Мәдениеттану пәні, мақсаттары мен міндеттері


Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
Жаратылыстану факультеті
Физика кафедрасы
БӨЖ
Тақырыбы: Мәдениеттану пәні, мақсаттары мен міндеттері.Қабылдаған: Раушан Акназарова
Орындаған: Оспан Дәрия
Тобы: ЖФИ-011
Түркістан- 2021 ж.
Мәдениеттану пәні, мақсаттары мен міндеттері.
Жоспар:
І. Кіріспе.
- Мәдениеттану пәнінің қалыптасуы.
ІІ. Негізгі бөлім
- Мәдениеттанудың пәндік ерекшеліктері мен қисындары.
- мен методтары.
ІІІ. Қорытынды
Негізгі мәдениеттанулық мектептер мен бағыттар.
КІРІСПЕ
Тарихи тұжырымдарға сүйенсек, мәдениеттану жеке пән ретінде XІX ғасырдың соңғы ширегінде қалыптаса бастады. Сондықтан да оны әлі де болса буыны бекімеген жас ғылымдар саласына жатқызамыз. Мәдениеттану - әлеуметтік-ғылыми және гуманитарлық білімдердің тоғысында қалыптасып келе жатқан, ғылымның салыстырмалы жас саласы. Мәдениеттану терминін ғылыми қолданысқа бірінші болып АҚШ мәдени антропологы Лесли Уайт енгізді. Ол өзінің "Мәдениет туралы ғылым", "Мәдениет эволюциясы" және "Мәдениет ұғымы" атты еңбектерінде мәдениеттану басқа қоғамдық немесе гуманитарлық ғылымдардан жоғары тұрып, олардың әмбебапты тұжырымдамасы болады деген пікір айтты. Ол мәдениеттануды, антропологиядан бөлініп шыққан, қоғамдық ғылымдар кешеніндегі дербес ғылым ретінде қарастырады.
А. Швейцер кезінде философияда мәдениеттің көп зерттелмегенін айта келе, " мәдениетке көңіл бөлмесе, философияның өзі мәдениетсіздікке ұрынады ", - деген екен. Бұл тұжырым мәдениеттің қоғамдағы маңыздылығын көрсетіп қана қоймайды, сонымен бірге заман шындығын айта отырып, болашаққа жол нұсқайды. Осы жерде Швейцердің сөзіне сүйеніп, мәдениеттану пәні дамымаса, ұлттық мәдениеттің негізін оқымаған ұрпақ қана емес, бүкіл қоғамның өзі өркендемейді, үнемі рухани шектеуге ұшырап отырады деп сеніммен тұжырым жасауға болады.
Негізгі бөлім
Мәдениеттану пәні жергілікті және аймақтық мәдениеттердің сапалы ерекшеліктерін, олардың өзара байланыстары мен мәдениеттің басқа түрлерімен мирасқорлығын, қарым-қатынасын зерттей отырып, ондағы басты мәдени процестерге ғылыми тұрғыдан талдау жасайды. Мәдениеттануды тек қана гуманитарлық ғылымдар саласында ғана емес, сонымен бірге жалпы теориялық пәндер қатарына да жатқызуға болады. Өйткені бұл пән адамзат баласының мәдени өміріндегі толып жатқан құбылыстарды жүйелі түрде қарастырады.
Мәдениеттану қоғамда болып жатқан түрлі процестерді (материалдық, әлеуметтік, саяси, адамгершілік, көркемдік т. б. ) барынша қамтып, мәдениет дамуының жалпы заңдылықтарын, оның өмір сүруінің принциптерін және бір-біріне этно-әлеуметтік, саяси-моральдық, ғылыми, көркемдік және тарихи сипаттамаларымен, жағдайларымен ерекшеленетін түрлі мәдениет түрлерінің өзара байланыстары мен, тәуелділіктерін зерттейді.
Мәдениеттану пәнінің негізгі қырлары мыналар:
- Мәдениет онтологиясы: оны анықтаудың және таным жақтарының көп түрлілігі;
- Мәдениет гносеологиясы: мәдениеттанулық білімінің негізі және оның ғылымдар жүйесіндегі орны, ішкі құрылым және методология;
- Мәдениет морфологиясы: әлеуметтік ұйымдасу формаларының жүйесі ретіндегі оның функционалдық құрылымының негізгі көрсеткіштері, әлеуметтік тәжірибені реттеу және коммуникациялар, оны тану, кумуляция жасау және тарату;
- Мәдени семантика; рәміздер, таңбалар, мәдениет мәтіндері және тілдері, бейнелер, мәдени коммуникациялау тетіктері туралы түсініктер;
- Мәдениет антропологиясы: мәдениеттің тұлғалық көрсетткіштері туралы, мәдениетті “жасаушы” және “тұтынушы” адам туралы түсініктер;
- Мәдениет социологиясы: мәдениеттің әлеуметтік страттануы және дифференциясы туралы, “ойын ережелері” жүйесі ретіндегі мәдениет туралы түсініктер;
- Мәдениеттің әлеуметтік динамикасы: әлеуметтік-мәдени процестердің негізгі типтері, мәдени феномендер мен жүйелердің генезисі мен өзгермелілігі туралы түсініктер;
- Мәдениеттің тарихи динамикасы: мәдени-әлеуметтік ұйымдасу формаларының эволюциясы туралы түсінік;
- Мәдениеттанудың қолайлы аспектілері: мәдени саясат, мәдени институттардың функциялары туралы түсінік.
Ғылымда, олар кез келген мәдени феноменді талдауға келетін, танымның ерекше мәдениеттанулық методтары қалыптасып келеді.
Мәдениеттану адамзатпен жинақталған, материалдық және рухани құндылықтарды тек қарапайым суреттеуге емес, ол жүйелі бірлік ретіндегі адамдық мәдениеттің бүкіл әлемін зерделеуге ұмтылады, ал мәдениеттану тарихы - бұл адамдық мәдениет әлеміне теориялық ой жүргізудің жаңа тәсілдерінің пайда болуы тарихы. Әрбір жаңа концепцияның пайда болуы алғашқысын шығарып тастамайды, сондықтан мәдениеттанулық білім - бұл өзара әрекет, өзара әсер, сұхбат өрісі.
Қорытынды
Мәдениеттанудың ең көп тараған анықтамасы оны мәдениет дамуының ең жалпылама заңдылықтары туралы ғылым деп түсіну болып табылады. Бұл анықтама ақиқатқа қайшы келмегенімен, әйтсе де пәнді біржақты көрсетеді.
Мәдениеттану ғылыми пән дәрежесіне жету мақсатында, сөзсіз мәдениет археологиясына сүйенеді, оның генезисін, өмір сүру мен дамуының құпияларын ашып, мәдени мұрагерліктің тәсілдерін жетілдіреді. Бұл жұмыс үш дәрежеде жүзеге асырылады: 1) мәдениетті, оның базистік негіздерін сақтау: 2) мәдениетті жаңғырту, мәдениеттің дамуына жаңаша ықпал ету; 3) мәдениетті трансляциялау немесе мәдениет әлемін халықтың игілігіне айналдыру. Бұл үш дәреженің арқасында мәдениеттің сандық-салалық (ғылым, техника, өнер, филисофия, экономика т. б. ) сапалық сипатын тереңірек ашып көрсетумен қатар, мәдениеттің құрылымын, тұтастығын, даму заңдылықтарын ашып көрсетуге мүмкіндік аламыз.
Мәдениетке деген түрлі ұстындар белгілі бір мәдениеттанулық мектептердің шектерінде қалыптасты. Негізгі мәдениеттанулық мектептердің қатары:
- мәдени-тарихи мектеп
- социологиялық мектеп
- рәміздік мектеп
- құрылымдық мектеп.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz