Оқушылардың IT құзіреттілігін дамыту жолдары


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

«Ескелді ауданы әкімдігінің Қарабұлақ орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің информатика пәнінің мұғалімі Башабаева Алия Умиралиевна.

Оқушылардың IT құзіреттілігін дамыту жолдары.

Білім берудегі ізгілендіру, ақпараттандыру-бүгінгі заманың талабы. Ақпараттық білімнің, орта мен адамның өзара қарым- қатынасын үйлесімді ету және жаңа ақпараттық қоғамда ақпараттық технологияны пайдалау, ақпараттық мәдениетпен байланысын кеңейту мүмкіндіктері мол болып тұр.

IT технологияны пайдаланудың мәні компьютерлік техниканың мүкіндіктерін оқушының жеке тұлғасын дамыту проблемасының маңына топтасқан дидактикалық- әдістемелік проблемалық міндеттерді шешуге бағындыру болып табылады. Оқушылардың IT білімдерін көтеру, ақпараттық құзыреттілігін қалыптастыру, заман талабына сай ақпараттық технологияларды, электрондық оқулықтарды, жаңа әр-түрлі бағдарламаларды және Интернет ресурстарын пайдалану оқушының білім беру үрдісінде техникалық шығармашылық қабілетін дамытуға мүмкіндік береді. Оқушылардың IT білімдерін, мәдениетін қалыптастыру қазіргі таңда үздіксіз педагогикалық білім беру жүйесіндегі ең үлкен мәселелердің біріне айналып отыр. IT технологиялар- объектінің, процестің немесе құбылыстың күйі туралы жаңа ақпарат алу үшін мәліметтерді жинау, өңдеу, жеткізу тәсілдері мен құралдарының жиынтығын пайдаланатын процесс.

Жаңа ақпараттық технологияның негізгі ерекшелігі- бұл оқушыларға өз бетімен немесе бірлескен түрде шығармашылық жұмыспен шұғылдануға, ізденуге, өз жұмысының нәтижесін көріп, өз өзіне сын көзбен қарауына және жеткен жетістігінен жақсы дәреже алуға мүмкіндік береді.

Ақпараттық технологиялар орталарын пайдаланудың мақсаттары:

1. Ақпараттық технологияларды қолдану негізінде оқу- тәрбие процесінің барлық деңгейін жетілдіру:

- оқыту процесінің ықпалы мен сапасын арттыру;

- пәнаралық байланысты тереңдету;

- қажетті ақпаратты іздеуді оңайлату және көлемін ұлғайту.

2. Оқушы тұлғасын дамыту, ақпараттық қоғамда өмір сүруге даярлау.

- коммуникативтік қабілеттеріді дамыту;

- күрделі жағдайда оңтайлы шешім немесе шешу нұсқаларын қабылдау дағдыларын қалыптастыру;

- компьютерлік графика, мультимедиа тезхнологиясын пайдалану арқылы эстетикалық тәрбие беру;

- ақпараттық мәдениетті қалыптастыру ақпаратты өңдей білу.

3. Қоғамның әлеуметтік тапсырысын орындау:

- ақпаратты сауаты бар тұлғаны даярлау;

- компьютерлік орталарды пайдаланушыны даярлау;

Оқыту үрдісінде компьютерлік технологияларды пайдалану келесі мақсаттарға бағытталады:

- компьютерлік технологиялардың мүмкіндіктерін іске асыру арқылы оқыту үрдісінің ықпалдылығы мен сапасының деңгейін көтеру;

- танымдық әректтердің белсенділігін арттыратын ынталарды қамтамасыз ету;

- қазіргі заманғы ақпарат өңдеу орталарын пайдалану негізінде пәнаралық байланысты тереңдету.

Соңы жылдары IT технологиялық заман ағымына сай күнделікті сабаққа компьютер, электронды оқулық, интерактивті тақта қолдану үлкен нәтиже беруде. Ол үшін педагогтің компьютерллік сауаттылығы ақпараттық- коммуникативтік технологияны пайдаланудағы жеке тәжірибесін тұжырымдау есебінен сапалы түрде артады.

Жаңа ақпараттық уақытта бізге әртүрлі бағдарламалармен жұмыс орындау мүмкіндіктері болып жатыр. Оқыту үрдісінде информатика пәні бойынша Python- жоғары дәрежедегі бағдарламалау тілі. Қазіргі кезде Python тілі ең көп таралған бағдарламалау тілі болып саналады. Бағдарламалау тілінің басты идеясы-қарапайым оқылымдылық және синтаксис, ол программистерге бағдарлама тұжырымдасмасын кодтардың жолымен білдіруге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар оқушылардың техникалық шығармашылығын робототехниканың дамуымен байланыстыруға болады. Робототехника роботтардан баска автоматтандырылған техникалық жүйелер мен өндірістік үдерістердің ең жаңа техникалық жинақталуын әзірлеу мен қолдану жолдарын зерттейтін ғылым. Қазіргі таңда робототехника тез дамып келе жаткан сала, бала санасын дамытып, ой-өрісін тереңдетіп, жетілдіру мақсатында робот техникасын оқыту оқушылардың қызығушылығы мен ынтасын оятатын оқу ортасындағы қызықты әрі тәжірибелік жаттығуларды ұсына алатын бірегей оқу құралы ретінде танылуда. Бұл салада жүргізілген зерттеулерде роботтардың оқушылардың түрлі пәндер (физика, математика, химия, информатика т. б) бойынша оқуына, сондай-ақ зерттеу дағдылары, шығармашылық ойлау, шешімқабылдау, проблеманы шешу, қарым-қатынас жасау және командада жұмыс істеу дағдыларын дамытады.

Сонымен қатар пәндерді оқыту әдістемесіне Интернет жүйесін қосу сапалы білімнің қайнар көзі. Интернет арқылы оқыту оқушылардың өзара ақпарат алмасуын мүмкін етеді. Мұғалім ақпараттық коммуникациялық технологиялар арқылы оқушылармен байланысын жеке- дара жақындаса алатындай жолмен жүргізуге мүмкіндік алады.

Қазіргі дамыған елдердегі білім беру жүйесінде ерекше маңызды мәселелердің бірі- оқытуды ақпараттандыру, яғни IT технологияларды пайдалану. IT технологиялар келешек ұрпақтың жан-жақты білім алуына, іскер әрі ақылды, талантты, шығармашылығы кең, еркін дамуға жол ашатын үлкен мүмкіндік. Оқушыларға білім беру компьютер технологияларының дамуымен тығыз байланыста болатыны анық.

Немен аяқтаймын . . . интернеттен алдым өз ойымнан кішкене ғана

Пайдаланылған әдебиеттер

1. «Информатика негіздері» журналдары.

2. Қазақстан Республикасы білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған
Мемлекеттік бағдарламасы.

3. «Ақпараттық-талдау орталығы» АҚ

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жобалау мен шығармашылық
Ағылшын тілін оқыту әдістемесі
Мәдениетаралық қарым –қатынас және аутенттік мәтіндер
Лингвомәдени құзыреттілікті қалыптастыру компоненттері
Сөз тіркесін оқытуда оқушылардың қатысымдық құзіреттілігін қалыптастырудың лингвистикалық негіздері
Дамыта оқыту арқылы оқушылардың шығармашылығын дамыту
Ағылшын тілі сабақтарында ойын технологиясын ұйымдастыру
Оқушылардың айтылым дағдысын дамыту құралы ретінде ағылшын тілі сабақтарында дебат технологиясын қолдану
Белсенді сөйлеу технологиясы арқылы оқушылардың шет тілді коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыру
Ғалымның Қазақ тілі методикасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz