Аналитикалық химияның даму кезеңдері


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

М. Х. ДУЛАТИ АТЫНДАҒЫ ТАРАЗ ӨҢІРЛІК УНИВЕРСИТЕТІ

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: Аналитикалық химияның қысқаша даму тарихы

Дайындаған : Батырбек Әділ X-21-3 2курс

Қабылдаған : Сарыбаева Жанай Хауасовна

ТАРАЗ 2022ж

Жоспар:

  1. Аналитикалық химия туралы жалпы түсінік
  2. Аналитикалық химияның даму кезеңдері
  3. Аналитикалық химияны зерттеген ғалымдар

1) Аналитикалық химия , аналитика (грек. аnalysіs - талдау, жіктеу) - заттардың химиялық құрамын анықтау әдістері туралы ғылым.

Жалпы аналитикалық химия дегеніміз ол заттардың химиялық құрамын анықтау әдістері туралы ғылым.

Ең алғаш «химиялық анализ» ұғымын 1654 ж. ағылшын химигі Роберт Бойль, ал «аналитикалық химия» ұғымын 1801 ж. В. А. Лампадиус енгізген. Аналитикалық химияның даму кезеңдері: алхимия' (4-16 ғ-лар), 'иатрохимия (16-17 ғ-лар), флогистондық (17-18 ғ-лар) және ғылыми (19-20 ғ-лар) болып бөлінеді. Бұл ғылымның негізгі міндеттері - талдау әдістерінің қолдану шегін анықтау, түрлі заттардың құрамын анықтау әдістемелерін жетілдіру, жаңа әдістемелер ұсыну. Осыған байланысты аналитикалық химия іргелі қолданбалы ғылым болып табылады. Онда сапалық және сандық талдау жүзеге асырылады.

Аналитикалық химия -бұл заттардың химиялық, кейде фазалық құрамын, бізді қоршаған бұйымдар (заттар) және материалдарды, зерттелетін үлгінің құрамына кіретін молекулалардың құрылымдық және кеңістіктік құрылысын анықтайтын әдістер туралы ғылым. Аналитикалық химияның мақсаты жаңа анықтау әдістерін зерттеу немесе белгілерін жетілдіру, сондай - ақ анализдерді тәжірибе жүзінде іске асыру болып табылады. Сонымен қатар, аналитикалық химияның мақсаты анализдің, аналитикалық әдістердің теориялық негіздерін жан-жақты және кеңінен зерттеу, әр түрлі ортада элементтер мен олардың қосылыстарының болу формаларын, агрегаттық күйін оқып үйрену, координациялық қосылыстардың тұрақтылығын және құрылысын, құрамын анықтау, заттарыдың термиялық, оптикалық, электрохимиялық, магниттік және тағыда басқа сипаттамаларын зерттеу.

Әрбір табиғи құбылысты шын түсіну үшін элементтердің мөлшерлік қатысы, кеңістіктегі орны, олардың қосылыстары және компоненттерінің арақатынасы туралы мәліметтер болуы қажет.

Аналитикалық химияның теориялық негізін жаратылыстанудың іргелі заңдары құрайды, олар:заттың массасы және энергиясының сақталу заңы, зат құрамының тұрақтылығы, әрекеттесуші массалар және эквиваленттер заңы, Д. И. Менделеевтің периодтық заңы, А . М . Бутлеровтың химиялық құрылыс теориясы және т. б. Аналитикалық химия іс жүзінде барлық жаратылыстану ғылымдарының дамуына мүмкіндік туғызады. Ол биология, био-химия, минералогия, геология, геохимия, медицина және басқа да ғылымдар үшін өте қажет. Бұдан басқа, мөлшерлік анализ тәжірибе жүзінде үлкен мәнге ие. [1]

Жеке элементтерді (көміртек, сутек, азот, және т. б) анықтау, сондай ақ молекулалық және, функционалдық анализ (дербес химиялық қосылыстар, функционалдық топтар және т. с. с анықтау) , сонымен бірге қосылыстардың изомер формаларын анықтау органикалық қосылыстарды анализ жасауға қатысуы мүмкін. Қанықпаған қосылыстар, амин қышқылдары және басқа да органикалық қосылыстарыдың анализі кеңінен қолданылады. Қазіргі аналитикалық химияны квантты химиялық ілімсіз, затың құрылыс теориясынсыз, химиялық реакцияларсыз, координациялық қосылыстар және тағы басқа ілімдерсіз елестетуге болмайды.

Аналитикалық химия кезегінде жаратылыс ғылымдарының және халық шаруашылығының көптеген салаларының дамуына әсерін тигізеді оларға жетілдірген анализ әдістерін ұсынып дамудың жаңа болашағын ашады

Анализ жасалатын үлгінің бетінде, сондай ақ тереңінде қоспалардың таралуын анализдеу қажет болатын қатты денелердің физика және химиясы, металлургия, металтану басқа да көптеген салалары сияқты ғылымдарда айтарлықтай жетістікке жеткен. [1]

Қазақстанда Аналитикалық химияның дамуы М. Т. Козловскийдің есімімен байланысты. Оның басқаруымен жүргізілген ғылым жұмыстардың нәтижесінде Қазақ мемлекеттік университетінің Аналитикалық химия кафедрасы ірі ғылым ортақа айналды. Аналитикалық химия салаларының ішінен Қазақстанда, әсіресе, электраналитикалық химия мен фазалық талдау жақсы дамыды. Кафедра аналитической химии и химии редких элементов | Казахский национальный университет им. аль-Фараби

Аналитикалық химия мен анализ әдістерінің көптеген тәсілдері өте ертеден белгілі. Ең алдымен сынамалық сулы немесе «құрғақ» түрде, сынаманы ерітпей, яғни ерітінділерді қолданбай сынамалы анализдеу болды, Сынамалы анализ үрдістері арқылы қымбат металдардың тазалығын бақылап, олардың кен мен құймалардың құрамындағы мљлшерін анықтаған. Сынамалы анализді жүргізу техникасы қымбат металдарды алудың өндірістік үдерісін лабораториялық жағдайда жүргізуге мүмкіндік берді. Анализдің мынадай әдістері Ежелгі Египет пен Грецияда қолданылған. Ол кезде ерітіндідегі реакцияның практикалық маңызы оншалықты болмайтын. [2]

2) Аналитикалық химияның даму кезеңдері.

Химиялық анализдің көптеген тәсілдері ертеден белгілі : кеннен металл өндірген, әр түрлі құймалар алған, шыны қайнатқан, қағаз дайындаған, өсімдіктен дәрілер, бояулар, хош иісті заттар және басқалар алған. Киев Русінде пробиркалық өнер IX-X ғасырлардан бастап белгілі болған, бірақ аналитикалық химия ғылым ретінде Россияда XVII ғасырдың ортасынан дами бастады.

Роберт Бойл күрделі заттың ыдырамайтын құрам бөліктері ретінде химиялық элементтер туралы түсінік енгізді. Қышқыл және сілтілерді анықтау үшін ол әр түрлі гүлдердің тұнбасын пайдаланады, мысалы, қоғажай, көктікен және басқаларың.

Аналитикалық химия ғылымының Россияда негізін салушы Ломоносов болып табылады. Ол ең алғаш өзінің экспериметтік жұмысында бастапқы және соңғы өнімдерді өлшеуді қолданды, көптеген анализ әдістерін жазып баяндады, олар «Металлургия және тау-кен жұмыстарының алғашқы негіздері» деген еңбегінде жарық көрді . 1744 жылы сапалық реакцияларды оқып үйренгенде микроскопты алғаш рет қолданды ал кристалдардың пішіні бойынша зерттелетін затта жеке иондардың барлығы туралы қорытындылар жасаған. Бұл анализдің алғашқы қадамдары болды . Россияда бірінші химиялық ғылыми зерттеу лабораториясының негізін 1748 жылы Ломоносов салды . Лабораторияда кен металдар, мозайка және тағы басқа материалдардың химиялық анализі жүргізілді, мұнда тұндыру, сүзу, кептіру, аса қыздыру, өлшеу және т. б операциялар жүзеге асырылды. Ломоносовтың зерттеулер арқасында Россияда бірінші университет ашылған болатын, ол аналитиканың болашақ дамуына аса қатты рөл ойнады десекте болады .

Химия ғылымының дамуына Қазан университеті жұмыс істеген және өз мектептерің құраған ғалымдар үлкен үлестерін қосқан.

Қазіргі аналитикалық химияның ғалымдары көптеген үлесін қосты, Мысалы А. К. Бабко, Н. С. Полуэктов, К. Б. Яцимирский, А. Т. Пилипенко, И. В. Пятницкий Укарина ҒА Молдова ҒА, Козловский және тағы басқалары .

Шет елдермен біздің химик-аналитиктердің жан-жақты байланысы Халықаралық таза және қолданбалы химия одағы арқылы іске асырылады ИЮПАК . [1]

Тәжірибенің талаптары әрқашан Аналитикалық химияның дамуына түрткі болды. Сонымен, 40-70 жылдары. 20 ғасыр. ядролық, жартылай өткізгіш және басқа да жоғары тазалықтағы материалдарды талдау қажеттілігіне байланысты радиоактивациялық талдау, ұшқын масс-спектромы-трия, химиялық-спектрлік талдау, _вольтамметрия сияқты сезімтал әдістер жасалды, олар таза заттардағы қоспалардың 10-7 - 10-8% - на дейін анықтауды қамтамасыз етеді, яғни. Қоспаның 1 бөлігі зат негіздерінің 10-1000 млрд. бөлігіне. Қара металлургияны дамыту үшін, әсіресе Болаттың жылдам конверсиялық өндірісіне көшуге байланысты, талдаудың экспрессивтілігі шешуші мәнге ие болды. Т. наз пайдалану. квантометрлер-фотоэлектрик. көп элементті оптикаға арналған аспаптар. спектрлік немесе рентгендік талдау бірнеше рет балқыту кезінде талдау жасауға мүмкіндік береді. [3]

3) Аналитикалық химияны зерттеген ғалымдар

XVII ғасырдың ортасында өнеркәсіп пен әртүрлі өндірістің дамуы анализ бен зерттеудің жаңа әдістерін қажет етті. Себебіі сынамалы анализ химиялық және басқа да өндірістерді қанағаттандыра алмады. XVII ғасырдың ортасын аналигикалық химияның пайда болуы және химияның ғылым ретінде қалыптасуы деп есептейді. Кеннің, минералдардың және басқа заттардың құрамын анықтау үлкен қызығушылық тудырды.

М. В. Ломоносов (1711-1765) химиялық реакцияларды зерттеу кезінде алғашқы рет таразыны жүйелі түрде қолданған.

Химиялық анализдің дәлдігі жоғары үрдістерін қолдану көптеген табиғи заттардың және технологиялық өнімдерінің құрамдарын анықтауға және химия ғылымының бірқатар заңдарының ашылуына әсерін тигізді. А. Л. Лавуазье (1743-1794) ауаның, судың және басқа да заттардың құрамын анықтады, жанудың оттектік теориясын қалыптастырды. Д. Дальтон (1766- 1844) заттың атомдық теориясын дамытты және құрам тұрақтылығы мен еселік қатынас заңын дәлелдеді.

Ж. Л. Гей- Люссак (1778-1850) пен А. Авогадро (1776-1856) газдар заңын қалыптастырды Аналитикалық химия жаңа әдістермен толықтырыла отырып, одан әрі дамып, жетілдірілді.

XVIII ғасырдың соңында Т. Е. Ловиц (1757-1804) М. В. Ломоносовтың идеясын дамыта отырып, кристалдар формасы мен олардың химиялық құрамы арасындагы өзара байланыстыр бар екендігін ашып, сапалық анализдегі тұздардың кристалдары формасы бойынша үрдісті- анализдід негізін салды.

М. В. Севергин (1765-1826) ерітінді түсінің қанықтығы мен концентрациясы арасындағы байланысқа негізделген колориметрлік анализді ұсынды. Сонымен қатар М. В. Севергин химиялық анализ бойынша бірнеше жетекші-еңбектер шығарған.

Ж. Л. Гей-Люссак «титрлеу» деген терминді енгізіп, анализдің титриметриялық әдісін жасады. Бұл әдіс гравиметриялық әдіспен бірге классикалық аналитикалық химияның негізін қалады. .

XVIII ғасырдың аяғы мен XIX ғасырдың басында көптеген ғалымдар - Т. У. Бергман (1735-1784), Л. Ж. Тенар (1777-1857), К. К. Клаус (1796-1864 жүйелі (систематикалық) сапалық анализдің негізін қалады. Бұл жұмыстарды К. Р. Фрезениус (1818-1897) аяқтап, сапалық және сандық анализ бойынша оқулық жазды. .

И. Я. Берцелиус (1779-1848) пен Ю. Либих (1803-1873) органикалық қосылыстардың құрамындағы негізгі элементтерді - С, Н, N жэне т. б. анализдеу әдістерін дамытты. Титриметриялық анализде қарқынды дамып, оның иодометрия, перманганатометрия сияқты түрлері пайда болды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Аналитикалық химия функциялары
Аналитикалық химияны зерттеген ғалымдар
Қазақстандағы аналитикалық химияның дамуы
Аналитикалық химия заттың химиялық құрамы мен құрылымын анықтау әдістері туралы ғылым
Аналитикалық химияның даму тарихы
Аналитикалық химияның түрлері
Аналитикалық химия жайлы түсінік
Химия ғылымының негізгі даму кезеңдері
Аналитикалық химия жайлы
Химияның маңызы және міндеті
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz