Азаматтық-саяси қайшылықтар


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Дәріс № 3. Азаматтық-саяси қайшылықтар

Дәрістің бақылау сұрақтары:

1. Қазақстанда кеңес өкіметін орнатудағы ерекшеліктерді атап көрсетіңіз?

2. 1917 жылғы ақпан төңкерісі Қазақстанның қоғамдық-саяси өміріне қандай өзгерістер әкелді?

3. Қазақстандағы жүргізілген жаңа экономикалық саясаттың мәні мен қорытындылары қандай?

4. «Түркі социалистік мемлекетін құрушылардың» тағдыры немен аяқталды?

1. Қазақстанда кеңес өкіметін орнатудағы ерекшеліктерді атап көрсетіңіз?

Петроградта 1917 жылғы 24-25 қазанда Ленин бастаған революциялық күштердің жеңіске жетіп, Уақытша үкімет құлатылып, мемлекет билігінің Қеңестердің қолына көшуі.

Кеңес өкіметі орнауының екі түрлі жолы болды:

1. Өнеркәсіп орталықтары мен темір жолға жақын, жұмысшылар басым оңтүстік және солтүстік аймақтарда - бейбіт жолмен.

2. Сібір, Орал, Жетісу казактары мен офицерлер, кулактар біріккен контрреволюциялық күштер басым аудандарда - қарулы күрес жолымен.

1917 жылғы желтоқсан - 1918 жылғы наурыз аралығында Кеңес үкіметі Торғай облысының орталығы Қостанай, Ақтөбе қалалары мен басқа да ірі елді мекендерде орнады. Торғай облысында Кеңес үкіметінің орнауына А. Иманов, Қ. Қойдосов, В. Чеклиров, В. Зинченко және т. б күрескерлер елеулі үлес қосты.

1917 жылы қарашада Орынборда атаман Дутов контрреволюциялық төңкеріс жасап, өкімет билігі казактардың «Әскери үкіметі» қолына көшті. Атаман Дутовтың казактар тобы, Алашорда үкіметі, меньшевиктер Кеңес үкіметіне қарсы бірікті. Дутовшыларға қарсы күрес жүргізіліп шұғыл әскери көмек көрсетілді. Нәтижесінде 1918 жылы 18 қаңтарда Орынборда қарулы күреспен Кеңес үкіметі орнады.

Сөйтіп, наурыздың 2-не 3-не қараған түні Верныйда әскери - революциялық (төңкеріс) комитеті басқарған күштер қала еңбекшілерінің қолдауына сүйеніп «әскри үкіметтің» тірегі болған қамалды, қару - жарақ қоймаларын, почта - телеграфты т. б маңызды мекемелерді басып алды да, Верный қаласында Кеңес үкіметін орнатты. Кеңес үкіметі наурыз айында Жаркентте, Сергиопольда (Аягөз), Талдықорғанда, көкектің бас кезінде Лепсіде орнады. Сөйтіп, 1917 жылдың қазан айынан бастап 1918 жылдың наурыз айына шейін Кеңес үкіметі Қазақстанның көп жерінде жеңіске жетті, яғни Кеңес үкіметі өлкеде түгел орнап бітті.

2. 1917 жылғы ақпан төңкерісі Қазақстанның қоғамдық-саяси өміріне қандай өзгерістер әкелді?

Ақпан төңкерісі нәтижесінде ресми билікті қолына алған Мемлекеттік Думаның шешімімен құрылған Уақытша үкімет қазақ халқының 1916 жылы өзін-өзі билеуге құқықты болғандығын мойындады. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліске қатысқандарды жазалау экспедицияларының әрекеттері тоқтатылды. Ақпан төңкерісінің жеңісінің ең маңызды нәтижесі бұрынғы Ресей империясы аумағында кең көлемде саяси бостандықтар орын алып, бүкіл қоғамдық өмірдің демократиялануы болды. Бүкіл аймақта буржуазиялық мәндегі бостандықтар (саяси ұйым құру, сөз, баспасөз т. б. ) жүзеге асырыла бастады, жасырын түрдегі партиялар жариялық жағдайға шықты, жаңа партиялар мен басқа да саяси ұйымдар құруға рұқсат етілді.

Алайда Ақпан төңкерісі жеңісі қоғамдық өмірдің барлық мәселелерін шеше алған жоқ (мысалы, соғыс және жер мәселелерін) . Ақпан төңкерісі монархияны құлатқанымен жер-жердегі ескі басқару салдарын түбегейлі жоя алмады. Жаңа үкімет органдарын құру үшін күрес күрделі болып, ұзаққа созылды. Жер-жерлерде буржуазияшыл Уақытша үкіметтің органдарымен қатар орталықта Петроград кеңесі басқарған жұмысшы, солдат және шаруалар Кеңестері құрылды. Революция жеңісіне жеткеннен кейінгі алғашқы күндерде Кеңестердің қолында айтарлықтай күш болды. Елде қос үкіметтілік (ресми Уақытша үкімет және оның жергілікті жүйесі мен нақтылы күшке ие болған Кеңестер) жүйесі қатар орын алды.

Уақытша үкіметтің ұлттық мәселе бойынша қабылдаған алғашқы актілерінің бірі 1917 жылы 20 наурызда Ресей азаматтарының құқындағы діни наным-сеніміне, ұлтына қарай шектеушілікті алып тастау болды.

3. Қазақстандағы жүргізілген жаңа экономикалық саясаттың мәні мен қорытындылары қандай?

Жаңа экономикалық саясат - 20 ғасырдың 20-жылдарындағы КСРО-да Азамат соғысы салдарынан қираған ел экономикасына жеке меншік иелерін тартып, адамдардың өз еңбегіне мүдделілігін орнықтыруға бағытталған әрекет.

В. И. Лениннің пікірінше, НЭП-тің (жаңа экономикалык саясаттың) негізгі мәні - елдің экономикалық жағынан артта қалу проблемасын шеше алатын жұмысшылар мен шаруалардың одағын жасау болды. Өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының бір-біріне көмектесуі мен бір мезгілде қатар дамуы мына жүйе бойынша жүруге тиіс еді: ауыл шаруашылығын өндіріс құрал-жабдықтарымен қамтамасыз етуге бейімделген ауыр өнеркәсіпті қалпына келтіру, селолық ұсак тауар өндірушілерді көтермелеу; ауыл шаруашылық техникасын Кеңес өкіметі өңдей алмай отырған шикізатқа айырбастау жолымен сырттан алу. ЖЭС марксистік экономикалық теориядан қалыпты нарықтық қатынастарға қайта оралуды білдірді.

Шетелдік интервенция мен азамат соғысы аяқталғаннан кейін Қазақстанда экономикалық, әлеуметтік және саяси жағдай елдің орталық

аудандарымен салыстырғанда ауыр болды. Қазақстанның 307 кәсіпорынның 250-

і жұмыс істемеді. Қазақстанда мұнай өндіру 4 есе, Қарағанды көмірін өндіру

5 есе қысқарды, ал мыс кенін өндіру мүлде тоқтап қалды. Риддер кеніштері,

Екібастұз көмір орындары және Спасск байыту фабрикасы толық істен шықты.

Өлке халық шаруашылығының жалпы өніміндегі өнеркәсіптің үлесі 1920 жылы

небары 6, 3 % болды. Республиканың ауыл шаруашылығы құлдырап кетті. Егіс

көлемі Орал губерниясында 2 еседен астам, Жетісуда 3 еседей қысқарды. Мал

саны да едәуір азайып, 29, 9 млн. - нан 16, 3 млн. - ға дейін кеміді.

Кеңес үкіметі еңбекшілердің жағдайын жеңілдетуге ұмтылып, 1921 жылдың

бас кезінде Түркістан Халық Комиссарлары Кеңесі халыққа азық - түлікті,

отынды тегін босату туралы, коммуналдық қызметтерді тегін көрсету туралы,

ақысыз асханалар ашу туралы декреттер қабылдады. Алайда, зорлық - зомбылыққа негізделген азық - түлік саясаты сәтсіздікке ұшырады. Күйзелген шаруалар наразылық білдіре бастады. Қостанай, Ақмола, Орал, Семей облыстарында көтеріліс ошақтары пайда болды.

1921 жылы ақпан айында патша армиясының полковнигі Николаев пен Есаул

Токарев бастаған 25 мың адамнан тұратын отряды Петропавл қаласында Кеңес

үкіметі органдарының үйін қиратты. 1921 жылдың наурызында Орал

губерниясының территориясында Сапожников отрядының қаруланған 10 мыңнан

астам бүлікшілері әрекет етті. Қарқаралы уезінде 70 - тен астам партия және

Кеңес қызметкерлері көтерілісшілер қолынан қаза тапты.

XX ғасырдың 20 жылдың басында ауылдар мен селоларда халық

наразылығының ұлғаюының себептері:

- Мемлекеттің еңбекші халыққа қолдану саясаты (азық - түлік салғырты) ;
- 1921 - 1922 жылдардағы жаппай ашаршылық;
- Мал шаруашылығының ауыр жағдайы;
- Егін алқаптарының күрт азаюы.
Осы жағдайлардан азық - түлік салғыртының орнына азық - түлік салығын
енгізудің қажеттілігі айқындала түсті.
1921 жылдың 8- 16 наурызда өткен партияның X съезі салғырттан
азық - түлік салығына көшудің, жаңа экономикалық саясатқа (НЭП - ке)
көшудің қажеттігін негіздеп берді.

Жаңа экономикалық саясаттың белгілері
- Азық - түлік салығының енгізілуі.
- Сауда еркіндігі.
- Жерді және ұсақ кәсіпорындарды жалға беру.
- Ауылшаруашылық және несие, тұтыну кооперациясын дамыту.
- Кәсіпорындарды шаруашылық есепке көшіру.
- Еңбек міндеткерлігін жойып, жалдамалы еңбекті қолдану.
Жаңа экономикалық саясаттың мәні - салғыртты салықпен ауыстыру болды.
Салықтың мөлшері салғыртқа қарағанда (2, 5 есе) аз болды. Шаруалардан
алынатын ауыл шаруашылығы өнімдерінің мөлшерін салықпен шектеу ауыл -
селолардың қалалармен байланысты нығайтуға жол ашты. Шаруалар басы артық
өнімдерін қалаларға апарып сатып, тұрмыс жағдайын түзеуге мүмкіндік алды.
Орынборда 1921 жылы маусымда өткен облыстық бірінші құрылтай партия
конференциясы жаңа экономикалық саясатқа көшуді мақұлдады.
Жаңа экономикалық саясатпен бірге тоталитарлық, авторитарлық басшылыққа
көшу басталды.

ЖЭС және оның қорытындылары

Бейбіт құрылысқа көшудін. шаруашылық және саяси қиындықтары мұнда
бұрынғы феодалдық дәуірден мұра болып келген экономикалық және мәдени артта
қалушылықпен байланысты еді. Халықтың басым көпшілігі ауыл шаруашылығында еңбек етті. Ал, ауыл шаруашылығы мешеу жете дамымаған еді.

Егіншілікте жерді біраз тыңайтып алып қайта жырту жүйесі, мал шарушылығында көшпелі және жартылай көшпелі шараушылық басым болатын.
Егістің көлемі азамат соғысы жылдарында едәуір кеміп астықтың жалпы көлемі
мен түсімі үш есеге жуық азайды.

Мал шаруашылығы да ауыр халге ұшырады. Қазақстанның өнеркәсібі де қүлдырап кетті. Азамат соғысы жылдарында ірі кәсіпорындар түгелдей істен шықты. Еңбек өнімділігі
төмен, шикізат пен отын жетіспеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қоғамның құқықтық жағдайы
Азаматтық қоғамның саяси жүйесіндегі мемлекет туралы
Қоғамның саяси жүйесі қызметінің түсінігі және құрылымы
Қоғамның саяси жүйесінің түсінігі
Қоғамның саяси жүйесіндегі мемлекет
Саяси жүйенің қызмет ету механизмі
Демократиялық саяси жүйенің орнығуы
Жемқолық әрекетінің әлеуметтік психологиялық әрекеттері
Құқықтық нигилизм
Саяси жүйелердің түрлері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz