Мәтін. Жол. Символ


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі С. Сейфуллин атындағы қазақ агротехникалық университеті “Ақпараттық жүйелер”кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

6В061 - “АКТ” даярлау бағыты бойынша

“Бағдарламалық инженерия” білім беру

бағдарламасы

Тақырыбы: Мәтін. Жол. Символ

Пәні: Алгоритм, деректер құрылымы және бағдарламалау

Орындаған: АЖ-05-057-20-04 топ студенті

Ашкен Диас

Тексерген :Мустафаева Нагима Таировна

Курстық жұмыс қорғауға жіберілді

Нұр-Сұлтан 2022

С. Сейфуллин атындағы агротехникалық университеті КеАҚ

Факультеті: КЖжКББ

Кафедрасы: Бағдарламалық инженерия

БББ: 05-057-20-04

Курстық жұмысты орындауға

ТАПСЫРМА

Студент: Ашкен Диас Қуантұлы

Жұмыстың тақырыбы: Мәтін. Жол. Символ

Түсіндірме жазбаның мазмұны
Орындалу мерзімі
Шамамен көлемі
№: 1
Түсіндірме жазбаның мазмұны: Кіріспе
Орындалу мерзімі: 04. 03. 22
Шамамен көлемі: 3 бет
№: 2
Түсіндірме жазбаның мазмұны: Мәтін. Символ. Жол
Орындалу мерзімі: 04. 03. 22
Шамамен көлемі: 2 бет
№: 3
Түсіндірме жазбаның мазмұны: Қортынды
Орындалу мерзімі: 13. 03. 22
Шамамен көлемі: 1 бет

Графикалық бөлік мазмұны
Орындалу мерзімі

Парак саны

Форматы
№: 1
Графикалық бөлік мазмұны: Split() командасы арқылы мәтінмен жұмыс
Орындалу мерзімі:

06. 03. 22

Парак саны:

2

Форматы:

png

№: 2
Графикалық бөлік мазмұны: Интерфейстің ашылуы
Орындалу мерзімі:

14. 03. 22

Парак саны:

10

Форматы:

png

Ұсынылатын негізгі әдебиеттер :

  1. https://pythonru. com/osnovy/stroki-python жолға арналған операциялар
  2. https://www. youtube. com/watch?v=HuszbTeETYo qt disainer қолданылуы
  3. https://habr. com/ru/post/651093/ pyqt5 тің қолданылау және орнатылуы

Тапсырманың берілген күні 28. 02. 22

Жұмысты қорғау уақыты 17. 03. 22

Ғылыми жетекші: Мустафаева. Н. Т

Тапсырманы орындауға қабылдаған студент: Ашкен. Д. К

Мазмұны

Кіріспе
5
: 1
Кіріспе: Мәтін. Символ. Жол
5: 8
: 1. 1
Кіріспе: Python тілінде символдар мен жолдардың қолданылуы
5: 9
: 2
Кіріспе: Python тілінде split командасын қолдана отырып мәтінмен жұмыс
5: 11
: 3
Кіріспе: Интерфейстің ашылу жолы
5: 13
:
Кіріспе: Қортынды
5: 22
:
Кіріспе: Қолданылған әдбиеттер
5: 23

Кіріспе

Соңғы жылдары Python әлемдегі ең танымал бағдарламалау тілдерінің біріне айналды. Ол машиналық оқытудан бастап веб-сайт құруға және бағдарламалық қамтамасыз етуді тестілеуге дейін қолданылады.

Python, әлемдегі ең танымал бағдарламалау тілдерінің бірі, Netflix ұсыныс алгоритмінен бастап, өздігінен жүретін көліктерді басқаратын бағдарламалық құралға дейін барлығы осы тілмен жасалады.

Python деген не, ол не істей алады және оны үйренуді қалай бастауға болатынын егжей-тегжейлі қарастырайық.

Python әртүрлі деректер визуализациясының кең ауқымын жасай алады, мысалы, сызықтық және бағаналы диаграммалар, дөңгелек диаграммалар, бағаналы диаграммалар және 3D сызбалар. Python-да бағдарламашыларға деректерді талдау мен машиналық оқыту бағдарламаларын тезірек және тиімдірек жазуға мүмкіндік беретін TensorFlow және Keras сияқты бірқатар кітапханалары бар.

Веб әзірлеу

Python көбінесе веб-сайттың немесе қолданбаның ішін, пайдаланушы көрмейтін бөліктерді әзірлеу үшін қолданылады. Веб-әзірлеудегі Python рөліне серверлерге және серверлерден деректерді жіберу, деректерді өңдеу және дерекқорлармен өзара әрекеттесу. Python бірнеше веб-әзірлеу құрылымдарын ұсынады. Ең жиі қолданылатындарына Django және Flask жатады.

Автоматтандыру және сценарий жазу

Тапсырманы қайта-қайта орындап жатқаныңызды байқасаңыз, оны Python көмегімен автоматтандыру арқылы тиімдірек жұмыс істей аласыз. Осы автоматтандырылған процестерді құру үшін қолданылатын кодты жазу сценарий деп аталады. Бағдарламалау әлемінде автоматтандыруды бірнеше файлдардағы қателерді тексеру, файлдарды түрлендіру, қарапайым математикалық есептеулерді орындау және деректердегі көшірмелерді жою үшін пайдалануға болады.

Python-ды тіпті жаңадан бастаушылар файлдардың атын өзгерту, онлайн мазмұнды табу және жүктеп алу немесе электрондық поштаны немесе мәтіндерді қажетті аралықпен жіберу сияқты қарапайым компьютерлік тапсырмаларды автоматтандыру үшін пайдалана алады.

Бағдарламаны тестілеу және прототиптеу

Бағдарламалық жасақтаманы әзірлеу кезінде Python құрастыруды басқару, қателерді бақылау және тестілеу сияқты тапсырмаларды орындауға көмектесе алады. Python көмегімен бағдарламалық жасақтаманы әзірлеушілер жаңа өнімдерді немесе мүмкіндіктерді сынауды автоматтандыруға болады. Бағдарламалық жасақтаманы тестілеу үшін қолданылатын кейбір Python құралдарына Green және Requesium кіреді.

Python бағдарламалау тілін 1991 жылы голландиялық Гидо ван Россум жасаған.

Оқудың қарапайымдылығы.

Python бағдарламалау тілін нөлден үйрену оңай, себебі ол түсінікті, логикалық және оқылатын. Күрделі синтаксис пен шатастыратын ережелер «питон» туралы емес. Егер сіз ағылшынша сөйлесеңіз, онда сіз жетістікке жетесіз.

Тілге деген сұраныс жоғары.

2020 жылы Python IEEE Spectrum рейтингінде бірінші орынға ие болды. Ол кеңінен қолданылып қана қоймайды, сонымен қатар бағдарламалық өнімдердің әртүрлі түрлерінде де қолданылады. Python бағдарламашыларының табысы өте жақсы, әсіресе веб-әзірлеуде, машиналық оқытуда және деректер ғылымында.

Python тілін жасанды интеллект және машиналық оқыту технологияларында пайдалану.

Python-ды пайдалану күрделі есептеулерді орындау үшін ыңғайлы, сондықтан ол машиналық оқытуда ыңғайлы болды. Ал нейрондық жүйелерге жауапты кітапханалар AI-де өте ыңғайлы болды.

Python бағдарламалау тілінде компьютерге, мобильді және веб-қосымшаға арналған бағдарлама жазуға болады (бүгінгі күні веб және мобильді әзірлеуде мұндай өнімдер өте көп) .

Python-да микро және макрожобаларды жасауға арналған көптеген кеңейтімдер бар.

Ресми веб-сайтта ашық бастапқы код және тілдің тегін қолжетімділігі. Сонымен қатар, әркім Python-ның дамуына үлес қосып, оған жаңа мүмкіндіктер қоса алады.

Тіл ОЖ-дан тәуелсіз және негізгі платформаларда - Linux, Windows, macOS-та бірдей жақсы жұмыс істейді.

Python тілінің артықшылықтары

Қарапайымдылық

Python бірінші бағдарламалау тілі ретінде түрде ұсынуға болады. Мәселе оның бұрыннан бар екендігінде ғана емес, сондықтан ол туралы көптеген жақсы оқулықтар бар. Оның қалыпты, «адам» тіліне ұқсас анық синтаксисі бар. Былай айтатын болсақ питон тілі қателіктерді кешіреді.

Мысалы, деректер түрін көрсетудің қажеті жоқ, айнымалыны жариялау жеткілікті. Мәтінмән бойынша Python оның бүтін сан, немесе ондық сан, логикалық мән немесе басқа нәрсе екенін анықтайды. Бұл жаңадан бастағандар үшін үлкен артықшылық.

Егер сіз C++ тілінде бағдарламалаған болсаңыз, сіз бір жерде жылжымалы нүкте санын бүтін санға өзгерткеніңіз үшін ғана бағдарлама компиляцияланбауы қаншалықты көңілсіз екенін білесіз.

Python кодын оқу өте оңай. Python және C++ синтаксисін салыстырыңыз.

Жан-жақтылық

Python ұзақ уақыттан бері келе жатыр, сондықтан әзірлеушілер кез келген мақсат үшін теңшелетін кітапханаларды жасай алды. Мысалға:

Көпөлшемді массивтер мен жоғары деңгейлі матрицалар үшін NumPy пайдаланыңыз.

Инженерлік есептер үшін SciPy қолайлы.

Барлау, талдау және деректерді өңдеу үшін Pandas қолданбасын қолданып көріңіз.

Жасанды интеллектпен жұмыс істеу үшін Scikit-Learn оқыңыз.

Егер сізге қандай да бір есептеу мәселесін шешу қажет болса, ол үшін арнайы Python кітапханасы бар болуы мүмкін. Бұл тілдің соңғы жылдары трендте қалуына мүмкіндік береді, бұл оны машиналық оқытуда қолданудың өсуінен көрінеді.

Көптеген артықшылықтарға қарамастан (қарапайымдылық, қысқалық) тілдің кемшіліктері де бар.

1. Python бағдарламалары жеткілікті жылдам емес деп саналады. Салыстыру үшін, Swift тілінде жазылған iOS бағдарламалық жасақтамасы Python-ға қарағанда 8 есе жылдам жұмыс істей алады. Сондай-ақ, Python жадтың үлкен көлемін қажет ететін тапсырмалар үшін өте қолайлы шешім емес - мұндай тапсырмалар C немесе C ++ көмегімен жақсы шешіледі.

2. Жүйелік кітапханаларға тәуелділіктің жоғары деңгейі. Нәтижесінде басқа жүйелерге көшу қиын. Иә, мәселе Virtualenv көмегімен шешіледі, бірақ бұл құралдың кемшіліктері бар: толық оқшаулау әдістерінің артықтығы, жүйелік кітапханалардың қайталануы.

3. Global Interpreter Lock CPython іске асыруында бірнеше Python ағындарын бір уақытта орындауға мүмкіндік бермейді. Бірақ NumPy математикалық пакетінде енгізілгендей, GIL-ді біраз уақытқа өшіре аламыз.

  1. Мәтін. Символ. Жол

Python тіліндегі жолдар - бұл өзгермейтін деректер түріне жататын және символдар тізбегін білдіретін, қол жеткізу интерфейсі олардың ығысуына негізделген, ал символдардың өзі код нүктелерінің реттік нөмірлері болып табылатын арнайы литералдар көмегімен жасалған кірістірілген объектілер. Негізгі таңбалар жиынының кестесінің және жеке бойынша бірлік ұзындығының жолдары ретінде қарастырылуы мүмкін.

Көріп отырғаныңыздай, Python тіліндегі жолдар сияқты қарапайым нәрсе де қорқынышты және күрделі тілде айтылуы мүмкін. Бірақ бәрі өте күрделі ме? Оны ретімен түсіндірейін

Жолдар - кірістірілген нысандар. Бұл жолдар тілдің ажырамас бөлігі екенін білдіреді және бұл жерде таңқаларлық ештеңе жоқ. Дегенмен, олар объектілер және бұл қазірдің өзінде қызық. Міне, сондықтан - Python тілінде, объектілі-бағытталған бағдарламалау контекстінде, мүлдем бәрі объект болып табылады, яғни біз деректер түрлерін қолданып қана қоймай, оларды қайта анықтай аламыз, тіпті олармен жұмыс істеу үшін операторларды шамадан тыс жүктей аламыз

Мәтін

Жалпы мәтін деп отырғанымыз, қарапайым тілде айтқанда бұл сөйлемдерден құралған. Ары қарай мен осы мәтінге байланысты өзімнің проектімді көрсетем.

1. 1 Символдар мен жолдардың қолданылуы

1-сурет. Символдар мен жолдардың қолданылуы

Осы кодты барынша түсіндіруге тырысам.

Жалпы жолдар біздің программамыздың негізі. Ең алдымен біз переменный беріп аламыз былай айтқанда ақпаратқа ұяшық ашамыз. Бұл жерде 4 переменный ашылады. Әр переменныйге сөздің бөліктерін қоямыз. Енді жаңағы 4 жолға операциялар қолданамыз. print командасы экранға шығару қызметін атқарады. Экранға шығару командасын жазып алып, жақша ашып бірінші переменныйды екінші переменныйға қосу командасын жазамыз, ары қарай тағы print қолдана отырып, бірден 3 жолды қосуды жазамыз, көріп отырғаныңыздай переменныйдың ішінде тұрған мәліметтерді еселесек болады.

Жолдардың түрлері және символдардың типі болады. Әр жолға әртүрлі командалар қолданса болады. Көрсетіліп тұрған кодта мен chr(), ord(), len() осы жолға арналған бірнеше командаларды қолдандым. Әр команда белгілі бір функция атқарады

2-сурет. AscII код таблицасы

Бұл командалар (1- суретте көрсетілген)

Chr() - цифрларды симводарға айналдырады

Ord() - символдарды керсінше цифрларға айналдырады

Len() - бұл команда жолдың ұзындығын көрсетеді

Бұл ол командалар AһscII кодирование негізінде жасалады кестеден қарап кодта шыққан нәтижемен салыстырсаңыз болат.

Және соңғы команда ол жолда жазылған заттың әр бөлігін жеке жеке алу, ол үшін тік жақша қолданылады. Кодты қарасаңыз (1-сурет) барлығы нақты көрсетілген.

2 Python тілінде split командасын қолдана отырып мәтінмен жұмыс

Негізгі жұмысыма мәтінге жасалатын операцяларды алдым.

Осы проект барысында жолдарды, символдарды жоғарыда көрсетілген функцияларды қолданамын.

Берілген мәтін немесе сөйлемде неше сөз бар екенін анқытау

3-сурет. Мәтінде неше cөз бар екенін есптейтін команда

Программаның бастамасы переменный беруден басталады.

Input() - бұл пайдаланушы ақпаратты енгізу үшін қолданылады.

Len() - жолдағы элементтерді нешеу екенін есептеу

Split() - жолды бөлгіш арқылы ішкі жолдарға бөледі

Осы кодтар (3-суретте көрсетілген)

Осы барлық жасап жатқан проектіміздің негізі болып табылады. Ары қарай бәрімізге белгілі принт командасы арқылы нәтижені шығарамыз.

Нәтижесінде сөйлемде неше сөз бар екені шығады.

Осының негізінде тағы да мәтінмен басқа операция жасасақ болады.

Мәтін немесе сөйлемдегі ең ұзын сөзді анықтау

4 - сурет. Мәтіндегі ең ұзын немесе ең үлкен сөзді табатын код

Алдағы программадан қарағанда қосылған командамыз ол

Max() - бұл команда аты айтып тұрғандай ең жоғары деген қызметті атқарады. (4-сурет)

Нәтижесінде сөйлемдегі ең ұзын сөзді, және сол сөзде неше әріп бар екені шығады.

Осы мәтінге байланысты операциялар сырт көзге оңай көрінгенмен, әр команданың не қызмет атқаратынын білмесе бұл операция дұрыс жасалмас еді.

3 Интерфейстің ашылу жолы

Енді осы аз ғана кодтарымызды күрделірек қылу үшін осы кодтарды пайдалана отырып интерфейс былай айтқанда приложениенің бет әлпетін жасайық.

5-сурет. Интерфейс жасаған приложениелар

Осы екі приложениені қолдану арқылы интефейс жасаймыз. ( 5-сурет)

Qt Designer приложениесі арқылы біздің приложенеміздің дизайнын жасаймыз.

6-сурет. Qt Dizainerдің ішінде интерфейстің жасалуы

Әр пункты түсіндіріп отыратын болсам өте ұзаққа созылатындықтан осылай дайын нұсқасын көрсете салайын.

7-сурет. Интерфейстің сақталуы

Жаңа папка ашып сол жерге жасаған дизайнымызды сақтаймыз.

8-сурет. Консольға сал үшін дизайнның жолын копировать етіп алу

Сақталған документіміздің жолын копировать етіп аламыз. Ол алдағы уақытта питон тіліне айналдыруға керек болады. ( 8-сурет) көрсетілген.

Енді осы сақталған дизайнды ui. ui форматынан питон тіліне айналдыру керек интерфэйсымызды.

Ол үшін пуск батырмасын басып поискқа cmd командасымен консоль ашамыз. (9-сурет)

9-сурет. Командалық жол

10-сурет. Команда жолының ашылуы

Ары қарай барлығы дұрыс әрі қателіксіз жасау үшін консольді ашып керекті библиотекаларды жазамыз. Ол pyqt5 және pyqt5-tools дегендерді жазамыз.

11-сурет. pyqt5 тің орнатылуы

12-сурет. pyqt5 тің қосымша затының орнатылуы

Барлығы еш қатесіз жазылғанын тексеру үшін консольға осы программаны команданы жазамыз pyuic5.

13-сурет. pyqt5 тің дұрыс орнатылуының тексеріліуі

Error: one input ui-file must be specified дәл осылай шығатын болса барлығы дұрыс жазылды деген мағынаны білдіреді(13-сурет)

Қазір жасалатын операциялар 14-суретте көрсетілген

Енді интерфэйсты питон тіліне айналдыруды консольға жазайық

cd C:\Users\Kirito\Downloads\Текстовик бұл менің дизайнымның орналасқан жері. Осыдан кейін enter басып келесі команда жазылады.

pyuic5. exe ui. ui -o ui. py -x

ui. ui - бұл біздің дизайн сақталған файлдың аты, ui. py деп отырғанымыз ui форматынан ру форматына ауыстырамыз, ал барлығымыз білетіндей ру форматы питон тілінікі.

14-сурет. Дизайнды кода айналдыру

C:\Users\Kirito\Desktop\Текст

Нәтижесінде питон тілінде дизайн шығады(15-сурет)

15-сурет. Дизайнның кодқа айналуы

Проектті бағана дизайн тұрған папканың ішіне ашамыз. Сонда осылай пайда болады. (15-сурет)

16-сурет. Дизайның пайда болған коды

Көріп тұрған ui. py ол біздің интерфейсіміздің питон кодына айналған кезі (16-сурет)

Ары қарай жаңадан ашқан main. py дың ішіне біздің приложениеміздің функционалын енгіземіз. Ол үшін Pyqt5 модульін немесе библиотекасын қолданамыз.

17-сурет. Приложениенің ішінің қызметін қоймас бұрын кірілетін модульдер

Міне біз бұл жерде ешқандай қателіксіз жасау үшін Pyqt5 енгіземіз соның ішінен керекті деген командаларды алып шығамыз (16-сурет)

QtCore - бұл негізгі графикалық емес кластар: сигналдар жүйесі және слоттар

QtGui - графикалық интерфэйс құрамдас бөлігі

QtWidgets - виджет негізіндегі жұмыс үстелі қолданбаларына арналған сыныптарды қамтиды

QIcon - бұл өзі аты айтып тұрғандай приложениенің иконкасы

4 жолда ашылған команда бұл Диас деген интерфэйспен приложениенің ішін байланыстыратын команда

18-сурет. Дизайнның ішіндегі класты приложениенің ішіндегі класспен байланыстырамыз

Ал енді бағдарламалауға көшеміз.

Стандартты түрде жазылатын бөлігін жазып өтеміз.

19-сурет. Приложениенің ішінен жаңа кластың ашылуы

Ол үшін белгілі бір класс ашамыз. Сосын ішіне міндетті түрде осы жазылған командалар қолданылады. Бұл командалар интерфэйспен тікелей байланыстырады. (19-сурет)

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Flash редакторы
Паскаль тілінде мәтіннен ақпараттарды өңдеу
Текстік және кестелік процессорлар
СИ тіліндегі директивалар және оларды пайдалану
Тілдегі символдық мағынаның қалыптасуы
АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕНІ КРИПТОГРАФИЯЛЫҚ АЛГОРИТМДЕРМЕН ҚОРҒАУ
Символдарды форматтау
String Grid компоненті – жолдар кестесі
Фигуралық мәтіннің жиекке түрленуі
Файлдар, каталогтермен және тегеріштермен жұмыс істеу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz