ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН

Махсатхан М.

студент, ППУ, Павлодар қ.

Абылғазы М. З.

студент, ППУ, Павлодар қ.

Джакина А. А.

аға оқытушы, информатика магистрі, ППУ, Павлодар қ.

Қазақстан тәуелсіздікке ие болып, азат ел атанғаннан бері биыл 31 жыл толайын деп отыр. Бұл кішкентай уақыттың ішінде мемлекетіміз көркейіп, өсіп, ерекше жылдамдықпен дамып келе жатыр. Күнделікті қарқынды дамудың үстінде келе жатқан Қазақстан менің мақтанышым. Жаңа қалалар мен облыстар пайда болып, жаңа мектептер мен ауруханалар салынып, биік ғимараттар бой көтеруде. Кішкентай уақыт аралығында еліміз аяққа тұрып, болашаққа нық қадам жасауда. Еліміздің көркеюінің себептері ол білімді азамат пен болашаққа деген сенім. Қазақстан - күн сайын жаңару мен дамудың үстінде келе жатыр. Күнделікті жаңа оқиғалар мен жаңа тарихтар жазылып жатыр. Бүгінгі күн - ертеңгі тарих екенін ұмытпайық. Еліміздің көркеюі мен есеюі бізбен бірге қалыптасатын тылсым. Оның келешегі мына біздің қолымызда.

Болашақ жастардың қолында екені осыған дейін талай мәрте айтылған сөз болғанымен, оның ақиқат екені сөзсіз. Білімді азамат - белгілі болашақ. Қазіргі таңда, жастардың көбі өз-өзін дамытып, жан-жақты оқумен айналысатыны бізді қуантады. Олар уақытты көк қорапқа телмірмей, пайдалы өткізуге құмар. Ертедегі құндылықтарымызды да жаңғыртып, оларға жаңа дем беруде біздің жастар. Қазіргі тағда, көптеген азаматтар өздерін түрлі курстарға қатысып, денсаулықтарымен тыңғылықты айналысуда. Жаман әдеттер мен жалқаулықтан тыйылып, өз-өзін дамытатын жастарымыздың көбейгені мен үшін үлкен қуаныш. Олардың тыңғылықты дамуы мен ертеңге ұмтылуы, келешекке үлкен мотивация деп білемін. Бұның бәрі қуанышты жағдай деп танимын өз басым. Осындай жастардың арқасында еліміздің ертеңі жарқын болатынына сенімдімін.

Жастардың білімді болуы үшін, ең алдымен білім көзінің қолжетімді әрі заманға сай болуы өте маңызды. Еліміздің білім жүйесі де бұл жайттарды басты назарда ұстап, жас болашақтың білімді болуына барлық жағдаяттарды орындауда. Білімді жастар - айқын болашақтың белгісі. Сондықтан да, білімге көңіл бөлініп жатқаны дұрыс деп білемін. Білім сонау ғасырлардан адам баласына танылған. Күллі адамзат өмірін білімге арнайды. Себебі білім келешектен келешекке берілетін үлкен байлық, шежіре, тарих, өнеге! Жас ұрпақтың білімге деген қызығушылығы қашан да жоғары. Заман бір орында тұрған жоқ. Жылдан жылға түрлі технологиялар, жаңа білім бағдарламалары ойлап табылып, білім сапасы артып жатыр. Білім беру қазіргі таңда өте жоғарғы деңгейде екенін атап өткім келеді. Сіз қандай білім алғыңыз келсе де, елімізде оған деген жағдайлар жасалып, қолжетімді болуы назарда ұсталып отыр. Кез келген өзіңіз қалаған заттарды біліп-танып, олармен танысу қазір қолжетімді. Түрлі онлайн сайттар мен видеосабақтар арқылы түрлі қашықтықтан да сабақ оқып, білімге жетуге болады. Мектеп біліміне келсек те олардың қазіргі таңда заманауи көзқараспен оқытылуы өте маңызды. Заманға сай технологияларды қолдана отыра, оқушыларға білім беру маңызды факторлардың бірі болып табылады. Соның бір айқын көрінісі ретінде АКТ-ны алсақ болады.

АКТ - жаңа технологиялар алаңы. Ол арқылы қазіргі барлық сабақтар қызықты, әрі тиімді, ұғымды өтуде. Жалпы мектептер мен жоғары білім беру мекемелерінде икт-ның алатын рөлі аса маңызды, әрі керек пән ретінде оқытылады. Оқушылардың жаңа технологияларды меңгеріп, жаңа заманауи білімдерді алуы қазіргі таңда аса маңызды бағыттардың бірі болып табылады. Сол себепті де бұл пәннің алар орны ерекше екені сөзсіз. Сабақты қызықты өткізу мен оның оқушыға түсінікті әрі ұғымды болуының бәрін қамтитын осы пән арқылы жеткізуге болады. Түрлі қызықты әдістерді қолдана отырып, оны оқушыға еткізу жолында ұғымды ету икт арқылы жүзеге асады. Бұл пәннің басты мақсаты - қашықтықтан білім беруді жүргізу. Қашықтықтан тек қана білім беріп қана қоймай, оның оқушыларға қызықты әрі тиімді болуын қадағалау. Түрлі материалдарды жаңалап жеткізу арқылы оқушының қызығушылығын арттыру бұл пәннің артықшылықтарының бірі болып табылады. Жастардың қазіргі қызығушылығын жоғалтып алмай, оны жетілдіру мен жоғарлату үшін бұл пән маңызды. Берілген материалдарды қашықтықтан пайдалы әрі қызықты өткізу оңай емес екені мәлім. Сабақты қызықты өткізу үшін көптеген еңбек пен мұғалімнің жаңашылдығы маңызды екенін айтсақ болады. Сондықтан да, мұғалімнің күнделікті дамып, өз-өзің дамытуы бұл пән ұшін де, оқушы үшін де тіпті мұғалімнің өзі үшін де өте маңызды.

Бірақ, көптеген педагогтарды педагог үшін компьютерлік техниканы жетік меңгеру және ақпараттық технологияларды қолдану дағдыларын жетілдіру қажет пе деген сұрақ мазалайды.

Оқу орындарында ақпараттық технологияларды қолдану мақсаттары әртүрлі, бірақ олардың негізгілері педагогтің жұмысын жан-жақты жеңілдету және сонымен бірге оған қазіргі заман талап ететін оқыту сапасының жаңа деңгейіне жетуге көмектесу болып табылады.

  • Оқушылардың оқуға деген ынтасын нығайту, олардың танымдық белсенділікке деген қызығушылығын ояту, оқу процесіне назар аударуға көмектесу;
  • Оқытудың неғұрлым тиімді және заманауи әдістемесіне қол жеткізу, әрбір оқушыға уақыт және өзге шығынсыз жеке қарауды қамтамасыз ету;
  • Оқу процесін қызықты ету;
  • Сабаққа дайындалуға және оқу нәтижелерін бақылауға уақытты үнемдеу;
  • Оқушылардың ақпараттық сауаттылығын қалыптастыруға үлес қосу;
  • Өз жұмысын жоспарлау мен жүйелеуде жаңа деңгейге шығу.

Сонымен қатар, бүгінгі педагогтің өзекті міндеттерінің бірі - оқушылардың ақпараттық сауаттылығын дамыту, оларға ақпараттық технологияларды меңгеруді үйрету, ақпараттық қоғам үшін өзекті ойлау стилін табуға көмектесу екенін есте ұстаған жөн.

АКТ-ны қолдану қандай оқу жағдайларында маңызды?

Жаңа материалды түсіндіру кезінде. АКТ көмегімен оқушыларға жаңа тақырыпты тиімді ұсына алады, мультимедиялық презентация педагогтің сөйлеуімен бірге жүруі мүмкін, оны бейне және аудио материалдармен, суреттермен, схемалармен суреттейді.

Оқушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастыру кезінде. Ақпараттық технологиялар жеке және топтық жұмысты ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Сабақта оқушылар ақпаратты іздеумен және іріктеумен, шығармашылық тапсырмаларды дайындаумен және мультимедиа өнімдерін жасаумен айналыса алады.

Үлгерімді бағалау және бақылау кезінде. Акт заманауи түрде бақылау және өзіндік жұмыстарды (интерактивті онлайн-тесттер, викториналар) жүргізуге, сондай-ақ тез тексеруді жүзеге асыруға және алынған нәтижелерді дерекқорға енгізуге мүмкіндік береді.

Оқу процесінде АКТ-ны қолданудың жиі кездесетін бағыттары қандай?

Мультимедиялық презентациялар жасау. Бұл оқу материалын айқын және көрнекі түрде көрсетудің қарапайым және қол жетімді әдістерінің бірі. Презентациялардың авторлары ретінде мұғалімдер де, студенттер де қатысады: бірінші жағдайда презентация сабаққа жаңа материалды тиімді ұсыну құралы ретінде, екіншісінде - шығармашылық өзіндік жұмыстың нысаны ретінде дайындалады.

Интернет-ресурстарды пайдалану. Ол тек тиісті ақпаратты іздеуді ғана емес, сонымен бірге жедел деректер алмасуды да қамтиды. Интернет оқушылар мен педагогтерге сабақтан тыс топтық жұмыс үшін ыңғайлы алаң ұсынады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан тарихындағы Семей полигоны
Экономиканың өрлеуі
Қазақстанда мемлекеттік басқару жүйесін реформалау
Қазақстан Республикасының Президентінің жыл сайынғы Жолдауы (1997-2011 жыл)
Еуропалық Одақ пен Қазақстанның арасындағы саяси қатынас.
Қазақстан Республикасының 2030 және 2050 бағдарламасы
Қазақстан Республикасында Президенттік билік институты
Қазақстан Республикасы кітапханалары жаңа жағдайда: мәселелері, даму жолдары
Қазақстан тарихы ғылымы тәуелсіздік жылдарында (1991-2008 жж)
«Оңтүстік Қазақстан телеарнасының өткені мен бүгіні»
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz