өсірілген қара-ала және голштин тұқым сиырлары алынған. Екі тұқым сиырлары жаста-ры, салмақтары, өнімділік көрсеткіштері бойынша екі топқа 15 сиырдан ірікте-лінді. Бақылау тобы ретінде қара-ала тұқым сиырлары алынды.
Жұмыс барысында екі топ сиырларының жыл мезгілдері бойынша сүт сапасы және өнімділіктері салыстырылды.
Сүттің физикалық-химиялық көрсеткіштері сүттің орташа тәуліктік сына-масы бойынша Milkoscan FT+ (Дания) инфрақызыл спектрофотометрді қолда-ну арқылы жүргізілді.
Milkoscan FT+ инфра-қызыл спектрофотометрі - жоғары өнімділікті, то-лығымен автоматтандырылған сүт талдағыш аппараты. Ол жылдам және нақты нәтижелер беріп қана қоймай, бос май қышқылдарының, несепнәр немесе казе-иннің мөлшерін анықтау сияқты жаңа мүмкіндіктерге ие талдағыш болып табылады.
Milkoscan FT+ ИК Фурьеспектроскопии (FTIR) талдағышы негізінде 3-10 мкм орташа диапазонында жұмыс атқарады.
Анықтап, берілген мәлімет-терді жинақтай алады.
Зерттеу нәтижелері
Родина агрофирмасы ЖШС - бүгінгі күні еліміздегі бірден-бір алдың-ғы қатарлы сүтті бағыттағы мал шаруашылығы кешені. Бұл кешен алғашқылар-дың бірі болып шетелден асыл тұқымды голштин қара ала тұқымының малда-рын алып келді. Қазіргі таңда Родина агрофирмасы ЖШС сүтті бағытындағы қара-ала сиырларының саны 556 бас, голштин сиырларының саны 641 бас.
Барлық жұмыстар сүтті табынның кешенінде шаруашылықта қалыптас-қан жұмыстар тәртібі бойынша жүргізілді. Родина агрофирмасында сиырлар-дың сүт өнімділігінің нақты есебі күнделікті сүт сауымдарының деректері және сүттің органолептикалық және сапалық көрсеткіштері бойынша жүргізілді.
Сүт зауытына келіп түскен сүттің органолептикалық көрсеткіштері зерт-тейді.
Органолептикалық көрсеткіштерін талдау - бұл иіс-сезім мүшелерінің көмегімен өнімдерді зерттеу. Бұл әдіспен өнімнің бұзылуын, сонымен қатар технологиялық ақаулықты, дәмінің өзгеруін, бөтен иістерді және түсін анық-тайды.
1 кестеде сүттің иісі, дәмі, консистенциясы, түсі және тығызыдылығын, яғни органолептикалық көрсеткіштерін көруге болады.
1 кесте - Сүттің органолептикалық көрсеткіштері
Көрсеткіштер Сипаттамасы
Иісі және дәмі Сүтке тән таза, бөтен иіс және өзге дәмдерсіз
Консистенция Біртекті тұнбасыз және үлпексіз сұйықтық
Түсі Ақшыл
Тығыздылығы, кгм3 1027
Интерферометр FTIR бүкіл инфра-қызыл спектрді сканерлеп, құрамы біртекті емес сүт өнімдеріндегі жаңа көрсеткіштерді ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz