Зарзаман ағымы өкілдерінің идеологиялық құндылықтары



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
35 Тақырып: "Зарзаман" ағымы өкілдерінің идеологиялық құндылықтары.

Оқу мақсаты:
- Қазақ ұлттық мемлекеттілігінің тарихи тағдыры туралы Зар заман
өкілдерінің идеяларын түсіндіру;
- Қазақстандағы қоғамдық-саяси ойдың дамуына тарихи қайраткерлердің қосқан
үлесін бағалау.

Жоспар:

  1. Зар заман поэзиялық ағымы қалыптасуының алғышарттары.
  2. Зар заман дәуірі поэзиясының мазмұны мен идеологиялық құндылықтары. 
 Қазақ халқының ХVIII ғасырдағы тәуелсіздік үшін күресі Ерлік дәуірі
аталды. Сол кезеңдегі жыраулар жас ұрпақты жаудан қаймықпай қарсы тұруға,
табандылық пен ерлікке шақырды. Эпикалық жанрда жыр толғаған Ақтамберді:
Күлдір де күлдір кісінетіп,
Күреңді мінер ме екеміз,
...
Жалаулы найза жанға алып,
Жау қашырар ма екеміз! –
деп халықты қаһармандық рухқа үндеді.
  ХІХ ғасырдың басында қазақ әдебиетінде бұрынғы әншілік-жыршылық дәстүр
біртіндеп ығыстырылып, оның орнын жеке поэтикалық шығармашылық ала бастады.
Егер бұрын батырлардың ерлік істерін дәріптеу басым болып келсе, ХІХ
ғасырдан бастап күнделікті өмірдің әртүрлі салаларын, қарапайым адамды,
оның ішкі дүниесі мен мінез-құлықтарын жыр етуде жаңа бастама қалыптасты.
Бұл отаршылдық саясатқа қарсы ұлт-азаттық қозғалысты, халықтың қасіретін
жырлаған ағым еді.
  ХІХ ғасырда қазақ-жоңғар соғыстары аяқталып, Еділ қалмақтары мен Алатау
қырғыздарына жорықтар тоқтатылған болатын. 1755 жылғы қазақ-башқұрт
шиеленісінен кейін екі туыс, бауырлас халықтар арасында біршама жылымық
орнатылғанымен, ол оқиға әлі ұмытылмаған еді.
  Сонымен қатар қазақ даласында әскери бекіністер мен округтік
орталықтарының құрылысы жүріп жатты. Кіші және Орта жүз қазақтары ежелден
бері көшіп-қонып жүрген бірқатар жерлерінен қуып шығарылды. Мұның өзі
бұрыннан қалыптасқан көші-қон жүйесін бұзды. Патша үкіметінің жерді баса-
көктеп тартып алуы салдарынан көптеген қазақ рулары дәстүрлі мал
жайылымдарынан айырылды. Бір кездегі дамыған көшпелі малшаруашылығы тұйыққа
тіреліп, күрт құлдырай бастады.
  1822–1824 жылдары хандық билік жойылды. Соның салдарынан Кіші жүз бен
Орта жүз қазақтары өздерінің дәстүрлі мемлекеттілігінен айырылып қалды.
Қазақстан бірте-бірте Ресей империясының отарына айналды. Бөкей Ордасында
хан билігі 1845 жылға дейін сақталғанымен, патша империясына толық тәуелді
болып, әскери бекіністер қоршауында қалды. ХІХ ғасырдың бірінші жартысында
Қазақстан аумағындағы отаршылдық іс-әрекеттер күшейе түсті. 1810 жылы патша
үкіметі Кіші жүз жерінің бір бөлігін тартып алып, Жаңаелек шебін құрды.
Қазақтар 600 мың десятинаға жуық ең шұрайлы жайылымдарынан айырылды.
Жергілікті тұрғындар ол жерлерден күшпен ығыстырылды.
  1835 жылы осы этноаумақтық бірлестікте патша үкіметі Новолинейный (Жаңа
шеп) аймағын құрып, 3 млн 400 мың жерді тағы да тартып алды. Жергілікті
халық өз жерлерін өздері жалға алып, ақы төлеп тұратын болды. Осы
оқиғалардың барлығы И. Тайманұлы және М. Өтемісұлы, К. Қасымұлы, Ж.
Нұрмұхамедұлы, Е. Көтібарұлы бастаған бірқатар көтерілістердің басталуына
себеп болды. Бұрынғы ел басқару жүйесінің жойылып, отаршылдық биліктің
орнауы ХІХ ғасырдағы қазақ ақындарының шығармашылығында басты тақырыпқа
айналды.
  2. Зар заман дәуірі поэзиясының мазмұны мен идеологиялық
құндылықтары. Жазушы М. Әуезов атап кеткендей, Зар заман дәуірінің
ақындары XIX ғасырдың ортасына дейін елдің өткен еркін өмірін аңсап, ұлтты
рухани құндылықтарынан ажырамауға шақырды, халықтың тағдырын мұң-зармен
жырлады. Олар патшалық Ресейдің отаршылдық өктемдігіне, халықтың өз жерінде
ауыр жағдайға түскеніне көнбеді. Зар заман ақындары елінің ертеңі үшін
алаңдады, өткенді сағынышпен, аңсаумен еске алды. Болыс басшыларының
парақорлығы, кейбір қазақ билерінің әділетсіздігі, қоғамда белең алған жала
жабу, өсек айту т.б. сынға алынды. Бұл тығырықтан шығу жолын кейбір ақындар
о дүниемен ғана салыстыруға барды. Ел басына түскен қасіретті ақырзаманмен
теңеді.
  ХІХ ғасырдың бірінші жартысында патша үкіметінің отарлау озбырлығы
күшейді. Ұлт-азаттық көтерілістер басып-жаншылғаннан кейін халық ертеңгі
күніне сенімсіздікпен қарады.
  Зар заман ақындары шығармаларындағы негізгі ортақ идея – ел бірлігі мен
мемлекет тұтастығы: Біз бірлік-берекеден айырылып барамыз, бүйте берсек
құримыз, – деп қайғы-мұңға берілу сарыны да байқалды. Олар отаршылдықты
айыптап, қазақтарды ұлттық санасынан, халықтық болмыс-бітімнен ажырамауға,
салт-дәстүрді бұзылмаған қалпында сақтауға үндеді.

  Зар заман дәуірі ақындары шығармаларының негізгі идеологиялық құндылығы
– өткен және бақытты кезеңді мұқият түсіну арқылы қиындықты жеңіп,
келешекке ұмтылу, халық рухын көтеру болды. Бұл дәуірдің ақындары
өлеңдерінде патша үкіметінің әлеуметтік-экономикалық, саяси, мәдени,
шаруашылық отаршылдығына ашық түрде қарсылық білдірді. Қазақ халқының
азаттық жолындағы күресі ерекше шабытпен жырланды.
  Зар заман дәуірі ақындарының көз алдында дала тұрғындарының әлеуметтік-
экономикалық жағдайы күрт нашарлады. Олар заман куәгерлері ретінде патша
үкіметі қазақтардың жерлерін тартып алуы салдарынан мал жайылымдарының
тарылуы, отаршыл биліктің озбырлығы, әртүрлі дәрежедегі шенеуніктердің
парақорлығы сияқты келеңсіз құбылыстарды жырға қосты. Бұл ағымның ақындары
халық үшін хандық дәуірдегі жауға қарсы аттанған хандардай билеушілерді
армандады. Олардың шығармаларында өткен заманды аңсау, келер күннен
үмітінің жоқтығы, отаршылдардың озбырлығы мен сұрқия саясаты жан-жақты
суреттеледі.
  ХІХ ғасырдың 40–60-жылдарындағы поэзияның жарқын өкілдері қатарына Дулат
Бабатайұлын, Шортанбай Қанайұлын, Мұрат Мөңкеұлын қосуға болады. Олар Зар
заман дәуірінің ақындары аталды.
3. Дулат Бабатайұлы. Ол Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданында дүниеге
келген. Отарлық озбырлықтың күшейгенін, 1822–1824 жылдары хандық биліктің
жойылуын, округтік орталықтар құрылуын, 1867–1868 жылдардағы әкімшілік
реформаларды, ұлт-азаттық көтерілістерді көзімен көріп, жанымен сезінген
Дулат Бабатайұлы өз өлеңдерінде халқының басына түскен ауыртпалықтарды
жырлайды. О, Сарыарқа, Сарыарқа атты өлеңінде қазақтың ауыр жағдайын
суреттейді. Кеңесбайға, Бараққа деген өлеңдерінде әкімдердің жағымсыз
образын сипаттап ашық айтады. Өз халқын жаудай талаған, сатылған әкімдерді
отарлаушылардың қолшоқпарына айналды деп айыптайды. Ақын ұлы Абылай
заманындағы Қазақ хандығы қалпына келтірілген күндерді армандайды. Ол
өзінің шығармаларында халықтың еркіндігі үшін күрескендерді мадақтап өтеді.

  Ақын Өсиетнама өлеңінде халықтың өткен өмірін жырлады. Ол кезеңде
далалықтардың өмірін реттеп отыратын салт-дәстүрлер, әдеп-ғұрыптардың
заңнамалық маңызы зор еді. Жаңа дәуірде дәстүрлі қазақ қоғамы дағдарысқа
ұшырап бара жатқанын ақын күйінішпен жеткізеді. Дулат Бабатайұлы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мәдениет және өркениет: өзара байланысы мен ерекшелігі
Ә. Бөкейханның ғылым мен ұлттық дамуға қосқан үлесі
Араб - мұсылман дәстүрлі мәдениеті
XX ғасырдың басындағы қоғамдық саяси ой - пікір
ХІХ ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚ ХАЛҚЫ ӘДЕБИЕТІНІҢ ТАРИХЫНДАҒЫ ШИЕЛЕНІС
«Мәдениеттану» пәні бойынша оқулық
XX ғасырдың басындағы саяси ой-пікір
Дәстүрлі ақындық поэзия
Қазіргі заманғы қоғамдағы дәстүрлі құндылықтардың рөлі туралы
Орыс философиясының ерекшеліктері
Пәндер