Адам мен омыртқалы жануарлар құрылысының жалпы ұқсастығы



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Тақырыбы: Адам табиғаттағы орны
Жоспар:
1. Адамның тірі ағзадағы жүйесіндегі алатын орны
2. Адам мен омыртқалы жануарлар құрылысының жалпы ұқсастығы
3. Адам мен сүтқоректі жануарлардың арасындағы жалпы ұқсастық белгілері
4. Адам мен адам тәрізді маймылдар арасындағы тән танымдық айырмашылықтар
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Адамның шығу тегі мен тарихи даму кезеңдерін, нәсілдік ерекшеліктерін зерттейтін ғылым саласы антропология деп аталады. Адам мен жануарлардың дене құрылысында көптеген ұқсас белгілер бар. Ертедегі ойшылдардың еңбестерінде осы мәселе туралы әр қилы болжамдар мен пікірлер айтылған.

Адам сүтқоректілір класына жатады. Себебі алдыңғы мидың көлемі ұлғайып, құрылысы күрделенеді, балаларын сүтпен асырайды. Сонымен қатар түрліше құрылысты тістері азу тіс, ит тіс және күрек тістері), дене қуысындағы көк ет, құлақ қалақаны мен ортаңғы құлақтағ үш дыбысты сүйектері (төс, үзеңгі, балға) тек сүтқоректілерге тән белгі екенін көрсетеді.

Рудименттік деп ата тегінен қалған қалдық белгілерді айтады. Рудименттік белгілерге, мысалы соқырішік, құлақ айналасындағы бұлшықеттер, терідегі түктер, құймышақ т.б. жатады. Бұлардың көбісі қызмет атқармайды.

Атавизм деп арғы - тектің белгілерінің қайталануын айтады. Ондай белгілерге сирек жағдайда байқалатын денесін қалың түк басқан баланың дүниеге келуі немесе көп емшекті, құйрықты нәрестелердің туылуы мысал бола алады.

Антропология ғылымы адамның ежелгі адам тәрізді маймылдардан шығып, осындай дәрежеге дейін көтеріліуі биологиялық және әлеуметтік факторларға байланысты деп түсіндіріледі. Адам эволюциясына әсер етекен биологиялық факторлар: тұқым қуалайтын өзгергіштік, тіршілік үшін күрес, табиғи сұрыпталу.

Негізгі бөлім
1.Тірі ағзалардың тарихи дамуында адам жоғары сатыда тұрған тіршілік иесі. Адамның дене құрылысы және жеке мүшелерінің атқаратын қызметі басқа ағзаларға ұқсас. Сондықтан да адам тірі ағзалардың құрамды бір бөлігі деп есептелінеді. Адамның денесі де жасушалардан, ұлпалардан, мүшелерден құралған. Тірі ағзаларға тән - зат алмасу, тітіркену, өсу, даму және т. б. қасиеттер адамда да бар. Бірақ адам басқа ағзалардан дене құрылысының күрделі дамуымен ерекшеленеді. Адамның басқа ағзалардан айырмашылығы - өзіне тән ақыл-ой, санасының болуы.

Адам жануарлар дүниесінің жіктелуінде мынадай жүйелік топтарға жатады:
хордалылар (желілілер) типіне -- омыртқалылар тип тармағына -- сүтқоректілер класына -- ұрықжолдастылар класс тармағына -- маймылдар отрядына -- адамтектес маймылдаротряд тармағына -- адамдар тұқымдасына -- адам туысына -- саналы адам түріне жатады.

Қазіргі кездегі жер бетіндегі барлық адамдар бір ғана саналы адам түріне жатады.

Адамның шығу тегі және тарихи даму кезеңдері

Адамның пайда болуы туралы көптеген көзқарастар бар. Адамның пайда болуын, тарихи даму кезеңдерін антропология(грекше anthropos - адам, logos - ілім, ғылым) ғылымы зерттейді. Антропология - түрлі жүйелік топтардағы жануарлардың ұрықтарының дамуын салыстырып зерттейді. Сонымен бірге жануарлар мен адамның дене құрылысындағы ұқсас және айырмашылық белгілерге де ерекше көңіл бөледі. Ерте замандарда тіршілік еткен адамтектес тіршілік иелерінің қаңқа қалдықтарын зерттеуге де мән береді. Адамның пайда болуында оның тік жүріп тіршілік етуге бейімделуі шешуші рөл атқарды. Салыстырмалы зерттеулердің нәтижесінде адамның шығу тегі мен тарихи дамуы 4 кезеңге бөлінеді.

1-кезеңдегі адамдардың бойының ұзындығы 120 - 150 см, дене салмағы 20 - 50 кг. Тік жүріп ашық жерлерде тіршілік еткен. Тасты, ағаш бұтақтарын, жануарлардың сүйектерін құрал ретінде қолданған, алғаш рет отты пайдаланған.
2-кезеңдегі адамдардың қазіргі адамдарға ұқсас белгілері көп. Жабайы аңдарды ұжымдасып, топтасып жүріп аулаған. Еңбек құралдарын пайдалануды жетілдіре түсіп, қоғамдасып тіршілік еткен. Жеке сөздерді пайдаланып қарым-қатынас жасаған.
3-кезеңдегі адамдар ірі денелі, ми сауыты үлкен, миының салмағы 1300 - 1500 г болған. Еңбек құралдарын жасап, аң аулаған. Шағын топ құрып тіршілік еткен.
4-кезеңге қазіргі адамдар жатады. Сөйлеуі, ойлау қабілеттері жақсы дамыған.

Адамның өзіне тән басты ерекшелік белгілері:
1. Тік жүруге байланысты омыртқа жотасында иілімдер пайда болған. Аяқтарының бұлшықеттері жақсы дамыған.
2. Ми көлемі дамыған, әсіресе ми қыртысының құрылысы күрделеніп сайшалар, иірімдер пайда болған.
3. Қолбасының сүйектері жақсы дамыған, икемді қозғалыстар жасайды.
4. Жақ сүйектері күрделі өзгеріп, иек айқын байқалған.
5. Ұрықтың жатырда даму мерзімі ұзарған. Жыныстық жетілу мерзімі кешеуілдеген. Орташа өмір сүру жасы ұзарған.

2. Омыртқалылардың арғы тегі теңізде тіршілік еткен төменгі сатыдағы хордалылар (қабықтылар, бассүйексіздер). Нағыз Омыртқалылар тұщы суларда пайда болып, олардың эволюциялық дамуының алғашқы сатылары сонда өткен. Жақсы жетілген қозғалу органдарының нәтижесінде су Омыртқалылары (негізінен балықтар) су қоймаларында тіршілік етіп, кейіннен теңіздерге таралған. Тіршілік еткен су қоймаларында оттектің жеткіліксіз болуы девонда олардың құрлыққа шығуына себепші болды. Алғашқы құрлыққа шыққан Омыртқалылар - ихтиостегилер. Бұлар саусаққанатты балықтардан шығып, қосмекенділердің; ал мезозойда жақсы дамыған бауырымен жорғалаушылардың, триаста сүтқоректілердің, юра кезеңінде құстардың арғы тегі болып саналады. Барлық Омыртқалылардың эволюциялық дамуы олардың дене құрылысының күрделенуімен сипатталады. Дене тірегі - хорда, эволюциялық даму процесінің барысында ересек жануарларда (төменгі сатыдағы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Эволюциялық ілім пәні бойынша дәріс
Қандауыршаларға жалпы сипаттама Қандауыршаның сыртқы және ішкі құрылысы
Эволюциялық процесстің заңдылықтары
Органикалық дүниенің даму тарихы мен өсімдіктердің систематикасы
Жануарлардың морфо-физиологиялық құрылымы. Жануарлар әлемінің тектік және туыстық байланысы
Жануарлар әлеміне саяхат
Қазақстандағы сүтқоректілер класы
Зоология пәнінен сабақтар жоспарлары
Онтогенез және филогенез
Қазақстандағы сүтқоректілер класы туралы
Пәндер