БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІНІҢ НЕГІЗГІ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЛАРЫ


1 БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІНІҢ НЕГІЗГІ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЛАРЫ
Жүйе - нақты мақсатты көздейтін және қоршаған ортамен байланысы бар анықталған толықтық пен бірлікті құрайтын элементтердің (олардың бөліктерінің) өзара қатынасы.
Басқару процестерін құрайтын жүйе басқару жүйесі деп аталады.
Басқа жүйелерге қарағанда басқару жүйелері келесі сипатты ерекшеліктерді құрайды:
- ақпараттық байланыс арқылы толықтықты қамтамасыз ету;
- басқару әсеріне сәйкес әр-түрлі әрекетке өту мүмкіндігі, бұл кезде өту әрекеті уақытты бірден қажет етпейді;
- даму бағытын таңдау;
- қоршаған ортаға сәйкес жүйені қабылдау;
- жүйелердің қызмет ету процесінің түзу бағыты.
Басқару жүйесі - ұйымдастырылған жүйелердің функциялары
(биологиялық, техникалық, әлеуметтік және басқа), осы жүйелердің құрылымын сақтауды, олардың әрекет етуін, олардың мақсаттары мен бағдарламаларын жүзеге асыруын қамтамасыз етеді.
Басқару субъектілері дегеніміз басқарудың экономикалық және моральді-этикалық, ұйымдастырушылық, үкімдік, биліктік өкілдері бар әр-түрлі әкімшілік құрылымдар мен жеке және заңды тұлғалар табылады.
Басқару объектілері болып заңды және жеке тұлғалар сонымен қатар, әлеуметтік, табиғи, экологиялық, экономикалық жүйелер мен процестер.
1. 1 Басқару заңдары
1) Басқару жүйесінің толықтығы мен бірыңғайлылық заңы. Бұл заң бойынша, басқару жүйесі ұйымдастырылған және функционалдық бірыңғайлылыққа сәйкес болуы керек дейді.
Ұйымдастырушылық толықтылық - басқаруға қойылған міндеттердің орындалуы үшін қажетті элементтердің құрамымен, ал функционалды - жүйенің мақсаттарына жету үшін қажетті функционалды дамутымен қамтамасыз етіледі.
2) Кез-келген басқару жүйесінің барлық элементтерінің пропорционалды және ұтымды сәйкестенуін сақтау заңы. Бұл дегеніміз, жүйенің элементтерінің ұтымды сәйкестенуі дамуға олардың функционалды және құрылымдық мүмкіндіктерінің, деңгейлерінің, бағыттарының әсер етуін қарастырады.
3) Қолданылған ақпараттың көлеміне байланысты басқару жүйесінің тиімділік заңы. Басқару шешімдерін қабылдау үшін пайдаланатын ақпараттың көлемі мен басқару міндеттерін орындау сапасының бір-бірімен байланысын қарастырады.
4) Басқару процесі кезіндегі пайдаланылатын тиімділік критерилерінің бір-біріне тәуелділігі және бірыңғайлылық заңы.
5) Басқару жүйесіне әсер етуші және тәуелді болатын техникалық құралдарды қолданудың сәйкестік заңы. Бұл заңның талаптары әсіресе басқару жүйесін автоматтандыру кезіндегі маңызы зор.
1. 2 Басқару принциптері
Басқару принциптері - басқарудың барлық деңгейіндегі тәжірибелік әрекеттің негізін құраушы тәртіптері мен нұсқаулықтарды есепке алу мен орындауды көздейді.
Олардың заңдардан айырмашылығы, заңдар адамдардың қалауы мен жігеріне қарамастан объективті түрде қарастыратын болса, принциптер нақты шарттар мен тәжірибенің ұсынысына қарай қолданылады.
Басқарудың негізгі принциптері:
1) ғылымдылық принципі - басқару жүйесі, ғылыми негізде құрылуын қамтамасыз етеді, объективті және субъективті факторларды есепке ала отырып теория мен тәжірибедегі орнын, құрылуын қарастыру принципі;
2) Жүйелілік және кешенділік - басқару объектісін және жүйесін жеке және біріктіріп қарастыру принципі;
3) Орталықтандыру және орталықсыздандыру принципі. Орталықтандыру басқару жүйесінің толықтылық шегінде бөлімшелердің өзара байланысын қамтамасыз етеді.
4) Пропорционалдылық принципі - басқару және басқарылатын жүйелердің ұтымды байланысын қарастырады.
5) Уақытты үнемдеу принципі басқару процесіндегі операциялардың еңбек шығынының көлемін азайтуды тұрақты түрде талап етеді.
Басқарудың негізгі заңдары мен принциптері басқару процесі кезеңдерінің қалыптасуы кезінде жасалады.
Кез-келген басқару жүйесі процесінің негізгі кезеңдері болып:
- ақпаратты жинау мен өңдеу;
- оны талдау, диагноз және болжау, жүйелендіру, мақсатын қою;
- мақсатты жүзеге асыруға бағытталған шешімді дайындау (қабылдау) ;
- жалпы шешімдерді жоспарлау, бағдарламалау, жобалау түрінде кезекті нақтылау, нақты басқару шешімдерін қабылдау;
- шешімді орындау үшін әрекеттерді ұйымдастыру;
- әрекетке бақылау жүргізу;
- әрекеттің нәтижесі туралы ақпаратты жинау және өңдеу.
Осыған байланысты, басқару - келесі негізгі функциялардан тұратын әрекеттің түрі: жоспарлау, ұйымдастыру, мотивациялау, координация және бақылау.
Жоспарлау қызметі басқару жүйесінде бастапқы және бір уақытта ағымды болып табылады. Басты мақсаты - қабылданған шешім негізінде жоспарды дайындау.
Ұйымдастыру - басқару жүйесіндегі басқару және басқарылатын процестердің барлығын ұйымдастыруды қамтамасыз ету жұмысын атқарады.
Мотивациялау қызметі жүйенің жоспары бойынша барлық жүйе ішіндегі бөлімдердің жұмысының қызметін қамтамасыз етеді.
Ең негізгі жағдай болып шешімді түзететін нәтижелерді бақылау қызметі атқарады: актив және пассив.
Басқарудың негізгі мақсаттары:
- Басқару жүйесінің немесе объектінің қалауы бойынша жағдайы;
- Жүйе жағдайын қарастыратын әрекеттің талап бойынша анықталған нәтижесі.
1. 3 Басқару әдістері
Басқару әдістері - нақты нәтиже алу үшін басқару объектісіне басқару субъектісінің әсер ету жолдары мен тәсілдерінің жүйесі.
1) Басқарудың экономикалық әдісі-басқару мен шаруашылық әрекеттегі экономикалық қатынастары мен заңдарды ұтымды қолдануды қамтамасыз ететін шаралар жиыны. Әдіс әлеуметтік-экономикалық заңдар мен объективті ортаның даму заңдылығына негізділген (табиғат пен қоғам) . Бұл әдістерді қолдану тұлғаның, ұжымның, қоғам мен мемлекеттің экономикалық көзқарастары жүйесіне негізделеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz