ИНТЕРАКТИВТІ ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІНІҢ ЖОЛДАРЫ



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
ИНТЕРАКТИВТІ ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІНІҢ ЖОЛДАРЫ

Қ.С. Ерғалиев, ф.ғ.к., проф., Павлодар педагогикалық университеті, Павлодар қ.
Қ.С. Мухитов магистрант, Павлодар педагогикалық университеті, Павлодар қ.

Интерактив сөзі бізге ағылшын тілінің "interact" (inter - өзара және act - әрекет ету) сөзінен енген. Интерактивтілік дегенді біреумен (адаммен) немесе бірдеңемен (мысалы, компьютермен) сөйлесу, диалог режимінде өзара әрекеттесу немесе болу мүмкіндігі десек, ал интерактивті әдісті өзара әрекеттестікке жүгінген субъектілердің жоғары белсенділігінің қажет ететін, қатысушылары мәселені шешу үшін іскерлік ынтымақтастық орнатып, өзара ақпарат алмасуға біріккен мақсатқа бағытталған үрдіс деп сипаттауға болады.
Оқытудың дәстүрлі түрлерімен салыстырғанда интерактивті оқытуда мұғалім мен оқушының өзара рөлі өзгереді: мұғалімнің белсенділігіне қарағанда, оқушылардың белсенділігіне жол ашылады, ал мұғалімнің міндеті - қатысушылардың активті болуына жағдай жасау болып табылады.
Диалогтық оқыту барысында оқушылар сыни ойлауға, жағдайларды талдау және тиісті ақпарат негізінде күрделі мәселелерді шешуге, балама пікірлерді қарастыруға, үйлесімді шешімдер қабылдауға, пікірталастарға қатысуға, басқа адамдармен тілдесуге үйренеді. Ол үшін сабақта жұптық және топтық жұмыс ұйымдастырылады, зерттеу жобалары, рөлдік ойын технологиялары қолданылады, әртүрлі ақпарат көздерімен жұмыс жүргізіледі, шығармашылық жұмыстар пайдаланылады.
Мұндай оқыту жағдайында оқушы оқу процесінің толық қатысушысы бола алады. Педагог дайын білім бермейді, қатысушыларды өз бетінше ізденуге, оқуға итермелейді. Тәлім алушы ақпаратты жай қабылдап қана қоймай, оны ой елегінен өткізіп, сол ақпаратты басқа да оқушылармен бірлесе талдап оқиды.
Сабақты өткізудің интерактивті формалары:
- білім алушылардың қызығушылықтарын оятады;
- оқу процесіне белсенді қатысуға шақырады;
- әр оқушының жеке сезіміне жүгінеді;
- оқу материалын тиімді игеруге ықпал етеді;
- білім алушыларға көпқырлы әсер етеді.;
- кері байланысты жүзеге асырады;
- білім алушылардың пікірлері мен қарым-қатынастарын қалыптастырады.;
- өмірлік дағдыларды қалыптастырады;
- мінез-құлықтың өзгеруіне ықпал етеді.
Бұл арада педагогтің интерактивті сабақ беруде жеке тәжірибесінің болуы, тренингтерге қатысуының маңызы зор.
Қорыта айтқанда, онда оқушы да, мұғалім де оқу процесінің тең субъектілері болып табылады. Интерактивті әдіс мұғалімге оқушыларды сабаққа тартуға, белсенді қатысуға, нәтижеге жетуге және топтық жұмыс жасауға ынталандыруға көмектеседі.
Оқыту құралдары - бұл мұғалімнің материалдарды оқыту және ұсыну үшін пайдаланатын объектілері.
Интерактивті оқытудың негізі - оқушының визуалды қабылдауына негізделеді, мұндай формада ақпараттың 80%-ы көру арқылы қабылданады.
Оқу құралдары ретінде көбінесе интербелсенді тақта, әртүрлі проектор, дисплейлер, планшет, жылжымалы планетарий, компьютерлер мен кеңсе жабдықтарын, робототехника және LEGO конструкторларын айтуға болады. Сондай-ақ электронды форматта жүзеге асырылатын вебинарлар мен онлайн-конференцияларды бөлек атап өткен жөн.
Интерактивті оқытуды ұйымдастырудың негізгі қағидаттары.
Сабаққа барлық қатысушылар тартылу тиіс. Осы мақсатта барлық қатысушыларды талқылау процесіне қосуға мүмкіндік беретін технологияларды қолдану тиімді.
Қатысушылардың психологиялық дайындығын қамтамасыз ету. Жұмыс алдында сабаққа қатысушылардың барлығының психологиялық тұрғыдан әзірлігі әртүрлі болуы мүмкін. Осыған байланысты оқушыны сабаққа дайындығын үнемі ынталандыру, рефлексия жасау және түрлі жаттығулар арқылы белсенділігін арттыру қажет етіледі.
Интерактив технологиясында білім алушылар саны шамадан тыс көп болмауы тиіс. Осы орайда қатысушылар саны мен оқыту сапасы үнемі тікелей байланыста болады. Оқушылардың оңтайлы саны - 25 адамға дейін деп шамалаған дұрыс.
Аудитория іші қатысушыларға ыңғайлы, үлкен және кіші топтармен еркін жұмыс істей алатындай етіп дайындалуы керек.
Жұмыс ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сыныптарда математиканы оқыту үдерісі
ҚАЗАҚ ТІЛІН АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖҮЙЕСІМЕН ОҚЫТУ
Сурдотифло педагогика Олигофрено педагогика
Оқушыларды оқыту процесінде
Бастауыш сынып сабақтарында интерактивті әдістерін пайдаланудың тиімділігі
Морфология тарауын оқытуда оқушылардың белсенділігін арттыру
Тәжірибелік-бағдарлы кәсіптік білім берудің оқыту әдістерімен байланысы
Шет тілін оқытудың әдістері
Оқытудың интерактивті әдістерінің негіздері
Оқытудың белсенді әдістерінің түрлері. оқытудың интерактивті әдістері
Пәндер