Мұстафа Шоқай жайлы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Буктугутова Р. С.
А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті,
Гуманитарлық ғылымдарының магистрі, тарих мұғалімі

Жусубалина А. Б
А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің, гуманитарлық-
Педагогикалық факультетінің Тарих мамандығының 4курс студенті

Мұстафа Шоқай

Аннотация
Мұстафа Шоқай қазіргі Қызылорда облысы Шиелі ауданының аумағындағы Сұлутөбе теміржол стансасынан он бес шақырым жердегі Наршоқы мекенінде 1890 жылдың 7 қаңтарында (ескіше 1889 ж. 25 желтоқсанда) дүниеге келген [2]. Өткен ғасырдың 20 - 30 жылдарында қазақ мемлкетінің даму мақсатын тұжырымдап берген, халыққа қызмет етудің жарқын көрсеткішін көрсеткен тұлғалардың бірі. Көрнекті қоғам және мемлекет қайреткері, Түркістан автономисының жетекшісі. Алаш партиясының жетекшілерінің бірі болған ұлы тұлға.
Мұстафа Шоқай (1890 - 1941) жылы Қызылорда облысы Шиелі ауданы Наршоқы мекенінде дүниеге келген. Қыпшақ тайпаснан шыққан Бошай бөлімінен тұратын Жанайға жатады [3]. Сыздық, Нұртаза, Әтіркүл, Фатима кейбір деректерде Сара, Ниса атты ағалары мен әпке - қарындастары болған. Мұстафа Шоқайдың әкесі 1916 жылы дүниеден өткен. 1890 жылдары Сырдария қатты тасып, Шоқайдың да, оның басқа да туысқаңдары Көксу өзенінің сағасындағы Наршоқы декен елді мекенге қоңыс аударған [4]. Сол жерде барлығы бірлесе отырып 1896 жылы жаңа мектеп үйін салды, сол жылдан бастап шәкірттер қабылдай бастайды . Алты жасар Мұстафа ағасы Сыздық , немере ағасы Бәкірмен бірге алғашқылардың бірі болып мектеп табалдырығын аттайды. Зеректігі арқасында Мұстафа мектеп шәкірттерінің ішіндегі бірінші болып, әптиектен ( құранның жеке алынған қысқа - қысқа сүрелері мен аяттарының жинағы) Құранға шыққан. Медресені екі жыл ішінде бітіріп ағасы Әліш Мұстафаны Қызылордадағы орыс - қазақ мектебіне алып барады. 1902 жылы тамыз айында Мұстафа Ташкент ерлер гимназиясына оқуға түседі . Мұстафаның сыныптастары Хамза Нұршанов, Жолмұхамед Өткелбаев, Сұлтан Айдаров, Мұсахан Мырзаханов болған, басқалары славян халықтарының өкілдері. 1910 жылы гимназияны латын, француз, неміс тілдері мен математикалық география бойынша жақсы, ал қалған пәндердің барлығын үздік деген бағамен бітірді. 1910 жылы 2 тамызда Ташкент ерлер гимназиясының директоры Ф. Керенскийге М. Шоқайдың Санк - Петербург университетінің заң факультетінде оқуын жалғастырғысы келетіндігі туралы рапорт жолдайды. Мұстафа университетке қабылданған күннен бастап степендия алады. Оқып жүріп қазақ , өзбек тілдерінен орыс тіліне аудармамен айналысады. Санк - Петербург университетін 1914 жылы бітірді.[21] Студенттік жылдары Ресей империясының заңдарын тыңғылықты үйренумен қатар, түркі - мұсылман халықтарының дәстүрлі сот ісін, тарихы мен мәдениетін зерттейді. Өз халқының ауыз әдебиетіне, әдет - ғұрпы мен салт - дәстүріне қызығушылығы М.Шоқайды Түркістан археологиялық әуесқойларының жиындарына әкелді. Ол жерде этнография, түрік халықтары ауыз әдебиетінің білгірі Ә. Диаевпен, кейін оның еңбектерімен танысады [29]. Университет қабырғасында жүрген кезінде ақ , М. Шоқай баспасөз бетінде патша өкіметінің ислам діні жөніндегі саясатына қарсы үндеу жариялайды. Бұл үндеуге қазақ, башқұрт, татар және өзбек студенттері қол қойған болатын. М. Шоқайдың саяси көзқарасы мемлекеттік деңгейдегі түрлі жиындарға қатысу барасында шыңдалып, нақтылана түседі [7, 466] . Студент шағынан қоғамдық-саяси өмірге белсене араласып, түркі-мұсылман жастарының қозғалысына қатысады. 1917 жылы сәуірдің 16-21-і аралығында Ташкентте болып өткен Түркістан өлкесі мұсылмандарының 1-ші сиезіне қатысып, оның төралқасына мүше болып сайланды [2, 10 ]. Ол Ресейдегі Бірлік туы газетінің негізін қалаған алғашқы редактолардың бірі болды. Түркістан өлкесі жергілікті халқының мүддесін қорғауды мақсат еткен қоғамдық-саяси ұйымдардың қызметін үйлестіру үшін құрылған Түркістан өлкесі мұсылмандарының орталық кеңесіне төрағалық еткен [2, 15]. Бірінші жалпықазақ сьезіне қатысып, Бүкілресейлік құрылтай жиналысына депутаттыққа кандидат ретінде ұсынылды. Мұстафа Шоқай кішкентай кезінен көптеген тілдерге қызығушылық танытқан бірнеше тілде еркін сөйлеп, полиглот болған. Орыс, неміс, ағылшын, француз, түрік, өзбек тілдерін білген. Көптеген тілдерді білуіне байланысты Мұстафа Шоқайға Парижде, Лондонда, Стамбулда, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
М. Шоқайдың өмірі мен шығармашылығы
Мұстафа Шоқай қоғамдық - саяси қызметі
М.Шоқай—түрік әлемінің ХХ ғасырдағы демократиялық қозғалысының негізін салушысы
Мұстафа Шоқайдың 1917 жылғы қос революция кезеңіндегі және шетелге мұғажыр болып кеткенге дейінгі қоғамдық-саяси қызметі
ІI- ші дүние жүзілік соғыс кезіндегі Түркістан легионы
Мұстафа Шоқай - халықаралық саясат сарапшысы
Мұстафа Шоқай.Өмірі.Зерттелуі
Мұстафа Шоқай және тұтас Түркістан идеясы
Мұстафа Шоқайдың ұлы
Мұстафа Шоқай жайлы жалпы мағұлмат
Пәндер