Пән мұғалімдерінің инклюзивті білім беруге технологиялық дайындығы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі

Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті

Физика-техникалық факультеті

ЭССЕ

Тақырыбы :Инклюзивті білім беруге пән мұғалімдерінің технологиялық дайындығы

Орындаған:Әмзе М. Қ

Тобы:ФОК-200 п/я

Тексерген:Мусина В. Т

Қарағанды, 2022ж

Инклюзив - сөзі латын тілінен аударғанда «өзімді қосқанда» ал, ағылшын тілінен аударғанда «араластырамын» деген мағынаны білдіреді. Инклюзия-мүмкіндігі шектеулі оқушылардың өзінің күшіне сенуіне мүмкіндік беруі. Инклюзия тек дамуы шектелген балалардың ғана емес, басқа да балалардың мүддесін көздейді . Инклюзивті білім беру дегеніміз - баланың мүмкіншілігінің шектеулі болғанына қарамастан мектепке дейінгі мекемелерде және жалпы орта білім беретін мектептерде толықтай білім алуын қамтамасыз ету. Инклюзивті білім беру қоғамның барлық істерінде баланың теңдігін ынталандыруға бағытталады. Инклюзивті білім берудің мақсаты : даму мүмкіндігі шектеулі балаларды қалыпты балалармен бірге білім беру. Яғни адамның жынысына, дініне, шығу тегіне қарамастан тең құқылы жеке тұлға ретінде білім беру жүйесі болып табылады. Инклюзивті оқыту біріктірілген (оқушы қалыпты балалар сыныбында -тобында оқиды және дефектолог мұғалімнің жүйелі көмегін алады), жартылай ( жеке балалар күннің жарты бөлігі арнайы топтарда, ал екінші бөлігі қарапайым топтарда өткізіледі) . Уақытша арнайы топтардағы бала бірлескен серуендерді, мерекелерді, сайыстарды, жеке істерді, өткізу үшін біріктіріледі. Толық дамуында ауытқулары бар балалар балабақшаның, сыныптың, мектептің қарапайым топтарына енгізіледі, мамандардың бақылауы бойынша түзету көмегін ата-аналар көрсетеді.

Инклюзивті оқыту- негізгі принциптері:

1. Адам құндылығы оның мүмкіндігіне қарай қабілеттілігімен, жеткен жетістіктермен анықталады.

2. Әрбір адам сезуге және ойлауға қабілетті.

3. Әрбір адам қарым қатынасқа құқылы.

4. Барлық адам бір-біріне қажет.

5. Білім шынайы қарым-қатынас шеңберінде жүзеге асады.

6. Барлық адамдар құрбы-құрдастарының қолдауы мен достығын қажет етеді.

7. Әрбір оқушы үшін жетістікке жету-өзінің мүмкіндігіне қарай орындай алатын әрекетін жүзеге асыру.

8. Жан-жақтылық адам өмірінің даму аясын кеңейтеді.

Инклюзивті білім беру оған қатысатын әрбір адамның бойында теңдік, шыдамдылық, сол күйінде қабылдау секілді құндылықтарды сіңіруге үйретеді,

Инклюзивті бағыт кемтар балаларды оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру мүмкіншілігін қалыптастырады. Инклюзивті білім беретін мектептерде білім мазмұны 2 түрлі бағдарлама бойынша реттеген абзал:

* жалпы мектептерге арналған типтік оқу бағдарламалары:

* мүмкіндігі шектеулі балалардың психофизикалық ерекшіліктерін есепке ала отырып әзірленетін оқытудың жеке бағдарламасы

Инклюзивті білім беруді іс жүзінде жүзеге асыру үшін тек білім орнының материалдық базасын кеңейту ғана емес, сонымен қатар қоғам мүшелерінің әртүрлі ұстанымдары мен көзқарастарын түзету және ең алдымен мұғалімдердің жаңа жағдайларда өзінің кәсіби қызметін жүзеге асыруға дайындықтары сияқты бірқатар проблемаларды шешу қажет. Ерекше білім беруді қажет ететін білім алушылар білім беру мекемесін еркін таңдау мүмкіндік алуы тиіс екендігін ескере отырып, әрбір мұғалімге оның кәсіби құзыреттілігінің құрамдас бөлігі ретіндегі инклюзивтік құзыреттіліктің қалыптасуы белгілі бір деңгейіне ие болуы қажет. Ол үшін мұғалімнің бойында кәсіби құзыреттіліктің жиынтығы көрініс табуы қажет.

Инклюзивті білім беру жағдайында жұмыс істейтін мұғалімдер үшін басшылыққа алатын педагогикалық принциптер мынандай:баланың мүдделерін сақтау; жүйелілік және қолжетімділік, үздіксіздік; жалпы білім беру ортасына ықпалдасу; әлеуметтік серіктестермен өзара іс-қимыл; табыс жағдайынқұру; адамгершілік; шыншылдық; бейімділік; дәйектілік, көмек көрсетудің ұсынымдық сипаты.

Педагог ерекше білім беруді қажет ететін баламен жұмыста таңдап алған мақсаттары, міндеттері, мазмұны, оқыту және тәрбиелеу әдістері үшін жауапты, өйткені бастапқыда мұндай бала қалыпты дамып келе жатқан құрдастарына қарағанда педагогикалық көмекке зәру және өте тәуелді. Осылайша, педагогтың ерекше білім беруді қажет ететін балалармен жұмыс істеуге кәсіби-тұлғалық дайындығы жеке ресурстарға негізделген тұтас сапа кешенінің қалыптасуынан тұрады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Пән мұғалімдерінің ақпараттық-педагогикалық кәсіби құзыреттілік нобайы
Шебер оқытушы шеңбері: мектепке дейінгі арнайы пән оқытушыларын инклюзивті білім мен метадағдыларға дайындау әдістемесі
Инклюзивті білім беру пәнінің силлабусы
Инклюзивті білім беру пәнінен емтихандық тест
Инклюзивті білім беру жағдайындағы психологтың үш негізгі құзыреттілігі
Инклюзивті білім беруді дамытудың тарихи-философиялық аспектілері
Инклюзивті білім беру жағдайындағы педагогтар мен басқарушылардың психологиялық-педагогикалық құзыреттілігі
Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің технологиялық құзыреттілігін қалыптастырудың педагогикалық шарттары мен әдістемесі
Қазақстандағы инклюзивті білім беруді ұйымдастырудың заманауи тәжірибесі
Бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби-дидактикалық құзыреттілігін қалыптастырудың теориялық және технологиялық негіздері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz