Инклюзивті білім беру моделі



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Шахмардан Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар мен инжиниринг университеті

Баяндама
Тақырыбы:Инклюзивті білім беру моделі

Дайындаған: Ахметова Дамира
Группа: Физ 20-1
Тексерген: Ерубаева Айтжамал

2022-жыл
Инклюзивті білім беру моделі

Оқыту мен тәрбиелеуде ерекше қажеттіліктері бар балаларды әлеуметтік қорғау
Бүгінгі таңда инклюзивті білім беруді қолдау бағытында жалпы білім беретін мектептерде белгілі себептермен ақыл -- ой дамуында ауытқуы бар немесе психикалық дамуы тежелген оқушылар білім алуда. Әр оқуышының білім алуда өз ерекшеліктері бар. Мәселен әр оқушының эмоционалдық және психикалық таным процестерінің дамуы деңгейі әртүрлі. Десекте қазіргі таңда әр оқушыға жеке тұлға ретінде қарап, саналы тәрбие сапалы білім беру өмір талабы болып табылады.Осы ретте мектебімізде әрбір мүмкіндігі шектеулі оқушының даму деңгейі мен жас ерекшелігі ескеріліп білім берілуде. Бүгінде еліміздің барлық аймағында мүмкіндігі шектеулі балаларға білім беруді қолдау негізінде жалпы білім беретін мекттептерде түзете-дамыта оқыту сыныптары біртіндеп ашылып жатыр. Бұл сыныптың мақсаты: әр сыныптағы мүмкіндігі шектеулі оқушыларды бір сыныпқа топтастырып, әр оқушыға жекелеп сыныбы мен оқу бағдарламасына сай білім беру. Бұл сынып ашылғанымен өз алдына үлкен қиыншылықтары бар.
Себебі: бұл сыныпқа кей мектептерде әртүрлі сыныптан жиналған оқушылар оқиды. Екіншіден олардың жас ерекшелігі әртүрлі болғандықтан әр сыныпқа өзінің сыныбына сәйкес білім берілу керек. Үшіншіден білім беру бағдарламасының әртүрлілігі. Төртіншіден мұндай сыныпқа сабақ беретін пән мұғалімдерінің арнайы педагогикалық білім көлемінің аздығы.Осының нәтижесінде балаларды оқытудың бірінші сатысынан - ақ қиыншылықтарға тап болады. Мұғалімдер бұл қиыншылықтарды субьективті талдап бала дамуындағы кемістіктерін күрделендіреді.
Мұндай интеграцияның салдарынан балаларға жалпы білім беру жүйесі ретсіз дамуын жалғастырады. Инклюзив -- сөзі латын тілінен аударғанда өзімді қосқанда ал, ағылшын тілінен аударғанда араластырамын деген мағынаны білдіреді. Инклюзивті білім берудің мақсаты: Даму мүмкіндігі шектеулі балаларды қалыпты балалармен бірге білім беру. Яғни адамның жынысына , дініне, шығу тегіне қарамастан тең құқылы жеке тұлға ретінде білім беру жүйесі болып табылады. Инклюзивті білім беру- мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытып-үйретудің бір формасы.Бұл арнаулы білім беу жүйесінде дәстүрлі түрде қалыптасқан және даму үстіндегі формаларды ығыстырмайды. Нағыз инклюзивті білім берудің 2 жүйесін жалпы және арнаулы жүйелерді бір-біріне жақындастырады. Жалпы білім беретін мектепте мүмкіндігі шектеулі оқушыларды бірлесіп( интеграциялы түрде) оқуын ұйымдастыру боп табылады.
Қазақстан Республикасының 11.07.2002 жылғы Кемтар балаларға әлеуметтік-медициналық-педагогикалы қ-психологиялық түзеу арқылы қолдау туралы № 343 заңы бойынша ПМПК сыныптары үйден оқыту, үйден әлеуметтік көмек көрсету, көмекші бағдарлама, арнайы (ПДТ) бағдарлама бойынша 5 түрлі куәлік беру ережелерін және мүмкіндігі шектеулі балаларды қорғау, қамқорлау, диагнозын анықтау, емдеу, оңалту, тәрбиелеу, оқыту, қатарға қосу мәселелері бойынша жаңадан шыққан заң, қаулы, ереже тәртіптерінде қаралған. Инклюзивті білім беру - ерекше мұқтаждықтары бар балаларды жалпы білім беретін мектептердегі оқыту үрдісін сипаттауда қолданылады. Инклюзивті оқыту-даму мүмкіндігі шектеулі балалардың қалыпты дамыған балалармен бірге әлеуметтендіру және интеграция процестерін жеңілдету мақсатындағы жеңілдетілген оқыту жүйесі.
Инклюзивті оқыту біріктірілген ( оқушы қалыпты балалар сыныбында - тобында оқиды және дефектолог мұғалімнің жүйелі көмегін алады) , жартылай ( жеке балалар күннің жарты бөлігі арнайы топтарда, ал екінші бөлігі) қарапайым топтарда өткізіледі. Уақытша арнайы топтардағы бала бірлескен серуендерді, мерекелерді, сайыстарды, жеке істерді, өткізу үшін біріктіріледі.Толық дамуында ауытқулары бар балалар балабақшаның, сыныптың, мектептің қарапайым топтарына енгізіледі, мамандардың бақылауы бойынша түзету көмегін ата-аналар көрсетеді.
Даму мүмкіндігі шектеулі балалардың дүниетанымын кеңейтуді, олардың сезіне білу тәжірибесін байыта түсуді, балалардың сөйлеу және ақыл - ойының дамуын, танып білу әрекетіне дайын болуын қамтамасыз етеді. Оларды қоғамдық пайдалы өмірге бейімдеу, азаматтық қасиеттерін қалыптастыру. Бұлардың бәрі дефектіге сәйкес деңгейде, соған тән әдістемелермен жүргізіледі. Тәрбиенің бұл түрі тек педагогтармен ғана емес, арнайы логопед, психолок, дәрігер, әлеуметтік педагог, мамандардың көмегімен жүзеге асырылады. Баланың қоғамға пайдалы азамат болып өсуіне көптен-көп септігін тигізетін пәндердің бірі - бейнелеу, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Америка Құрама Штаттарында мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту
ҚР инклюзивті білім бeруді ұйымдacтырудың зaмaнaуи тәжірибecі
Инклюзивті білім берудің халықаралық тәжірбиесі
Мүмкіндіктері шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға консультациялық көмек көрсету мемлекеттік қызмет стандарты
Бастауыш сыныпта инклюзивті білім беруді ұйымдастыру ерекшеліктері
Мүгедек балалар мен кемтар балалардың қоғамдағы көрсеткіші
Инклюзивті білім берудің ерекшеліктері
Шетелдегі инклюзивті білім берудің деңгейлерін салыстыру
ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ
Сенсорлық бұзылыстары бар балаларды оқыту ерекшеліктері
Пәндер