Педагогикалық коммуникативті біліктілік жайлы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Педагогикалық коммуникативті біліктілік

Қазақстан білім беру саласының əлемдік білім кеңістігіне енуге деген талпынысы, білім беру парадигмасының өзгеруі, жаңа ұлттық модельдің қалыптасуы болашақтың жаңаша ойлайтын, дүниеге көзқарас мəдениеті мен санасы дамыған ұрпағын оқытып, тəрбиелейтін педагогикалық кадрларды дайындау сапасын арттырудың қажеттігі заңды құбылыс. Соған орай, білім берудің негізгі мақсаты -- еліміздің əлеуметтік, экономикалық жəне саяси өміріне белсенді қатысуға дайын, құзыретті тұлғаның қалыптастыру. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы білім беру жүйесіне жаңалық əкеле отырып, педагогтарға үлкен жауапкершілікті жүктеді, яғни, үздіксіз білім берудің бастапқы деңгейі мектепке дейінгі тəрбие мен оқыту баланың жас жəне өзіне тəн ерекшеліктерін ескере отырып, оның толыққанды қалыптасуы үшін даму ортасын құру, педагогтың кəсіби іс-əрекетін іс жүзіне асыруда оның мазмұнын, қабілетін, ырғағын түрлі психофизиологиялық жəне əлеуметтік ерекшеліктерді сезінуіне сəйкес келуін қарастыру қажет етеді .
Зaмaнaуи жaғдaйдa педaгогикaлық қызмет құpылымындaғы компоненттiң бірі ретінде коммуникaтивтiлiк алға қойылды. Педагогтардың балалармен, бacқa қызметкерлермен қapым- қaтынacты жеңiл оpнaтуы, əрине, педaгогикaлық мiндеттеpдi шешу тұpғыcынaн келгенде бұл қapым- қaтынacтың тиiмдiлiгi коммуникaтивтiк қaбiлет пен құзыpеттiлiктiң дaму деңгейiне тəуелдi екені белгілі. Қapым-қaтынac бiлiм беpумен ғaнa шектелмейдi, эмоционaлдық елiктipу, қызығушылықты ояту, өзара əpекеттеcу сияқты т.б. қызметтеpдi де aтқapaды.
Осы мəселеге байланысты бірқатар ғалымдар В.А.Сластенин, И.Ф.Исаев, А.И.Мищенко, Е.Н.Шиянов педагогикалық мамандық қайтадан қалыпқа келтіруші жəне басқарушылық қызмет болып саналады деп көрсетеді. Сондықтан да бала тұлғасының дамуын басқару үшін ол өзі құзыретті болуы тиіс. Педагогтың кəсіби құзыреттілігі, яғни, педагогикалық іс-əрекеттің жүзеге асыратындай оның теориялық жəне практикалық даярлығының бірлігі ретінде ақындалып, оның кəсіптілігін көрсетеді. Осы анықтаманы профессор Н.Д.Хмель қолдаса, ғалымдар Г.М.Коджаспиров, А.Ю.Коджаспировтар педагогтың кəсіби құзыреттілігі: ол оның педагогикалық қарым-қатынасын жəне педагог тұлғасы ретінде арнайы құндылықтардың, педагогикалық сананың, педагогикалық іс- əрекеттінің қалыптасқаның анықтайтын қажет білімді, іскерлік пен дағдыны меңгеруі болып табылады.
Алайда осы күнгі басты мəселеге айналған педагогтардың коммуникативті құзыреттілігі жөнінде философиялық, педагогикалық, психологиялық зерттеулер бар десек те, ол əлі де болса зерттелініп келеді. Бұл мəселені философиялық тұрғыдан Г.С.Батишев, Л.П.Буева, М.С.Каган, К.Ясперс жəне тағы басқалар болса, психология-педагогикалық тұрғыдан қарым-қатынас мəселесін қарастырған Г.А.Андреева, А.Г.Ковалев, А.В.Петровский, Н.Л.Сластенин, В.П.Симонов жəне тағы басқалар болды.
Қарым-қатынас дегеніміз -- екі (немесе одан да көп) адамның қатынастарын жасап, реттеуі мен ортақ нəтиже алуды мақсат етіп, келісім мен бірлестікке бағытталған өзара əрекеттесуі .
Қарым-қатынас -- бұл олардың барысында танымдық жəне эмоциялық-бағалаушы сипатты ақпаратпен алмасу болатын, өзара əрекетті, өзара түсінікті, өзара əсерді қамтамасыз ететін мақсатқа бағытталған жəне ақпараттық-энергетикалық процестердің өзгеше жүйесі. Жағдайларға байланысты қатынас əр түрлі аспектілерде: қызметтің ерекше түрі ретінде, қызмет шарты ретінде, қызметтің бір бөлігі ретінде, құрал ретінде, өзара əрекеттесу ретінде, қарым-қатынас ретінде, белсенділіктің дербес түрі ретінде, зияткерлік жəне адамгершілік даму негізі ретінде алға шығуы мүмкін.
Сонымен қатар қарым-қатынаста адамдардың əлеуметтік қатынасы жүзеге асады. Қарым- қатынастың бір-бірімен байланысты үш жағын ашып көрсетсек: біріншіден, коммуникативті жағы, мұнда қарым-қатынас адамдар арасындағы ақпарат алудан тұрса, екіншіден, интерактивті жағы -- адамдар арасындағы өзара əсер етуді ұйымдастыру, үшіншіден, перспективті жағы -- қарым- қатынасқа түскен адамдардың бір-бірін қабылдау негізінде өзара түсінушіліктің пайда болуы.
Қарым-қатынас құралы -- бұл қарым-қатынас процесінде біреуден екіншісіне берілетін ақпаратты көшіру, жеткізу, қайта өңдеу жəне түсіндіру тəсілі. Адамдар арасындағы ақпарат сезім, сөйлеу мүшелері жəне басқа да белгілік жүйелер, жазбаша, техникалық құралдарға жазу жəне сақтау арқылы беріле алады.
Kоммуникация ортақ түсінушілікке əкелетін екі жақты ақпарат алмасу болып табылады.
Коммуникация терминін латын тілінен аударғанда, жалпы, барлығымен бөлісу дегенді білдіреді. Eгер өзара түсінушілік болмаса, коммуникация да болмайды. Kоммуникация жетістігін білу үшін, кері байланысты білу керек, яғни адамдар сізді қалай түсінді, қалай қабылдады, тағы сол сияқты сұрактарға жауап берілуі тиіс.
Коммуникациялық құзыреттілік -- адамдармен тиімді қатынасты орната білу жəне өзін ұстай алу қабілеттілігі. Коммуникативті қабілеттілік адамның жасына, біліміне, мəдениетіне, психологиялық даму деңгейіне, өмірлік жəне кəсіби тəжірибесіне байланысты ерекшелінеді .
Жалпы құзыреттілік бұл тұлғаның белгілі бір мəселені шешудегі өзара байланысты білім, білік, дағдылар жиынтығы болса, ал коммуникативті құзыреттілік ол адамдармен өзара əрекет пен қарым- қатынас тəсілдерін білуі, əр түрлі топтарда жұмыс істеу дағдыларын, қоғамдағы əр қилы əлеуметтік рөлдерді орындауда жəне өмірдегі нақты жағдайларда шешім қабылдау іскерлігінің болуы деп саналады.
Коммуникативтік құзыреттілік (лат. соmpetere -- қол жеткізу, сəйкес келу сөзінен шыққан) -- балалар жəне қоғам үшін күнделікті оқуда, қатысымдық міндеттердің тіл арқылы шеше білу қабілеттілігі; қатысымдық мақсатты іске асыруда баланың тіл жəне сөз құралдарын пайдалана алуы. Егер бала сол тілде сөйлеушілермен тікелей немесе аралық қарым-қатынас барысында сол тілдің нормалары мен мəдени дəстүріне сəйкес өзара түсінісе алса, коммуникативтік құзыреттілікті меңгергені болып саналады.
Қарым-қатынастың коммуникативті компетенттілігін жүйелі-ажырамас кезеңдегі мақсатты үлгіде қарау, төмендігідей түрде көрсетілген:
коммуникативті-анықтамалық (алдағы коммуникативті қызмет жағдайында əлеуметтік- психологиялық жағдайды анықтау, əлеуметтік мүмкіндіктерді анықтау, əлеуметтік-психологиялық жəне онда жеке тұлғаның қарым-қатынасы басқа да қарама-қайшылықтарға тап болуы мүмкін);
коммуникативті-бағдарланатын (қарым-қатынас бағдарламасын дайындайды, қарым-қатынас үшін мəтін жасайды, қарым-қатынастың қашықтығы мен ұстанымын, түрін таңдайды);
коммуникативті-ұйымдастырылатын (қарым-қатынас туралы серіктестің назар аударуын ұйымдастыру, оның коммуникативті белсенділігін жəне т.б. ынталандыру);
коммуникативті-орындаушылық (коммуникативті жағдайды анықтау, онда жеке тұлғаның таңқалысы, бұл жағдайдағы болжамды дамыту, маңызды жеке бағдарламадағы қарым-қатынасты ертерек жүзеге асыру).
Коммуникативті құзыреттілік -- қарым-қатынастың нормалары мен ережесін білу оның технологиясын меңгеру сияқты тұлғаның коммуникативті əлеуеті атты кең түсініктің құрамдас бөлігі.
Ғалым Д.Хаймз коммуникативті құзыреттілік ұғымын келесідей құзыреттеліктермен біріктіреді:
лингвистикалық (дұрыс тілдік қатынастың болуы);
əлеуметтік-лингвистикалық (диалектикалық сөздер ережесі);
дискурсивті (айтылатын ойды дұрыс құра білу ережесі);
стратегиялық (серіктесімен қарым-қатынасты сақтау ережесі).
Коммуникативті əлеует -- бұл адам мүмкіншілігінің сипаттамасы, ол оның қарым-қатынасының сапасын анықтайды. Ол өзіне қарым-қатынаста құзыреттілікпен қатар, тағы да екі құрамдасты біріктіреді, олар: қатынас жасаудағы қажеттіліктің дамуын сипаттайтын тұлғаның коммуникативті қасиеттері, белсенділік танытуға қабілеттілігі, əріптестерінің жағдайына эмоционалды үндесу, қарым-қатынастың жеке меншікті бағдарламасын қалыптастыру жəне іске асыру, қарым-қатынаста өзін ынталандыруға жəне өзара ынталандыруға қабілеттілігі.
Көптеген психологтардың пікірі бойынша, тұлғаның коммуникативті мəдениеті туралы айтуды оның сапа жүйесі ретінде:
шығармашылық ойды;
сөздік іс-əрекет мəдениетін;
қарым-қатынаста өзін бейімдеу мəдениеті жəне өзінің жағдайын психоэмиционалды реттеуді;
ым мен қимыл пластикасының мəдениетін;
қарым-қатынас бойынша əріптестің коммуникативті іс-əрекетін қабылдау мəдениеті;
сезім мəдениетін біріктіреді.
Коммуникативті компетенттілік сияқты коммуникативті мəдениетте жайдан жай пайда болмай- ды, ол қалыптасады. Оның қалыптасу негізі адамдық қарым-қатынастың тəжірибесінен тұрады.
Коммуникативті компетенттіліктің негізгі көздері мыналар: халықтық мəдениеттің əлеуметтік нормативтік тəжірибесі; халықтық мəдениетте қолданылатын тілдік қатынасты білуі; мерекелік емес ортада жеке тұлғалар арасындағы қарым-қатынас тəжірибесі, өнерді қабылдау тəжірибесі.
Н.Е.Щуркованың жіктеуі негізінде біз келесі кəсіби-педагогикалық қарым-қатынастың, сонымен қатар коммуникативті қызметтің функцияларын атап көрсетеміз.
Бастапқы функция -- əріптесті қарым-қатынасқа шақыру: ықылас білдіру, тілдесуге шығу, психологиялық қысымды түсіру, бейтаныстың алдындағы қорқынышты жою; қарым-қатынас сипатының түрін еркін таңдауға əріптестің көзін жеткізу, өзін бағалауды жəне өзіне сенімділікті арттыру, сонымен қатар басқа адаммен оның оңды қарым-қатынас жасауға сендіру.
Қарым-қатынастың екінші функциясы тілдесуге шыққанда əріптесті қолдауға бағытталған, оның қиындықтарының бір бөлігін өзіне қабылдау, серіктеске аяушылық білдіру: оған көмек беру, оның ішкі дүниесіне қызығушылық білдіру, оның тұлғалық ерекшеліктерінің өзіне тəн белсенді көріністерін қолдау жəне шабыттандыру. Серіктесу функциясы ортақ рөл атқарады: əріптеспен серіктес болу арқылы, біріншіден, басқаның ішкі дүниесіне енуге, рухани оқиғаларына кіруге қол жеткізілсе, екіншіден, өзінің Мен бөлігі басқалар алдында ашылады. Бұл функция коммуникативті қызмет үшін маңызды қасиет -- эмпатияның дамуымен байланысты.
Кəсіби коммуникативтік қызмет -- педагогтардың балалармен, ата-аналармен, əріптестерімен қарым-қатынасы, процесс кезінде міндетті түрде қарым-қатынастың үшінші функциясы -- тұлғаның жоғары функциясы іске асады. Жоғары функция тəрбиеленушіге ара-қатынас кезінде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Лингвистикалық біліктілікті қалыптастыру барысында жоба әдісін қолдану
Жоғары буында ағылшын тілін оқытуда біліктілік-бағыттаушы амал
Қарым – қатынас психологиясының пәні мен міндеттері
Бастауыш класс оқушыларының қарым-қатынасын жетілдірудің теориялық мәселелері
Шетел тілі мұғалімінің кәсіптік және педагогикалық дамуы
Мектеп жасына дейінгі балалармен қарым-қатынас тренингін ұйымдастырудың психологиялық негіздері
Қарым-катынае мәдениеті адамзат мәдениетінің негізгі сатысы
Педагогтің коммуникативті шеберлік. Көпшіл бола білудегі кәсіби және тұлғалық маңызды сапалар
Шет тілі оқуының бір бөлігі ретінде шет тіл мәдениетін оқыту
Мектеп жасына дейінгі балалардың қарым-катынасын ұйымдастырудағы психологиялық тренингтердің ролі
Пәндер