Әлеуметтік немесе қоғамдық психология


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

1. Әлеуметтік психологияға берілген әртүрлі анықтамаларды талдаңыздар.

2. Әлеуметтік психологияның пәні туралы көзқарастардың қалыптасу негізі ретінегі психология мен әлеуметтану ғылымдарына салыстырмалы талдау жасаңыздар.

3. Әлеуметтік психология мен философияның; әлеуметтік психология мен жалпы психологияның; әлеуметтік психология және әлеуметтанудың байланыстылығын анықтаңыздар.

Әлеуметтік немесе қоғамдық психология (гр. psyche - жан және logos - сөз, түсінік, ілім) - әлеуметтік топтарға қосылуымен байланысты адамдардың қызметі мен пәнінің заңдылықтарын, сонымен қоса ол топтардың өздерінің рухани ерекшеліктерін зерттейтін жантану ғылымдарының саласы.

Әлеуметтік психология отбасының, ұжымның, таптың, ұлттың, тағы да басқа адамдардың тұрған жеріне, кәсібіне, қоғамдағы алатын орнына қарай жіктелетін топтарының психологиясын зерттейді. Әлеуметтік психология қоғамда болып жатқан саяси-әлеуметтік құбылыстардың сырын түсінуге, олардан қорытынды шығарып, қоғамның даму бағытын айқындауға, ірі топтарды және тұтас қоғамды басқаруға, бағыттарды, шараларды айқындай отырып, оны стратегиялы дұрыс жолға салып отыруға көмектеседі. Сондықтан ғалымдар бұл ғылымның болашағы зор, XXI ғасырда жетекші орындарға шығады деп есептейді.

Әлеуметтік психологияның негізгі бөлімдеріне мыналар жатады:

  • әлеуметтік топтардың психологиялық мінездемесі;
  • тұлға психологиясы;
  • ақпарат алмасу заңдылықтары және бірлескен қызмет үстіндегі адамдардың өзара әрекеттесуі;
  • түрлі қауымдастықтарда қалыптасатын тұлғааралық өзара қатынастар.

Әлеуметтік психология өзге ғылымдармен - социологиямен, педагогикамен, философиямен, саясаттанумен, мәдениеттанумен тығыз байланыста болады.

Социология қоғамның, топтың және жеке адамның құндылықтары мен нормаларының сипатын қарастырса, әлеуметтік психология сол адамдар өмір сүретін микро және макроортаның әсерін ескере отырып, олардың қалыптасуының нақты механизмдерін және тұлғаның дара ерекшеліктерін зерттейді. Егер социология тұлғаның әлеуметтік белсенділігінің түпкілікті қайнарларын ашатын болса, онда әлеуметтік психология олардың пайда болу жолдары мен заңдылықтарын қарастырады, белсенділікті мейлінше толық іске асырудың жағдайларын жасауға көмектеседі. Социология түрлі адамдар топтары мен қауымдастықтарының ішіндегі тұлғааралық байланыстардың әлеуметтік мәнін ашады. Ал әлеуметтік психологияны жеке адамның немесе жеке топтың қызметінен ол мәннің калай және қандай формаларда көрініс беруі, тұлғалық сапалықтардың қалыптасуына қалай әсер ететіні қызықтырады.

Әлеуметтік психологияның философия құрамында ұзаққа созылған даму тарихы бар; Батыста XVIII ғасырдағы ағартушылық кезеңде оған көбірек көңіл бөліне бастады.

XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында әлеуметтік психология жеке ғылым саласы ретінде орнықты.

XX ғасырдың 20-жылдарынан бастап әлеуметтік психология АҚШ, Англия, Германия, Франция, Жапония сияқты дамыған елдердегі психология ғылымының жетекші бағытына айналды.

Әлеуметтік психология бұрынғы Кеңес Одағында да көп көңіл бөлінген. Кеңес билігі тұсында бұл ғылым жетекші салаға айналды. Кеңестік әлеуметтік психологтардың зерттеулерінде тұлға және ұжым мәселелері Батыстағыдай топ динамикасы заңдылықтарынан өзгеше бағдарда алынып, ерекше теориялық құрылғыда қарастырылды. Ұлттардың және өзге ірі әлеуметтік топтардың психологиясы зерттелді. Олардың арасында Қазақстандық ғалымдардың да үлесі болды.

Ғылым саласы ретіндегі әлеуметтік психологияның зерттеу объектісіне мыналар жатады:

  • адамдар арасындағы ақпарат алмасу және өзара әрекеттесу заңдылықтары, атап айтқанда, қоғамдық және тұлғааралық қатынастар құрылымындағы жүздесудің рөлі, оның құрылымы, атқаратын қызметі, жүздесу үдерісінде әсер ету амалдары;
  • таптар мен ұлттар сияқты ірі және еңбек ұжымы мен отбасы сияқты шағын әлеуметтік топтардың психологиялық мінездемелері, бұған қоса ұжымшылдық, басқару және жетекшілік, топ болып шешім қабылдау, топ қызметінің тиімділігі сияқты үдерістерді зерттеу;
  • тұлғаның әлеуметтік психологиясы, оның коммуникативтік сапалықтарына талдау жасау, әлеуметтену мәселелері, әлеуметтік мақсаттардың қалыптасуы және ауысуы\

2. 2 әдебиеттерге талдау жасау негізінде әлеуметтік-психологиялық түсініктердің жиынтығын бөліп көрсетуге болады:
әлеуметтік психология пәні және әдістері;
тұлға және қоғам, тұлғаның әлеуметтенуі;
әлеуметтік қауымдастық пен әлеуметтік топтардың жалпы түсініктері, әлеуметтік топтардың жіктелуі;
әлеуметтік топтардың құрылымы және әлеуметтік-психологиялық ұйымдар;
әлеуметтік топтағы қарым-қатынас және тұлғааралық қатынас (әлеуметтік байланыс), ұжым психологиясы әлеуметтік қауымдастықтың жоғары формасы ретінде;
үлкен әлеуметтік топтар психологиясы; бұқаралық әлеуметтік құбылыстар - қоғамдық және топтық қажеттіліктер, сезім, ерік, қоғамдық және топтық сана, т. б. ;
коммуникация және коммуникациялық бұқаралық құрал психологиясы;
әлеуметтік-психологиялық процестерді басқару.
әлеуметтік психологияның салалары
әлеуметтік психология ғылым ретінде түрлі әлеуметтік-психологиялық құбылыстар мен міндеттерді зерттейді және ортақ бірліктен пайда болатын оның генезисін және дамуын анықтайды.
Этностық психология - әлеуметтік психологияның саласы, ол түрлі этностық бірлік өкілдерінің психологиялық сипаттарын зерттейді.
Дін психологиясы - адамдардың діни іс-әрекетін және түрлі діндік бірліктерге мүшелікке кіргендердің психологиясын зерттейтін әлеуметтік психологияның саласы.
Саяси психология - адамдардың саяси іс-әрекеттерін және қоғамдық-саяси өмірге қатысатын түрлі әлеуметтік психологиялық құбылыстар мен процестерді зерттейтін әлеуметтік психологияның саласы.
Басқару психологиясы - адамдардың негізгі зейінді топтарға және бүкіл қоғамға әсерін, сапалы ерекшеліктерін сақтай отырып, белгілі әлеуметтік-қоғамдық тәртіпке бағынуын қалыптастыратын, дамыту және жетілдіру мақсаты мен мәселелеріне көңіл бөлетін әлеуметтік психологияның саласы.
°леуметтік әсер психологиясы - әлеуметтік психологияның әлсіз дамыған саласы, адамдарға әсерлердің ерекшеліктерін, заңдылықтарын және олардың түрлі өмір сүру жағдайларындағы іс-әрекетінің құбылыстарын зерттеумен шұғылданады.
қарым-қатынас психологиясы әлеуметтік топтардың адамдар арасындағы ақпарат алмасуы мен өзара әрекеттестігін айқындайды.
Отбасы психологиясы қоғамда отбасы мүшелерінің арасындағы жан-жақты түрлі ерекшеліктерді зерттеуді мақсат ретінде қояды.
Дау-дамай (конфликт) психологиясы - түрлі дау-дамайлардың психологиялық ерекшеліктерін қарастыратын және оларды тиімді жолмен шешуге бағытталған әлеуметтік психологияның мықты прогрессивті саласы.

Егер әлеуметтануды дербес ғылым ретінде қарасақ, онда оның объектісімен пәні бар «Әлеуметтану» термині екі сөзден құралған: латынның socіetas - қоғам және гректің logos - сөз, түсінік, ілім деген сөздерінен. Әлеуметтану “қоғам туралы ғылым” немесе “қоғам туралы ілім” дегенді білдіреді.

Әлеуметтанудың қоғамды зерттейтін басқа ғылым дардан айырмашылығы оның пәнінде.

Әлеуметтану қоғамның әлеуметтік құрылымын, әлеуметтік таптардың және топтардың байланыстарын зерттейді. Тарихқа жүгінсек, социологтардың бәрідерлік осы ғылымның пәнін анықтауға тырысқан.

Алғаш рет Огюст Конт «әлеуметтік» сөзін 1839 жылы «Позитивті философия курсысының» (IV том) 47-дәрісінде қолданады. Конт бойынша, дербес әлеуметтік ғылым жасаудағы басты шарт - басқа ешбір ғылымдарда зерттелмеген ерекше шындықты айқындау. Осы шындықты көрсету үшін ол түрлі терминдер қолданады: «қоғам», «әлеуметтік организм», «әлеуметтік жүйе», «әлеуметтік құбылыс», «әлеуметтік тіршілік». О. Конт әлеуметтану пәнін жалпыға ортақ келісім негізін құрайтын тұтас алынған қоғам деп түсінді.

Герберт Спенсер әлеуметтануды әлеуметтік институттардың табиғи эволюциясы нәтижесінде ондағы жіктелу тұтасумен ұштасатын әлеуметтік организм ретіндегі қоғам туралы ғылым деп білді. Ф. Теннис әлеуметтанудың өзі жасаған тұжырымдамасы шеңберінде теориялық және қолданбалы әлеуметтанумен қатар салыстырмалы оқу пәні ретінде эмпирикалық әлеуметтануды бөліп қарайды.

Эмиль Дюркгейм үшін дербес және ерекшеленген ғылым ретіндегі әлеуметтанудың пәні әлеуметтік фактілерді зерделеу болды, оларды “заттар ретінде”, қоғамдық тұтастықты нығайтатын наным, ұжымдық сана жүйесіне қатысты функционалдылық көзқарасы тұрғысынан түсіндірілуге тиіс нәрсе ретінде қарастыру қажет. Макс Вебердің көзқарасы бойынша, әлеуметтану пәнін анықтау әлеуметтік мінез-құлықты түсінумен тығыз байланысты.

Питирим Сорокин барлық ғылымдарды үш топқа бөледі: объективті нақты өмірдің органикалық бөлігін зерделеумен шұғылданатын ғылымдарға, органикалық емес бөлігі және “органика үстілік” немесе әлеуметтік мәдени бөлігін зерделейтін ғылымдарға бөледі.

2. 3 Әлеуметтік психология өзге ғылымдармен - социологиямен, педагогикамен, философиямен, саясаттанумен, мәдениеттанумен тығыз байланыста болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Педагогика және психология 3 курс мамандығына арналған Әлеуметтік психология ПӘНІНІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
АДАМНЫҢ ТАРИХИ ДАМУЫНДАҒЫ БИОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ФАКТОРЛАР
Социология және әлеуметтік психология: жалпы және ерекше
Кеңестік даму психологиясының негізгі теориялық бағыттары
Әлеуметтік психология мақсаттары мен міндеттері
Саяси психология
Жеке тұлға психологиясы
Психологиялық әдістердің түрлері
Әлеуметтік-психологиялық идеялардың қалыптасуы
Жалпы психологияның мән-мағынасы және оның барша ғылымдар жүйесіндегі орны
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz