АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫНЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК МҰРАСЫ



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫНЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК МҰРАСЫ

Исабаева Асия Жанатқызы
Қарағанды қаласының №74 жалпы білім беретін мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі,педагогика ғылымдарының магистрі

Аңдатпа: Мақалада ұлт көшбасшысы Ахмет Байтұрсынұлының педагогика саласындағы еңбектері қарастырылып, ұлттың ағарту ісіне қосқан еселі еңбектері тілге тиек етіледі. Сегіз қырлы бір сырлы парасатымен ұлтты ояту жолында ұшан-теңіз жұмыстар істеген бірегей ғалымның бүгінге жеткен мұраларын сөз ете отырып, Ахмет Байтұрсынұлының теңдессіз тұлға екеніне баға беріледі

Қазақ өркениетінің ең ірі қарқынды дамыған, гүлденген тұсы - өткен ғасырдың алғашқы қырық-отыз жылының үлесіне тиеді. Бұл кезең
Байтұрсынов дәуірі, Байтұрсынов ғасыры делініп те жүр. Бұлай делінуінің басты себебі - Ахмет Байтұрсынұлының ұлт ғылымының көшбасшысы болуы. Осыған орай кезінде оған Елдес Омаров первый светоч науки деп баға берген. Сондай-ақ, Ахмет Байтұрсынұлы өз халқының ұлтының ар-намысы бола білген (С.Сейфуллин) қазақ жұртының көсемі (М.Əуезов) де. Режиссер Т.Ахметовтің Ахмет Байтұрсынов телефильмінде сөйлеген сөзінде академик З.Қабдолов: Ахаң туралы М.Әуезовтен артық айту қиын. Ахмет Байтұрсынұлы - XX ғасырдың басындағы қазақ интеллигенциясының көшбасшысы. Шоқан, Ыбырай, Абайдан кейін Ахметті қоямыз. Бұл - төрт бұрышымыздың түгелденгенінің белгісіндей, - деген-ді.
Ахмет Байтұрсынұлы халықтың санасына бірден әсер етуді, ақыл-ойын өзгертуді, көзін ашуды сауаттандырудан бастамақшы болды. Ол қоғамдық қызметін ағартушылық жұмыспен қатар жүргізу қажеттігін түсінді. Жұртшылықтың сана-сезімін ояту үшін, дұрыс бағыт алуы үшін жаппай сауаттандыру, оқыту керек екенін ұқты. Бұл туралы ғалым Р.Сыздықова былай деп жазады: Қысқасы, А.Байтұрсынұлының өз тілімен айтқанда, байға мал, оқығанға шен мақсат боп, жұрттың қамын ойлайтын адам аз боп тұрғанда, қараңғы халқының сауатын ашып, білім беру жолын қалап алғандардың бірі, бірі емес, бірегейі өзі еді. Ағартушылық - сол кезеңдегі қазақ қауымының тіршілігінде ең қажет, ең игілікті іс болатын. А.Байтұрсынұлы осыны жақсы білді, дұрыс таныды [1; 2 б].
А.Байтұрсынұлы білім көзінің алғашқы сатысы бастауыш мектепке баса назар аударады. Қазақ газетінің бетіндегі Бастауыш мектеп атты көлемді мақаласында автор қазақтың бастауыш мектептері қандай болуы керектігін мәселе етіп қойып, сол тұстағы қазақ жеріндегі ауыл мектептерінің жағдайы қиын екендігін, оларда бағдарлама, оқу құралдары, тіпті оқу тәртібі (мектеп режимі) жоқтығын, мұғалімдердің жетіспейтіндігін айтудан бастаған .
А.Байтұрсынұлы алғашқы әліппе, оқулық, тіл құралдарды дүниеге келтіруімен бірге, осы оқу құралдарын тәжірибеде қалай пайдалануға бо- лады, әліппе, тіл құралдарындағы материалдарды шәкіртке қалай ғылыми тұрғыда меңгертуге тиіспіз деген мәселе жөнінде де ойланған. Озық елдердің әдістемелік әдебиеттеріне сүйене, үйрене жүріп, төл әдістемелік нұсқау, әдістемелік мақалаларын жазып қалдырған. Бұл бағытта мол жазбаларының бірер санын "Баяншы", "Əліппе астары", "Нұсқаушы" (қай жылы жазылғаны белгісіз), "Тіл жұмсар" секілді әдістемелік нұсқаулары мен "Жалқылау (айырыңқы) әдіс", "Баулу мектеп", Ана тілінің әдісі, Жалқылаулы- жалпылау, "Қай әдіс жақсы?", "Дыбыстарды жіктеу туралы" мақалалары құрайды.
А.Байтұрсынұлының "Баяншы" әдістемелік нұсқауы 1920 жылы Қазан қаласының алтыншы мемлекеттік баспаханасында жарыққа шықты. Көлемі 15 бет.Таралымы 8600 дана. Кіндік қазақ өзгеріс комитетінің оқу бөлімі бастырған. Еңбектің титул бетінде "Қазақ мұғалімдері үшін" деп көрсетілген. Əдіскер нұсқауға жазған сөз басында: "Жаңа оқу жолымен таныс емес оқытушылар төменгі "Қазақ дыбыстары һәм олардың жазылу белгілері" деген һәм "Дыбыспен жаттығу" деген екі сөзді оқып әліппе қалай тәртіп етілгенін көріп, оқу бастауы артық емес. Бұл екі сөз оқушылар емес, оқытушылар үшін жазылған" - деп те көрсетеді. Бұл еңбек ағартушының көп жыл бала оқыта жүріп жасаған әдістемелік тәжірибесінің түйіні, тұжырымы. Оған А.Байтұрсынұлының: "Адамның өзінде кәмілдік болмаған соң, ісінде де кәмілдік жоқ. Сондықтан 14 жыл бала оқытып аңғарған, сезген, білген, іс көргендігім болса да, әліппе мінсіз болады демеймін (бұл жерде әліппені оқытуды айтып отыр деп білеміз). Ұнамсыз мінді жерін аңғарған адамдар көрсетсе, көп-көп алғыс айтамын," - деуі де дәлел [2,59 б].
"Баяншы" 1920 жылы баспа жүзін көрді дедік. Бірақ әдістемелік нұс қаудың жазылуы бұдан ертерек секілді. Бұны алғаш байқаған ғалым Р.Сәтіғалиқызы жоғарыдағы аталған еңбегінде былай деп жазады: "1912 жылы шыққан бұл "Əліппеден" біздің көңілімізді аударатын бір мағлұмат аламыз, ол - Байтұрсыновтың Баяншы атты методикалық кітапшасы сол кезеңде-ақ бар екендігі.
Тіл жұмсар әдістемелік нұсқауы екі кітаптан тұрады. Алғашқысы 1928 жылы Қызылорда қаласындағы Қазақстан баспасынан жарық көрді. Көлемі - 46 бет. Əдістемелік титул парағында Сөйлеу, оқу, жазу тілін жұмыс тәжірибесі арқылы танытатын 1-інші кітап. Білім ордасы 1-інші басқыш мек- тепте ұстауды ұйғарған деп жазылған. 90 беттік көлемдегі Тіл жұмсардың екінші кітабы 1929 жылы (бірінші бетінде 1928) тағы да Қызылорда қаласында басылады. Еңбектің Дәйектеме деп аталған бөлігінде А.Байтұрсынұлы
- жетекші құралдың ерекшелігіне жан-жақты сипаттама береді.. Тіл жұмсар сол үлкен құралдың бөлшектерін, тетіктерін балаға шағындап бөлек-бөлек ойыншық сияқты құрал жасап, соларды танытып, соларды жұмсарту арқылы барып үлкен құралды танытады, - деп бастайды . Одан әрі әдіскер нұсқау бөлімдерінде қамтылған мәселелерді, оларды меңгертудегі алға қойған түпкі мақсатты айқындайды. Тіл - жұмсардың қазір екі бөлімі ғана шығып тұрғанын айта келіп, бірінші бөлімдегі жүргізілетін жұмыстарға мыналарды қосады: әріптер мен әріп белгілерін, түрлі орында көбірек жұмсалатын сөз бөлшектері мен сөйлем бөлшектерін жаза білу; дәйекші керек қылмайтын дыбыстардың әріптерін білу; сөздің жекелік, көптік түрлерін тану; көбінесе айтылатын сұрау сөздермен танысу; жеңіл сұрауларға жауап жаза білу; жеңіл бүркеулерді аша білу; сөзге үйлесетін сөз теріп ала білу; оңай туатын сөздерді туғыза білу; сөзді сипырға (цифрға), сипырды сөзге айналдыра білу; тасымалдаумен таны- суды қосады.
А.Байтұрсынұлының әдістемелік еңбектерінің біраз бөлігі мақалалар то- бынан құралады. Əдіскер еңбектерінің библиографиялық көрсеткішінде (А.Байтұрсынов. Тіл тағылымы. А., Ана тілі, 1992,443-445-б.б.) Ана тілінің әдісі мақаласы мен Оқу құралы еңбегі де аталған. Бұл Оқу құралдың өзге оқу құралдардан айырмашылығы, онда Усул сотие жолымен тәртіп етілген қазақша әліпбиге баяншы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ахмет Байтұрсыновтың ғылыми - педагогикалық мұралары
Ахмет Байтұрсынұлының еңбектеріндегі психологиялық көзқарастарын талдау және ұлттық психологияның дамуында алатын орнын зерттеу
Қазіргі қазақ әдебиетін оқыту әдістемесімен Ахмет еңбегінің сабақтастығы
Алаштың аруағы
Ахмет Байтұрсынұлы шығармаларының тарихи маңызы
Ахмет Байтұрсынұлының шығармашылық ғұмырбаяны
Ахмет Байтұрсыновтың өмірі мен қызметі
АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫНЫҢ ИДЕЯЛАРЫН БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕ ПАЙДАЛАНУ МҮМКІНДІКТЕРІ
Әдебиет танытқыштың әлемдік әдебиеттану ғылым контексіндегі көрінісі
Ахмет Байтұрсынұлының педагогикалық көзқарастары
Пәндер