Қаратай сұлтан


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті

Орындаған: Самиғолла Беркін Сабитұлы

Ғылыми жетекшісі: т. ғ. д., проф. ҚР ҰҒА академигі Кәрібаев Берекет Бақытжанұлы

«Қаратай сұлтан»

Хандық институттың қара халық арасында әбден әлсіреген тұста, Ресей империясының отрашылдық саясатының қазақ даласында қарқынды жүріп жатырған кезінде, Кіші жүзде өзінің билігін мойындатқызуға тырысқан, 18 ғасырдың соңы мен 19 ғасырдың басында өмір сүрген шыңғыс тұқымының ұрпағы Қаратай Нұралыұлы туралы айтқым келеді.

Қаратай Нұралыұлы - Әбілқайыр ханның немересі және Нұралы ханның баласы, 1772 жылы қазіргі Батыс Қазақстан облысы, Сырым ауданы, Шідерті өзенінің бойында дүниеге келген.

Хан ұрпағы саналғандықтан жастайынан саяси белсенді болып келді. Патша үкіметінің Кіші жүзді толығымен орыс ықпалының қойнына алу әрекеті рубасылар мен сұлтандардың оқшаулануынан қол үзуге асықпағандықтарынан сәтсіз аяқталды. Ол өз кезегінде 1797 жылдың күзінде қарт әрі әлсіз Айшуақты Кіші жүздің ханы ретінде сайлауына алып келді. Бұл шешім билеуші элитаның да, орта және төменгі топтардың да қара халықтың да көңілінен шықпады. Халық жігерсіз әрі қарт Айшуақты емес, жүзде беделі бар, көшбасшы, батыл және ақылды Қаратайды қолдауға туралы өтініш берді. Патша әкімшілігінің Қаратай сұлтанды Кіші жүздегі ең беделді сұлтандардың бірі екендігін ұққаннан соң, Қаратай сұлтанды хан сайламады . . . Cұлтандардың өздері салт шыңғыстың тікелей ұрпағы Нұралының ұлдары отыру керек деп есептеді. Осы жағдайды тез арада аңғарған Қаратай сұлтан Кіші жүздегі Байұлы, Жетіру руларын маңына топтастырып жетекшілікке ұмтылды[1] .

Қаратай XVIII ғасырдың аяғында хан билігі институтының өмірін ұзарту үшін отаршылдыққа қарсы қозғалыстарын басқарды. Ол Хан билігін жойып, аумақтық басқару жүйесін енгізген 1924 жылғы "Орынбор қырғыздары туралы" Жарғы қолданысқа енгізілген уақытқа дейін өзінің тайталасын жүргізді. Екінші жағынан, тағайындалған ханның билігін мойындамауы Айшуақты алаңдатқан. Көптеген руларды басқарған және өз бауырларын күресіне араластырған сұлтанның негізгі күші Айшуаққа қарсы бағытталды. Сонымен қатар, өршіл Каратай ренжіткен жағдайлардың бірі жаңадан құрылған Хан кеңесі үшін мүшелерді іріктеу кезінде оны қайтадан айналып өтуі еді. Ал төраға болып оның інісі Бөкей сайланды. Жергілікті әдет-ғұрып бойынша кеңес өкілдері хан фирмандарын (жарлықтар) бекітерде ықпалды шыңғыс тұқымдарының пікірін ескеруі қажет тіпті осы кезде де Қаратай сұлтанды ескермеді. Ендігі кезекте өкілдерді Айшуақ ханның ұсынысы бойынша Орынбор губернаторы Н. Н. Бахметев тағайындады. Қаратайдың ызасы губернатордың хандық институттың ішінара құзыретін жоюдан ғана емес, отарлық әкімшіліктің шыңғыс тұқымдарын елемеуімен де болды.

Патша өкіметінің сайлағанына қарамастан, Кіші жүздің нақты көшбасшысы Қаратай болды. Оның басшылығын Әбілқайырдан тараған сұлтандар ғана емес, Кіші жүз руларының ақсақалдары және халық мойындады. Қара халық пен сұлтандардың қолдауын сезінген Қаратай өзін нағыз хан сезінді. Ол барлық ауылдарды аралап, ханды қайта сайлауға шақырды. Оның ықпалы Орал(Жайық) жағалауынан Ембіге дейінгі кең жерлерді қамтыды деген көзқарастар да кездеседі. Алайда хан билігін мойындамағанына қарамастан Қаратай орыс билігіне қарсы болған жоқ. Тіпті, Қаратай патша үкіметіне адалдығын жан-жақты көрсетіп бақты.

Айшуақ хан өмірден озған соң оның орнына патша үкіметі Айшуақтың баласы Жантөрені хан сайлады. Бұл кез Қаратайдың ашуының шегіне жеткен кезі еді. Жантөренің хан сайланғанын естіген кез оның патша үкіметіне қарсы тұруына себепші болды. Губернатор тәуекел қадамға барып, Каратай мен Жантөрені дауында өзінің делдалдық қызметтерін ұсына отырып, екеуін Орынборға шақырды. Жантөренің хан сайланғаны туралы жариялай отырып, губернатор Бахметов Қаратайға оны құттықтауды ұсынды. Қаратай оған Жантөре " . . . далада емес, қалтада жақсы хан болады . . . " деп жауап беріп, оның далада өмір сүретін халқының алдындағы ынжықтығын білдірді.

Мүмкін, Қаратай, оны бүкіл Кіші жүз қолдағанын көрмесе, өзін ұстамдырақ ұстар еді. Ол аз болғандай, 1806 жылы өткен хан кеңесінде ру ақсақалдары Жантөрені әлсіз және қажетсіз деп санап, оның орынына Қаратай хан деп жариялау туралы шешім қабылдады. Алайда, Кіші жүздің ресми билеушісі Жантөре болып қала берді. Билік үшін күрес сөзсіз жалғаса түсті. Қаратай Жантөрені қорлау мақсатында губернаторды ханның пайдасыздығына сендіруге тырысып, халық оны өз ханы деп мойындамайтынын мәлімдеді. Кеудесінде жанған жек көрушілік Каратайды күтпеген қадамдарға итермеледі. Қаратай даладағы көпес керуендерін тонау Ресей мүддесіне зиян келтіретінін түсініп, беделіне сеніп оларды тонай бастады. Оның ойынша өз серіктестерінің әрекеттері үшін жауапкершілікті хан ауылдарының мойнына жүктеп құтылмақшы еді және оның кінәсін дәлелдеу мүмкін болмады.

Қаратайдың қатал мінезінен және халықтың қаһарынан қорқып, Жантөре даланы тастап, Қазақстан мен Ресей шекарасына бағынышты ауылдармен бірге қоныстанды, қажет болған жағдайда орыстардың көмегіне сенді және оның есебі ақталды.

Елдегі жағдайдың шиеленісуін бәсеңдету жолында хан кеңесінің мүшелері және 35-ке жуық старшындар, билер, Байұлы, Әлімұлы, Жетіру руларының беделді сұлтандары Жантөре ханға 1806 жылы 5 тамызда хат жолдап кеңеске қатысуын шақырады, кеңес Қобда өзенінің бойында өткізіліп, ел ішіндегі өршіп тұрған барымта мәселесін шешуге шақырды. Бірақ хандық кеңеске Жантөре ханның келмеуі сұлтандар мен старшындардың заңды наразылғын туғызды[2] . Қаратайдың Жантөреге бағынбауын отаршылдық әкімшілік өзіне бағынбау белгілері деп санады. "Жалған ханға" қарсы жазалаушы экспедициялар жіберілді. Қаратай хан қазақтардың жаппай қолдауын пайдаланып, оларға Ресейдің шекаралас аудандарына шабуылдармен жауап берді. Алайда, бұл ісін оның тарапынан жеккөрушіліктің көрінісі емес тек жауап ретінде қарасытырған жөн. Екі жылғы текетірестен кейін Қаратай тағы да патша өкіметіне пайдасыз Жантөренің орнына өзінің қажет екендігіне сендіруге тырысты. Патша әкімшілігінің өзі де бұны керемет байқап отырған еді. Алайда Қаратайдың орыс самодержавиесін алаңдатқан мәселердің ішінде қазақтардың мүдделерін соңында тұрғанын түсіне алмады.

Өзінің көмекшілерімен Жантөре ханға қарсы үгіт-насихат жұмыстарын жұргізіп ол өз кезегінде жемісін бере бастады. Нәтижесінде Жетіру бірлестігінің, Тама руының старшындары, Шанышқылы руының, Жиенқұл бөлімдері секілді Қаратайды жақтаушылардың саны арта түсті. Мұны білген Жантөре сұлтан да Қаратай сұлтанға қарсы өзінің іс-әрекетін бастады[3] .

1806 жылдың жаз, күз мезгілінде Гурьев қалашығынан Троицк бекінісіне дейінгі аралықтағы шекара бекіністеріне көтерілісшілердің шабуылы жиелеп кетті. 1806-1807 жылдарының қыс айларында Қаратай сұлтанды үгіттеушілер арқасында Кіші жүз қазақтарының басым бөлігі Сыр бойына көшіп, Қаратай сұлтанның қоластына біріге бастады.

Ал, Волоконский болса қазақ жасақтарының шабуылынан сақтанудың шараларын жүзеге асыруға бастады. Ниже-Уральск шекара шебін күзетуге 450 казак, Гурьев қалашығынан 150 казак, басқа ішкі форпоттылардан 75 казак, башқұрт катондарынан жақсы қаруланған 550 салт аттыны, Елек қорғанынан 100 казак отряды дайындыққа келтірілсе, Троицк қамалының маңындағы дала беткейлерге казак-орыс қарауылдарын қою күшейтілді[4] .

Талпыныстарының жемісін көрмеген Қаратай хан ақырғы шараға бекінді. 1809 жылы 2 қарашада Каратай бастаған оның үш ағасы түнде Жантөренің ауылына және киіз үйіне кіріп, оны 20-дан астам жаралап, пышақтап өлтірді. Ызаланған туыстары кегі мен отарлық биліктің қуғындауынан сескенген Қаратайға елден қашуына алып келді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ халқының тарихында Сырым батыр қозғалысының негізгі өшпейтін маңызы міне осында
Қазақ тарихынан
ЖОСПАР ЖАНТӨРЕ ХАН ТАРИХЫНЫҢ АҚТАҢДАҚТАРЫ
ӘБІЛХАЙЫР ХАННЫҢ ҚАЗАҚ ТАРИХЫНДАҒЫ ОРНЫ
Жоламан Тіленшіұлы азаттық күрес көсемі
Қазақстанға Ресей әкімшілік-саяси жүйесінің енгізілуі
Сырымда әлі сыр бар
Бөкей алғашқы жылдары
Сырым батырдың бас старшина Тархан болып сайлануы және оның саяси көзқарасы
Ар жақта дүмбірлеген арынғазы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz