CLIL -ді оқытудың теориялары, дидактикалық принциптері, психологиялық ерекшеліктері және модельдері


ЖОСПАР
КІРІСПЕ
1 CLIL туралы жалпы мағлұмат
1. 1 Отандық және шет елдік оқу орнындағы мектептегі CLIL -ді оқыту тәжірибесі: ерекшеліктері, мүмкіндіктері, кемшіліктері
1. 2 CLIL -ді оқытудың теориялары, дидактикалық принциптері, психологиялық ерекшеліктері және модельдері
2 Пәнмен тілдің интеграциясы
2. 1CLIL -ді мектепте /университетте оқытуда заманауй технологияларлардың (SMART, таксаном Блюма, сыни тұрғы технологиясы, проектік технология, кейс технологиясы, ойын технологиясы, технология творческих мастерских (переведите) түрлері
2. 2 . CLIL -ді мектепте /университеттегі биология/физиканы оқытудағы ерекшеліктері: физика/биологияның жалпы жеке оқыту методологиясы, технологиясы (выбирайте предмет)
2. 3 CLIL -ді мектепте /университеттегі биология/физиканы ағылшын тілінде оқытудағы ерекшеліктері: ағылшын тілін оқыту методикасымен пән методикасының біріккен технологиясы
2. 4 Практические применения этих технологии на практике : разработка на 10 часов и результаты ( вы же будете проходить практику и все 2. 3 будете проводить с школьниками /студентами и пишите преимущество и недостатки уроков, которые вы проведете) )
Выводы
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Қосымша
Кіріспе
Көптілділік кез - келген қоғам үшін, кез - келген формация үшін тұйықтықтан шығудың, интеграцияны негізгі ұстаным етіп алған бағытты айқындайтын жол деп танылған. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев Қазақстан халқына арналған Жолдауында: Қазақстан бүкіл әлемде халқы үш тілді пайдаланатын жоғарғы білімді ел ретінде танылуы тиіс. Бұлар: қазақ тілі - мемлекеттік тілі орыс тілі - ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі - жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі деді. Бұл, шынында да, қарқынды дамып келе жатқан ел үшін өзекті мәселе. Қазіргі таңда әлемнің алпауыт мемлекеттері көп тілді, әсіресе халықаралық тілдерді меңгеруді маңызды міндет деп санайды. Бұл заман талабынан туындап отырған қажеттілік. Осы орайда CLIL ағылшын тілін оқытуда жаңа бағыт болып табылады, онда мектеп пәндері шет тілдерінде оқытылады. Термин “Content and Language Integrated Learning” болып жіктеледі және «пәндік - тілдік интеграцияланған оқыту» деп аударылады.
CLIL терминін алғаш рет 1994 жылы Дэвид Маршам ойлап тапқан еді. CLIL ағылшын тілінде “Content and Language Integrated Learning” немесе пән мен тілді кіріктіріп оқыту әдістемесі, пәндерді екінші не үшінші/қазақ, орыс, не ағылшын тілде оқыту деп қарастыруға болады. Кейінгі зерттеулерде мынандай анықтама береді: «CLIL оқушылардың шетел тілінде лингвистикалық және коммуникативтік дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік беретін дидактикалық әдіс». Негізгі CLIL екі мақсатты көздейді, яғни шет тілі арқылы пәнді оқу және оқытылатын пән арқылы шет тілін меңгеру. Қазақстанның үш тіллдік саясаты мектеп оқушыларына тіл үйренумен бірге тіл үйрену мүмкіндігін қамтамасыз етуге бағытталған. CLIL бағдарламасы екі жаһандық мақсаттарға ие: пәннің шет тілі арқылы мектепте оқу деңгейі, сондай - ақ оқытылатын пәндер арқылы шет тілін тереңдетіп оқыту.
CLIL оқыту әдіснамасы бойынша келесі қағидат негіз болып табылады, ол бойынша білім алушылар үшін пәндер ана тілі болмайтын тілде оқытылады. Мақсаты тіл оқу материалын меңгерудің құралы болып таббылады.
Шетел ғалымдары CLIL технологиясының негізгі ұғымдарының арасында оның міндетті компоненттерін «4C» деп атайды:
пәнді оқытудың кең спектрінің негізгі пәндік - мазмұндық компонентін (Content), шет тілі арқылы арнайы терминологиялық базамен одан ары қарай кәсіптік қызметке дайындығын қамтамасыз ету. Пән аумағындағы білімді, шеберлікті және дағдыларды дамыту;
әлеуметтік -тілдік компонент (Communication), дамытуға жағдай жасау, шет тілін тереңірек меңгеру және пайда болған құзыреттіліктерді қолданбалы мақсаттарда пайдалану мүмкіндігі. Оқыту процессінде шет тілін ауқымды қолдану;
танымдық - оқыту компоненті (Cognition), білім алушылардың мотивациялыққұрамдас бөлігінің өсуіне, әртүрлі оқыту стратегияларын, оқу қызметінің нысандары мен түрлерін меңгеріп қолдануға себепші болады; ойлау және тану қабілетін дамыту;
мәдени компонент (Culture), мәдениетаралық коммуникация дағдыларын дамытуды, басқа елдер мен халықтардың мәдениетінің ерекшеліктерін білу мен түсінуді білдіреді.
Қазақстан Республикасында үштілді білім беру жағдайында орта мектепте шет тілі мен пәнге оқытудың интеграцияланған тәсілін айқындау үшін, мұғалімдердің CLIL-ды қалай түсінетінін, сондай - ақ CLIL тәсілін өз тәжірибелерінде қалай жүзеге асырып жатқанын, оны қолдану барысында кездестіретін қиындықтары мен сол қиындықтарды қалай шешетінін зерттеу болып табылады. Ол мақсаттарды шешу үшін мынадай міндеттер қойылады:
- CLIL әдісіне түсінік беру, ұғымының мәнін ашу;
- CLIL әдістемелік тәсілінің негізгі принциптері мен аспектілері;
- CLIL технологиясы мен оқыту әдістемелері;
- CLIL әдістемелік тәсілі бойынша сабақта қолдану тәсілі;
- Пән мен тілді кіріктіріп оқыту әдістемесінің қағидаттары;
- CLIL тәсілін қолдануда мұғалімдердің тәжірибелерін зерттеу.
Зерттеу жұмысының обьектісі үштілді білім беру жағдайында орта мектепте шет тілі мен пәнге оқытудың интеграцияланған тәсілі.
Зерттеу пәні шет тілі арқылы пәнді оқу және оқытылатын пән арқылы шет тілін меңгеру.
Зертеу жұмысының ғылыми теориялық жаңалығы Марш CLIL-ге келесідей анықтама береді «пән немесе пәннің кейбір бөлімдері шетел тілінде оқытылады, себебі мұнда екі мақсат көзделген: пәннің өзін оқыту және де шетел тіліне жаттықтыру». Ал, кейінгі зерттеулерде мынандай анықтама береді «CLIL - оқушылардың шетел тілінде лингвистикалық және коммуникативтік дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік беретін дидактикалық әдіс».
Зертеу жұмысының ғылыми практикалық жаңалығы. Мұғалімдер CLIL тәсілі арқылы оқыту барысында келесідей қиындықтарға тап болады: жергілікті мұғалімдер мен оқушылардың ағылшын тілін жетік білмеуі, ортақ семинарлар мен CLIL материалдарының тапшылығы, бірігіп оқытатын мұғалімдер арасындағы әлсіз байланыс. Кейбір мәселелер дифференциация, көмек көрсету стратегиялары мен индивидуалды оқыту арқылы шешілген.
Зерттеудің әдістемелік және теориялық негіздері . Интеграция ғылыми ұғым ретінде педагогикада XX ғасырдың 80-жылдарының бірінші жартысында пайда болды. Ғылыми педагогикалық, психологиялық әдебиеттерді зерттей келе, интерация мәселесімен ең алғаш айналысқан педагогтер екендігі, ол алғашқыда пәнаралық байланыс деп қарастырылғаны және интеграция тарихы XX ғасырда үш кезең болып қалыптасқаны анықталды.
Жұмыстың құрылымы кіріспеден, бөлімдер мен бөлімшелерден, қорытындыдан және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұратын болады.
1. 1 Отандық және шет елдік оқу орнындағы, мектептегі CLIL -ді оқыту тәжірибесі: ерекшеліктері, мүмкіндіктері, кемшіліктері
Қазіргі уақытта еуропалық білім беру мекемелерінде интеграцияланған пәндік - тілдік тәсіл (Content and Language Integrating немесе CLI) кеңінен қолданылады. Оның пайда болуы жаһандану және оъективті процестермен байланысты. Білім беру тәсілі екі тілді оқыту технологиясының негізінен тұрады. Ол Content and Language Integrated Learning (CLIL) интеграцияланған пәндік - тілдік оқыту деп аталады.
CLIL терминін алғаш рет 1994 жылы Д. Марш қолданған. Д. Марштың айтуы бойынша интеграцияланған пәндік - тілдік тәсіл екі мақсатты көздейді: біріншісі оқу пәнінің мазмұның зерттеу болса, ал екіншісі шет тілін бір мезгілде үйрену болып табылады. «CLIL refers to the teaching of a current subject other than foreign languages in more than one language» деп анықтама береді EURYDICE. Бұл тәсіл өзге тілде оқытуды көздейтін кіріктірілген тәсіл және ол оқудың жаңа формасы емес, ол бұған шет елдерінде қолданылып келген көптеген әдістердің басын құрайтын инновациялық технология.
Еуропада мазмұн мен тілді кіріктіріп оқыту (CLIL) педагогикалық тәсілінің екі мақсаты бар. Біріншіден, оқушылардың оқу пәні бойынша білім алуын қамтамасыз ету, ал екіншіден, шетел тіліндегі құзыреттіліктерін арттыру. Бұл жалпылама мақсаттармен қатар Еуропа елдері келесідей жайттарға баса назар аударады: оқушыларды қоғамда өмір сүруге дайындау және оларға еңбек нарығында ең жақсы перспективалар ұсыну (әлеуметтік - экономикалық міндеттер) ; оқушылардың бойына шетел тілі арқылы өзге мәдениеттерге деген құрмет пен толеранттылық құндылықтарын сіңіру (әлеуметтік-мәдени міндеттер) .
Еуропалық білім беру жүйелерінде CLIL технологиясын енгізудің оң әсері көптеген зерттеулермен расталған. 1986 жылы Еуропалық комиссиямен, еуропалық білім беру және білім саласындағы саясатты зерделеу үшін құрылған Эвридика зерттеу ұйымының мәліметі бойынша, CLIL Еуропалық Одақ елдері көпшілгінің білім беру жүйелерінің бір бөлігі болып табылады және оны пайдалану барысында тілдік оқыту тиімділігі айтарлықтай артқан.
D. Wolff пікірі бойынша, еуропалық білім беру проблемаларын талқылау барысында, соңғы онжылдықта CLIL әдіснамасы басым бағыттардың бірі болып табылады. Аталған мәселеге назар аударудың басты себебі, Еуропалық комиссия, Еуропалық Одақтың (ЕО) әрбір азаматының ана тілінен басқа екі тілді меңгеруін ұсынады.
C. Dalton - Puffer Еуропалық Одақтың өз азаматтарын ортақ нарық шеңберінде кәсіби және жеке мобильділік, сонымен қатар, кроссмәдениетті және өзара түсінісу мақсатында өзге тілдерді зерттеуге шақыратындығын мәлімдейді. Шет тілдерін білу, барлық еуропалық азаматтар үшін өмірлік маңызы бар жағдай болып табылады. Басқа тілдердегі қарым - қатынас когнитивті дағдыларды жетілдіреді, білім алушылардың ана тілін білу деңгейін арттырады және өзге елде еркін жұмысқа орналасуға немесе білім алуға мүмкіндік береді.
Италияның Білім беру министрі Стефанья Джаннин атап өткен: «Сапалы білім ұзақ уақыт бойы көптеген елдердегі реформалардың ортасында және барлығымыз оның еуропалықтар үшін, Еуропаның болашақ табыстары үшін қаншалықты маңызды екенін білеміз. Демократиялық қатысуға бағытталған тиімді басқару, барлық деңгейдегі білім беру мекемелеріне қажет - бастауыш, орта және жоғары. Барлық білім алушылардың өмірде табысты болуы үшін тиісті біліктілікпен қамтамасыз ету үшін білім қажет».
Т. А. Лалетина және А. Е. Красенинникова былай деп жазады: «Венгрияда оқу пәндері шет тілінде оқытылатын қостілді мектептер ерте қалыптасқан.
Т. А. Лалетинаның пікірінше, «осы ретте мұғалімнің біліктілігі үлкен маңызға ие». Бұл күрделі міндетті шешу үшін 2002 жылы биология пәнінің мұғалімі Штефка Китанованың (Софиядағы Сервантес атындағы тіл мектебі) бастамасымен және Болгар ғылым академиясының Орман институтының қолдауымен жоба әзірленді. Аталған жобаны әзірлеу барысында Білім және ғылым министрлігі, Софиядағы Британдық Кеңес, Софиядағы ақпарат беру және мұғалімдерді қайта даярлау бойынша департамент, Оңтүстік - Батыс университеті (Благоевград) әріптестік танытты. Жобаның негізгі мақсаты пән мұғалімдерінің біліктілігін арттыру бойынша CLIL курстарын құру, сондай - ақ, мұғалімдер мен білім алушыларға арналған оқу - әдістемелік материалдарды әзірлеу болып табылды. Оңтүстік - батыс университетінде, университетті аяқтағаннан кейін ағылшын тілінде сабақ өткізуге ниетті тарих білім алушыларына арналған ағылшын тілінде сабақ аптасына бір рет жүргізіледі.
Бұл талапты қанағаттандыру үшін ЕО елдерінің көбінде білім берудің сан алуан дәстүрлі мен тілдік мазмұнға негізделген түрлі қостілді оқыту үлгілері әзірленеді.
«Эвридика» баяндамасында айтылғандай, CLIL еуропалық білім беру контексінде өзіне таңғарлықтай жылдам орын қамтамасыз етті. 1980 жылға дейін тек аздаған елдерде негізінен тек элиталық мектептерде ғана CLILді қолданылған.
Испанияда Білім министрлігінің Британдық Кеңеспен (ағылшынша British Council), Британия және өзге де елдер арасындағы білім беру, мәдениет және өнер саласындағы ынтымақтастығы бойынша халықаралық ұйымымен бірлескен жұмысы 1996 жылы 80 мыңнан астам қостілді білім алушылардың пайда болуына себеп болды. Жалпы көп жылдық бағдарлама, білім алушылардың ағылшын тілінде еркін сөйлеуін айтарлықтай арттырған өте табысты және инновациялық болып табылады.
Италияға аталған білім беру үлгісі 2009 жылы бейімделді: өз балаларымен ағылшын тілінде сөйлесетін 2100 бастауыш сынып білім алушыларының ата - аналары, қостілді білім берудің және шет тілі мен ана тілдерінде сауаттылық дағдыларын дамытудың нақты пайдасын атап өткен, ал аталған уақытта 55 мұғалім Британдық Кеңес тарапынан тұрақты оқыту мен қолдау тапты.
Болгарияда CLIL әдіснамасын пайдалану, шамамен 50 жыл көлемінде жүргізіліп келеді және осы салада жұмыс істейтін мамандар үшін үлкен қызығушылық тудырады. Осы әдіске сәйкес қостілді мектептерде тарих, география, биология және философия сынды пәндер оқытылады, ал оқу процесін жүзеге асыру үшін ағылшын, неміс, француз, испан және өзге де тілдер пайдаланылады. Бұл әдісте жоғары оқу орындарында да қолданылады, бұл белгілі бір кәсіби салада мамандарды дайындап қоюды ғана емес, сонымен қатар, шет тілдерін меңгерген мамандарды да дайындауға мүмкіндік береді».
Португалияда қостілде білім беру бағдарламасын бастады. Британдық Кеңес және Білім министрлігінің білім беруді жоспарлау бөлімі (DGE) бүкіл ел бойынша жеті мектеп топтарында қостілді мектептер пилоттық жобасын жүзеге асыруда. Жоба 2011 жылдың қыркүйек айында іске қосылды және қазіргі уақытта төртінші жыл іске асырылуда.
CLIL технологиясы Еуропаның көптеген елдерінде балабақшадан бастап жоғары білім беру ұйымдарына дейін қолданылады, тек Дания, Греция, Литва, Португалия және Кипр елдерінен басқа.
Көптеген елдерде жұмыс бастауыш және орта білім деңгейінде ұсынылады. Кейбір елдерде, мысалы, Бельгия, Испания, Италия, Ұлыбритания және Румынияда қазіргі таңда мектепке дейінгі деңгейде басқа тілде оқыту жүргізілуде. Кейбір елдерде аймақтық және азшылық тілдері бастауыш деңгейде енгізіледі, мысалы, Польша мен Румынияда, жұмыс орта мектепте жүргізіледі.
Еуропа одағы мектептерінде CLIL жас ерекшелігіне қарай үш деңгейге бөліп оқытқан: pre-primary (даярлық сынып), primary (бастауыш сынып), secondary (орта буындағы сынып) .
Еуропалық одақ елдерінің көпшілігі пәндік - тілдік кіріктірілген оқытуды бастауыш және орта буын сыныптарында жүзеге асырады. Венгрия, Австрия және Германия секілді билингвальді мектептерде, пәндік - тілдік кіріктірілген оқыту бірінші сыныптан басталады. Әдетте, бастапқы кезеңдерде CLIL оқыту тек бір пәннен басталады, әрі қарай пән саны арттады. Польша және Словакияның білім беру мекемелерінде CLIL балабақшалардың даярлық сыныптарында оқытылады. Қазіргі уақытта Чехия елінде пәндік - тілдік кіріктірілген оқыту орта мектептерден басталады. Себебі, Чехияда зерттеу кезінде бастауыш сыныпта осы технологияны қолдану барысында, қарама - қайшы нәтижелер көрсетті.
Финляндияда CLIL оқыту ағылшын, неміс, француз және орыс тілдерінде жүргізіледі, сондай - ақ фин, швед және жергілікті сами халқының тілінде «тілді толықтай енгізу» бағдарламалары жүзеге асырылуда. Тіл оқытудың нысаны емес, оның құралы, сондықтан, шет тілі барлық сабақтарда және ана (фин) тілінен басқа барлық оқу пәндерінде қолданылады. Шет тілін формальді оқыту, арнайы сабақтарда жүргізіледі.
Шет тілдері арасынан, ағылшын тілі өзге шет тілдерінен ілгері тұр, ағылшын тілінен кейін француз және неміс тілдері орналасқан. Кейбір елдерде (мысалы, Венгрия және Чехия) тізімге испан, итальян және орыс тілдері кіреді. Ресми көптілді елдерде, елдің өзге де тілдері пайдаланылады, мысалы, Бельгияның француз тілінде сөйлейтін бөлігінде - фламанд, Ирландия Республикасындағы - ирланд, Финляндиядағы - швед, Швециядағы - фин тілі. Еуропалық Одақ пен Еуропа Кеңесінің көптеген елдерінде азшылық (аз қолданыстағы) тілдері жұмыс тілдері ретінде пайдаланылады, мысалы, Францияда - окситан, каталан, бретон, Эстонияда - орыс, Норвегияда - саам, Румынияда - украин тілі. Осы контексте аталған тілдердің кейбірі көп жағдайда азшылық (аз қолданыстағы) тілінің мәртебесіне ие (мысалы, Нидерландыдағы фриз тілі), басқалары, керісінше, көбінесе көрші елдерде (мысалы, Словениядағы көпшілік тілі болып табылатын, Австриядағы словен тілі) .
CLIL әдіснамасы тұрақты негізде немесе қысқа мерзімді жобалармен енгізілуде, және бұл бастауыш және орта білім беру жүйесіндегі 3- тен 30%-ға дейінгі білім алушылары аталған мәндегі білім алатындығын келтіреді.
Жоба бастауыш мектеп мұғалімдері мен ағылшын тілі мұғалімдеріне арналған 8 аккредитацияланған оқыту курсатрын қамтиды, олар CLIL әдіснамасы бойынша жаратылыстану, әлеуметтік ғылымдар және сәндік - қолданбалы өнер бойынша оқу бағдарламаларының бір бөлігін пайдалануға мүмкіндік береді. Аймақтық білім басқармалары және білім беруді жоспарлау бөлімінен келген Британдық Кеңес өкілдері мен тренерлері мектептерді аралап, ашық сабақтар жүргізеді, әріптестерінің жұмысын бақылап және кері байланысты қамтамасыз етеді.
CLIL негізінде оқытылатын пәндерді талдай отырып, Вольф пәндерді үш бағытқа бөлді: гуманитарлық пәндер, жаратылыстану - ғылыми пәндер және оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталған пәндер. Ковакс және Тофтың айтуы бойынша Венгрияда шет тілін оқытудың бастапқы кезенінде дене шынықтыру, өнер және музыка секілді пәндермен кіріктіріп оқытады. Орта буынға көшкен кезде жаратылыстану - ғылыми пәндерді екінші тілде оқыту басталады. Тарих және информатика пәндері билингвальді негізде сирек оқытылады.
Австрияда бастапқы білім беру сатысында билингвальді негізде барлық міндетті пәндер оқытылады. Ағылшын тілінің орнына жиі француз тілі қолданылады. Орта буын сыныптарында география, биология және тарих секілді пәндер екінші тілде оқытылады. Соңғы уақытта математика, физика және информатика секілді жаратылыстану - ғылыми пәндерді шет тілі мен интеграциялау бағдарламасында өсім байқалады.
Германияда бастапқыда билингвальді негізде география және гуманитарлық бағыттағы пәндер оқытылды, кейінірек мектеп бағдарламасының көптеген пәндерін екі тілде оқытуға мүмкін болды.
CLIL енгізу туралы еуропалық талқылаудағы маңызды рөлді басқа тілде оқытуға қандай пәндер аса қолайлы болып табылатындығы туралы сұрақ атқарады. Оларды қолдану жиілігінде жаратылыстану ғылымдарының пәндері: математика, биология, физика, химия және технология аталады.
Әлеуметтік ғылымдар пәндері арасынан тарих, география және экономика жиі көрсетіледі, шығармашылық пәндер арасынан музыка және өнер жиі кездеседі.
Бастауыш білім беру жүйесінде ешқандай айырмашылықтар жоқ, басқалай айтқанда, әр пән немесе пәндік сала басқа тілде оқытылуы мүмкін. Ерекшеліктер - шағармышылық пәндер тек шет тілінде оқытылатын Эстония мен Бельгияның неміс тілінде сөйлейтін бөлігі. Көптеген елдерде мектептерге пәндерді таңдау және іріктеу барысында еркіндік беріледі (мысалы, Испания, Франция, Италия, Англия, Уэльс, Польша, Веннгрия және Австрия) . Басқа елдерде, мысалы, Чехия мен Румынияда таңдау әлеуметтік және жаратылыстану - ғылыми пәндерімен шектеледі. Швецияда, Финляндияда, сондай - ақ, Голландияда және Болгарияда жаратылыстану және әлеуметтік ғылымдар аса маңыздылыққа ие, шығармашылық пәндер үшін шектеулер жоқ.
Люксембург пен Мальта елдерінде барлық студенттер екі немесе үш тілді ғана оқиды.
Еуропа одағының әртүрлі елдерінде екі тілді оқытуға арналған білім бағдарламаларында әртүрлі уақыт беріледі. Венгрияда CLIL аптасына 5 рет өткізіледі. Сондай - ақ, елде даярлық сыныптары ұйымдастырылады (zero-classes), онда оқушылар шетел тілін CLIL бағдарламасына енгенге дейін қарқынды түрде оқиды. Польшада шетел тілін қарқынды түрде жыл бойы аптасына 18 сағат оқиды. Ал, Австрияда CLIL-ді оқыту үшін әртүрлі сабақ форматтарын қолданады, шағын сабақтардан бастап толық билингвальді курстарға дейін. CLIL технолгиясы енгізілген мектептерде, сабақтарды жартысының көбі екі тілге оқытылуы керек. Словакияның билингвальді мектептерінде, ереже бойынша аптасына 2-3 рет болады.
50-ден астам тілде сөйлейтін Австриядағы көптілділік және билингвалды білім беру жайлы айтқанда, бұл елдің халқының этникалық құрамына тоқталмауға болмас. Мұнда мекендейтін ұлттардың тілдері де әр түрлі статусқа ие: мемлекеттік тіл, әкімшілік тіл, ресми тіл статусына ие, аймақтық тіл, аз ұлт өкілдерінің тілдері және олардың өз статусына сәйкес өзара қолдану комбинациясы да алуан түрлі (Кесте 1) .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz