Жұмбақтардың тақырыбы


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Жұмбақтардың тақырыбы, ондағы қазақ тұрмысының көрінісі

Жоспары:

1. Жұмбақ дегеніміз не?

2. Жұмбақтардың тақырыбы

3. Жұмбақтардағы қазақ тұрмысының көрінісі

4, Қорытынды

Жұмбақ - адамның ой-өрісін, алғырлығын, білімін сынау мақсатында нақты бір зат немесе құбылыс тұспалдап сипатталатын шағын әдеби жанр. Жұмбақ жанры дүние жүзі халықтары әдебиетінің көпшілігінде бар. Бұл жанрға Аристотель “Жұмбақ - жақсы жымдасқан метафора” деп анықтама берген. Жұмбақ әдебиеттің ежелгі үлгілерінде, ауыз әдебиетінде жиі кездесетіндіктен оны ғылымда “фольклорлық жанр”, “халықтық поэзияның шағын түрі” деп санау орын алған. Алайда, қазіргі заман әдебиеті өкілдерінің, әсіресе, балалар әдебиеті авторларының шығарм-ғында Жұмбақтар топтамасы жиі кездеседі. Сондықтан оны тек фольклорлық жанр аясында шектеуге болмайды. Ғалымдар Жұмбақтың әуелгі тегі тыйым сөздермен және табумен төркіндес деп есептейді. Бағзы дәуірлерде адамдар айналадағы өктем күштерден сақтанғандықтан, өзара шартты сөздермен, астарлы тіркестермен тілдескен. Жұмбақ кейінгі даму барысында табу мен тыйым сөздерден жіктеліп, бөлініп шыққан. Қазақ Жұмбақтары ежелгі дәуірде туып, қазіргі кезеңге дейін ұзақ даму жолынан өтті. 13 ғасырдың 2-жартысы мен 14 ғасырдың басында құрастырылған қыпшақ тілінің сөздігі “Кодекс Куманикусте” көптеген Жұмбақтар берілген. Ондағы Жұмбақтардың құрылымы, табиғаты қазіргі қазақ Жұмбақтарына ұқсас. Мысалы, Сенде, менде жоқ, Сеңгір тауда жоқ, Өте берік таста жоқ, Қыпшақта жоқ (құс сүті) . Сонымен қатар Махмұт Қашқаридің “Түрік тілінің сөздігінде” де қазіргі қазақ Жұмбақтарының алғашқы үлгілері кездеседі. Қазақ халқы Жұмбақты адамдардың білім деңгейін, парасатын аңғартатын үлкен өнер деп есептеген, сондықтан жар таңдаған жастар, ақындар, ел ішіндегі шешен, би, т. б. данагөй, қадірменді адамдар бір-біріне Жұмбақ жолдап, ақыл-ой сынасып, таным салыстырған. Жұмбақ қара сөз түрінде де, өлең түрінде де, ақындық айтыс түрінде де кездеседі. Жұмбақ бейнелі суретпен айтылады. Мысалы, “Айдалада ақ отау, аузы-мұрны жоқ отау” (жұмыртқа), “Отқа жанбас, суға батпас” (мұз) . Заттың сапасына (“Бауыздасаң, қан орнына су ағар” - қауын), қызмет-қимылына (“Жанды сағат айқай салад” - есек) қарай құрылатын Жұмбақтар көп. Кейде Жұмбақ тікелей ашық сұрау түрінде айтылады. Жұмбақ шешендік сөздермен де (“Ағат деген немене? Сағат деген немене?”), мақал-мәтелдермен де (“Сырты жылтырауық болғанмен, іші қалтырауық”) жанасымды. Қазақ әдебиетінде ақындардың ауызша, жазбаша жұмбақ айтыстары көп кездеседі (мысалы, Жігіт пен қыздың жұмбақ айтыстары, Сапарғали мен Нұржанның айтысы, т. б. ) . Жұмбақтың композициялық құрылымы, әдетте, екі бөлікті болып келеді, бірінші бөлікті Жұмбақтың байлауы, екінші бөлікті Жұмбақтың шешімі деп атайды. Жұмбақта заттың түрі-түсі, көлемі, қасиетімен қатар, оның атқаратын қызметі немесе қимыл-әрекеті де айтылады. Жұмбақ - таным құралы, сондықтан бір құбылысты түрлендіре құбылту арқылы әр тарап, сан қырынан тануға болады. Кейде байламның барлық қасиеттері толық суреттелмей, бір ғана белгісі айтылуы мүмкін. Сондықтан Жұмбақ шешуін табудың ауыр-жеңілдігі нысан суретінің қаншалықты толық, дәл берілуінде. Жұмбақты шешу - сипаттамадан соң сыңар бейнеден байламды табу арқылы жүреді. Сипаттамада байламның белгілері айтылады, осы белгілерге қарап нысанды ойша кескіндеу, елестету, мәтінді ести отырып, ұқсастырылған нәрсе мен байлам арасындағы байланысты зерделеу процесі өрбиді. Жұмбақта белгілі бір өлеңдік қалып сақталмайды. Оның ырғақтық-ұйқастық құрылымы сан алуан жолдармен өрнектеледі. Жұмбақ жанрына тән басты ерекшелік - көлемі шағын, құрылымы жұп-жұмыр, шымыр болып, аз сөзбен көп нәрсені айта білуге бейімділік. Жұмбақ сөйлемдері көбінесе қысқа, жинақы келеді, кейде образбен өрілген кішкене ғана ұғымды білдіретін сөйлем, не сөз тіркесі түрінде кездеседі. Жұмбақтың ең басты поэтикалық құралы - метафоралық тәсіл. Жұмбақта тұспалдап айтылатын нәрселер дайын, ап-айқын күйінде көрінбей, емеурінмен елес береді. Тұспалдау арқылы байламның сыңар бейнесі сомдалады, оның бейнесі басқа құбылысқа көшіріледі. Жұмбақтар түрлі жағдайларды суреттеуді мақсат етпейді, оқиғаларды да баяндамайды, тек әр түрлі заттар мен құбылыстардан образдарға нақыш боларлықтай өрнектер табады.

Жұмбақтың тілдік өрнектерінде халықтың тарихи-қоғамдық өміріндегі, тұрмыс-тіршілігіндегі өзгешеліктерді танытатын, солардан туындаған нақыш-өрнектер, ауыстырулар өте мол. Көбінесе көзбен көріп, қолмен ұсталған, тұтылған заттар тұспалдауға, жасыруға желі болады. Метафораларға ұйытқы, тірек сөздер алуан түрлі, олар сан-саналы табиғат құбылыстарына, тұрмыс пен шаруашылық, әдет-ғұрып, қоғамдық қатынастарға байланысты лексиканы қамтиды. Жұмбақ нысанасына айналған байламдар өмірдің барша құбылыстарын тақырып ете алады. Мысалы, аспан әлемі, табиғат құбылыстары, жер, хайуанаттар, құстар, жәндіктер, адам, үй жабдықтары, киім-кешек, тамақ-сусын, ыдыс-аяқ, өнер, шаруашылық, іс-құралдары, жол, қатынас, техника, оқу-білім, ойын-сауық, ән-күй, уақыт, дін, т. б. Сонымен қатар кейінгі кезде Жұмбақтардағы дәстүрлі тақырыптардың арнасы оқу-білім, ғылым мен техника дамуына байланысты толыға түсті.

Қазақ жұмбақтарын жинау ісі 19 ғасырдың 2-жартысында басталып, 20 ғасырда одан ары жалғасты. Қазақ фольклоры мен ауыз әдебиетін жинақтап, алғаш рет жіктеп көрсеткен Ш. Уәлиханов, сондай-ақ, ағартушы Ы. Алтынсарин өз шығармашылығында Жұмбақтарға арнайы тоқталған. Ауыз әдебиетін зерттеуші орыс ғалымы А. В. Васильев, сондай-ақ қазақ ғалымдары С. Аманжолов, Т. Жанұзақов, Қ. Саттаровтардың құрастыруымен қазақ Жұмбақтары жинағы бірнеше мәрте кітап болып шықты. Өзінің бастау көзін, өсіп-өркендеу жолын фольклор қойнауынан алатын Жұмбақ қазақ жазба әдебиетінде жалғасын тапты. Жазба әдебиеттің көрнекті өкілдері Абай, Шәкерім, С. Торайғыров, т. б. Жұмбақ жанрында қалам тартты. Қазақ әдеби жұмбағының өсіп қалыптасуына М. Жаманбалинов, Ж. Смақов, М. Әлімбаев, Қ. Ыдырысов, Қ. Мырзалиев, К. Баянбаев, Қ. Шұғаев, Ә. Ысқабаев, т. б. ақындар қомақты үлес қосты. Қазіргі уақытта Жұмбақ қазақ әдебиеттану ғылымының арнаулы нысаны ретінде зерттеліп келеді. [1]

Жұмбақтар халық ауыз әдебиеті ішінде ұсақ жанрлар қатарына жатады. Жаңылтпаштар, мақал - мәтелдер, т. б. Сияқты ұсақ жанрлар деп атлғанымен, жұмбақтар - халық ауыз әдебиетінің күрделі бір саласы.
Жұмбақтар балалардың байқағыштық, зеректік қасиетін дамытып, ақыл - ойын арттырады, көрген - білген нәрселердің бәріне ой жүгіртіп, өзгешелігін, ұқсастығын танып ізденушілікке үйретеді және ойды жинақы, ықшам йту шеберлігін жетілдіреді.
Жұмбақтар - қазақ халық ауыз әдебиетi iшiнде атадан балаға мұра ретiнде берiлiп, ерте заманнан бастап бүгiнгi күнге дейiн даму, өсу, толығу үстiнде келе жатқан асыл мұра.
Қазақ тілі сабақтарында жұмбақтарды қолдану оқушылардың сабаққа белсенділіктерін арттырып, шығармашылықпен жұмыс істеуге дағдыландырады.
Халық жұмбақтарын фонетиканы, лексиканы, сөз таптарын оқытуда, жалпы қазақ тілі сабақтарында пайдалану өте тиімді. Біріншіден, балалар жұмбақты шеше отырып фонетикалық, морфологиялық талдау жасайды, сөз таптарына ажыратады. Екіншіден, жұмбақ баланың ой - өрісін, қиялын дамытуға, талғамы мен танымын өсіруге, поэзияны сүюге тәрбиелейді. Үшіншіден, балаларды халқымыздың асыл мұраларымен сусындатып, ұлттық тәрбие береді. Мазмұны жағынан ұлтымыздың асыл мұраларын дәріптейтіндей, баланың бойына озық әдет - ғұрып, салт - дәстүрлерді, біртіндеп сіңіретіндей, имандылыққа, ізгілікке, тәрбиелейтіндей материалдар әрбір сабақта көрініс тауып отыруы туралы Жалпы білім беретін мектептің бастауыш сатысына арналған оқу бағдарламаларында көрсетілген. Жұмбақ адамды ойлануға мәжбүр ететін ой жаттығуы ғана емес, ол баланы байқағыштыққа, көңіл зеректігіне, көп қасиеттердің ішінен ең мәндісін ажырата білетін талғампаздыққа, айналадағы өмірді тани білуге де үйретеді. Сондай - ақ жұмбақ баланы өз ойын жинақтап, аз сөзбен жеткізе білуге тәрбиелейді. Жұмбақ тапқырлықты, білімділікті керек етеді. Ол айналадағы өмірді тани білуге үйретеді

Қазақ тілі сабақтарында жұмбақтарды пайдаланудың маңызы.
Біріншіден практикалық дағдыны қалыптастыру үшін жүргізілетін дыбыстық талдауға материал ретінде пайдалануға болады.
Екіншіден, жұмбақтардың шешімін табу оқушының ойлау қабілетін, шығармашылық қабілетін дамыту және сөйлеу мәдениетін жетілдіруде үлкен қызмет атқарады.
Үшіншіден, жұмбақтар бұл жерде оқушыларды халқымыздың асыл қазынасымен сусындатып, ұлттық тәлім - тәрбие беруге септігін тигізеді.
Төртіншіден, оқушылардың сабаққа белсенділігін арттырып, сабақтың қызықты өтуінде өзіндік орны болады, яғни, сабақтың жоғарғы деңгейде өтуінде мұғалімге сенімді көмекші.
Негізінен, жұмбақтарды қазақ тілін оқытуда пайдаланудың мүмкіндігі орасан зор. Жұмбақтарды әрбір сабақта өз орнымен тиімді пайдалана білу мұғалімнің шеберлігіне, шығармашылық жұмысына байлЖұмбақтар жас ұрпақты тәрбиелеумен қатар, олардың бойына өз халқының игілігін дарытып, ана тілінде ойлау және мәдениетті сөйлеуіне, сауатты жазу дағдыларына барынша мол әсерін тигізеді. Сонымен қатар, жұмбақтарды пайдалану оқушыларды қызықтырады, дұрыс сөйлеуге үйретеді, логикалық ойын жетілдіреді.

Зерттеу тақырыбының өзектілігі;
Қазіргі замандағы жан - жақты тілдік тәрбиенің маңыздылығы. Осы орайда жұмбақтар пайымдау мен ой - пікірдің тобықтай түйіні, тамаша қорытындысы болып табылатын ұшқыр да ұтқыр сөз ретінде көзге түседі. Осы жағынан алып қарағанда, жұмбақтар тілші, әдебиетші ғалымдардың ғылыми еңбектерінде қарастырылып, сөз өнері, халық ауыз әдебиеті үлгісі есебінде жан - жақты зерттеуді қажет етеді.
Жұмбақ - адамның ой - өрісін, алғырлығын, білімін сынау мақсатында нақты бір зат немесе құбылыс тұспалдап сипатталатын шағын әдеби жанр. Ол халық шығармаларының ішіндегі ең ескі түрі және барлық жұрттың фольклорына ортақ дүние саналады. Жұмбақ - халық шығармаларының ең ескі түрінің бірі және барлық жұрттың фольклорының ортақ түрі. Әуелгі туысы арғы, ерте заманда болғанымен, жұмбақ бертін келе, тіпті бүгінгі біздің дәуірімізде де өз керекті қасиетін жойған жоқ.
Қай кезде алсақ та жұмбақ өткір, ұшқыр сөз есебінде халық арасында бағалы болған. Жұмбақты халықтың өзге тапқырлық сөздері қатарында саяси құрал есебінде тап жауына қарсы қолданған орындар да аз емес. Жұмбақ қазақ халқының арасында да және басқа халықтарда да әлі күнге тыңнан туып, молайып дамып келеді Олай болса халықтың жұмбақ секілді фольклор қорын жинап басып, тексеріп тану ғылымдық зор міндет болады.
«Алғашқы кезде адам баласына дүниедегі заттардың, құбылыстардың барлығы, олардың сыры, неден жасалатындығы мәлім болмаған, жұмбақ болған. Бірақ адам баласы сол жұмбақты шешуге тырысқан. Ол үшін айналаны қоршаған жаратылысты, еңбек, кәсіп құралын, әр түрлі хайуанаттар жайын, бір затты екінші бір бейтаныс затқа салыстыра отырып, ұқсас белгілеріне қарап неден шыққанын қандай зат екенін анықтаған. Жұмбақтардың алғаш үлгілері осылай шыққан», - дейді Мәлік Ғабдуллин.
Ғалымдар жұмбақтың әуелгі тегі тыйым сөздермен және табумен төркіндес деп есептейді. Бағзы дәуірде адамдар айналадағы өктем күштерден сақтағандықтан, өзара шартты сөздермен, астарлы тіркестермен тілдескен. Кейін жұмбақ табу мен тыйым сөздерден бөлініп шыққан.
Қазақ жұмбақтарының алғаш жиналып, баспа бетіне түсуі XIX ғасырдың екінші жартысынан басталады. 1842 жылы «Татар хрестоматиясын» құрастырып бастырған. М. Иванов оған қазақ жұмбақтарында енгізген.
Жалпы алғанда, жұмбақ - адамның дүниетану жолындағы ой - өрісін, қиялының белгілі бір сатысын көрсететін ұшқыр ойдың бір түрі. Жұмбақты шешу адамның зеректігін, ақыл - парасатын, білімін байқатады.
«Жалпы алғанда, жұмбақ - адамның дүниетану жолындағы ойының, қиялының шамасын білдіреді», - дейді Мұхтар Әуезов. Өйткені, жұмбақ өзге фольклорға қарағанда бітімі бөлек, ерекше затты деректі сөз. Сол деректілікке сүйенетіндіктен жұмбақ әр заттың жағдай, бөлім - бөлшектеріне көбірек көз салады. Дүниетану жолдарын еңбегіне байланыстырып, осыдан барып қорытынды жасайтын халық, көп жұмбақты нәрселердің неден пайда болғандығын айтуға арнайды. Ал бұның өзі адам танымын тереңдетіп, ұрпақты ұлағатты, зерделі етіп тәрбиелейді.
Жұмбақ жанырына тән ерекшелік - көлемі шағын, құрылымы жұп - жұмыр, шымыр болып, аз сөзбен көп нәрсені айта білуге бейімділік. Жұмбақ сөйлемдері көбіне қысқа, жинақы келеді.
Қазақ жалпы жұмбақты адамдардың білім деңгейін, парасатын аңғартатын үлкен өнер деп есептеген, сондықтан ақындар, ел ішіндегі шешен, би, т. б. данагөй, қадірменді адамдар бір - біріне жұмбақ жолдап, ақыл - ой сынасып, таным салыстырған. Жұмбақ қара сөз түрінде де, өлең түрінде де, ақындық айтыс түрінде де кездеседі. Осы жұмбақтардың қай - қайсысы болса да халықтың ғасырлар бойы жинаған тәжірибесіне негізделіп, оның тіршілік тынысымен, шаруашылық кәсібімен, ұлттық дәстүрімен тығыз байланысты туып, дамып, ұрпақтан - ұрпаққа жалғасып отырған.
Жұмбақпен толғап жыр айту Асанқайғы, Бұқар жырау, Базар жырау, Шортанбай, Әубәкір сияқты қазақ ақындарының жырында, Сырым, Төле би, Жиренше, т. б шешендік сөздерінде жиі кездеседі. Шешендік сөзге құрылған жұмбақтардағы ақыл - парасат, тапқырлық, терең логика жазу - сызу болмады, сауатсыз еді деп күстәналап келген халқымыздың асқан даналығының көрінісіндей көзге ұрады.
Қазақ жұмбақтарын өзінің құрылысы, айтылуы, мазмұны жағынан іріктеп алғанда, негізінен жеті түрге бөлінеді.
Жұмбақтың дүниетанымдық, тәрбиелік мәні. Нақты бір зат туралы тұспалдау, ұқсатып, бейлеп айту туралы баланы ойлату, танымдық, білімдік ұғымдар мен түсініктерді ой -қиял елегінен өткізіп, тұжырым жасап, шешімге келуде тапқырлық пен дүниетанымдық дәрежесінбайқау үшін, халық ертеден -ақ жұмбақтардың алуан түрлерін шығарған. Ертедегі жұмбақтар. :

Апаң, апаң -

Ескі шапан,

Иір қобыз,

Жарық жұлдыз (түйе)

сияқты көбінесе мал шаруашылығына байланысты және :

Сүмбіл теректі,

Жасыл желекті,

Ерден қалмайды,

Жауға керекті. (найза)

сияқты қару - жарақ, құрал -саймандар туралы болған.

Заман өзгерген сайын халық

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ жұмбағының зерттелу тарихнамасы және жанрлық сипаты
Қазақ халқының ауыз әдебиеті
Жұмбақ жанры
Қазақ жұмбақтарының көркемдік ерекшеліктері
Қазақ жұмбақтарының зерттелуі
ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ЖҰМБАҚТАРДЫҢ ЭТНОЛИНГВИСТИКАЛЫҚ СИПАТЫН ЗЕРТТЕУ
Қазақ тіліндегі жұмбақтардың этнолингвистикалық сипаты
Қазақтың мақал-мәтелдері мен жұмбақтары
Мақал - сөз анасы
ХАЛЫҚ ТӘРБИЕСІНДЕГІ ЖҰМБАҚТАРДЫҢ МАҢЫЗЫ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz