ТЫҢ ЖӘНЕ ТЫҢАЙҒАН ЖЕРЛЕРДІ ИГЕРУДІҢ САЛДАРЫ


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

ӘОЖ 930:630*912(57424)

«ТЫҢ ЖӘНЕ ТЫҢАЙҒАН ЖЕРЛЕРДІ ИГЕРУДІҢ САЛДАРЫ»

Ералиева Арша-эф21-5к1 тобының студенті

Талман А. С-гуманитарлық ғылымдарының магистрі, оқытушы

1953-1954 жылдары КОКП ОК-нің бірінші хатшысы және Министрлер Кеңесінің төрағасы Н. С. Хрущев тұсында ауыл шаруашылығының қатаң басшылығынан, орталық жоспарлауды колхоздар мен совхоздардың тәуелділігімен ұштастыруға бағытталған талпынушылық байқалды. Ұлттық табыс ауылдық жерлердің пайдасына бөліне бастады, салық саясаты өзгерді, ауыл шаруашылық өндірісін сатып алу және дайындау бағалары көтерілді. Сталиндік бақылаудан бас тарту өз нәтижесін берді, бірақ аграрлық саясат тұрақтанбады. Сондықтан, 1954 жылы КОКП Орталық Комитеті ақпан-наурыз Пленумында елімізде азық-түлік мәселесін шешу үшін шығыс аудандарда тың және тыңайған жерлерді игеру мәселесі қойылды. Тың және тыңайған жерлерді игеру өкімет билігінде жоғары деңгейде қарастырылды. Тың игеру Қазақстанда ерекше қарқынмен жүргізілді. Қазақстанда егістік жерлердің көлемі артты. Астық өндіру көлемі жөнінен Қазақстан одақта 2-орынға шықты. Тың игеру республиканың экономикалық күш қуатын бұрын-соңды болып көрмеген дәрежеге жеткізді. Тың алғашқы кезеңінде республикаға өзге республикалардан 640 мың адам көшіріліп əкелініп, Қазақстанда 18 млн. га. тың жер, немесе бұрынғы одақтағы жыртылған жерлердің 60, 6% игеріліп, республикадағы егістік көлемі 22, 4 млн. гектарға жетті. Осының арқасында 1956 жылы Қазақстан алғаш рет миллиард пұт астық алып, Ленин орденімен марапатталды. 50-ші жылдардың басында Қазақстан колхоздарының ақшалай табысы өсіп, бөлінбейтін қорлары көбейді. Сол жылы республика колхоздарында 63 мыңнан астам жоғары және орта білімді мамандар жүмыс істеді. Бұларда 18 мыңнан астам диқан мен малшы, 17, 2 мың жүргізуші, 13, 2 мың ауыл шаруашылығы механизаторлары еңбек етті. 50-ші жылдардың аяғына қарай Қазақстанның ауыл шаруашылығының материалдық-техникалық базасы едәуір нығайды. Совхоздар мен колхоздар 169 мың трактор, 98 мың комбайн, 73 мың жүк машинасын және басқа да көптеген ауыл шаруашылық техникасын алды, бұдан басқа да материалдық, азық-түлік т. б. көмектер берілді. Тың игеруге келгендер ауылшаруашылығы салығынан босатылды.

Кеңестік өнеркəсіп ауыр индустрия мен қорғаныс кешенінің басым дамуына негізделгендіктен, Қазақстанда да əскери өнеркəсіп кешендері құрылды. 1948 жылы КСРО Министрлер Кеңесінің қаулысымен Семей полигоны салынды, тіпті осы полигонда 1949-1963- жылдар аралығында əуеде 113 ядролық заряд сыналды. Қазақстаннан орталыққа шикізат жіберу үшін темір жол құрылысы жедел қарқынмен дамып, 1953 жылы Мойынты - Шу темір жол торабы пайдалануға берілді. Сібір, Оңтүстік Қазақстан мен Орта Азияны байланыстырған Павлодар темір жолы ашылды. Ал Қазақстанның мұнайлы аудандарын игеруге байланысты Батыс Қазақстанда Мақат-Ақтау, Ақтау-Жетібай-Өзен, Атырау-Астрахань, Бейнеу-Қоңырат секілді темір жол жүйелері салынды. Халық шаруашылығын дамытуда темір жол транспортымен бірге республикада автомобиль, құбыр, əуе, су жолдары да негізгі рөл атқарды. Алматыда, Қостанайда, Павлодарда, Ақтөбеде жаңа ірі автомобиль жөндеу зауыттары қайта құрылды. Республикада 60-жылдары құбыр транспорты Маңғыстау түбегінің мұнай байлығын игеру-ге байланысты Өзен-Жетібай-Шевченко, Өзен-Атырау-Куйбышев мұнай құбырлары іске қосылды. Транспорттағы бұл нəтижелерге қарамастан Қазақстанда сол уақытта жол қатынасымен қамтылудың жеткіліксіздігі байқалды. Өнеркəсіптегі прогресс Қазақстандағы индустрия саласында жұмысшы табының өсуіне мүмкіндік жасады. (Кесте1)

Жағымды
Жағымсыз
Жағымды: 1. Дәнді дақылдар өндірісінің артуы
Жағымсыз: 1. Ауыл шаруашылығын дамытудың дамытудың экстенсивті жолы(адам және энергия ресурстарының қыруар көздерінің тартылуы)
Жағымды: 2. Уақытша болса да, азық-түлікпен қамтамасыз етудің жақсаруы
Жағымсыз: 2. Экологиялық тепе-теңдік бұзылды. Топырақ эрозиясы, шаңды дауылдар, т. б
Жағымды: 3. Егін егу мен өсірудің тиімді жолдары
Жағымсыз: 3. Мал шаруашылығына зардабын тигізді
Жағымды: 4. Мамандардың ауыл шаруашылығына ағылуы
Жағымсыз: 4. Тілдік проблемалар, ұлттық салт-дәстүр рөлінің төмендеуі
Жағымды: 5. Қазақстан әлемдік егіс белдеуінің шеңберіне енді
Жағымсыз: 5. Демографиялық жағдайдың ұшықтырылуы, Қазақ мектептерінің жабылуы
Жағымды: 6. Дәнді дақылдарының суыққа төзімді, өнімді және ақуызы мол түрлері пайда болды
Жағымсыз: 6. Топонимикалық атаулардың орысша аталынуы
Жағымды:
Жағымсыз: 7. Тың игеру ғылыми болжамсыз жүргізілді

Кесте1. 1954-1959 жж тың және тыңайған жерлерді игерудің жағымды және жағымсыз тұстары

Салдары:

-Тың игеруге байланысты жайылымдар мен жем-шөп дайындайтын алқаптардың көлемі тарылды.

-Мал шаруашылығының дамуы артта қалды. Мал шаруашылығының азаюына байланысты ет, сүт өнімдерінің көлемі де азайды.

- Экологиялық жағдай күрт нашарлады. Аса көп территория жыртылып, нәтижесінде көп жер тіршілікке жарамсыз болып қалды. Топырақ эрозияға ұшырап, жердің құнарлылығы азайды.

- Сынақтар нəтижесінде Қазақстанның кең аумағына радиоактивті газдар тарады. Ядролық сынақтар жүргізілген жылдары үкімет тарапынан халықты радиациядан қорғау шаралары жүргізілмеді, керісінше, радиация тараған аумақта медициналық тексеруге тыйым салынып, радиация зардаптары айтылмады.

- Қазақ халқының ұлттық ерекшеліктері аяққа тапталды. Тың игерушілер арасында қазақ халқының ұлттық намысын қорлайтын теріс пікірлер тарады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ТЫҢ ИГЕРУ САЯСАТЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ САЛДАРЫ
Тың және тыңайған жерлерді игеру (1954–1958 жж.)
Тың және тыңайған жерлерді игеру науқаны
Тың жерлерді игерудің мақсаттары
Тың игеру қарсаңында республиканың ауыл шаруашылығы
Тың және тыңайған жерлерді игеру
Қазақстанның соғыстан кейінгі жылдардағы әлеуметтік – экономикалық және саяси дамуы
Соғыстан кейінгі экономиканың қалыптасуы
ҚАЗАҚСТАННЫҢ АСТЫҚ АЛҚАБЫ ДАМУЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ФАКТОРЛАРЫ
ТЫҢ ЖӘНЕ ТЫҢАЙҒАН ЖЕРЛЕРДІ ИГЕРУ КЕЗІНДЕ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МАМАНДАРЫН ДАЯРЛАУ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz