Стехиометрия. Стехиометрияның негізін қалаушы



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педогогикалық университеті

Реферат

Тақырыбы: Стехиометрия.Стехиометрияның негізін қалаушы
Орындаған: Сауытбекқызы Балайым
Тобы: Хнк 5\2 топ
Қабылдаған: Утемисова.А

2021-2022 ж

Стехиометрия - заттардың арасындағы массалық және көлемдік қатынастарды қарастыратын химияның бөлімі. Құрылымдық химияның дамуының маңызды кезеңі молекуланың кеңістіктік құрылысын табу болды. Стереохимияның пайда болуына кейде химияға қатесі жоқ көптеген жаңалықтар себепші болды. Стехиометрия түсінігі көбінесе химиялық реакцияға қатысты болады. Егер химиялық реакцияда бастапқы заттар қатаң белгілі қатынаста әрекеттесетін болса, реакция нәтижесінде сол өлшемге дәл сәйкес келетін өнім түзіледі. Ондай реакциялар стехиометриялық реакциялар деп аталады. Әртүрлі қосылыстардың салыстырмалы молекулалық массалары белгілі болса, ол қосылыстардың қандай қатынаста әрекеттесетінін білуге болады. Заттар арасындағы мольдік қатынас - реакцияға қатысатын заттар үшін коэффициенттерді білдіріп, стехиометриялық деп аталады.

1814ж. Огюстен Жан Френель сәуле толқынының тік толқындарға жататынын көрсетсе, 1815ж. француз химигі Жан батист Био заттардың оптикалық белсенділік құбылысын ашты. 1832ж. Берцеллиус бөліп алған изомерлі шарап және жүзім қышқылдары оптикалық изомерияның алғашқы мысалдары болды (шарап қышқылы сәуленің поляризация бетін оңға айналдырады). 1848ж. француз химигі және биолог Луи Пастер жүзім қышқылының екі антиподтардың - шарап қышқылы мен оның изомерінің қоспасы екенін тапты. Олардың 13 кристалдары ассиметриялы. Ол бұл құбылысты молекуланың ассиметриясымен байланыстырады. 1874ж. дания химигі Якоб Генрих Вант-Гофф оптикалық изомерияны - көміртегі атомының ассиметриялығымен түсіндіру керектігі туралы жорамал ұсынды. Ол көміртегінің төрт валенттілігі ортадан тетраэдрдің төбелеріне бағытталған деген ұстанымды айтты. Ассиметрияның түрі осы бағытталған валенттіліктерге орналасқан атомдарға байланысты болады
Вант-Гоффпен бір мезгілде француз химигі Жозеф Ашиль Ле Бель осындай ойларды топшылады. Вант-Гофф - Ле Бель жорамалы қосылыстардың оптикалық белсенділігін және оптикалық изомерлердің санын болжауға мүмкіндік берді. Осы туралы Вант-Гофф 1875ж. өзінің Кеңістіктегі химия кітабында жазған. Алайда, бұл жорамал химик-ғалымдар арасында үлкен пікірталас тудырды. Кекуле мен Кольбе қарсы болса, гипотезаны жақтаушылар қатарында Вильгельм Фридрих Оствальд, Шарль Адолф Вюрц, Альберт Ладенбург болды. Вант-Гоффтың стереохимиялық теориясы 1890 жылдары Пауль Вальден мен Эмиль Герман Фишердің жұмыстары арқасында түбегейлі бекітілді

Стехиометриялық мөлшер деген ұғым химиялық реакцияның теңдеуіндегі немесе формуладағы заттың мөлшеріне сәйкес келеді. Стехиометриялық есептеулерге заттардың түрлері мен олардың арасында жүретін теңдеулері бойынша әр түрлі есептеулер және оған заттардың түрлері мен химиялық реакциялардың теңдеулерін құрастыру да жатады. Стехиометрияның негізін стехиометриялық заңдар құрайды. Бұларға заттар массасының сақталу заңы, құрам тұрақтылық заңы, эквиваленттер заңы,еселік қатынас заңы, кәлемдік қатынас заңы, Авогадро заңы жатады. Бұл заңдар заттардың атомдар мен молекулалардан тұратынын және атом - молекулалық ілімнің дұрыс екенін дәлелдесе, ал атом молекулалық ілім стехиометриялық заңдардың мәндерін толық түсіндіріп береді.

Заттар массасының сақталу заңы. (1748ж.)
Реакцияға қатысқан заттардың массасы реакция нәтижесінде түзілген заттардың массасына тең болады.
Атом-молекулалық ілім тұрғысынан қарағанда реакцияға қатысқан заттардың құрамында қандай атомдар қанша мөлшерде болса, реакция нәтижесінде шыққан заттардың құрамында сондай атомдар сонша мөлшерде болады. Бастапқы заттардың атом саны реакция нәтижесінде түзілген заттардың атом санына тең болады.
4Р + 5О2 = 2P2O5
Заттар массасының сақталу заңы
nA + mB = AnBm
Заттар массасының сақталу заңы заттың сандық құрамын зерттеуге негіз салды. Егер реакцияға қатысқан және реакция нәтижесінде шыққан заттардың массасы тұрақты болса, сол заттардың сандық құрамы да тұрақты болу керек деген пікір туды. Көптеген зерттеулер химиялық таза заттардың сапалық және сандық құрамы тұрақты болатынын көрсетті.
Құрам тұрақтылық заңы (Ж.Л. Пруст, 1808ж. )
Заттар массасының сақталу заңы заттың сандық құрамын зерттеуге негіз салды. Егер реакцияға қатысқан және реакция нәтижесінде шыққан заттардың массасы тұрақты болса, сол заттардың сандық құрамы да тұрақты болу керек деген пікір туды. Көптеген зерттеулер химиялық таза заттардың сапалық және ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Стехиометрия шарты
Химиялық стеометрияның негізгі заңдары
Заттың мольдік массасы
Бейорганикалық химияның теориялық негіздері туралы
Атомдар мен элементтер
Жұқа қабыршықтардың балқу температурасын анықтау әдістемесі
Каолиннен және нефелинды кендерден, саздан және бокситтерден тазартылған және тазартылмаған алюминий күкіртқышқылы. Ашудастар өндірісі
Сұйық және қатты денелер
Кондуктометрия
Қолданбалы есептердің нәтижелерін графикалық пакеттер арқылы визуалды кескіндеу
Пәндер