ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРУ МЕКТЕБІНДЕ АҒЫЛШЫН ТІЛІН МЕҢГЕРТУДІҢ БЕЛСЕНДІ ӘДІСТЕРІН ҚОЛДАНУ (ENGAGE, STUDY, ACTIVATE ӘДІСІ)


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

ӘОЖ

ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРУ МЕКТЕБІНДЕ АҒЫЛШЫН ТІЛІН МЕҢГЕРТУДІҢ БЕЛСЕНДІ ӘДІСТЕРІН ҚОЛДАНУ (ENGAGE, STUDY, ACTIVATE ӘДІСІ)

Қайратова Айдана

Аңдатпа. Осы мақалада жалпы білім беретін мекемелерде ағылшын тілін оқытудың мақсаттары мен міндеттері, ағылшын тілінде сөйлеуге, жазуға, тыңдауға және оқуға үйрету тәсілдері сипатталған. Сонымен қатар оқытудың белсенді әдістері, солардың ішінде engage, study, activate (ESA) әдісі айқындалған. Бүгінгі таңда ағылшын тілі «әлемдік тіл» мәртебесіне ие және оны жетік меңгеру халықаралық қатынастарда айрықша рөл атқаратыны баршаға аян. Еліміздегі әлеуметтік-экономикалық өзгерістер, жалпы орта білім беру жүйесіндегі жаңа бағыттар ағылшын тілін оқытудың ғылыми және әдістемелік деңгейін көтеру міндеттерін жүзеге асыруды қарқынды түрде талап етуде. Осыған орай, ағылшын тілін меңгертудің оңтайлы әдістерін зерттеу және жетілдіру - білім беру жүйесінің басты мәселелерінің бірі.

Түйінді сөздер: қызықтыру, оқу, белсендіру, белсенді оқыту әдісі, оқыту элементтері

APPLICATION OF ACTIVE TEACHING METHODS OF ENGLISH IN A GENERAL SECONDARY SCHOOL (ENGAGE, STUDY, ACTIVATE METHOD)

Kairatova Aidana

Abstract. This article describes the goals and objectives of teaching English in general education institutions, ways to teach to speak, write, listen and read in English. There are also active teaching methods, including engage, study, activate (ESA) method. Today English has the status of “world language” and it is well known that its mastery plays a special role in international relations. Socio-economic changes in our country, new directions in the system of general secondary education require the implementation of the task of raising the scientific and methodological level of teaching English. In this regard, the study and improvement of optimal methods of teaching English is one of the main problems of the education system.

Key words: engage, study, activate, active teaching method, teaching elements

Ағылшын тілін қоғамдық құбылыс деп атауға болады. Қазіргі кезде ағылшын тілі еліміздегі орта мектептерде тереңдетілген негізгі пәндер қатарына енгізілген. Ол бірінші сыныптан бастап пәндік жүйе ретінде кестеге енгізілген. Тіпті балабақшалардың өзінде ағылшын тілінде сөйлеуді, оқуды үйретеді.

Шет елдерде білім алатын жастарымыздың саны жылдан жылға артып келеді. Сол себепті ағылшын тілін оқытудың оңтайлы әдістерін анықтау, зерттеу және жетілдіру - білім беру жүйесіндегі басты мәселелердің бірі [1] .

Шет тілін оқыту тәжірибесінде мұғалім әртүрлі тәсілдерді қолдануы мүмкін. Тәсіл оқушылардың жасына, тілдік құзыретінің деңгейіне, сондай-ақ грамматикалық материалдың ерекшеліктеріне қарай таңдалады. Бүгінгі таңда жалпы білім беру тәжірибесінде ең кең таралған тәсіл - дедуктивтік және индуктивтік деп аталатын екі дәстүрлі тәсілдің ережелерін іріктеп пайдалануға негізделген «сараланған» тәсіл. Заманауи шетел әдістемесіне сәйкес дедуктивтік тәсіл бірнеше әдісті қамтиды:

- presentation, practice, production (PPP) әдісі, яғни таныстырылым, тәжірибе, өндіріс;

- engage, study, activate (ESA) әдісі, яғни қызықтыру, оқу, белсендіру [2] .

ESA әдісінің РРР әдісінен айырмашылығы - студенттер, оқушылар осы әдіснаманың үш кезеңі арасында еркінірек ауысады. Джереми Хармер (Jeremy Harmer), «Ағылшын тілін оқыту тәжірибесі» атты классикалық трактаттың авторы, оқушылардың оқуға ынтасы әрдайым жеткілікті деңгейде бола бермейтінін және ынталандыру бойынша бүкіл жұмыс мұғалімнің жауапкершілік аясына түсетінін көрсетті [3] .

«Engage» деп аталатын бірінші элементті «қызықтыр» деп аударуға болады. Осы элементтің мәні - оқушы сабақта оқу үрдісіне белсенді түрде қатысып, осы үрдісті ұнатуы тиіс. Бұны мұғалім мен оқушының, сондай-ақ оқушылардың бір-бірімен белсенді түрде өзара әрекеттесуі деуге болады.

«Study» атты екінші элемент ойын-сауыққа көңіл бөлу қажет болғанына қарамастан, ағылшын тілі сабағында білім алу керектігін айқындайды. Сабақ қандай тақырыпта болса да, оқушылар сабақ соңында оның басталуына дейін білмеген жайттарды білуі тиіс.

«Study» деген үшінші элемент ағылшын тілі бойынша зерттелген жаңа материалдың нақты өмірлік жағдайларды кейіптейтін жаттығуларда қолданылуын ұйғарады. Ағылшын тілін меңгеру үшін оның грамматикасын түсініп, лексикасын жаттап алу жеткіліксіз. Бұл кезеңде мұғалім оқушылар тобының қаншалықты жақсы алға жылжып келе жатқанын талдап, кейінгі сабақтарды осы талдау нәтижелеріне сай түзете алады [4] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ШЕТ ТІЛІ САБАҒЫНДА МӘДЕНИЕТАРАЛЫҚ ӘДІСТЕМЕНІ ҚОЛДАНУДЫҢ ПРАКТИКАЛЫҚ МӘНІ
Сөйлеу тілін түсіну
Пәнді шет тілі арқылы зерделеу
Кіріктірлген оқыту бағдарламасы
Қазақ тіліндегі етістіктің аналитикалық формаларын жасаудағы көмекші етістіктердің рөлі
Қазақ тілі синтаксисін қатысымдық-танымдық тұрғыдан оқытудың ғылыми- әдістемелік негіздері (ЖОО филолог мамандықтары үшін)
ҚАЗАҚ ТІЛІНЕН ЕТІСТІКТІ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
Ағылшын тілін үйренудің тиімді жолдары
Шетел тілін оқытуда веб - сайттардың қажеттілігі
Шет тілін оқытудың маңызыдылығы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz