ШОҚАН УӘЛИХАНОВ ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫҚ ТӘРБИЕ


ӘОЖ 001. 32:37. 011. 3
ШОҚАН УӘЛИХАНОВ ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫҚ ТӘРБИЕ
Бупетаева С. Ж., “Педагогика ” кафедрасының аға оқытушысы, М. Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті, Тараз қ. aizo2010@mail. ru
Мұхтазар А. Б., Химия және биология мұғалімдерін дайындау бағдарламасы 2 курс студенті, М. Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті, Тараз қ.
aruka130303. muh@gmail. com
Аннотация: Мақалада Шоқан Уәлихановтың халық ауыз әдебиетін зертттеуі жайлы, атақты "Жоңғар очерктері", "Қырғыздар туралы жазбалар" сияқты монография дерлік шығармаларының көптеген беттері қазақ әдебиеті мәселелеріне арналуы орын алады.
Кілтті сөздер: халық әдебиеті, қырғыздар, реформа, сапар, ғылым, білім, мақал-мәтелдер, психология ғылымы, жоңғар очерктері
Шоқан Уәлиханов - қазақ халқының әдебиеті мен тарихынан ерекше орын алатын қайраткер, халқымыздың мақтанышы, жазушы, шығыстанушы, тарихшы, фольклоршы, этнограф, географ, ағартушылық мәдениеттің тұңғыш өкілдерінің бірі болып табылады.
Оның қысқа да жарқын өмірі, жан-жақты зерттеушілік қызметі, философия, этнография, тарих, экономика, құқық, география, ауыз әдебиеті, әдебиет теориясымен тікелей байланысты.
«Халықтың кемеліне келіп, өркендеу үшін ең алдымен азаттық пен білім керек» деп өз дәуірінде ой қозғаған Шоқан Уәлиханов халық ауыз әдебиетін, ертегілерді, мақал-мәтелдерді, эпостық жырлар мен ғашықтық жырларды зерттеген. Жас кезінен-ақ аңыз-әңгімелерді, жыр-дастандарды тыңдап, оны ой елегінен өткізіп, жинақтай білді. Қазақ халқы аңыз ертегілерде ешкімге зияны жоқ сарыбас жыланды, пәк аққуды, үні әдемі көкекті, сыланған тотыны, сайраған бұлбұл мен сандуғашты қазақтар ешқашан балаға жәбірлетпеген. Шоқан Қашқарға барған сапарында ауыз әдебиеті үлгілерінің бірнеше түрлері мен аса сирек кездесетін кітаптар алып қайтқан. Қашқарда жүргенде қолына «Тазкиряи Ходжагян» деген жазба түскен, ол жазбада қожалар әулиетінің тарихы баяндалады. «Қожалар тарихы», «Тарихи-Рашиди» кітабының жалғасы екенін анықтай түседі. Қазақ халқының ұлы перзенті Шоқан Қашқардан «Сұлтан Бұғрахан тарихы», «Тоғылық Темірхан тарихы», «Қожалар тарихы» т. б. сирек кездесетін шығыс қолжазбаларын жеке қаржысына сатып алады. Бұларға қосымша ұйғыр, иран тілдеріндегі тарихи жазбалар, шежірелер алып қайтады. Осы мысалдардан Шоқанның білімге, ғылымға ден қойғаны дәлелденеді.
Қазақ халқының тәрбиелік мәні зор асыл мұра, әдебиетіміздің көне бай салаларының бірі - мақал-мәтелдер. Мақалдарда халық ойынының ең түйінді, ең қысқа, дәл тұжырымдалған мәуелі жемісі жинақталған. Шоқан мынадай мақал-мәтелдерге көңіл аударған екен. «Не ексең, соны орарсың», «Ексең егін, аларсың тегін», «Еңбегі көптің - өнбегі көп» тәрізді тәрбиелік маңызы зор пайымдаулар, халқымыздың еңбекті қадір тұтқанынан сыр тартады. «Ақыл сақалда емес», «Құл князьдан артық біледі, бірақ айтуға дәрмен жоқ», «Өткір пышақ қынға қас, өтірік сөз жанға қас», «Жақсымен жолдас болсаң, жетерсің мұратқа, жаманмен жолдас болсаң, қаларсың ұятқа», «Ақыл - дария екен, көңіл - дүлдүл екен», «Сусыз жерде қамыс жоқ, азған елде намыс жоқ» т. б. мақал-мәтелдердің ұтымды, ұтқыр жақтарына ерекше зер салған. Ал мақал-мәтелдер оқушы бойында адамгершілік, инабаттылық, кішіпейілділік қасиеттерін ұялататыны белгілі.
Сондай-ақ Шоқан эпостық жырлар мен ғашықтық жырларды да зерттей бастағаны мәлім. Ауыз әдебиетінің інжу-маржандары: «Ләйлі-Мәжнүн», «Қозы Көрпеш-Баян Сұлу», «Қыз Жібек», «Қыз Назым», «Жүсіп-Зылиқа», «Еңлік-Кебек» сияқты ғашықтық дастандарды ұзақ таңға Шоқан сан рет тыңдаған және бала кезінен-ақ қағаз бетіне түсірген. Соның ішінде, әсіресе, халыққа өте кең тараған «Қозы Көрпеш-Баян Сұлу» жырына ерекше ден қойған. «Қозы Көрпеш - Баян Сұлу» дастанын орыстың ақыны А. С. Пушкин Оралға келгенде орыс тіліне аударып жазып алған екен. Қозы мен Баянның құрметіне қойылған ескерткіш Аягөз бекінісінен тоқсан шақырым жерде тұр. Шоқан әсіресе Шөже ақынның айтқан нұсқасын жазып алған. Шоқан «Едіге туралы аңызды» 1842 жылы Арыстанбай деген ақынның айтуымен жазып алған екен. Шоқанның осы еңбегін 1905 жылы профессор П. М. Мелиоранский Петербургте бастырып шығарған. Шоқан бұдан басқа «Ер Тарғын», «Қобыланды», «Алпамыс» т. б. эпостық жырларды зерттеген. Шоқанның ұзақ зерттегені «Едіге батыр» жыры.
Сондай-ақ Шоқан Уәлиханов психология ғылымында да із қалдырған. Шоқан еңбектерінде психологиялық мәселелерге байланысты әр түрлі сипаттағы деректер баршылық. Осылардың ішінде басқа мәселелерден көбірек сөз болғаны - халқымыздың ұлттық санасы, оның ішінде өзіндік психологиялық ерекшеліктері туралы мәселе еді. Қазан төңкерісіне дейінгі Қазақстан тарихы мен этнографиясын зерттеген шовинистік рухтағы орыс ғалымдарының еңбектерінде халқымыздың ондаған ғасырлық тарихы бар мәдениетіне қиянат жасалып, тіпті ұлттық психологиямызға күйе жағылып, екіншіс . Осындай келеңсіз көзқарасқа қыр жағдайында туған халқының ұлттық ар-намысын қызғыштай қорғап, қазақ халқын "тағы халық" деп қарау мүлде қате, бұл білместіктен айтылған сөз, халқымыз ертеден елдігі, өзіндік өнері бар, ылғи да көшіп-қонудың салдарынан оқу-білімнен кенжелеу қалса да, рухани дүниесі бай, прогресс атаулыға ұмтылғыш, жаңалыққа бейім халық деп тебіренеді.
Шоқан Уәлихановтың пікірінше, халықтық психологиясын көрсететін белгілердің бірі - сол халықтың тіл байлығы, сөз өнері, шешендік қасиеттері. Ол сөз өнері халық бойына біткен зор таланттың, керемет қабілеттің, ақындық қуаттың белгісі деп санады. "Халықтың тұрмысы мен әдет-ғұрпы, деп жазды ол, бәрінен де артық көрініс табады. Өткенді қастерлеу мен аңыздардың молдылығы терістік және Орта Азия көшпелі халықтарының ерекше қасиеті. Қазақ тілінде араб тіліндегідей жасама бояу сөздер жоқ, ол нағыз таза тіл". Ғұлама ғалымның осы пікірлерін кең-байтақ өлкемізде болған орыс, украин, поляк зиялылары да қостайды. Шоқанның психологиялық пікірлерінің екінші бір арнасы оның дін жөніндегі толғаныстарымен астарласып жатады.
Ш. Уәлиханов өзінің атақты "Жоңғар очерктері" арқылы әлемге танылды. Бұл ғылыми, әдеби, тарихи, публицистік құнды еңбек өткен ғасырдың алпысыншы жылдарында Еуропа ғалымдарын, шетел баспасөзін, әсересе неміс зиялыларын өлең еткізді. "Жоңғар очерктері" Шоқанның ардақты есімін дүниеге асқақтата шарлатты. [3]
Ш. Уәлиханов Қашқарға барған сапарында көптеген материалдар, ауыз әдебиеті үлгілерінің бірнеше түрлерін, аса сирек кездесетін кітаптар алып қайтты. Этнографиялық очерктер, санақ мәліметтері, тарихи хабарлар, онда халық әдебиетінің үлгілері, білім, ғылым, оқу қырлары жинақталған деректер толы. [1]
Әлемдік әдебиет пен мәдениетен және оқу-ағарту ісінен хабардар болған Шоқан - түркі тектес халықтардың әдеби мұраларын да білгірлікпен зерттеген ұлы ғалым. Әсіресе, қырғыз елінің "Манас" жырына айырықша көңіл бөледі. "Манасты" өркениетті елдерге тұңғыш таныстырутиы Ш. Уәлиханов екенін мақтан етуге тиіспіз. [4]
Зерттеуші өзінің "Қырғыздар туралы жазбалар" еңбегінде халық есіңде, тамаша философ ретінде сақталған Асан қайғының Жырғаланда көшіп-қонып жүрген қазақ екенін, оның аты тек қазаққа ғана емес көрші қырғыз еліне де мәлім болып, "Манас" жырында кездесетін, зираты Ыстық көлдің маңында екенін ескертеді. [1]
Шоқан аса қабілетті қайсыбір жыршылар мен жыраулардың өміріне, олтуралы айтылған естелік аңыздарға, жыршылар мен жыраулардың өздері шығарған Ш. Уәлиханов зерттеулерінде "тарихи жыр" терминін қолданған. А. Байтұрсыновтың "Әдебиет танытқыш" еңбегінде тарихи жырдың жанрлық ерекшелігіне мынандай анықтама берілген: "Тарихи жыр деп, тарихта болған оқиғалар, қазақтан шыққан адамдар турасында басқа жұрттардың тарихыңда жазылған мағлұматтар бар, халықтың өзінің есінен кетпеген, қазақ басынан кешірген оқиғалары толып жатыр, солар туралы өлең етіп шығарған сөздер болса, солар тарихи жыр болады". Шоқан XVIII-XIX ғасырларда, Абылай заманы тұсында ерекше дамыған тарихи жырларға зор мән берген. Ғалымның "XVIII ғасыр батырлары туралы тарихи аңыздар" атты еңбегіңде тарихи жырларда, аңыздарда есімдері зор сүйіспеншілікпен айтылатын тарихи тұлғаларға, олардың қаһармандығына ғылыми дәлдікпен, көркем барлау жасаған. [5]
Шоқан қазақтар суырып салмалық өнерге шебер келетінін атап көрсетеді. Зерттеушінің көшпелі елдердегі суырып салушылық өнердің жоғары дәрежеде дамығандығы жайлы пікірлері назар аударарлықтай мәнді. Өлең сөзді суырып салып айту, кідіру-мүдіру дегенді білмеу себебін өзінше тоишылай келіп, Шоқан: "Мұндай қасиеттің болуына көшпелілердің алаңсыз өмірі әсер етті ме, болмаса ұшы-қиыры жоқ жасыл дала мен моншақтай тізілген жұлдызды, көк ашық аспанды сұлу табиғат әсер етті ме, оләзір бізге мәлімсіз", - деп жазады және "қазақ ақындарының импровизаторлық өнері көшпелі елдің салт-тұрмысына байланысты ғасырлар бойы қалыптасқан ақындық дәстүр негізінде туып, дамыды" . . . "Импровизаторлық өнері жағынан қазақ ақындары көшпелі араб ақындарынан бір де бір кем түспейді", - деп салыстыра ой түйеді. Естеліктерден Ш. Уәлихановтың өнерге, оны баяндаушыға деген сүйіспеншілігің, екіншіден, ана тіліміздің қоспасыз, таза күйінде сақталуын қадағалаған қамқоршы екенін және халық арасыңда жылт етіп көрінген игі нышанды қалт жібермей тыңдай да, зерттей де білгенін аңғарамыз. [2]
"Қазақтар жаратылысының өзінен-ақ қабілетті, дарынды және ғажайып сезімтал келеді . . . Сұлтандардың ерлік істері мен естеліктерін жырлайтын суырып салма ақындары олардың барлық руларында кездеседі. Қазақтардың барлық эпосы мен аңыздары, ертегілері өте көп және олар өлең мен музыканы жақсы көреді". Шоқанның бұл пікірлері поляк саяхатшысы Адольф Янушкевичтің ойларымен үндес келеді: " . . . мен алғаш рет өлеңшілерді тыңдауға мүмкіндік алдым. Олардың өлең шығаруы мен қазақтардың көбіне тән орындау дарыны осы халықтың ақыл-ой қабілетін тамаша айғақтайды, қазақтар еңбекке де бейімділігін байқатады". [1]
"Қытайлар мен мұсылман жазушыларының деректері бойынша, ертедегі қазақтардың өз жазуы болған және басқа көшпелілерге қарағанда мәдениеттің анағұрлым жоғары сатысында тұрған". Шоқанның мұндай қортындыға келуіне оның Орхон-Енисей, Талас жазба нұсқаларымен де таныс болуы, Қасым ханның тұсында Қазақ хандығының ішкі және сыртқы саяси жағдайының нығайғаны, сондай-ақ Қазақстан мен Ресейдің арасындағы алғашқы саяси байланыстар осы кезенде жасала бастағаны, мұндай дипломатиялық қатынастардың болғандығын 1575-1584 жылдары жүргізілген патша тізімдері айқындайтыны, "38-ші жәшікте Қасым ханның тұсындағы қазақ кітаптары мен көшірмелері бар" деген деректі дәлел , басқа да көптеген көне жазба нұсқаларда сақталған нақты фактілер себепші болған сияқты. Шоқан Уәлихановтың әдебиет зерттеу ғылымына қосқан үлесі оның И. Н. Березиннің "Хан жарлығына" жазған пікірі мен Жалайридің "Жәмих-ат-тауариғы" ("Жылнамалар жинағы") тарауларын алғаш орыс тіліне аударып, ондағы шығыс терминдерінің сөздігін жасағанынан да көрінеді. [2]
Ш. Уәлиханов "Профессор И. Н. Березиннің "Хан жарлығы" кітабына ескерше" деген шығармасында Сеадат-Гирей жарлығыңда ноғайлының Орал ордасындағы рубасы, ақтастық Әли биді қазақ жырларында күні бүгінге дейін айтылатын Кіші орданың батыры Шораның қалай талқандағаны суреттелген. "Жамих-ат-тауарихты" тарихи, әдеби құнды мұра ретінде бағалаған Ш. Уәлиханов Қадырғали Жалайри халқымыздың тарихын, өмірін басқа тармхшылардан жақсы білгендіктеп, өз еңбегінде оларға кең орын бергеніп, тілі өте көркем екенін қызыға жазған. Есімі аңызға айналған, түріктілі арқылы дүние жүзінің барлық негізгі тілдеріне аударылып, әлемді шарлаған атақты "Оғыз-нама" эпопеясының бас қаһарманы Оғызхан жайлы мәліметтерге зор көңіл бөлген. [6]
Ш. Уәлиханов зерттеулерінде "тарихи жыр" терминін қолданған. А. Байтұрсыновтың "Әдебиет танытқыш" еңбегінде тарихи жырдың жаирлық ерекшелігіне мынандай анықтама берілген: "Тарихи жыр деп, тарихта болған оқиғалар, қазақтан шыққан адамдар турасында басқа жұрттардың тарихында жазылған мағлұматтар бар, халықтың өзінің есінен кетпеген, қазақ басынан кешірген оқиғалары толып жатыр, солар туралы өлең етіп шығарған сөздер болса, солар тарихи жыр болады". Шоқан ХУШ-ХІХ ғасырларда, Абылай заманы тұсында ерекше дамыған тарихи жырларға зор мән берген. Ғалымның "XVIII гасыр батырлары туралы тарихи аңыздар" атты еңбегінде тарихи жырларда, аңыздарда есімдері зор сүйіспеншілікпен айтылатын тарихи тұлғаларға, олардың қаһармандағына ғылыми дәлдікпен, керкем барлау жасаған. [6]
Шоқанның "XVIII ғасыр батырлары туралы тарихи аңыз" шығармасында атақты Баян батырдың қазасы, қалмақ әйелдерінің (Шарыштың анасының, Теміржан батырдың қарындасының) жоқтау зары, елшілік алмасу дәстүрі және басқа да жайлар қамтылған. [4]
"XVIII ғасыр батырлары туралы тарихи аңыз" - белгілі сюжетке құрылған, оқиғасы қызғылықты, адам психологиясын терең ашып суреттеген асыл мұра, әрі қысқа, әрі нұсқа туынды. Ұлы зерттеуші осынау құнды шығармасында тарихи кейіпкерлерді қандай шебер шоғырландырған, заман тынысын қалай дөп басып, естен кетпестей айшықты бейнелеген десеңші! Көз алдыңызға кесек бітімді, мәрт мінезді ірі тұлғалар, жанды қаһармандар келеді. Өзіңізді қазақ даласындағы ұрыс майданына араласып кеткендей сезінесіз. Бұл қаламгер дарынының сиқырлы құдіреті болса керек![1]
Ш. Уәлихановтың орыстың озық мәдениетімен танысып, көзқарасының қалыптасуына Омскідегі кадет корпусына түсіп оқуы себеп болды. Осы оқу орны арқылы жас Шоқан әскери даярлықтан өтумен бірге, жалпы білім беретін физика, химия, арифметика, алгебра, геометрия, тригонометрия, география, жалпы тарих, Ресей тарихы, орыс және Батыс Европа әдебиеті, философия негіздері, сызу, сурет, орыс және түркі тілдері пәндерін оқып үйренді. Кадет корпусында олдемократияшыл бағыттағы Н. Ф. Костылецский, К. К. Гутковский және Г. Гонсевский т. б. сияқты өз кезінің жан-жақты білімді адамдары болып табылатын оқытушылардан дәріс тыңдап, тәлім-тәрбие алды. "Корпустың осылардай жақсы оқытушылары, - деп жазады Ә. Х. Марғұлан, - жас Шоқанды білімге, ғылымға қызығушылық туғызды, оның демократиялық көзқарастарының қалыптасуына көмектесті, кітапқа, ғылыми және көркем әдебиетті оқуға сүйіспеншілігін тәрбиеледі". [2]
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz