ЖАЛПЫ МӘДЕНИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТЕРДІ ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ МЕКТЕП ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ПЕДАГОГ РӨЛІ


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

ЖАЛПЫ МӘДЕНИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТЕРДІ ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ МЕКТЕП ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ПЕДАГОГ РӨЛІ

Ж. Н. Табуктинова

Павлодар облысының Білім беру басқармасы, Екібастұз қаласы білім беру бөлімінің "№13 жалпы орта білім беру мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі

Екібастұз, Қазақстан

Аңдатпа : Жалпы мәдени құзыреттіліктерді қалыптастырудағы мектеп жағдайындағы педагог рөлі қарастырылады

Кілтті сөздер: жалпы мәдени, құзыреттілік, көркемөнерпаздар үйірмесі

Annotation: The role of the teacher in the school environment in the formation of general cultural competencies is considered.

Key words: common culture, competence, amateur circus

Еліміз тәуелсіздік алғаннан бері біздің мемлекетіміздің барлық салаларында көптеген өзгерістер болып жатыр. Тәуелсіздік жылдары еліміз саяси реформа мен экономикалық жаңғыруды қатар жүргізіп, орасан зор нәтижеге қол жеткізді. Қазіргі уақытта жаңа тарихи кезеңге - Жаңа Қазақстанды құру кезеңіне аяқ басты. Жаңа Қазақстан ұлттық санамызды жаңғыртып, бәсекеге қабілетті болып, кез-келген мәселеге жаңашылдық тұрғыдан келуді, жалпы алғанда ұлттық бірегейлігімізді сақтай отырып дамуымызды талап етеді. Жаңа Қазақстанның ең басты шарты - «білімді, көзі ашық, көкірегі ояу болуға ұмтылу». Өйткені, ел Президенті Қ. Тоқаев өз сөзінде атап көрсеткендей, «табысты болудың ең іргелі басты факторы білім екенін әрқайсысымыз терең түсінуіміз керек… Себебі, құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді».

Бүгінгі жас ұрпақ, болашақ маман Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 8-бабында көрсетілген міндеттер бойынша: «Ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарды игеріп, ғылым мен практика жетістіктеріне негізделген білім алулары керек». Ендеше, біздің ұстаздарымыз оқытудың жаңа технологияларын енгізіп, білім беруді ақпараттандырып, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу арқылы оқытуды сауатты, сапалы жүзеге асырып, мамандардың кәсіби құзіреттілігін қалыптастырғанда ғана қоғамымыздың дамуына елеулі үлес қоса алады.

Жан-жақты дамыған, бәсекег қабілетті оқушыны дайындау жалпы мәдени дамумен бірге жалпы мәдени құзыреттіліктердің жиынтығын меңгеруді қарастырады. Жалпы мәдени құзыреттіліктерді қалыптастыруда тәрбиелік жұмысқа баса көңіл бөлінеді. Мектепте жалпы мәдени құзыреттіліктер оқушыны дамытуда көп жақты қызмет атқарады. Ең алдымен, бұл құзыреттіліктер оқушы тұлғасына гуманитарлық, жалпы білім беру әсерін тигізеді, сонымен қатар құзыреттіліктер оқушыны жан-жақты дайындаудың ажырамас бөлігі болып табылады [1] . Сондай-ақ ойлау мәдениетін игеру, жалпылау, талдау, ақпараттарды қабылдау және мақсат қойып оған жету жолдарын таңдай алу, дүниеге көзқарастық, әлеуметтік және жеке тұлғалардың маңызды мәселелерін талдау, еркін жеке және іскери байланыс жасау, этникалық ерекшеліктер, дәстүрлер мен мәдениетті түсінумен өздік жұмыс жасау; тілді іскери қарым-қатынас құралы ретінде қолдану, ақпараттық технологиялардың көмегімен жаңа білім мен икемдерді алу және оларды тәжірибелік қызметте қолдана алу; кәсіптік қызметте, тұлға аралық қатынаста алған лингвистикалық білімді, байланыс жасай алу қабілеттері толықтай қалыптасады. Ең алдымен, жалпы мәдениет құзыреттіліктердің негізі ретінде білім, кейін - алған білімнің тәжірибесінде орындаудың құралдары мен әдістері ретінде дағдылар, нәтижесінде жалпы мәдениет құзыреттіліктерді жүзеге асыруға алғышарт ретінде қабілеттер қалыптасады [2] . Сондай-ақ жалпы мәдени құзыреттіліктер оқушылардың қатысуымен өтетін түрлі мәдени-көпшілік іс-шараларға қатысу кезінде де қалыптасады. Оқушылардың эстетикалық, интеллектуалдық, адамгершілік дамуды қамтамасыздандыру, оқушылардың шығармашылық жекелендіруді тәрбиелеу, театр және актерлік қызметке қызығушылықты дамыту мақсатында Екібастұз қаласы білім беру бөлімінің "№13 жалпы орта білім беру мектебінде" «Жас өркен» көркемөнерпаздар үйірмесі құрылған. Үйірмені басқаруды өз қолымызға алып, білім алып жатқан оқушылардың рухани-адамгершілік мәдениетін қалыптастыру жолында едәуір жұмыс атқарып келеміз. Оқушылардың көп бөлігін белсенді шығармашылық өмірге жұмылдыру үшін педагогтар жоспарлаудың негізгі бөлімін оқушылардың белсенді қызметіне бағыттайды. Бұл: күнделікті репетициялар, мерекелік концерттерді, театрландырылған спектакльдерді көрсету, костюмдерді дайындау, т. б. Қалған уақыт тақырыптық әңгімелесулерді өткізуге, презентацияларды, бейнефильмдерді көруге, мәтіндерді жаттауға, т. б. бөлінген. Үйірме мүшелері мектептің түрлі іс-шараларын ұйымдастыру мен өткізуге белсенді қатысады. Жыл сайынға дәстүрлі іс-шаралар: Ұстаздар күні, Жаңа жыл, «Екі жұлдыз», Наурыз, т. б. Біздің шығармашылық ұжымның қойылымдары мектеп ішінде өтетін іс-шараларда, қалалық, облыстық байқаулар мен фестивальдерде бірнеше рет жүлделі орындарға ие болды. Павлодар қаласында Жастар саясатының мәселелері бойынша басқарманың бастамасымен өткен облыстық «Жас аймақ» І жастар

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ЖЫЛДЫҚ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНЕ КӨШУ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ МҰҒАЛІМНІҢ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІ
Құзыреттіліктерді дамытудағы жоба технологиясының мәні
Тақырыптың мақсат - міндеттері
Көптілді білім беру жағдайында болашақ педагог - психологтардың кәсіби құзіреттілігінің әдіснамалық тұғырлары
Қазақстан Республикасындағы 12 жылдық білім беру жүйесінде экономиканы оқыту
Болашақ мамандардың кәсіби құзыреттілігін қалыптастырудағы педагогикалық мәселелері
Қазақстан Республиканың білім беру жүйесінің сипатын анықтау
Білім берудің әлеумеетік қызметтері
Тұлғалық білім берудің орталығы - оқушылар тұлғасын үздіксіз дамыту
Кәсіби құзыреттілік мәселесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz