МАТЕМАТИКАЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ ӨМІР СҮРУДІҢ ҚАЖЕТТІ КОМПОНЕНТІ


МАТЕМАТИКАЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ ӨМІР СҮРУДІҢ ҚАЖЕТТІ КОМПОНЕНТІ
Исмухамбетова Галия Ермуханқызы
математика пәні мұғалімі, Шоқан Әулиханов атындағы Әулиекөл орта мектебі
Қазақстан күн сайын қарқынды дамып келеді және ұлттың зияткерлік әлеуетін қалыптастыруға батыл қадам жасап отыр. Елдің білім беру жүйесі терең де сатылы стратегиялық жаңғырту кезеңін бастан өткеруде.
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру - білім беру процесінің негізі болып табылады. Қазақстанда кеңестік кезеңнен кейінгі кеңістікте алғаш рет 2012-2016 жылдарға арналған функционалдық сауаттылықты дамытудың Ұлттық іс-қимыл жоспары дайындалды, онда оқушылардың құзыреттілік біліктерін, алған білімдерін шынайы өмірлік жағдаяттарда тиімді қолдана білу қабілеттерін дамыту көзделген.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай жиырма қадам» атты мақаласында стратегиялық жаңғырту барлық саланы, сонымен қатар, білімді де түрлендіруді қажет ететінін атап көрсетті.
Ел үшін маңызды осы стратегиялық міндеттерді шешу жағдайында тұлғаның ынталылығы, шығармашылықпен ойлауы мен дәстүрлі емес шешім қабылдау қабілеттері, кәсіби жол таңдау білігі, өмір бойы білім алуға даярлығы - оның басты функционалдық қасиеттері болып табылады. Аталған функционалдық біліктер мектеп және отбасында қалыптасады.
Функционалдық сауаттылықты дамытудың жалпы бағдары Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында анықталған, басты мақсаттардың бірі - жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан Республикасының зияткерлік, дене бітімі және рухани дамыған азаматын қалыптастыру, тез өзгеретін әлемде оның табысты болуын қамтамасыз ететін білім алудағы қажеттілігін қанағаттандыру болып табылады
Қазіргі таңда қоғамды дамыту үшін орта мектептің алдында тұрған негізгі міндеттердің бірі - оқушылардың шығармашылық қабілетін барынша ашып, толыққанды қоғам құруға өзінің бар мүмкіндігін жұмсайтын шығармашылық қабілетті жеке тұлға қалыптастыру. Сондықтан, математиканы оқытуда оқушыларға оқу материалын есте сақтауға емес, осы материалды шығармашылықпен қолдану шеберлігін қалыптастыруға көп көңіл бөлінеді.
Оқушыларға математикалық мәдениет, ой-әрекетінің математикалық стилін қалыптастырудың негізгі жолы - әр түрлі математикалық есептерді шығару үрдісінде оқушылардың оқу әрекетін ұтымды, тиімді ұйымдастыру және басқару.
Осыған орай, нарықтық экономика дәуірінде жас ұрпаққа математиканың негізін меңгерту, білім беру мен тәрбиелеудің бірден - бір негізгі мәселесі болып табылады.
Елімізге аса қажетті білгір мамандардың, дарын иелерінің, өте талантты тұлғалардың дәріс алар алғашқы ұясы - мектеп. Өрендер мектеп қабырғасында өткен он бір жыл ішінде тиісті ғылым негіздерінен тиянақты біліммен қаруланады.
Қазіргі таңда білім жүйесі туралы түсінік кеңейді, мақсат міндет, мазмұны көзқарасы өзгерді, негізі мақсат жеке тұлғанының қалыптасуы, ойлай және сезе алатын адам дайындық, сонымен қатар алған білімін өмірде қолдана білу.
Осы мақсатта оқушылардың функционалдық сауаттылығын дәстүрлі емес сабақтар арқылы көрсетуді негізге алып отырмын.
“Бала бақыты - жақсы ұстаз қолында” деген сөздің түп негізі осында жатқан сияқты.
Жеке пәндерден берілетін білім сапасын арттыру сол пәннің төңірегінде жұмыс жүргізуімен ғана іске аспайды. Бұлармен қоса әрбір жеке пән мұғалімдерінен оқушылардың бір пәннен алған білімін басқа бір пәнде пайдалана алатындай дәрежеде жұмыс жүргізу талап етіледі. Оқушылар әрбір жеке пәннің өзіндік “философиясын” меңгермейінше ол пәннен тыңғылықты терең білім ала алмайды.
Оқушы біліміндегі формализмді болдырмаудың негізгі құралы - оларға пән бойынша жан-жақты білім беріп, дүниеге ғылыми көзқарасын қалыптастыру.
Математика пәнінің басты мақсаты - оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту. Логикалық ойлау қабілетін арттыруда есептің атқаратын ролі зор. Себебі, есеп шығару - мидың “гимнастикасы”. Логикалық ойлау қабілеті жоғары оқушы қай пәннің материалын болса да оңай меңгеріп тез түсінеді. Сондықтан бұл пәннен оқу үлгірімі жақсы оқушының басқа пәндерден де үлгірімі жақсы болады. Себебі әр пәннің оқу материалдары мазмұндары жағынан әр түрлі болғанымен оны игерудегі логикалық ойлау операциялары мен ой қорыту формалары бірдей болып келеді.
Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту үшін келесі тапсырмаларды беруге болады:
1. Біздің ықшам ауданда 5 үй бар. Әрбір үйде 5 мысық бар. Әрбір мысық 5 тышқан аулайды. Тышқандарды ұстай алмаса, әрбір тышқан 5 уыс ұн жейді. Егер әрбір уыс ұн 5 граммға жуық болса, мысықтар тышқанды ұстағанда неше кг ұн сақтап қалады? ( 3, 125 кг )
2. Ахметтің анасының 3 баласы бар. Егер олардың үлкенінің аты - Қыркүйек, ортаншысының аты - Қазан болса, кенжесінің аты кім болғаны? ( Ахмет)
3. Бір ауылда 80 үй бар. Осы ауылдағы 60 үйде ат, 50 үйде ешек болса, ауылдағы ең аз қанша үйде ат та, ешек те бар? ( 30 )
4. Бір адам қалаға бара жатыр еді, оған қарсы танысы кездесіп, екеуі ұзақ әңгімелескеннен кейін олар жолдарын жалғастырды. Қалаға қанша адам келді? ( 1 )
5. Сапар: «осы жерде тұрған үшеуміз және бәріміз де өтірікшіміз» деді. Бірақ Русланға оның сөздері ұнамады: «сен ғана өтірікшісің» деді. Жанна ренжіп: «екеуің өтірікшісіңдер», осы үшеуін танитын бір адам «олардың барлығы сөйледі, олардың барлығы өтірікші немесе барлығы шындықты айтады. Бірақ кім өтірік айтады, кім шындықты айтады мен айта алмаймын». Осы жерде қанша өтірікші адам бар? ( 2 )
6. Ат жарысқа қатысқан ауыл балалардың бірі екеуінің алдында, бірі екеуінің ортасында, бірі екеуінің артында шауып келеді. Жарысқа неше бала қатысты? ( 3 )
«Математикалық сауаттылық» ұғымының мәнін ашуда 15 жасар оқушылардың математикалық дайындықтарын тексеру мазмұны осы математикалық сауттылық ұғымына негізделген білім беру жетістіктерін халықаралық зерттеу (PISA) нәтижелері ерекше қызығушылық туғызады. Бұл зерттеуде «Математикалық сауаттылық адамның өзi өмiр сүретiн әлемiндегi математиканың рөлiн анықтау және түсiну, жақсы негiзделген математикалық пiкiр айта алу және бүгiнгi және ертеңгi қажеттiлiктердi қанағаттандыру үшiн математиканы пайдалана алатын жасампаз, ынталы және ойлай бiлетiн азаматқа тән қабiлеттiлiк» ретінде анықталады. Сонымен аталған зерттеуде математикалық сауаттылық оқушылардың:
- қоршаған болмыста туындайтын, математика құралдарымен шешiлетiн проблемаларды тани алу;
- сол проблемаларды математикалық тілде тұжырымдай алу;
- оны математикалық білім мен әдістерді пайдалана отырып шеше алу;
- пайдаланылған шешу әдістерін талдай алу;
- алынған нәтижелерді қойылған проблеманы ескере отырып түсіндіре алу;
- қойылған проблеманы шешуде алынған соңғы нәтижені тұжырымдай және жаза алу.
2014 жылдың қазан айында «РІSA халықаралық зерттеулері аясында оқушылардың математика пәні бойынша функционалдық сауаттылығындамытуды өткізу» курсын аяқтағаннан кейін сабақтарда оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға бағытталған есептерді шығаруды кеңінен тәжірибемде қолдана бастадым.
Мысалы 9 сыныпта геометриялық прогрессия тақырыбын өткен кезде оқушыларға келесі есептерді ұсынған болатынмын:
1) Оқушы түзу бойымен қозғалып белгілі бір заңдылықпен есіктен мұғалімнің үстеліне дейін жету керек. Бірінші ол 1 метрге тең қадам жасайды, екінші қадамы - 0, 5 метр, үшінші қадамы - 0, 25 метр, осылай әр қадам сайын алдыңғысын 2 есе қысқартып отырады. Егер есіктен үстелге дейінгі арақашықтық 3 метр болса, оқушы үстелге дейін жете ме?
2) Бірде бір бейтаныс адам бай адамның үйіне келіп оған мынадай келісім ұсынады: «Мен сізге 30 күн ішінде күн сайын 1 теңгеден беріп тұрамын. Ал сіз маған бірінші күні 1 теңгенін орнына 1 теңге, ал екінші күні 2 теңге бересіз, осылай күн сайын алдыңғы санды 2 еселеп отырасыз. Егер келісім сізге ұнаса, онда ертең ақ бастайық» Бай оған қуана келісті. Ол 30 күн ішінде 3 теңге алатынын есептеп алды. Қалай ойлайсындар бұл келісімде кім женеді және неге?
Бұл есептерді шығару үшін оқушылар геометриялық прогрессияның қосындысының формуласын және шектеусіз геометриялық прогрессияның қосындысының формуласын қолдану керек. Осы есептерді оқушылар қызыға шығарды.
Ықтималдықтар тақырыбына арналған «Түрлі түсті кәмпиттер» есебін ұсынған едім: «Айжанның анасы оған қораптың ішіне қарамастан бір кәмпит алуға рұқсат етті. Қораптағы кәмпиттер әртүрлі еді. Олардың саны диаграммада көрсетілген. Айжан қораптан қызыл кәмпит алу ықтималдығы қандай?»
Немесе 11 сыныптағы «Цилиндрдің, конустың, шардың және оның бөліктерінің бетінің ауданын табуға арналған практикалық мазмұнды есептер» тақырыбында оқушылармен келесі есептер шығардық:
1. Бір квадрат метрге 200 г бояу жұмсалса, онда табанының диаметрі 1, 5 м, биіктігі 3м цилиндр пішінді бакты бояу үшін қанша бояу керек?
2. Шелек табаңдарының радиустары 15 см және 10 см, ал жасаушасы 30 см болатын қиық конус пішінді. Егер 1 ауданға 150 г бояу жұмсалатын болса, осындай 100 шелектің ішкі және сыртқы беттерін бояу үшін неше кг бояу керек?
3. Радиусы 10 см футбол добын қаптау үшін қанша тері жұмсалады? (Доптың тігісіне оның бетінің ауданының 8 процентін қосындар) .
Бұл есептерде қиық конустың, цилиндрдың және сфераның беттерінің аудандарының формуласын қолдану қажет.
Осындай бағыттағы есептерді сабақ барысында қолдану арқылы ғана біз- алған математикалық білімдерін тиімді пайдалана алатын, өмірдегі кез келген жағдаяттарда дұрыс шешім қабылдайтын, өзінің математикалық сауатты екенін дәлелдей алатын функционалдық сауатты тұлға тәрбиелей аламыз.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz